KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
6.41K subscribers
1.12K photos
53 videos
21 files
478 links
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!

Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Download Telegram
Оқ тиіп он үшімде, ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам.
Алданып тамағыма, оны ұмытсам,
Болғандай жегенімнің бәрі харам.
Адамнан туып, адам ісін етпей,
Ұялмай, не бетіммен көрге барам?!

Мүшел жасында өмірлік миссиясын айқындап алған бала Ахметті енді ешкім алған бетінен қайтара алмайды. Тамақ үшін, мансап, билік үшін әрекет етсем, адамдық атыма нұқсан келмей ме деген түсінігі қандай терең!

Кітаптарға тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
❤17🔥4👍3🥰1
ТАНЫМАЛ КІТАПТАРДЫҢ КІРІСПЕСІ ҚАЛАЙ БАСТАЛҒАН?

Дәулетті жас жігіттің міндетті түрде өзіне жар іздейтіні — жұрттың бәріне белгілі ақиқат.
Джейн Остиннің «Тәкаппар махаббат» шығармасы

Егер «Том Сойердің бастан кешкендері» деген кітапты оқымаған болсаңыз, мен туралы ештеңе білмейсіз. Бірақ оның еш сөкеттігі жоқ. Ол кітапты мистер Марк Твен жазған әрі, жалпы алғанда, көп өтірік қоспаған.

Марк Твеннің «Том Сойердің бастан кешкендері» шығармасы

Бұл заманның ең жақсы шағы да еді, ең жаман шағы да еді; бұл даналықтың дәуірі де еді, ақымақтықтың дәуірі де еді; бұл сенімнің кезеңі де еді, күмәннің кезеңі де еді; бұл жарықтың мезгілі де еді, қараңғылықтың мезгілі де еді; бұл үміттің көктемі де еді, торығудың қысы да еді; алдымызда бәрі тұрғандай көрінді, бірақ алдымызда ештеңе де жоқтай еді; бәріміз де жанұшыра жұмаққа асығып бара жаттық, әрі дәл солай тозаққа да құлдилап бара жаттық.
Чарльз Диккенстің «Екі қала туралы хикая» шығармасы

Бақытты отбасылар бір-біріне ұқсайды, ал әрбір бақытсыз отбасы өзінше бақытсыз.
Лев Толстойдың «Анна Каренина» шығармасы


Қарт Гольфстримде жалғыз өзі қайығымен балық аулайтын. Оның теңізге шығып, бірде-бір балық ұстай алмай жүргеніне сексен төрт күн болып еді.
Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» шығармасы

Бүгін анам қайтыс болды. Әлде кеше ме — нақты білмеймін.
Альбер Камюдің «Бөгде» шығармасы

Бір күні таңертең мазасыз түстен оянған Грегор Замза өзінің төсегінде жатып-ақ қорқынышты жәндікке айналып кеткенін аңғарды.
Франц Кафканың «Құбылу» шығармасы

Жастық шақта, адам баласы бәрін жүрекке жақын қабылдайтын кезеңде, әкем маған бір кеңес айтып еді. Сол сөз жадымда мәңгі сақталып қалды.
— Егер біреуді кінәлағың келіп тұрса, — деген еді ол, — мына дүниедегі адамдардың бәріне саған нәсіп болған нығметтер бұйыра бермейтінін есіңе ал.
Фрэнсис Скотт Фицджеральдтың «Ұлы Гэтсби» шығармасы

Кітаптарға тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
❤14🔥2👍1
Сізде сыйлыққа кітап алатын мүмкіндік бар

Құрбан айттың үш күнінде Кітапал дүкенінен қандай кітап алсаңыз да, бір кітап сыйлыққа беріледі. Тегін берілетін кітаптардың тізімі бар, ішінен таңдап алсаңыз да болады. Үш ай жазда балалар оқитын кітап алсаңыз, тіпті жақсы болмақ.

Кітаптарға тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
❤8🥰2👍1
Шүкір – нығметті көру емес, нығметті бергенді көру. (с) ғалым Шибли

Көздің шүкірі – мұсылман бауырыңнан көрген кемшілікті жасыру.

Құлақтың шүкірі – естіген айыптарды естімегенсу.

Мысалы, Саңырау әулие деген ұста болған. Алдына зат әкелген әйел жел шығарып қойып, қатты ұялғанда, бұл кісі «Неге келдің? Қаттырақ айт, құлағым жақсы естімейді» деп, естімеген сыңай танытқан. Сол әйел қайтыс болғанша өтірік саңырау боп жүрген.

