АРИСТОКРАТ
18.6K subscribers
782 photos
121 videos
525 files
1.03K links
📚 Ұлттық буржуазияға арналған арна. Интеллектуалдардың ортасы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

📍Реклама @dalareklanabot
Download Telegram
Илон Маск оқуға ұсынған 9 кітап.

Атауларын қазақ тілінде бердім:

1. «Жасанды интеллектті қалай бақылауға болады»
• Авторы: Рассел Стюарт

2. «Нөлден бірге дейін. Болашақты өзгерте алатын стартапты қалай құруға болады»
• Авторлары: Питер Тиль, Блейк Мастерс

3. «Күдік саудагерлері»
• Авторлары: Наоми Орескес, Эрик М. Конвей

4. «Өмір 3.0. Жасанды зерде дәуіріндегі адам болу»
• Авторы: Макс Тегмарк

5. «Ғалам. Өмірдің пайда болуы, өміріміздің мәні және алып ғарыш»
• Авторы: Шон М. Кэрролл

6. «Өтірік. Неліктен шындықты айту әрдайым жақсы?»
• Авторы: Сэм Харрис

7. «Жасанды зерде. Кезеңдер. Қатерлер. Стратегиялар»
• Авторы: Ник Бостром

8. «Халықтар байлығының табиғаты мен себептерін зерттеу»
• Авторы: Адам Смит

9. «Радикалды ашықтық. Адамгершіліктен айырылмай адамдарды қалай басқаруға болады»
• Авторы: Скотт Ким

Бұл кітаптар жасанды интеллектті (ЖИ) тереңірек түсінуге, көшбасшылық қасиеттерді дамытуға және заман ағымынан қалыспауға көмектеседі.
👍18❤10
Forwarded from DALA INSIDE
⛽ Төрт компрессор: Теңізден 34,7 миллион тонна мұнай алу Қазақстанға не береді?

Қазақстандағы ең ірі мұнай компаниясы болып табылатын Теңізшевройл Болашақ кеңейту жобасының алғашқы нәтижелерін көре бастады. Осы жоба өзінің толық қуатына жеткен уақыттан бастап, Қазақстан күніне 1 миллион баррель мұнай өндіретін болады. Былтыр Теңіз кенішінен 27,8 млн тонна мұнай алынса, биыл кеңейтудің арқасында 34,7 млн тонна мұнай шықпақ. Бұл - 253,3 миллион баррель KEBCO сортты мұнай. Нарықтағы қазіргі бағасы 19 миллиард доллардан асар еді.

Былтыр Қазақстан барлық кен орындарын есепке алғанда 87,7 миллион тонна мұнай немесе 640 миллион баррель мұнай өндірді. Ол оның алдында межеленген жоспардан аз болып шықты. Биылға 96,2 млн тонна мұнай (505 мың баррель) деген жоспар қойылып отыр. Өсімнің негізгі бөлігін Теңіз кеніші қамтамасыз етуі тиіс.

Chevron компаниясы Теңіздің ПБР-ПУУД жобасы іске қосылғаннан кейін, 2025 жылы «Теңізшевройлдың» таза ақшалай ағыны 8 миллиард АҚШ долларын, ал 2026 жылдан бастап 10 миллиард долларды құрайды деп болжайды.


Қазақстан биыл көбірек мұнай өндіретіні анық. Бірақ әлемдің нарықтарда мұнай бағасының түсіп кету қаупі осы өндірістің артуын, кеңейту жобасына салынған инвестицияның қайтуын қиындатуы мүмкін. АҚШ президенті Дональд Трамп пен ОПЕК қандай қимылға барары да белгісіз. Трамп мұнай бағасын тек ОПЕК арқылы түсіре алады. Бірақ ОПЕК+ келісімі кезінде мұнай бағасын арзандатпай ұстап тұру үшін мұнай өндіру көлемін шектеуге бағытталған еді. ОПЕК АҚШ айтты деп өз бағытын 180 градусқа өзгерте ме? Ол жағын ешкім тап басып біле алмады.

