KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
6.41K subscribers
1.12K photos
53 videos
21 files
478 links
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!

Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Download Telegram
Сағатты артқа шегергелі бері уақыт түсініксіз боп кетті ғой. Таңғы 7:00-де ұйықтап тұрсаң, күн тас төбеде тұрады. Уже бір сағаттан соң түскі ас ішу керектей сезіледі. Уақытың берекесіз сияқты. Соған орай мынадай режимге көшпекпін (Алматы уақытымен).

02:00 – 05:00 – берекелі уақыт. Таң шапағы 02:24-те кіреді. Күн 04:09-да шығады. Күн шыққан соң да 40 минуттай ояу болуың керек. Бұл кезде білім алу, жаттау, кітап оқу, дұға жасау, зікір ету, жаттығу, жеңіл таңғы ас ішу, ойлану, толғану, жоспарлау, бизнесті ойластыру керек.

05:00 – 07:30 – ұйқы.

13:30 – 14:00 – бір мызғып алу (қайлуле).

22:00 – 02:00 – түнгі ұйқы.

Жалпы ұйқыға 7 сағат кетеді. Ересек адамға жеткілікті. Бастысы таңғы берекелі уақытта ояу боласың. Әрине, идеалды болмайды. Бір күні кеш жатасың, бір күні кеш тұрасың дегендей. Бірақ жақсыға ниеттену.

Кітапқа тапсырыс беру:
https://clck.ru/3TJfVu
❤18👍7😍4👏3🔥2🥰1
Бір нәрсені қалайтынын айтқан адам оған қолын созбаса, жете алмайды.
❤14🤝9👍4🔥2🥰1
Жылдың басында қойған жоспарларыңның қаншауын іске асырдың?

Тіл үйрену, спортпен айналысу, кітап оқу, саяхаттау, Құран жаттау, домбыра үйрену, дамытатын жаңа орта табу, таңда ояу болу, әлеуметтік желіге байланбай, бос уақытты жаңа әдет үйренуге жұмсау, т.б.

Жылдың жартысынан көбі өтіп кетті...

«Адамдардың көбі қадіріне жетпейтін екі нығмет бар: денсаулық пен бос уақыт»

Мүмкін сізге әдет қалыптастыру мен уақытты тиімді өткізу туралы кітап оқу керек шығар?

Кітапқа тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
👍10❤5🔥2
Кеше бала ең, келдің ғой талай жасқа,
Көз жетті бір қалыпта тұра алмасқа.
Адамды сүй, Алланың хикметін сез,
Не қызық бар өмірде онан басқа.

Кітапқа тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
❤15🤝7👍4🔥1🥰1
Есіңде болсын, балам: сүйген жарың үшін шын ниетпен жасаған ісің сені ешқашан оның алдында күлкіге қалдырмайды.
Эрих Ремарк "Үш жолдас"

Кітапқа тапсырыс беру:
https://clck.ru/3TJfVu
❤24👍3🔥1
Жақсы кітапты оқығанда сен бұрыннан сезетін, бірақ түсіндіруге сөздік қорың жетпейтін құбылыстар алдыңнан шығады. “Мәәә дәл дәл. Тура осыны түсіндіре алмай жүр едім” деп ішіңнен нысанаға дөп тигізгендей шаттанып қаласың.

Кітапқа тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
❤12👍8🔥3🥰2😁1
Әйел адам ер азаматқа жақсы көретінін айтуы қажет емес. Оның бақыттан бал-бұл жанған, нұрға толы көздері айтылмаған сырдың бәрін жеткізе алады. Әйелдің жанары – кез келген сөзден де шешен, жүректегі сезімнің айнасы.

Эрих Мария Ремарк

Кітапқа тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
❤26🥰3👍2🔥2😁1
Суреттегі емес, басқа кітаптан үзінді

Біз адамзат үшін жарық болуымыз керек; бір шамдай болса да, айналамызды иман нұрымен жарықтандыруға тырысуымыз қажет. Қараңғылықты жарықтандыру тек жақсы мұсылмандықпен мүмкін болады. Біз шын мұсылман ретінде сенім ұялататын іс-әрекетімізбен жүректерге жол табуымыз керек.

Ал Нұрсұлтан ұстаздың бірнеше кітабы сатылымда бар. Жұманың берекесіне бөленіп, сатып алып оқи аласыз❤️
❤21👍1🔥1
Адам он жеті жасында бәрін білем деп ойлайды. Сосын жасы жиырма жетіге келсе де ойы өзгермесе, демек әлі есеймеген деген сөз.

«Бақбақ шарабы» — Рэй Брэдбери

Кітапқа тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
👍11❤9🔥1🤩1
Адамның жаны жабырқап жүреді

Қойды мың жыл қораға қамап қойсаң да мыңқ етпейді. Алдында шөбі, суы тұрса болды.

