KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
6.41K subscribers
1.12K photos
53 videos
21 files
478 links
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!

Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Download Telegram
ҚИЯЛЫҢДАҒЫ ӨМІРДІ СҮРСЕҢ, БӘРІ ЖАҚСЫ БОЛАДЫ ДЕП ОЙЛАЙСЫҢ БА?

«Әттең! Кезінде спортты тастамай, соңына дейін қуалағанымда ғой. Қазір әлем чемпионы боп отырар едім».

«Ақымақ басым-ай! 7-сыныпта анам ағылшын курсына бергенде бармай, қашып едім. Сол кезде тастамай оқығанымда қазір судай ағып тұрар едім. Аудармашы боп, әлемді аралап, видео түсіріп жүрер едім»

«Өзіме де обал жоқ! Әкем «хирургтың оқуын оқы, Ануар көкең главрач, кез келген жерге жұмысқа кіргізіп береді» дегенде, «ойбай, дәрігер болғым келмейді. Экономист болам» деп қоймап едім. Қазіргі жүрісім мынау, жұмыс жоқ, қарыз бастан асады. 9 жылымды бекерге кетірмей, хирург болғанымда ғой, әкең...»


Бәрімізде осындай өкініштер бар екеніне күмәнім жоқ. Бірақ шынымен ең ғажап өмірді уысымыздан шығарып алдық па? Сол өкініштер орындалғанда, дәл қиялымыздағыдай әдемі орындалар ма еді? Енді екінші шанс жоқ па? Неге сол екінші мүмкіндік жоқтай өкіне береміз?

Сізге «Түн ортасындағы кітапхана» кітабын оқуға кеңес береміз. Өкініштен бармағын тістеп жүрген Нора есімді қыз ғажайып кітапханаға тап болып, арманда қалып кеткен сол өмірдің бәрін сүріп көреді. Сонымен қай өмірі нағыз ертегіге айналады екен? Әлде қиялдаған өміріміз өтірік пе?

Кітапқа тапсырыс беру https://clck.ru/3MdbNy
@kitapal_bot

Жазбаны бөлісіп жіберіңіз, пайдалы болсын.
❤25👍7🔥2🥰1
Әйелімді қасыма жақындатпаңдаршы...

«Халқымыз «қасықтап жинағанды, шөміштеп төкпе» дейді. Кейде парасатты ағаның үйіне бара қалсаң, суық жанарлы жеңгемізді көріп, көңілдің пәс түсіп қалатыны бар. Сондайда орыс жазушысы Л.Толстой тағдырын еске аласың...

Жазушының отбасылық өмірі шын мәнінде қайғылы еді. Күйеуі елге танылған сайын ол мен-мен, өзімшіл, көкірек бола бастады. Сән-салтанатқа құмар әйел жоқ жерден ұрыс шығаратын. Бар есіл-дерті байлық пен ақша еді... Ыза болған жазушы баспалардан шығарған кітабы үшін қаламақы бермеуді сұранды.

Қазымыр, әдепсіз әйелдің іс-әрекеттері жүрегі нәзік жанның жанын жаралайтын...

...Ақыры шыдамады. 82-ге келген жасында яғни 1910–шы жылдың қазан айының ақ қарлы түнінде 46 жыл отасқан өз әйелінен қашты. Ақ қар көк мұзда суықты бетке алып, қараңғылыққа қарсы кете барды, кете барды...

Тек он бір күн өткен соң ғана шағын темір жол станциясы маңынан әбден аяз сорып тастаған әлсіреген денесі табылды. Кірпіктері ғана әлсіз қимылдағаны болмаса, тірі жан деуге келмейтіндей еді. Қиналып, бар күшін жинап, әзер тілге келгенде айтқаны:

– Әйелімді қасыма жақындатпаңдаршы...

Лев Толстойдың өмірден өтіп бара жатқандағы ең соңғы сөзі осы болды.