Қазақстан барынша көп мұнай өндіріп, одан көбірек пайда табуға ниетті. Себебі, жылда қайталанатын бюджеттік дефицит Ұлттық Қор қазынасын айтарлықтай жүдетіп тастаған болатын. Мұнай өндіру көлемінің артуын пайдаланып, Ұлттық Қорды кемінде 10 миллиард долларға толтырып қою қажет.

ТШО – Қазақстанның негізгі үміті болып отыр. Кеңейту жобасының аясында 4 компрессор қойылып, 5 газотурбинді генератор орнатылған. Үкімет олар істен шықпай, тұрақты түрде қысым болса деп армандайды.

Бір нәрсе анық – Қазақстан ТШО кеңеюі жобасынан пайда көру үшін әлемдік нарықта мұнай бағасы барреліне 70 доллардан түспеу қажет. Себебі, биыл фьючерстер құлайтын болса, ел бюджеті ауыр жағдайда қалады.

https://t.me/dalainside
👍6❤3
Forwarded from DALA INSIDE
🇰🇿 Қазақстан 2025: экономикалық картина толық өзгермек

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында "Қазақстан өзінің қаржылық проблемаларын қалай шешеді?" деген басты сұрақ қаралып, оның шешімдері айтылды.

Бюджеттің негізгі кіріс бөлігі салық екенін ескерсек, осы бағытта үлкен проблемалар байқалған еді. Мысалы, былтыр республикалық бюджетке 12,3 триллион теңге салық жиналды. Ол жоспардан аз болып шықты. Тіпті жоспар орындалғанда да, бюджет шығындары кірістен тез өсуде. Ол дефициттің бақылпусыз ұлғаюына алып келіп, Ұлттық Қорға қауіп төндіре бастады.

Үкімет осы мәселені шешу үшін қосымша құн салығы институтын толық жаңғыртып, ҚҚС ставкасын 20 пайызға арттырып, оған ілінудің шегін 15 миллион теңгеге дейін түсірмек. Дәл осыдан кейін, Қазақстандағы кәсіпкерлердің тек 4%-ы төлеп келген қосымша құн салығының ауқымы кемінде 60% үлесті алатын болады. Бұл бюджетке кемінде 7 триллион теңге алып келмек. Ұлттық қордан алынып жүрген қаржыны жаба алады.

Қазақстан фискалды қатаң саясат режиміне ауысуда. Себебі, мемлекеттік қаржы мен қарызда проблемалар күшейген, стангнациялық белгілер бар. Етек-жеңді жинау арқылы ғана ел даму жолына түсе алады.

Экономикалық сарапшылар бүгінгі отырыстағы шешімдерге оптимизммен қарап отыр. Патернализм, масылдық философия азаюы тиіс. Және жиналған ресурстардың әділ үлестірілуіне қатысты халық тарапынан талап күшейетін болады. Мұны жаңа қоғамдық келісім-шарт деп атауға да келеді.

Тек Үкімет осы шараларды тезірек жүзеге асыруы керек. Ол үшін Парламент популизмін қысқартып, конвейер режиміне ауыстыру көзделіп отыр.

https://t.me/dalainside
❤8👍1😢1
Forwarded from DALA INSIDE
🫰🤙 НДС бойынша саудаласу келесі аптада басталмақ

Үкімет қосымша құн салығына қатысты ұсынысын кәсіпкерлер палатасы мен түрлі одақтар арасында талқылап алады. Белсенді диалог келесі аптадан басталмақ. Онымен бірге, халыққа осы мәселені түсіндіру бойынша барлық ресурстар жұмылуда. Бір сөзбен айтқанда, келесі апта қызу өтпек.

