Ол қарадан шығып хан болған азамат. Яғни, айдаладағы ауылда кедейдің үйінде туып өскен жас бала АҚШ президенті болғаны ғажап. Жай басшы емес, құлдықтың жойылуына жол ашқан кісі.
Ол кедей болғандықтан дұрыс білім ала алмаған. Бірақ болатын балаға не кедергі дейсің? Тауып кітап оқыды, білім іздеді, заңгер болды, саясатқа келді. Оның өмір жолында кездескен қиындықтар қазіргі батыл, білгір мінезін қалыптастырды десек болады.
Осы жерде өз өміріңіз туралы ойлап көріңізші. Біз адамдарға, тіпті өзімізге тым ерте баға беріп қоямыз. Қазіргі жағдайымызға қарап, болашағымызды шешіп тастаймыз. «Жасы отызға келді, бітірген дымы жоқ». «Қырыққа келді, әлі қуып жүр». «Бірнеше рет сәтсіздікке ұшырады, демек қолынан келмейді». Линкольнға да осылай деуге болар еді. Бірақ бұл жігіт кедей болғанына, мүмкіндігі аз болғанына тағдырды кінәлаған жоқ.
Өміріңізді дәл қазір тұрған жеріне қарап бағаламаңыз. Мүмкін әлі кіріспе бөлімінде ғана тұрған шығарсыз.
Кітапқа тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu

❤🔥12❤6😁1
Егер Алла тыйым салған бір іске тап келсең, мынадай күйде бол:
- буындарың ажырағандай болсын
- сезімің өшсін
- жүрегің тарылсын
- тәнің өліп қалғандай сезілсін
- үмітің үзілсін
- салт-ғұрып пен сыртқы ресми әдеттерді ұмыт
- Жанарларыңа барша мекен қап-қараңғы көрінсін
- тұрған орның – құлап бара жатқан, ескі үй секілді болсын
- Төбесі құлауға жақын, ал сен сонда дәрменсіз жатқаныңды сезін
- Құлағың керең болсын – тіпті солай жаратылғандай бол
- Ернің қимылдамасын, тілің – сөйлеуге қауқарсыз болсын
- Тісің әлденеге қиналып, түсейін деп тұрғандай болсын
- Қолың – еш нәрсені ұстай алмайтын шолақ
- аяқтарың – жансыз, жүре алмайтын, орыннан қозғалмайтын хәлде болсын
- Өзіңді жыныстық қатынасқа мүлде қауқарсыз сезін – тіпті мұндай нәрсені өміріңде білмегендей бол
- Ішің – тамаққа толы болсын, ас ішуді қаламайтын күйде бол
- Ақылың – адасқан, өзіңді есерге теңе
- Өзіңді қабірге қарай бара жатырмын деп ойла.
«Бақыт формуласы» кітапқа тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu

❤5💔3🎉2
Қарапайымнан күрделіге өту арқылы ағылшын тілін үйрену
This is an apple – Мынау алма.
This is a red apple – Бұл қызыл алма.
I like to eat – Мен жеуді ұнатамын.
I like to eat a red apple – Мен қызыл алма жеуді ұнатамын.
I ate a red apple yesterday – Мен кеше қызыл алма жедім.
If I eat a red apple every day, I don’t get sick – Күн сайын қызыл алма жесем, ауырмаймын.
Ағылшын тілінің 52 ережесін осы әдіспен үйрену үшін «2 айда ағылшын тілін үйрен» кітабымен жұмыс жасаңыз.