«Таудың басын көр де, түбіне барма, жақсының өзін көр де, үйіне барма» дегеннің астары аз емес-ау.

Әкім Ысқақ, "Жүректегі жазулар" кітабынан.
👏29❤26👍3🤔2🆒2🔥1
Әрқайсысы 3000-4000 тг тұратын мына кітаптарды 200 теңгеден беріп жатырмыз. Алып қалыңдар, әй! Кітапал Алматы дүкендерінде тұр.

Тапсырыс беру: wa.me/77775722233
❤27👍11😍3🔥1🤝1
Мақсат + уақыты белгіленбеген = қиял;

Мақсат + нақты уақыты қойылған = міндет, мәселе;

Мақсат + уақыт + жоспар = ниет;

Мақсат + уақыт + жоспар + әрекет = жетістік, табыс.

Қай этапта жүрсің? Кітап оқып, табысқа апаратын даму жолын таңда. Тапсырыс беру: wa.me/77775722233
✍20👍12❤10🔥3🥰1
Шаянның өнері – у шашу

Сарышаян өзеннің жиегінде жүр еді. Қасына бір тасбақа келіп:
- Мұнда не істеп жүрсің? - деп сұрады. Сонда сарышаян:
- Өзеннің арғы бетіне өтудің жолын іздеп жүрмін. Менің бүкіл ағайын-туысым, балаларым барлығы арғы жағалауда, - деп жауап берді.

Тасбақа оған көмектескісі келді. Мейірімімен оны арқасына отырғызып, жүзе бастады. Өзеннің дәл ортасына келгенде, сарышаянның ішінде шағу құмарлығы оянды. Ол тасбақаның арқасына инесін қадап жіберді. Тасбақа:
- Не істеп жатырсың? - деп таңырқай сұрады. Сонда сарышаян:
- Мен өз өнерімді көрсетіп жатырмын. Сен маған жақсылық жасадың, мейіріміңді таныттың. Ал мен саған инемді қадаймын. Менің көрсететін мейірімім осы ғана, - деді.

Мұны естіген тасбақа дереу су астына сүңгіп, сарышаянның көзін жойды.

Адамның нәпсісі де дәл сол сарышаян сияқты үнемі жамандыққа құмар. Ондай жаман нәпсіні бақылаусыз қалдыруға болмайды, оны тізгіндеуде салғырттық танытпау қажет. Себебі ол сарышаян іспетті: мүмкіндік туа қалса, адамның рухани өмірін өлтіру үшін өз болмысына тән қылығын жасамай тұрмайды.

Бүкіл бәле осы нәпсісін шектен тыс тойдырудан, семіртуден шығады. Оны тәрбиелеу үшін «Жүрек сырлары», «Бақыт формуласы» кітаптарын оқуды ұсынамыз. Тапсырыс беру: wa.me/77775722233
❤41🤝3🤔1
МАНИПУЛЯЦИЯ тәсілдерін біліп ал
(сосын бөлісіп жіберіңіз, пайдаға ассын)

1. Егер тоқтамай сөйлеп жатқан біреуді тоқтатқың келсе, жерге бір нәрсе түсіріп алып, оны көтеріп жатқанда сөзін бөл.

2. Егер біреу саған айқайлап ұрсып жатса: «Бүгінгі күнің нашар өтіп жатыр ма?» деп сұра. Бұдан кейін ол бірден тоқтайды.

3. Егер барлығының назарын өзіңе аудартқың келсе, аспанға таңырқап қара. Жұрт түсінбей, абыр-сабыр болады.

4. Егер біреудің өзіне күмәнданғанын қаласаң, айтқанынан кейін кідіріп: «Сен шынымен сенімдісің бе?» деп сұра. Оның сенімі шайқалғанын көресің.

Ал енді өзің біреудің манипуляциясына түсіп қалмас үшін мыналарды біліп ал.

1. Әңгімелесіп отырған адамның сенің қимыл-әрекетіңді, дауыс ырғағыңды, сөздеріңді қайталап отырса, сенімділік тудырғысы кеп жатыр. Дистанция сақта.