Бүгін – Құрбан айтқа арналған акцияның соңғы күні. Қандай кітап тапсырыс берсеңіз де сыйлыққа бір кітап тегін аласыз.

Кітаптарға тапсырыс беру:
https://clck.ru/3TJfVu
❤24😍2🔥1🥰1😢1🤝1
628 күн бойы тауға шыққан адамның өмірінде қандай өзгерістер болды?

Бүгінгі подкастта экономист, тәуелсіз сарапшы, META University бизнес мектебінің директоры Мақсат Халық ағамызбен кітап авторлары: Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев, Шразаддин Каниязов сұқбаттасады.

Подкастта ұлттық экономика, әр азамат ұстануы керек қаржылық қағидалар, ақшаны дұрыс үнемдеу жолдары және

қазіргі таңда халықтың қаржы мәселесінде жиі жіберетін қателіктері,

Қазақстан экономикасын көтеретін ең мықты салалар қандай,

спортпен айналысу адамның өмірін қалай өзгертеді,

628 күн бойы тауға шыққан адамның өмірінде қандай өзгерістер болды деген қызықты сұрақтарға жауап іздейміз.

https://www.youtube.com/@kitapal
😍9❤8🔥2👍1
Атеистпен сөз таластырма!

"Залалға өз еркімен разы болғанға жанашырлықпен қаралмайды; оған мейірім мен аяушылық көрсетілмейді" деген қағида мына мағынаны білдіреді:

басқаның адасуы сендердің тура жолдарыңа зиян келтірмейді; сондықтан сендер олардың адасуымен қажетсіз шұғылданып уақыттарыңды босқа кетірмеңдер.
🔥15❤14👍2🥰2
Кітаптың басты ойы:

💎Табиғат адамды емдей алады.
💎Жалғыздық адамды әлсіретеді, достық күшейтеді.
💎Адамның ойы мен сенімі оның өміріне әсер етеді.
💎Кез келген адам өзгеріп, жақсы бола алады.

Кітаптарға тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤16😍3👍2🔥2🥰1
Бұл – ең көп оқылған кітаптың бірі. Авторы: Мұхаммед ибн Сүлеймен әл-Жазули. Жалпы әлемдегі мұсылман дүниесінде кең таралған кітап.

Не үшін кең таралған: пайғамбарымыз әзірет Мұхаммедке (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) салауат айту мәдениетін жүйелеп ұсынатын классикалық дұға-зікір жинағы. Кітапта салауаттардың түрлі нұсқалары, Алланың көркем есімдері, Пайғамбарымыздың көркем есімдері мен сипаттары, сондай-ақ күнделікті оқуға арналған уирдтер мен бөлімдер берілген.

Кітапқа тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
❤23👍5🤝5🔥2🥰2
7-мамыр күні таңғы 6-да бір танысым хабарласты:
«Мирас, мен тамырымды кесіп тастадым...»


Жалма-жан таксиге мініп ұштым. Жедел жәрдем шақырдым. Олар полициямен қатар келді. Подъезден қателесіп басқа біреудің есігін бұзып тастадық. Ақыры тауып, ішке кірсек, үйдің іші қап-қараңғы. Терезе тұмшаланған. Ауыр күй. Еңсені зіл басады.

Жігіт залда жатыр. Қолынан аққан қан тазикке жиналған. Көрер жарығы бар екен, тірі. Аман алып қалдық".

Үміт сәулесі сөнбейді. Сен жалғыз емессің. Осы кітапты оқып, үмітіңді қайта жалға, жас адам.

Кітапқа тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
❤12😢7🤔2
Жүрегіңнің түкпіріне көз таста – сол жерден шыққан үн ғана Раббыңа ұнайды.

Жақсы түйе тыныш болады. Жақсы садақ үнсіз тартылады. Пайдалы дәрі – мөрленіп жабылады. Жақсы жазылған хат та – сырлы, ішкі мазмұнмен толығып, жабық болады. Дұға да сол сияқты – ішкі иіріммен, терең сезіммен, үнсіз жүректен аққан сыр болуға тиіс.

Дұға туралы кітаптарға тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
❤12😍7🔥2👍1
Адам бақытты кезінде қасында ылғи адам болады. Жалғыз отырып бақытты болу деген сирек немесе жоқ шығар.

"Мұңайма" кітабына тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
❤15👍3🤔2🔥1😢1👀1
Сені жақсы көретін адамдар тұратын жерді үйім деп айтуға болады

Қысқасы, кемпір пен шал (бауырлар) үй жұмысына көмектесетін ұл баланы асырап алмақ болады. Бірақ қателікпен оларға 11 жастағы жетім қыз Анна жіберіледі. Содан бастап өмірлері өзгереді. Ары қарай кітаптан оқып ал. Бәрін айтуға болмайды.