❤7🎉2
Ойландыратын үзінділер
Қасіретті ұмыту қиын. Бірақ қуанышты еске түсіру одан да қиын. Өйткені бақыт жүректе тыртық қалдырмайды. «Күнделік» — Чак Паланик
Ең үздік кітаптар саған өзіңнің іштей баяғыдан білетін ақиқатыңды айтып береді. «1984» — Джордж Оруэлл
Ол сүйді әрі қиналды. Ақшаны сүйді, ал оның жоқтығынан азап шекті. «Он екі орындық» — Илья Ильф, Евгений Петров
Сен ешқашан жолықпаған бір адамды сағынғандай күй кешіп көрдің бе? «Мәңгілікке апарар көпір» — Ричард Бах
Маған әйел адам ер азаматқа «сені сүйемін» деп айтуға тиіс емес сияқты көрінетін. Оның орнына мұны жанарының нұрынан, шынайы бақытына толы көзінен-ақ аңғаруға болады. Өйткені сондай көзқарас кез келген сөзден әлдеқайда әсерлі. Роберт Локамп, «Үш жолдас» — Эрих Мария Ремарк

❤5🎉3🥰1
Кімде-кім бір нәрсені қатты жақсы көрсе, оны жиі еске алады
Бұл – бір хадистің мәтіні. Күні бойы және ұйықтар алдында нені, кімді жиі еске алсаңыз, махаббатыңыз сол екенін бағамдай беріңіз. Біз қазір қандай затты жақсы көреміз? Смартфонды? Көңіл көтеретін пайдасыз видеоны? Сериал мен киноны? Сұлу адамды? Көлікті? Әдемі үйді?
Аллаға, пайғамбарға, Құранға орын қалды ма өзі жүректе? Неге таңда ұйқыдан ояна сала, телефонды тексереміз? Демек махаббатымыз ауып кеткен.
Пайғамбарды қатты жақсы көрсек, жиі еске алар едік. Жиі еске алсақ, соған ұқсар едік. Соған ұқсасақ, көркем мінезді, еңбекқор, батыл болар едік. Сонда алмайтын асуымыз қалмас еді. Эх...
Неге жақсы көре алмаймыз Алла Елшісін? Бәлкім танымағаннан шығар. Адам – жете танымаған нәрсесінің дұшпаны емес пе? Ендеше не тұрыс, таниық, танысайық. Тануға ең лайықты, құрметті орны бар тұлға – Мұхаммед пайғамбар емес пе (Алланың сәлемі мен игілігі болсын)?
Бұл кітапта танымал салауаттар берілген. Соны оқи отырып, махаббатымыз артады.

❤12😭3🥰1🎉1
Қорқыныш – ең қиын дұшпан, ең қауіпті тұзақ
Баскервильдер әулеті бұрынғы қатыгездіктері үшін қарғысқа ұшырап, итке таланып өледі дейтін аңыз бар. Шынымен де әулеттің адамдары жұмбақ өліммен өледі. Мәйіттің көзінде қорқыныш, ал қасында иттің үлкен іздері сайрап жатады. Енді Генри Баскервильге де кезек келді. Ол өзіне өлім қаупі төніп тұрғанына сенді. Сөйтіп көлеңкесінен қорқатын халге жетті. Бұл шын аңыз ба әлде өтірік пе? Соны анықтауға Шерлок Холмс және Ватсон дәрігер арнайы келіп зерттей бастайды. Сонымен, ол қандай ит? Қайдан шыққан бәле? Кім ол шетінен бәрін қырып бара жатқан?

👀4🎉3
Адам жалғыз өзі бидай өсіріп, одан ұн жасап, нан пісіре ала ма? Ағашты ойып, қайық жасай ала ма? Ешкіні ұстап алып, қораға қамап, қолға үйрете ала ма? Теріден қолшатыр, киім тіге ала ма? Егер оның дұшпандары болса ше? Мысалы, адамжегіштер, құйынды дауылдар, қарақшылар, қараңғылық, белгісіздік, үмітсіздік...
Белгісіз аралда отыз жылға жуық уақыт жалғыз өмір сүрген Робинзонның оқиғасы әрқашан қызық. Ол қай жұмысты істесе де, қасында дым істемей, әңгімесін тыңдап оқырман отырады. Онымен бірге қуанып, қайығы аударылып қалса, бірге мұңаяды. Бұл кітап үлкенге де, жастарға да қызық.
Кітапқа тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
Белгісіз аралда отыз жылға жуық уақыт жалғыз өмір сүрген Робинзонның оқиғасы әрқашан қызық. Ол қай жұмысты істесе де, қасында дым істемей, әңгімесін тыңдап оқырман отырады. Онымен бірге қуанып, қайығы аударылып қалса, бірге мұңаяды. Бұл кітап үлкенге де, жастарға да қызық.
Кітапқа тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
❤11⚡1🎉1
Бәленің саған келуі сені дүрліктірмесін. Жақындауы сені үрейлендірмесін. Себебі бәле сені құрту үшін емес, сені сынау үшін келеді, сенің иманыңның шынайылығын өлшеу үшін келеді… Хаққа берілгендігіңді күшейтуді қалайды; ол сенен риза болып, сені Хаққа сүйіншілейді.
Алла Тағала былай дейді: «Біз сендерді сынаймыз – араларыңнан кімдердің күрескер екенін анықтау үшін… және амалдарыңды көріп-білу үшін».
"Адамзаттың асыл тәжі - Мұхаммед пайғамбардың өмірі" кітабына тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз:
https://clck.ru/3TJfVu

