Кітапты бет-алды оқи бермеңіз. Оқығанның бәріне сене бермеңіз. Бәріне сыни көзбен қараңыз. Себебі 99 ой дұрыс, 1 ой қате болуы мүмкін. Білмеген, түсінбеген тұсты өз маманынан сұраудың әбестігі жоқ, қайта дұрыс жол. Кітап қалай қате болуы мүмкін?
1-мысал: Элиф Шафактың «Махаббаттың қырық қағидасы» кітабында діндар Шәмсті шарап ішкізіп қояды. Шәмс – өмірде болған адам, тақуа. Қандай тақуа болса да шарап ішпек түгіл, оның тамшысы тиген киімді тазаламай кимес еді.
2-мысал: Оскар Уайлдтың «Дориан Грейдің портреті» кітабында кейіпкерлер арасында ЛГБТ-ға жақын эмоциялық байланыстар суреттеледі.
3-мысал: Харуки Муракамидің біраз шығармаларында дәстүрлі емес қатынастар, суицид, депрессия сөз болады.
4-мысал: «Түн ортасындағы кітапхана» кітабында да ЛГБТ-ға, суицидке қатысты біраз сюжеттер бар.
5-мысал: “13 Reasons Why” — Jay Asher. Қиындықтан шығатын жол – өзіңді өлтіру деген ойға әкеліп саяды.
Бұл кітаптарды, әрине, оқыма демейміз. Тек оқу барысында сүзгіден өткізе білу керек. Керек емес жерін қабылдамау, зорлық-зомбылық, психологиялық қысым суреттелген эпизодтарда әсерленбеу керек.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤44👍9👀4😁1
Шайға отырған соң, Шеген маған тағы үш түрлі өсиет айтты...
— Алтын жатса — алмаймыз! Бір ме?
— Бір
— Өтірік aйтпаймыз. Екі ме?
— Екі
— Алдау үшін өтірік айтсаң, кешіреді екен деме, алданбау үшін өтірік айтсаң, іркілме! — деп, бір тоқтағанда мен:
— Үш, - деп қалдым.
— Жоқ, үш емес, әлі екеу-ақ, — деді Шеген. — Үшіншім үш күннің ішінде бізбен бірге қуанып, бізбен бірге мұңаятын боласың. Өз бетіңмен оңаша қуанып, оңаша мұңаятын болсаң сен бізге жолдас та емессің. Қуана біліп, мұңая білмесең тіпті жақсы. Осымен үш болады! — деді.
— Үш! — дедім ризалығымды білдіріп...
— Уәде ғой?
— Уәде!
Ғабит Мүсірепов, "Қазақ солдаты"