2. Біреу алдымен ұсақ өтініш жасап, саған «иә» дегізіп, артынша үлкен өтініш жасайды. Соған «иә» деп қойма.

3. Алдыңдағы адам алдымен ақылға сыймас қиын талап қояды (мысалы, 100 мың тг сұрайды). Сен «жоқ» деп бетін қайтарасың. Сосын оңай нәрсе сұрайды (мысалы, 15 мың тг). Сен екінші рет «жоқ» дей алмай қаласың. Тұзаққа түсіп қалма. Тозаққа да.

4. «Жұрттың бәрі осыны алып жатыр, сен де ал» десе, сенбе. Өйткені біз көпшілік істеп жатқан нәрсені қайталауға бейімбіз. Сол үшін алдымен деректі тексер. Трендке емес, заттың керек не керек емесіне мән бер.

Психология туралы оқығың келсе, «Психология влияния» (авторы Р.Чалдини), Дейл Карнегидің «Адамға әсер ету», «Дос табу», «Алаңсыз өмір сүру құпиялары» кітаптарын оқуға кеңес береміз.

Тапсырыс беру:
wa.me/77775722233
❤30👍6🤔4🔥1
Бүгінгі істі ертеңге қалдырғанның ісі бітпейді.
(халық нақылы)


Шаруаны соңына дейін бітіру үшін өзіңіздің қандай адам екеніңізді таныңыз. Мысалы, ылғи тәртіппен жүретін немесе перфекционист адам үшін қай уақытта қай тірлікті бітіретінін кестеге жазып қойса, бәрі де орындалады. (Галлап тесті бойынша дисциплинасы ТОП 10-да тұрған адамдар).

Ал тәртіппен жүре алмайтын адам типі үшін бір күнде істейтін істердің тізімін жасап алғаны дұрыс. Өте маңызды үш іс, орташа маңызды үш іс, аса маңызды емес үш іс жетеді. Орындаған сайын сызып отыру керек. (Галлап тесті бойынша achiever қабілеті ТОП 10-да тұрған адамдар).

Жауапкершілігі ТОП 10-да тұрған адам "мына істерді бүгін бітіремін" десе болды, сөзінде тұрады. Оған уақыттың аздығы, энергияның жоқтығы, жағдайдың болмауы сылтау емес.

Толығырақ білу үшін мына кітаптарды оқыңыз:
- Фокус. Артық нәрседен арылу өнері
- Тайм-менеджмент. Шынар Әділова

Кітап оқып, даму жолын таңда. Тапсырыс беру: wa.me/77775722233
❤17👍1🔥1🤔1
Футбол жақсы-ау…

Білім алуға, іні-қарындастарыңның білім алуына солай ақша жұмсауға дайын болу одан да жақсы.

Жаңа өнер үйренуге, үздік технологияның тілін меңгеруге, денсаулықты жақсартуға, ата-ананы Шәмші мен Нұрлан Өнербаевтың концертіне апаруға ақша жұмсау одан да жақсы.

Кітап алуға, оның сырын ашуға ақша жұмсау тіпті ғажап!
🔥36❤17👍7🥰1😁1
- Қадыр аға, бұлай аттанармын деп ойламаушы ем... Менен кінә болса кешіріңіз. Өз қолыңыздан аттандырған соң елім жоқ, жұртым жоқ екен демеспін. Жолыңыз түссе соға жүріңіз. Әкем де, шешем де сіздер боларсыз... Аттанған үйім – ата мекенім осы үй болар, - деді.

Әр сөзін анық естірткен даусы да, қимыл-қозғалыстары да, өзін-өзі ұстай білуі де барлық бала қызыққандай екен. Мен Кәменді мың Күреңтөбелге бермейтін қыз екен деп ойладым.