❤16🎉2
Бір нәрсені қалайтынын айтқан адам оған қолын созбаса, жете алмайды
Сен не қалайсың? Жаныңа не керек? Тізімін жасап көрдің бе? Армандаудың ұяты жоқ. Қайта өте қажет. Қағазға түскен жазу - жоспардың алғашқы сатысы.
Енді тізім бойынша уақыт белгілеп көр. Қайсысын бір күнде орындауға болады? Қайсысына бір апта кетеді? Қайсысы бір айлық? Бір жылдық? Бес жылдық? Он жылдық?
Енді әр пункт бойынша нақты жоспар жасау керек. Мысалы, "Адамзаттың асыл тәжі" кітабын оқып бітіргің келеді. Оған шамамен 1 ай уақыт қажет. Күніне 10 бет. Кететін уақыт: 30 минут.
Ағылшын тілін үйренгің келеді. Нақты 3 айға жоспар жасап, бір тексеру керек. Күніне 45-60 минут. Күн сайын: 3 жаңа сөздік. Дүйсенбі - ереже, сейсенбі - speaking club-қа бару, сәрсенбі - ереже, бейсенбі - подкаст тыңдау, жұма - ереже, сенбі - кино көру, кітап оқу, жексенбі - ережені, сөздікті қайталау.
Осылай істесең, бәрі оңай. Асығу қажет емес. Аз-аздан күн сайын жасау. Сонда үш айда нәтижеңді тексересің. Сен сонда тұрып қалған су емес, ағынға айналасың.
Кітапқа тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз:

❤18⚡5🔥4🎉1
Алла Тағала – қарттың бойұсынуын жақсы көреді, бірақ жастың бойұсынуын одан да артық жақсы көреді.
Ал жастың күнәсі Алланың ашуын тудырады, алайда қарттың күнәсі одан бетер қаһарға ұшыратады. Себебі жас – илаһи нұрға бет бұрудың уақыты, ал кәрілік – рухани кемелдіктің мезгілі.
Егер жас өткен сайын адам өзгермесе, жетілмесе, демек, ол өмір бойы арқалап келген жылдар қапшығынан ешқандай хақиқат сабағын жинай алмаған, оларды зая жіберген деген сөз.
Кітапқа тапсырыс бер:

❤12🥰2🎉1😇1
Өмір. Ги де Мопассан. Кітаптан үзінділер:
Жиі еске алып тұратын естеліктерің жоғалғанда, жақыныңнан айырылғандай ауыр күй кешесің.
Не десек те, өмір деген – адамдар ойлағандай соншалық жақсы да, жаман да емес.
Өмір – тау секілді. Өрге қарай беттегенде көзің шыңда, көңілің шат-шадыман. Бірақ шыңына қалай шығасың, артынша төмен қарай құлдилау басталады. Соңы – өлім. Баяу көтеріледі екенсің, тез түсесің.
Алыста жүргенде сүйікті жандарды көп ойлайсың. Бірақ көзден кеткен соң көңілден де кете бастайды. Қайта қауышқанда біртүрлі жатсынасың. Өзің түсінбейтін бір межеден өтіп, қайта жарасып кеткенше, сол сезім тарқамайды.
Сөйтіп, ол махаббат туралы армандай бастады.
Махаббат!
Екі жылдан бері жүрегінде оянып келе жатқан махаббаттан қорқу сезімі де туып жатқан еді. Енді сүйсе де өз еркі. Тек сол адамды кездестіру керек.
Сол адамды.
Ол кім екен? Ешқашан елестетіп те көрмеген, тіпті ойланған да емес.
Көрген кезде білер. Болды. Бар болғаны осы.
Кітапқа тапсырыс бер: https://clck.ru/3TJfVu