❤31👍3😁3🤔1
Адам - күрделі, жұмбақ жаратылыс. Ол түрлі күйді бастан кешеді. Қуанып отырып мұңая қалады. Сағынып отырып, ашу басып кетуі де мүмкін. Жылап отырып күле салуы да ғажап емес. Біреулер өмірден өз орнын таппай, сандалған бір күй кешеді. Енді бірі қайда болса да жалғыздық азабын тартады. Айналасы тола адам, бірақ жүрегі жалғыз. Біреуге уағыз әсер етпейді, біреу өзін керексіз сезінеді. Кейде арбаның дөңгелегі жүрмей, орнынан бір қарыс қозғалмай қалғандай болады. Тірлігің артқа тартып, кежегең кейін тартып, өз-өзіңнен қысылатын кезеңдерге тап боласың. Мұның бәрін қалай түсіндіресің? Сипаттауға сөз жетпейді.
Осындай сәттерде адамға тыныштық сыйлайтын нәрсе:
1. Жақсы адаммен сұқбаттасу. Шай ішіп, әңгімелесу. Сондай досың, танысың болса, жолың болғаны. Жоқ болса, сондай адам іздеу керек.
2. Позитив, шабыт сыйлайтын кітап оқу. Ол өкіндірмейтін өмір сүрген тұлғаның өмірбаяны болуы мүмкін. Ой салар оқиғалар жазылған кітап болуы мүмкін.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤23👍9🔥3🤔1
Тоқтап, осы сұрақ жайлы ойланайын:
💭 Мен нені армандаймын?
💭 Менің миссиям не?
💭 Мақсатым қандай?
💭 Ертеңгі күннен не күтемін?
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤19🤔11👍9🔥6👏1
Макиавеллистік түсінік – пайданы басты өлшемге айналдырып, адамзатты «кім маған пайда әкелсе, мен соның құлымын» деген түсінікке кіріптар етіп қойды. Бұл сондай бір бұрыс көзқарас пен теріс түсінік – егер біреу оның саяси көзқарасын жақтаса, тіпті шайтан болса да, оған періште ретінде қарайды; ал қарсы болса, періште болса да, оны шайтан санайды. Міне, бұл – бүгінгі таңда жұртқа телінген тәрбиенің ащы болса да шынайы нәтижесі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤14😢7👍5🤔4👏1
ЖАЗУ АЙТУДАН ҚАУІПТІ
Жақсы сөйле. Егер айтатын дым жақсы нәрсе ойға келмей тұрса, онда үндемегенің абзал.
Бұл әлеуметтік желіге де қатысты. Жазу айтудан да қауіпті болуы мүмкін. Біреуге айтқаныңды сол жердегі адам ғана естиді. Ал инстаграмға жазған пікіріңді жылдар бойы миллиондаған адам оқи береді. Егер пікірің жала, жалған, біреудің ақысына кіретін сөз болса ше?
Біз сөзбен өте көп ысырап жасаймыз. Кездесу, талқылауларымыз көбіне бос әңгіме, мағынасыз қалжың, бөстекі сөз, орынсыз қылжаққа толы. Әр сөзіміз өзімізге қарсы айғақ боп жазылып жатқанын ұмытпайық. Сен, сенбе – бірақ екі періштенің дамылсыз бәрін қағазға түртіп алып жатқаны айқын.
Кітапқа тапсырыс беру:
wa.me/77775722233

❤24🔥4🤔4👏3
ПІКІР ЖАЗЫП, ПОДПИСКА ҰТЫП АЛ!
Бір кітаптан алған ең күшті 1 инсайтты пікірге жазыңыз. Ол сізді несімен ойландырды?
Ең күшті жазбаның авторына Kitapal мобильді қосымшасындағы 500 электронды, 150 аудио кітапқа подписка 1 жылға тегін!
Уақыты: 20-қараша, 23:59-ға дейін.
Ал, кеттік! Сіздің алған инсайт өзге жанды да шабыттандыруы мүмкін.

❤13🤔1
КӨРІНБЕЙТІН БҰЛШЫҚЕТ
Адамның ерік-жігері мен физикалық шыдамдылығының арасында тығыз байланыс бар. Бір адам күні бойы ойымен, эмоциясымен, нәпсісімен, уақытымен алысса, ерік-жігері сарқылады. Енді ол сол сәтте бұрын көтеріп жүрген ауыр салмақты көтере алмайды. Шыдамы да әлсіз болмақ. Неге? Өйткені психологиялық шаршау көбейген сайын физикалық шыдамдылық әлсірейді.
Байқасаңыз, таңғы уақыттан гөрі кешкі уақытта көліктің шопырлары ашуланшақ, сабырсыздау. Себебі күні бойы жігері мұқалып, әбден азайды. Енді келіп кешке біреу алдын кескестеп тұрып алса, дереу сигналдап, айқайлап шыға келеді.
Енді не істеу керек? Келесі постта жазамыз. Оған дейін «Ерік-жігер» (Рой Баумайстер) кітабынан оқи аласыздар.
Кітапқа тапсырыс беру: wa.me/77775722233

❤12🔥4👍2🤔1
КІТАПТАН СҮЗІП АЛҒАН ӘДЕМІ ӘРІ ОЙЛАНДЫРАТЫН СӨЗДЕР
(бұны бөліспеске болмайды)
📜 Төбесі жұқа үйден жаңбыр өтіп кететіні сияқты, нашар дамыған ақылға да құштарлық тұрақтап тұра алмайды.
📜 Өлім бізді қай жерде тосып отырғаны белгісіз, сол үшін біз оны барлық жерде тосайық.
📜 Балаңа алтын толы ұра қалдырғанша, ақыл толы мұра қалдыр.
📜 Ерте емделгеннің ауруы асқынбайды.
📜 Бүгінгі істі ертеңге қалдырғанның ісі бітпейді.
📜 Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда ажары қашады. Неге? Кітап оқымағандықтан.