- Түнде жыламас болар, қарағым, - дегенімен үй иесінің де жүйесі босап кеткен. Ойнақы кіші қыз өкіріп жылай бастады. Қасымнан өте беріп мені ту сыртымнан түйіп-түйіп қалды, жынды қыз!..

Классикалық әдебиеттерге тапсырыс беру үшін
wa.me/77775722233
❤13👍2🔥2
Зигмунд Фрейд пациенттеріне мына сұрақты қойып тығырыққа тіреген.

Ол мына сұрақ: Сылтау айту арқылы неңді ақтап жатырсың?

Мысалы, біреу таңертең күн шыққанда ұйықтап жататынын, себебі ұйқысы қанбай қалғанын, толық 7 сағат ұйықтауы қажеттігін айтады. Ал шын мәнінде ол ерік-жігерінің төмендігін ақтап жатыр.

Енді біреу кітап оқуға уақыты жоқтығын, уақыты болса қуана-қуана оқитынын айтады. Негізіне келсек, ол кітап оқуды маңызды деп санамайтынын ақтап жатыр.

Біреулер бар, айтатыны: жұмыс жоқ, бәрі опыт сұрайды, жұмысқа тұрмасаң, қалай опыт жинайсың, амал жоқ, курьер, күзетші, такси боласың. Ал ол расында нені ақтап жатыр? Жалқаулығын. Жалындап тұрған, жауапкершілік арқалауға дайын, қарапайым істе өзін дәлелдеген, тірлікті соңына дейін жеткізетін адамды жұмысқа алмайтын компания жоқ.

Ең көп еститін сөзіміз: әкім қайда қарап отыр, үкімет жаман, президент андай, көршім сондай, түгенше ұрлап байыды, пәленше жемқор. Түбіне бойласақ, ол өзін «жертва» қылып, бейшара өміріне өзін емес, өзінен басқа кез келген нәрсені кінәлі қылады. Өзін солай ақтайды.

Адам негізі өзіне қатысты нәрсені іштей біліп тұрады. Бірақ мойындағысы келмейді.

Психологиялық кітаптарға тапсырыс беру үшін wa.me/77775722233

Ақша психологиясы (мазмұндама)
Вся психология в 50 экспериментах. Собака Павлова
Поток: Психология оптимального переживания
Почему у зебр не бывает инфаркта. Психология стресса
Психология влияния. 5-е изд. (Покет)
Психология войны
Психология лжи
Психология народов и масс
Психология эмоций (покет)
Психология. Жүсіпбек Аймауытұлы
Соғыс психологиясы
❤27🔥6👍1
Уайымнан арылтатын ең жақсы сөз

Әбу Умамә әл-Бәһили Пайғамбар мешітінде жабырқаған, жабыққан, мұңды, көкірегі шер басып, еңсесі түсіп, күйзеліп отыр еді. Алла Расулы (с.а.с.) оның жанына келіп, мұның себебін сұрады:
– «Неліктен жабырқадың, неге күйзелдің?» – деп.
Әбу Умамә былай деді:
– «Я, Расулалла, үйде жейтін еш нәрсе жоқ, жоқшылық шегіне жетті. Мен де жүрегіммен Аллаға бет бұрдым», – деді.
Алла Расулы (с.а.с.) оған бір ем боларлық мына сөздерді үйретіп:
– Таңертең және кешке мына сөздерді айт, – деп бұйырды:

«Уа, Алла! Мен Сенен жүрек қапасынан, уайымнан, мұңнан, әлсіздіктен, дәрменсіздіктен, әрекетсіздіктен, өз-өзімді түсіне алмаудан, жағдайымды бағамдай алмаудан, ғаламның заңдылықтарын ұғына алмаудан, дәрменсіз күйде отырып қалудан, қорқыныштан, сараңдықтан, дүние-мүлкімді ізгі мақсатқа жұмсай алмаудан, қарызға батып кетуден және адамдардың үстіме үстемдік орнатуынан Саған сиынамын» (Бұхари, дағауат 36; Тирмизи, дағауат 70; Әбу Дәуіт, уитр 32).