❤12🎉2🥰1
Сендер осы кітапты ұмытып кетпедіңдер ме?
Таңғы мотивация деп сториз қарағанша, осы кітаптың бір бетін ашып жіберіңіз. Бір күнге рухани азық болар:
- бір аят
- бір хадис
- бір дұға
- бір мақал
берілген. Оқисың да, шабыттанасың. Ұмытпайсың. Қысқа да нұсқа. Осылай 365 күн қамтылған. Өзі жұқа, іші бұқа кітап.
Кітапқа тапсырыс бер: https://clck.ru/3TJfVu
Таңғы мотивация деп сториз қарағанша, осы кітаптың бір бетін ашып жіберіңіз. Бір күнге рухани азық болар:
- бір аят
- бір хадис
- бір дұға
- бір мақал
берілген. Оқисың да, шабыттанасың. Ұмытпайсың. Қысқа да нұсқа. Осылай 365 күн қамтылған. Өзі жұқа, іші бұқа кітап.
Кітапқа тапсырыс бер: https://clck.ru/3TJfVu
❤17😍5🥰1🎉1
Кімде-кім жақсы адаммын ба әлде жаманмын ба деп ойланып жүрсе...
Жақсы адам деген кім өзі?
- Бала-шағасына мейіріммен қарайтын;
- Әйеліне (жарына) көркем мінезбен қарым-қатынас жасайтын;
- Ешкім одан зиян тиеді-ау деп қорықпайтын;
- Тілімен де, қолымен де ешкімге зақым келтірмейтін;
- Жұмысын жақсы істейтін;
- Көршісімен тату тұратын;
- Туыс, бауырлармен қатынасын үзбейтін;
- Ашуын басқара білетін;
- Құдайдың берген нығметін өзгелермен бөлісе алатын адамды жақсы адам деуге әбден болады.
Бұны өмірлік қағидаға айналдырып, сол бойынша сүріп өткен адам бар. Сол жайлы оқып, сіз де жақсы адам болуға жақындай бастайсыз.

❤25😍4😁1🎉1
ТАНЫМАЛ ЖАЗУШЫЛАРДЫҢ ТАҢҒАЛАРЛЫҚ ӘДЕТТЕРІ
🍽 Агата Кристи
Ол кісі ыдыс жууды жек көрген. Дәл осы ыдыс жуу кезінде қиялымен әлемді шарлап кетеді екен. Содан мықты логикалық байланыстар құрап, детектив романдарды дүниеге әкелген.
📚 Виктор Гюго
Алаңсыз кітап жазу үшін сыртқы киімдерінің бәрін жойған. Яғни, сыртқа қыдырып шығып кетпес үшін. Соның арқасында «Париж Құдай-ана соборы» романын уақытынан ерте жазып шыққан.
☕ Оноре де Бальзак
Күніне өте көп қою кофе ішіп, түнде жұмыс істеген.
✍️ Эрнест Хемингуэй
Кейде тұрып жазған. Оның ойынша, тұрып жұмыс істеу сергек болуға көмектескен. Дәл осы Эрнест жазудың ең қызық жерінен тоқтатады екен. Ертең сол жерден оңай жалғастырып әкету үшін.
🚶 Чарльз Диккенс
Ұзақ серуендеуді жақсы көрген. Лондон көшелерінде бірнеше сағат жүріп, ойларын реттеп, шығармаларына идея жинаған.
🕯 Фридрих Шиллер
Жазу үстелінің жанында шіріген алмалар қоятын болған. Олардың иісі шығармашылыққа көмектескен деседі.
⏰ Харуки Мураками
Жазу кезінде өте тәртіпті режим ұстанған: ерте тұрып, бірнеше сағат жазып, кейін жүгіру немесе жүзумен айналысқан. Бұл кісі Мағауиннен үлгі алған болар, бәлкім. Нағыз тәртіптің адамы сол еді, марқұм. Тіпті үйіне кеп тұрған құда, құдағиына сәлем беруге уақытын, жазуын қимайтын.
Олар өздеріне жұмыс істеуге мүмкіндік беретін тәртіп қалыптастырды.
Мүмкін, сізге де ерекше әдет емес, күн сайын қайталанатын қарапайым тәртіп керек шығар.