Кітаптарға тапсырыс беру:
https://clck.ru/3TJfVu
❤13👍4🥰2😍2🔥1
Сағатты артқа шегергелі бері уақыт түсініксіз боп кетті ғой. Таңғы 7:00-де ұйықтап тұрсаң, күн тас төбеде тұрады. Уже бір сағаттан соң түскі ас ішу керектей сезіледі. Уақытың берекесіз сияқты. Соған орай мынадай режимге көшпекпін (Алматы уақытымен).

02:00 – 05:00 – берекелі уақыт. Таң шапағы 02:24-те кіреді. Күн 04:09-да шығады. Күн шыққан соң да 40 минуттай ояу болуың керек. Бұл кезде білім алу, жаттау, кітап оқу, дұға жасау, зікір ету, жаттығу, жеңіл таңғы ас ішу, ойлану, толғану, жоспарлау, бизнесті ойластыру керек.

05:00 – 07:30 – ұйқы.

13:30 – 14:00 – бір мызғып алу (қайлуле).

22:00 – 02:00 – түнгі ұйқы.

Жалпы ұйқыға 7 сағат кетеді. Ересек адамға жеткілікті. Бастысы таңғы берекелі уақытта ояу боласың. Әрине, идеалды болмайды. Бір күні кеш жатасың, бір күні кеш тұрасың дегендей. Бірақ жақсыға ниеттену.

Кітапқа тапсырыс беру:
https://clck.ru/3TJfVu
❤18👍7😍4👏3🔥2🥰1
Бір нәрсені қалайтынын айтқан адам оған қолын созбаса, жете алмайды.
❤14🤝9👍4🔥2🥰1
Жылдың басында қойған жоспарларыңның қаншауын іске асырдың?

Тіл үйрену, спортпен айналысу, кітап оқу, саяхаттау, Құран жаттау, домбыра үйрену, дамытатын жаңа орта табу, таңда ояу болу, әлеуметтік желіге байланбай, бос уақытты жаңа әдет үйренуге жұмсау, т.б.

Жылдың жартысынан көбі өтіп кетті...

«Адамдардың көбі қадіріне жетпейтін екі нығмет бар: денсаулық пен бос уақыт»

Мүмкін сізге әдет қалыптастыру мен уақытты тиімді өткізу туралы кітап оқу керек шығар?

Кітапқа тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
👍10❤5🔥2
Кеше бала ең, келдің ғой талай жасқа,
Көз жетті бір қалыпта тұра алмасқа.
Адамды сүй, Алланың хикметін сез,
Не қызық бар өмірде онан басқа.

Кітапқа тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
❤15🤝7👍4🔥1🥰1
Есіңде болсын, балам: сүйген жарың үшін шын ниетпен жасаған ісің сені ешқашан оның алдында күлкіге қалдырмайды.
Эрих Ремарк "Үш жолдас"

Кітапқа тапсырыс беру:
https://clck.ru/3TJfVu
❤24👍3🔥1
Жақсы кітапты оқығанда сен бұрыннан сезетін, бірақ түсіндіруге сөздік қорың жетпейтін құбылыстар алдыңнан шығады. “Мәәә дәл дәл. Тура осыны түсіндіре алмай жүр едім” деп ішіңнен нысанаға дөп тигізгендей шаттанып қаласың.

Кітапқа тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
❤12👍8🔥3🥰2😁1
Әйел адам ер азаматқа жақсы көретінін айтуы қажет емес. Оның бақыттан бал-бұл жанған, нұрға толы көздері айтылмаған сырдың бәрін жеткізе алады. Әйелдің жанары – кез келген сөзден де шешен, жүректегі сезімнің айнасы.

Эрих Мария Ремарк

Кітапқа тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
❤26🥰3👍2🔥2😁1
Суреттегі емес, басқа кітаптан үзінді

Біз адамзат үшін жарық болуымыз керек; бір шамдай болса да, айналамызды иман нұрымен жарықтандыруға тырысуымыз қажет. Қараңғылықты жарықтандыру тек жақсы мұсылмандықпен мүмкін болады. Біз шын мұсылман ретінде сенім ұялататын іс-әрекетімізбен жүректерге жол табуымыз керек.

Ал Нұрсұлтан ұстаздың бірнеше кітабы сатылымда бар. Жұманың берекесіне бөленіп, сатып алып оқи аласыз❤️
❤21👍1🔥1