Кітаптарға тапсырыс беру үшін wa.me/77775722233

30 күн дұға, салауат (Таным баспасы)
Баталар. Өсиет. Дұғалар
Дұғалар жинағы (мини)
Ең қажетті дұғалар
Құрандағы қасиетті дұғалар (спираль)
Пайғамбарымыздың (с.а.с) таңғы және кешкі дұғалары
Теңдессіз дұғалар
Жын шайтаннан сақтану дұғалары мен жолдары
Шипалы дұғалар
❤36👍2🔥2
Егер сен болашағыңның жақсы жаққа өзгергенін қаласаң, онда дәл қазір сол өзгерісті бастауың керек.

(с) Махатма Ганди, Үндістанды Ұлыбританияның отарлығынан бір оқ шығындамай алып шыққан саясаткер

"Моя жизнь", Махатма Ганди кітабына тапсырыс беру үшін wa.me/77775722233
🔥19❤10😁2👏1🤔1
🇰🇿Туған жеріңнің барына шүкір ет те, құрбан болған ерлерді құрметте!

✔️Біле білсеңдер, төбелеріңізге көтеретін ерлеріңіздің бірі – Жұмабек Тәшенев. Мен соғыста ерлік жасасам, қолымда үлкен күш болды, артымда үлкен Армия тұрды. Ал Жұмабектің артында да, алдында да ешкімі болған жоқ.
(с) Бауыржан Момышұлы

***
✔️Нұртас Оңдасынов, Жұмабай Шаяхметов, Жұмабек Тәшеневтер билік басында отырғанда Қазақстанды ешкімге басындырмаған. Одақ басшыларымен бетің бар, жүзің бар демей сөйлескен, еш нәрседен тайсалмаған. Хрущев осы басшыларды орнынан алған соң, Қазақстанды талан-таражға салу саясатын бастады.
(с) Өзбекәлі Жәнібек

➡️Кітапқа тапсырыс беру үшін wa.me/77775722233
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤21🤔6👍2😁1🆒1
Бір істе жолың болмай қалудан гөрі бір шешімге келе алмау жаман.
(с) Фернандо Де Рохас, испан жазушысы


Жолың болмаса, тәжірибе жинайсың. Ақылдырақ боласың. Қателікті қайталамайсың.

Ал "қажет емес, ұрынып қалып жүрермін", "бұдан жолым болмас", "істесем бе екен, бірақ соңы қате боп шықса ше..." деп, бір шешімге келе алмайтын адам болсаң, тіптен жаман деген сөз.

➡️Кітапқа тапсырыс беру үшін wa.me/777757222
3
3
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤33🤔2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жаңа Құран, тәжуидпен, тек арабша, 114 сүре толық. Бағасы - 7500 тг.

Баяғыда бір әулие кісі мазардың жанынан өтіп бара жатып, сол жерден шығып жатқан айқай-шудың куәсі болады. Жақындап барып қараса, ол жердегілердің сауапқа таласып жатқанын көреді. Анадай жерде көлеңкеде отырған бір кісінің жанына барады да: «Аналардың жанына барып өзіңіздің сауабыңызды неге талап етпейсіз, сізге сауаптың керегі жоқ па?»-деп, сұрайды.

Әлгі кісі: «Мен балама жастайынан Құран оқуды үйретіп кеткенмін, сол балам бүгіндері базарда тіршілігін жасап, ет сатумен айналысады. Тіршілігін де жасайды, Құранын да оқып құлшылығын үзген емес. Сауабын бағыштауды ұмытпайды. Оның маған сауабы жетіп, жемісін қабірде де көріп жатырмын»
, – деген екен.