❤31💯7🔥2🤔2
Кітап оқу әдетін қалай қалыптастырса болады?
(шын өмірден алынған тәжірибе)
Бір жігіттер уатсаптан топ ашып, кітап оқымаққа бекінеді. Алғашқы он күндіктің тапсырмасы – кітапты ашып жабу. Болды!
Дым қиын емес, иә? Ашып жаптың – чатта галочка қойдың. Бірақ адам болған соң ақымақ емес қой, құр ашып жаба салмай, «ұятты» деп бір-екі абзац, тіпті бет оқып тастайды.
Келесі онкүндікте тапсырма сәл күрделенеді: бір сөйлем оқу. Тіпті қиын емес! «Қоңыр күз еді» - сөйлем бітті, чатқа есеп бердің. Бірақ алдын айтқандай адам бір сөйлеммен тоқтамайды. Көбірек оқиды.
Кейінгі онкүндікте бір абзац оқу міндеттелді. Оған бір минут та уақыт кетпейді ғой қарап тұрсаң. Оқыдың, чатқа жаздың.
Сосын бір бет оқу деген межеге жетті. Одан кейінгі айларда екі бет оқу, 5 бет оқу деп өсе бастады. Ешкім қарсы болған жоқ.
Бұл неге жұмыс істейді? Себебі оңайдан басталады. Аз-аздан үздіксіз. Ми үшін қорқынышты емес. Бұл жерде ортаның күші бар. Ортақ мақсат бар.
Кім уәдесінде тұра алмады, соны жуып-шаю үшін кез келген қоғамдық қорға мың теңге аударып отырды.
Міне, осылай тұрақты кітап оқитын бір топ пайда болды. Енді олар әңгіме барысында «пәлен кітапта түгенше ғалым былай депті...» деп тілге тиек етуді шығарды.
Түйін:
1) кітап оқығысы келетіндерді бір топқа жина
2) аз-аздан баста
3) күн сайын турнир есебін шығарып тұр
4) уәдесін орындай алмағандар айып төлесін.
5) тапсырманы бірте-бірте күрделендір

❤32👍8🔥4🤔1
https://youtu.be/p2mtMu6zw4Q?si=jrtWXvtB4FYAOkSK
Бұл шығарылымда коуч, ментор Ескендір Бестай шеберлікке жету жолы, неден қорқу қажет, ақымақтық шыңы, үмітсіздік шұңқыры, тұрақтылық асуы, сауаттылықтың өлшемі туралы ойын бөліседі. Блокнот пен қаламыңызды дайындаңыз. Бұл видеодан түртіп алар түйіндер көп болмақ.