😍14❤4🎉2
КІТАП ОҚЫМАЙ-АҚ АҚЫЛДЫ БОЛУҒА БОЛА МА?
Адамды ақылды ететін нәрсе кітаптың өзі емес – үйрену, ойлану және алған білімін қолдану. Ақыл тек кітап оқумен өлшенбейді. Адам кітап оқымай-ақ курс, тәжірибе, ұстаз, пікірталас, зерттеу және практика арқылы көп нәрсе үйрене алады.
Бірақ кітап — білім алудың өте қуатты құралы. Кітап оқу арқылы сөздік қор мол болады әрі жалпы білім өте жоғары деңгейге жетеді. Тіпті ермек үшін оқыса да. Көркем әдебиеттің де пайдасы бар. «Роман оқығаннан не пайда?» деп ойлайтындар бар. Ол басқа адамның ойы мен сезімін түсінуді үйретеді.
Бірақ көп кітап оқысаң, автоматты түрде ақылды боп кеттің деген сөз емес. Кітапты оқып шығып, ертеңіне ұмытып қалуға болады. Ал бір идеяны оқып, оны талдап, өз сөзіңмен түсіндіріп, өмірде қолдансаң, білімге айналады. Ол енді ұмытылмайды. Оны жадыңнан қайта еске түсіру ұзақ мерзімді есте сақтауға тиімді.
100 кітапты үстірт оқығаннан гөрі, 10 кітапты терең түсініп, қолдану әлдеқайда құнды болуы мүмкін.

❤12🎉1
ШЫНЖЫРДЫ СЫНДЫРҒАН АДАМНЫҢ ТАРИХЫ
Бұл кітап — Оңтүстік Африканың шағын ауылында дүниеге келіп, халқының азаттығы үшін жиырма жеті жыл түрмеде отырған Нельсон Манделаның еркіндікке, ішкі тәртіпке, кешірімге және халыққа қызмет етуге толы өмір жолы туралы мотивациялық өмірбаяны.
Мандела қорлық көрді, бірақ өзі ешкімді қорламады. Түрме оның өмірінің ең қымбат жылдарын алды, бірақ мінезін сындыра алмады. Ол президент болды, алайда билікті жеке меншігіне айналдырмады.
Кітапта оның балалық шағы, әкесінен айрылуы, анасының үнсіз қоштасуы, Йоханнесбургке қашуы, заңгерлік жолы, апартеидке қарсы күресі, тарихи сот сөзі, Роббен Айлендтегі жылдары және отбасы төлеген ауыр құн туралы шынайы оқиғалар әсерлі баяндалады.
Бұл еңбек туған жағдайын тағдыр деп қабылдамайтын, өзін тәрбиелеуге, өмірлік мақсатын табуға және білімі мен қабілетін қоғам игілігіне жұмсауға ұмтылған әр жастағы оқырманға арналған.