Адам мағынасыз бір минут та тұра алмайды. Әр істің мәні болуы керек. Тамақты не үшін ішіп жатырсың? Ләззат үшін! – Жоқ, қате. Тамақты өмір сүруге күш жинау үшін ішеміз. Энергиямыз болмай өліп қалмас үшін күн сайын бірнеше рет тұрақты тамақ ішуіміз керек. Ол, әрине, жалықтырып жібереді. Сол үшін тамақ ішуге аздап ләззат қосылған.

Кітапты не үшін оқисың? Ішім пысқан соң! – Жоқ, қате. Кітапты білім алу үшін оқимыз. Білім эмоцияны тудырады. Эмоция әрекетке итермелейді. Осылайша алған біліммен әрекет етеміз. Бұрын қараңғыда жарық болуы үшін үзбей от жаққанбыз. Кішкене ілім алып, жануардың майын жағуды үйрендік. Артынша балауыз шам жақсақ, сосын керосин май шам қолдандық. Кейінірек электр шамын ойлап таптық. Сосын Күннен қуат алатын шамдар да шықты.

Кімде-кім мағынасыз іс істесе, жаны жабырқап жүреді. Солай.

Кітапқа тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
👍13❤7🔥2😍2
Адам ауырып қалғанда шағымданады: «Неге осы мен ғана ауыра беремін? Кетіп бара жатқан ауруды шақырып аламын. Осы жұртты көрсең, бір жері сыздамайды. Өстіп ауыра беретіндей құдайға не жаздым?»

Анығына келсек, адам бір жылда тұмауы бар, басқасы бар, шамамен 4-5 күн ауырады. Бірақ ауырған кез есте қалып қояды, сол үшін көп сияқты көрінеді. Демек, қалған 360 күн адам сау болады.

5 күн ауырып, қалған 360 күн аман болғаныңа шүкір етпей, сонда да шағымданасың ба?

Кітапқа тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
❤14🤝7🔥3❤‍🔥2👍2😁2
Біреуді ғайбаттасаң, өзің де ғайбатталады екенсің

- Бауырым, сенен кешірім сұрау үшін жазып отыр едім. Сені сыртыңнан «Жұмыс істесуге қиын адам екен» деп айтып қойдым. Бұл сөзім ғайбат болған сияқты.
- Бұлай жазу оңай болмағанын сезіп тұрмын. Менде реніш жоқ. Бірақ... мен де сізді сыртыңыздан түрлі нәрсе айтып ғайбаттап тастадым.
- ...?

«Ғайбат. Басқа бәле тілден» кітабын оқып, әбден тілің үйреніп кеткен сөздердің көбі ғайбат пен жала екенін ұғасың. Сөйтіп тірнектеп жинаған сауаптарыңды ғайбаттаған адамыңның сауап қоржынына шелектеп құясың. Неткен нашар сауда!

Кітапқа тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
❤18😢6✍3👍1😁1😍1
Санакөз

Адам баласы айналасына шекесіндегі көзімен емес ой-санасындағы көзімен қарайды, соған қарай көрген-білгенін қорытады, тұжырымдайды, шешім шығарады. Демек, ең алдымен ой-сананы түзету керек. Сана түзелсе, адам түзеледі, ал адам түзелсе, қоғам дұрыс жолға түседі.

Рас, «көзіндегі көзілдіріктің түсі қандай болса, адам да айналасын сол түспен көреді». Мысалы:

– Бүкіл жұртқа адамгершілікпен қарайтын кісі басқаларды да солай көреді, барлық адамның адамгершілігі бар деп ойлайды...

– Қолының сұғанағы бар адам айналасына «мына кісі менің бір затымды жымқырып кетпесін» деген күдікпен қарайды...

– «Өтірік айтқаннан ешкім өлмейді» дейтіндерге келсек, олар алдындағы адам ағынан жарылып, бар шынын айтып тұрса да, оның сөзіне толыққанды сенбейді, сене де алмайды...

– «Бармақ басты, көз қысты»-ны кәсіп еткендер өзгелерді парамен байлап алғысы келеді де тұрады. Тіпті «өзге кісілер маған бір нәрселер берсе екен» деп дәметіп тұрады...
💊10👍6❤5🔥2
Нәпсімен бетпе-бет қалып күрескеннен гөрі, оған мүмкіндік бермеу әлдеқайда тиімді

Адамның миы ләззат алған, қайталанған нәрселерді әдетке айналдырады. Одан кейін әдетті жою мүмкін болмай қалады. Тек жасырып қоюдан басқа амал жоқ.

"Мен темекіні бірден тастай аламын" деу қандай ақымақтық болса, темекі шекпеуге тырысып, барынша күресу соншалықты ақымақтық!

Неге? Өйткені нәпсімен күресу қиын. Ал оның жолдарын бөгеу - ақылға қонымды.