❤7🔥3👍2🤔1
Ешкім артымнан сөз айтпасын, сынамасын десең - онда ештеңе істеме, ештеңе айтпа, ешкім бол.
(с) Аристотель
(с) Аристотель
👏35❤23💯8😁3🤔1
Алмастырылмайтын қызметкер болмайды
🔺 (28-қарашада бүкіл кітапқа 20% жеңілдік)
Сен жұмыста өзіңді ең құнды болмаса да, орны бар қызметкермін деп жүрсің ғой. Ал ақиқатында сенің орныңа мың адам табуға дайын. Өзіңше боп бүгін жұмыстан шығып кетсең, ертең-ақ адам табады. Адамның тірлігін адам істейді, үйреніп алады.
🔺 (29-қарашада бүкіл кітапқа 15% жеңілдік)
Түйін: таңғы 9-да барып, кешкі 6-да қайтып, үйде құр жатып алма. Өзіңді дамыта бер, шегелей бер, қуаттай бер. Жаңа қабілет, тіл, дағды үйрен.
🔺 (30-қарашада бүкіл кітапқа 10% жеңілдік)
Өзіңді жақынырақ танығың келсе, суреттегі кітапты оқуға кеңес береміз.
Уатсап: wa.me/77775722233
Сен жұмыста өзіңді ең құнды болмаса да, орны бар қызметкермін деп жүрсің ғой. Ал ақиқатында сенің орныңа мың адам табуға дайын. Өзіңше боп бүгін жұмыстан шығып кетсең, ертең-ақ адам табады. Адамның тірлігін адам істейді, үйреніп алады.
Түйін: таңғы 9-да барып, кешкі 6-да қайтып, үйде құр жатып алма. Өзіңді дамыта бер, шегелей бер, қуаттай бер. Жаңа қабілет, тіл, дағды үйрен.
Өзіңді жақынырақ танығың келсе, суреттегі кітапты оқуға кеңес береміз.
Уатсап: wa.me/77775722233
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤14👀3🤔2
Жүректің емі қандай?
Ибрахим Хауас деген данышпан былай деген:
1) Ой жүгіртіп Құран оқу. Аудармасына қарамай оқудың өзі жан-дүниені тазалап, тыныштыққа бөлейді. Ал мағынасына бойлап, аудармасымен бірге оқудың дәрежесі өте үлкен.
2) Түнде тұрып намаз оқу. Түнде Алла Тағаланың рақымы жер бетіне түсіп: «Менен сұраушылар бар ма? Нығмет сұраушылар бар ма? Кешірім сұраушылар бар ма? Бәріне жауап берейін» дейді. Түнде намаздан кейін жасалған дұға қабыл болады. Сізге не керек, соны сұрауға ең лайықты уақыт - сол.
3) Таң намазынан кейін ұйықтамай, дұға жасау және духа намазын оқу. Таң намазына ұйықтап қалған кісі сол күні сәл әлсіз, жайсызданып жүреді. Ал ояу болған адам күні бойы өзін қуатты, мығым сезінеді.
4) Харам нәрселерден сақтану. Адал еңбек ету, адал ас ішу, ұятсыз бейнеден алыс жүру, ешкімнің ақысына кірмеу, өтірік айтпау.
5) Осы айтылғандарды тұрақты жасау үшін жақсы ортада, ізгі адамдармен бірге жүру.

🔥29❤18🤔1
Өмір қызық болмай кетсе, ішіңді пыстыр
Қазір біз ішіміз пыспас үшін телефон қараймыз, кино көреміз, жаңалық оқимыз. Тоқтаусыз. Бір секунд та бос тұра алмаймыз. Әйтпесе ішіміз пысып кетеді. Лифт шақырғанда, оны 5 секунд күтуіміз керек болса, дереу қалтамыздан телефонды шығарып, бір рилз көріп үлгереміз. Мұндай өмір бір күні жарға жығады. Адам олай өмір сүре алмайды. Мұндай ритмнен шаршап, энергиясы тез бітіп қала беретін ауруға шалдығады.
Керісінше, ішіңді пыстыру керек. Бәрінен жалығу керек. Үйде 2 сағат отыр. Телефон қарама, теледидар қоспа, кітап та оқыма, жазу да жазба. Ойнама. Тек ойыңмен жалғыз қал.
Жынданып кетпесең болды екі сағат біткенше. Оңай көрінгенмен, өте қиын. Себебі біз назар аудартатын, ылғи миды тітіркендіретін өмір стиліне байланып қалғанбыз. Оның бәрі кейіннен қосылған.
Ішің пысып, жалығу арқылы адамның шығармашылық қабілеті қайта қалпына келеді. Оянады. Адамға түрлі креативті идеялар келеді. Мидың әбден ұмытылып кеткен нейрондары дүр сілкінеді.
Бұл үлкенмен қоса, балаға да қатысты. Оларды да мультиксіз, телефонсыз ойнауға үйрету керек. Сонда әр бала өз ойынан ойын құрастырып, сурет салып, құмға жазу жазып, жапырақтан мозайка жасап, қолдан үй тігіп жатқанына куә боласыз.

❤43🔥14👍8😁1
Осы фильм есіңде ме?
Егер әлі көрмеген болсаң, неткен бақыттысың. Отбасыңмен көруге тамаша кино.
Фильмнің аты - "Аспан балалары". 2000-жылдардың басында көретінбіз. Сапасы тым қарабайыр болса да, эмоцияға толы. Тұрмысы жұпыны отбасындағы ағасы мен қарындасының аяқ киімді кезекпен киіп, мектепке баратыны туралы. Өйткені ағасы өзінікін жоғалтып алған. Онысын әкесіне айтуға қорқады. Сөйтіп жүргенде жүгіруден жарыс басталады. Екінші орын алғанға су жаңа кроссовка тігілген. Соны ұтып, қарындасына бермек болған бала байқаусызда бірінші орын алып кетеді де, велосипед ұтады. Соны білгенде жылайды. Себебі оның көздегені аяқ киім еді.
Егер осы кино кітаптан алынған болса немесе кітап боп жазылса, қуана-қуана оқыр едік.