❤6🎉1
Ауыл баласына кітап не үшін керек?
Баланың әлемі көзі көрген нәрсемен ғана шектеледі. Ал бүкіл әлемді тану үшін кітап керек емес пе!
Ауылдың қара баласы асфальтта өскен баладан ақылды да, кем де емес. Бірақ оның қолындағы мүмкіндік саны аз. Кітап сол мүмкіндікті көбейтеді. Шетелге шықпай-ақ басқа елдерді, басқа мәдениеттерді, басқа адамдардың өмірін тани алады.
«Менің ауылымнан ары не бар?» деген сұрақтан бастап, түбінде «мен болашақта кім боламын?» деген сұраққа келеді. Бала ғалым, жазушы, дәрігер, кәсіпкер немесе инженер болуды тек біреуден естіп қана қоймай, сол адамдардың өмірін оқып, өзіне үлгі ала алады.
Мектеп бәрін үйретіп үлгермейді. Ал кітапты дос еткен бала өмір бойы үйрене алады. Ең маңыздысы бір кітап баланың өміріндегі бір ойды өзгертеді. Ауылға кітап жеткізу — жай ғана кітап жеткізу емес. Біз ауылдағы балаға мүмкіндік жеткіземіз.
«Ауылға кітапал» жобасы арқылы біз ауыл мектептеріне кітаптар жеткізіп келеміз. Дәл қазір 588 ауылға жеткіздік. Ал әлі 5000-ға жуық ауыл мектептері сіз бен біздің көмегімізді күтіп тұр.
Жобаға үлес қосу: https://clck.ru/3TJfVu

❤13🎉2
Көп қорқытады, терең батырады
Осы мәтелдің шығу тарихын оқыған боларсыз. Бірақ мағынасы өте ғажап. Ортаның маңызы, медианың күші туралы көп мағлұмат береді. Қоғам жиі өзгереді. Өзінің жаңа және жеке ұстанымдарын бүкіл халыққа таңып тастайды. Мысалы, АҚШ-та оқушы ер бала мектеп психологына келіп: «Мен қызтеке сияқтымын» десе, оқушы қыз бала «мен еркекшорамын» десе, былай жауап береді: «Бұл сенің таңдауың. Таңдауыңа құрмет пен қолдау көрсетеміз. Кім екендігіңнен ешкімнен қысылма. Бұл қалыпты нәрсе». Егер аққа ақ деп, қараға қара деп баға берсе, онда бірден жұмыстан шығарылады.
Міне, жаныңда сондай ойдағы адамдар көбейген сайын сен де өз ұстанымыңнан айрылып, жақсыны жаман деп, жаманды жақсы дейтін боласың. Медиадағы бүкіл контент бұзықтықты ізгілік деп көрсетсе, ми оны уақыт өте келе дұрыс деп қабылдай бастайды.
Уақытпен бірге адам өзгере береді.
Өзгермейтін бір ғана зат бар. Адам адасса, соған барып қайта тура жол тауып алады. Біз тіпті адасқанымызды да сезбей қаламыз. Оны айыру үшін сол өзгермейтін негізгі тірекке барып, анық-қанығын білеміз. Ол – қасиетті Құран Кәрім. 1400 жыл бойы бір нүктесі өзгерген жоқ. Бұдан кейін де өзгермейді.

❤11🥰1🎉1
https://youtu.be/5Q31Oih15to?si=tYv5FcnbOUousfqn
Алматыдағы Жамбыл кітапханасын гүл ғып жіберген адам кім десеңіздер, осы кісі. Жеке кәсіпкерлер тартып, кітапхананы адам демалатын орынға айналдырып жіберген. Содан кейін Ұлттық кітапханаға басшы ғып жіберді. Қазір ондағы өзгерістерді барып көзбен көру керек. Дұрыс жерге дұрыс басшы келсе, осылай гүлдейді.

❤13👍2🎉1
Оқуға тыйым салынған кітап
Бұл кітаптың авторы – француз ұшқышы. II дүниежүзілік соғыс кезінде немістер Францияны басып алғанда, ол АҚШ әскеріне қосылады. Француздарды жаудан қорғауға үгіттейді. Сол үшін оның шығармаларын Франциядағы неміс билігі оқуға тыйым салады.
Бұл кітап 600-ден астам тілге аударылған. Масқара емес пе! Ең көп басылған кітап деуге болады. Кітапта жалғыздық, достық, махаббат, қоштасу жайлы маңызды тақырыптар қозғалған.
Мұны балаға арналған ертегі деп қабылдау тым қарабайыр. Үлкендерге арналған ертегі десек қателеспейміз.

❤8🎉3🥰1