Сонда қалай? Мысалы, темекі шекпес үшін оның әдеттенген жолдарын жабасың, ләззат алған жерлеріне бармайсың. Ылғи темекі алып жүрген дүкенге бармайсың. Темекі шегіп үйреткен досыңмен кездеспейсің. Тамақтан кейін желание кеп жатса, онда басқа іспен айналысасың. Құрт жеп, шемішке шағып, сағыз шайнап дегендей...

Сол сияқты үйде жалғыз қалғанда телефоннан әдепсіз видео көріп қоя берумен күрескенше, жатарда телефоныңды алыс бөлмеге апарып, даусын өшіріп қой.

Біреуді ғайбаттағың кеп тұрса, ол туралы тек жақсы жағын айт.

Оқуға ұсынатын кітаптар:
1) Ихия улумиддин
2) Әдет күші
3) Бақыт формуласы
4) Атом әдеттер


Кітапқа тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
❤25👍3🔥2🤝1
Кітаптан өзіңнен сұрауды ұмытып кеткен сауалдардың жауабы алдыңнан шығады. Оны күтпейсің, күтпеген жерден жарқ етіп шыға келуі де ғажап!

Жақсы кітап - жан азығы. Әсіресе, классикалық көркем әдебиет. Әдебиеттің өзі “әдеп” сөзінен туындайды. Демек, оқылған әр кітаптан әдептірек боламыз.
❤26👍4😍2🤩1
Адам жеке шекарасын өзі белгілей алмайды

Қазіргі уақытта "жеке шекараңды белгіле, не болады, не болмайтынын алдымен өзің бекіт" деп айтылады. Содан бұл адам өз ойымен белгілі бір шекараларды қойып алады. Яғни, "ешкім маған ақыл айтпауы керек, жеке өміріме араласпауы керек, маған қарап сөйлемеуі керек" деген сияқты.

Осы жерде үлкен қате бар.

Адам жеке шекарасын өзі белгілемейді. Ол жақсы мен жаманның не екенін қайдан айырады? Мысалы, қазақта дастарқанның үстінен аттауға болмайды. Ал кейбір елдерде аяқ киімімен басып өте береді. Осы жерде қайсысы дұрыс екенін қайдан білесің? Әр елге қарай шекараңды өзгерте бересің бе?

Бір елдерде ата-ананы қартайған кезінде жалғыз қалдырып, бөлек шығу; анаша қолдану; қыз бен жігіт үйленбей тұрып, бір шаңырақ астында тұрып көру; шошқаның етін жеуді - заңды әрі дұрыс деп тапса, сен солардың заңына қарсы шыға алмайсың. Ендеше қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін айыру үшін қандай негізге сүйенесің?

Жеке шекара дегеннен гөрі әдеп деген дұрысырақ. Күллі нәрсенің әдебі бар. Ал әдепті Алла Тағала Құран мен сүннет арқылы түгел көрсетіп қойған. Мысалы, жақын туыс, дос, бауырыңа насихат, кеңес айтуға толық құқың бар. Бірақ ол үшін шешім қабылдауға, артынан сөз тасуға, сынауға қақың жоқ.
❤31👍10🔥3🥰1
Адам өзінің уақытын емес, назарын жоғалтады.

Көптің жақсы көретін сылтауы: "Уақытым жоқ". Көбіне-көп жақсы істерге, дамытатын нәрселерге уақыты жоқ, бірақ пайдасыз істерге уақыты бар. Сонда қалай?

Шын мәнінде олардың айтқысы келгені: "Назарым шашырап кеткен. Уақытымды жүйесіз пайдаланамын. Фокусымды бір іске шоғырландыра алмаймын".

Телефон, қысқа видеолар, үздіксіз хабарламалар — адамның ойлау қабілетін әлсіретеді. Өз өмірімізді басқара алмай тұрып, қалай біреуге сын айтамыз?

Кітапқа тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
🔥20❤7👍5
Тұлғаңды дамытатын кітаптың пайдасы оны оқығанда емес, қолданғанда көрінеді. Мотивациялық жүз кітап оқу бір кітаптағы бір ойды өмірге енгізуден артық емес. Білім әрекетке айналғанда ғана құнды.

Ал әдеби кітаптың жөні бір басқа...

Кітапқа тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
❤18👍4🔥3🥰1
Біреуге жала жабудан, ғайбаттаудан, айыптаудан тыйыла алмай жүрсең, осы хадисті оқып ойланып көр! Айыптауға тұра ма соның нәтижесі???
❤23👍2🤔2🔥1🆒1
Көп адамның пікірі дұрыс болғандықтан емес, КӨП болғандықтан қабылданады.

Тарихта көпшілік талай рет қателескен. Гитлердің артынан да көпшілік ерді. Залымдардың артынан да талай адам ереді. Біреу қорыққанынан, біреуі сенгендіктен.

"Барлығы осылай ойлайды" деу — ақиқаттың дәлелі емес.

Кітапқа тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
❤18👍6🔥4🤔1