❤33👏5👍3😢1😍1
НЕГЕ САБАҚТЫ ЖАҚСЫ ОҚЫҒАННЫҢ БӘРІ БАЙ ЕМЕС??
«Сабақтарыңды жақсы оқыңдар. Универді үздік аяқтаңдар. Сонда мектепті үшке бітірген сыныптасың сені жұмысқа алып қалуы мүмкін» деген қалжыңды естіген шығарсың? Шынымен неге солай? Бір жігіт не қыз болады сыныпта, үлгерімі тамаша, сабақты дереу қағып алады, естігенін ұмытпайды. Жарысқа қатысса ұтады. Бүкіл мұғалім «тфәй-тфәй, көз тимесін, осыдан мықты адам шығады» деп тамсанып жүреді. Бірақ...өмірде олай болмай шығады. Сыныптан сыныпқа өте алмай, әдемі көзі үшін үш алатын балалар кәсіп бастап, тез байып шыға келеді. Неге?
Жауап: зияткерлік интеллект табысты болудың кілті емес. Керек десең, бұл туралы зерттеуде зияткерлік интеллект тек 23% ғана әсер ететіні анықталған. Сонда шешуші кілт не? Ол – эмоциялық интеллект. Ол сонда қалай? Мысалы, бөлмеге кіргенде кіммен қалай сөйлесуді білу, кім қандай күйде екенін сезіну, проблеманың шешімін тез таба білу, өзгеріске тез бейімделу, шиеленістің түйінін табу, тіл табысу, т.б.
Екеуінің айырмашылығы: зияткерлік интеллект нені қалай істеудің теориясын біледі, бірақ әлі практикада тексеріп көрмеген. Эмоциялық интеллект бірден іске көшеді, тәжірибе барысында үйренеді.
Сабақты жақсы оқығандар болуы мүмкін барлық ситуацияларға алдын-ала дайындалады. Содан мүлде әрекетке көшпейді. Өйткені әлі дайын емес сезінеді.
Ал сабақты орташа оқығандарда ондай теориялық білім жоқ. Олар кішкентай сәби секілді бәрін ұстап, қысып, басып, жеп, сөйлесіп көргісі келеді. Проблеманы шыққан кезінде ғана шешу жолын іздейді.
Бұл постты жақсы оқитын достарыңа жібер 😊
Қалжың ғой. Озат оқушылардың бәрі кедей болады дегенді білдірмейді. Нашар оқығандардың бәрі бай болады деген заңдылық та жоқ. Тек орташа статистика бар.
Түйін: Сабақты жақсы оқы. Тірлікке де ерте аралас.
Кітап оқы. Тапсырыс беру үшін уатсапқа жаз: wa.me/77775722233

❤16🔥3👍2🤔1
Әр жаны бар затқа мейірім
Пайғамбарымыз (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) жолда кетіп бара жатып, бір топ адамға кездеседі. Сол адамдардың мінген жануарларын тоқтатып қойып, әңгіменің басын жіберіп тұрғанын көреді де, оларға былай дейді:
«Жануарларды шаршатпай, жақсылап мініңдер. Қажетсіз мініп тұрып алмай, демалдырыңдар. Оларды жол үстіндегі сұқбаттарыңа орындық ретінде пайдаланбаңдар. Қаншама мінілген жануарлар үстіне мінген адамдардан да қайырлы әрі Алланы адамдан да артық зікір етеді».
Келесі жолы жолдан мысық, ит, қой, сиыр, жылқы, құс көрсеңіз, олардың Жаратушыны зікір етіп жатқанын сезініңіз. Олар да осы қоғамның тепе-теңдігін құрап тұрған бір кірпіш екенін біліңіз. Тарихта мысықты әдейі аш қалдырып, азапқа душар болған әйелдің, шөлдеген итке кебісімен су алып беріп, кешірімге ие болған әйелдің оқиғалары бар.
Пайғамбарды жақсы тану үшін оның өмірбаянын оқу керек. Кітапқа тапсырыс беру: wa.me/77775722233

❤25😁2