➡️Тәжуидті Құран кітапқа тапсырыс беру үшін wa.me/777757222
3
3
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤20🤔2
Тағы бір жай ойыма оралады...
Киіз үйдің төрінде бір топ ауыл ақсақалдары жамбастай жайғасып баппен қымыз ішіп отыр екен... Әкем дастарқан шетінде қымыз құйып отыр. Ол мені ымдап шақырды да құлағыма: «Сен немене, аталарыңа сәлем беруді ұмытпа дегенім қайда?!» — деп сыбырлады. Мен қатты қызарақтап, үйден шыға жөнелдім.

Сыртта біраз тұрдым да, нық басып үйге қайта кірдім. Көпшілікке қол қусырып тұрып: «Ассялам алейкүм, аталар» деп әр сөзді қадай - қадап айттым. Бұған, әрине, бәрі күлісіп жатыр. Өткенмен мені араз етіп алмау үшін бәрі де бір ауыздан «алейкүм салам!» десті. Сонан соң әрқайсысы маңдайымнан сипап мақтайды. Жақсы сөзге мәз болып мен әкемнің тізесін ала жайғасамын. Ол басымнан сипап отырып: «Жарайсың, балам! Үйге кіргенде әрқашан үлкендерге сәлем беруді ұмытпа. Әдепті бала сүйтеді», — дейтін.

Бауыржан Момышұлы "Ұшқан ұя"

Кітапқа тапсырыс беру үшін
wa.me/777757222
3
3
❤28🔥8🤔1
Әйеліңмен қатынасыңды жақсартпайынша, ақша да табылмайды

💛Проблеманың алғашқы шешу жолы - мойындау. Қандай проблемаң бар екенін, соны шешпей жүргеніңді мойындау. Бұған дейін сасық боқтың үстін газетпен жауып, жұпар иіс шашып, барынша елемеуге тырысып жүргеніңді мойындау.

👩‍💻Мойындаудан ары қарай шешім жолы өздігінен көрінеді. “Иә, мен отбасыма жеткілікті көңіл аудармадым”, “иә, мен тамақ, киім, баспана, көлік алып берсем болды, олардың шағымдануына құқы жоқ деп ойладым”, “иә, мен компанияны қалай басқарсам, әйелімді де солай басқарам деп ойладым”, “иә, мен отбасым үшін жұмыс істеп жүрмін, ал олар соны бағаламай, ұрыс шығарады. Олардыкі дұрыс емес деп ойлап жүрдім”, “осы сендерге не жетпейді, баяғыда біздің анамыз өйтетін, бүйтетін, қойдың басын үйітетін” деп анаммен салыстыратынмын”…

😂Ең жақсы адам - әйеліне жақсы қараған адам. “Бақпасаң, мал кетеді. Қарамасаң, қатын кетеді” (құрметті феминистер! Мал мен әйелді қатар қойып жатқан жоқпыз. Тырнақ астынан кір іздеуді қойыңдар. Қарапайым қазақтың мақалы).

💃Әйел кітап оқып, дамып, байынан озып кетсе де проблема шығады. Ері өзін жетілдіріп, білім алып, жұбайынан озып кетсе де проблема шығады. Екеуі бірге дамуы керек. Өзіңе бір кітап алсаң, жарыңа да бір кітап алған дұрыс. Тауға достарыңмен шығып кетпей, өмірлік жолдасыңмен де шығып, естеліктер қоржынын қампайту керек.

🙌Жай сөйлесу арқылы шешілетін мәселені ақшамен шешуден қаржылық проблемалар пайда болады.

Отбасы туралы кітаптар оқуды ұсынамыз. Менеджер күшті кітаптар таңдап береді. Кітапқа тапсырыс беру үшін wa.me/777757222
33
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤21⚡2🤔2👍1🥰1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Елге өнер, бiлiм керек. Оқу, тәрбие керек. Ендiгi заман кең жайылыс, ұзақ өрiске сенiп, қалың ұйқыны қуат бiлiп жататын заман емес. Өзге өнерлi елден оқып, үлгi алудың заманы.
Мұхтар Əуезов "Абай жолы"
❤16🤔4👏2👍1