"Үкімет сауданың қиын өтетінін болатынын түсінеді. Екі жақ та берісуге дайын емес. Қосымша құн салығының ставкасы кәсіпкерлермен сауда барысында 20 пайыздан біршама түсетіні анық. Мүмкін 17-18 пайыз шамасында тұрақтар", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Ал шағын және орта бизнес өкілдерімен қосымша құн салығының шегі туралы нағыз шайқас күтіп тұр. Үкімет оны 15 миллионға дейін түсіру туралы ұсыныс берген болатын. Кәсіпкерлер 40 миллион теңге шегін қорғап көрмек.

"Атамекен" палатасы кәсіпкерлерге керек пе деген сұрақтың жауабын биыл алатын боламыз. Себебі Үкімет НДС бойынша палатаны сындырып тастаса, онда көптеген кәсіпкерлер Атамекеннен теріс айналмақ.

"Ой, жестко болайын деп тұр" деп, түйіндеді дереккөз.


Түсінікті себептермен Үкіметке салық арқылы қосымша 6-7 трилллион теңге жинау керек. Қосымша құн салығын өсіруден басқа резерв қалмаған. Басқа амал табылмаса, Ұлттық Қордағы валюта 10 жылдың ішінде таусылатын болады. Кәсіпкерлер өз кезегінде қазіргі комфортты жағдайдан айрылғысы жоқ.

Шахматтағы пат жағдайы туындады. Екі жақ та сәл компромиске келмесе кеш болады.

https://t.me/dalainside
👍10❤8
Forwarded from DALA INSIDE
🇺🇲✂️ Минус Сорос, минус USAID. Қазақстанда АҚШ грантын жеп жүргендер нансыз отыр

Бір апта бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі федералды гранттар беруді тоқтатып, басқа елдерде жұмыс істейтін қаптаған гуманитарлық, ақпараттық бағдарламаларына аудит жүргізе бастады. Бюджет және басқару басқармасының (OMB) мәліметінше ең алдымен Ақ үй бұл бағдарламалардың Трамп идеологиясымен қаншалықты сәйкес келетінін анықтамақ. Одан кейін сыртқы қаржыландырудағы жемқорлық тексерілуі тиіс. Үшінші елдерге бөлінген миллиардтаған доллар гранттарды үлестіру барысында түрлі жемқорлық орын алды ма деген тергеу жүргізілетін болады.

Кеше қаржыландырусыз қалған USAID өз сайтын жауып тастады. Ондағы бөлім басшылары "әкімшілік отпускке" жіберіле бастаған. Трамп USAID тәуелсіз агенттік емес, Мемлекеттік департаменттің еншілес құрылымы болуы керек деген райда. Оған демократтар қарсы болып отыр. Бірақ Конгрестегі көпшілік республикандықтардың қолында болғандықтан, демократтар Трампқа қарсы дым істей алмайды.

Жыл сайын USAID Джордж бен Алекс Соростың қорларына 50 миллиард доллар бөліп жүрді. Сорос ол ақшаға түрлі өңірлердегі демократия, адам құқығы, билікпен күрес бағыттарына грант бөліп, белсенділерді оқытып келген болатын. Биылға аударылуы тиіс қаржы паузаға қойылғандықтан, гранттардың тағдыры белгісіз болып тұр.

"Қазір Қазақстанда Соростың журналистерді ағылшынша оқыту, жоспардан тыс жүктіліктің алдын алу, жергілікті тендерлерге мониторинг жүргізу бағдарламалары тоқтады. "Оян, Қазақстан" оппозициялық жастар қозғалысы ақшасыз отыр. Олар да көпке бармайды", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Бізде медиа, тәуелсіз контент әзірлеу, әлеуметтік медиа жобалар бағытында USAID гранттарының көбін Internews ұйымы игеріп келген болатын. Қазір коммерциалық емес ұйым былтырғы бюджеттен қалған қаржымен отыр. USAID кететін болса, Internews бағдарламалары 60 пайызға дейін қысқаруы мүмкін.

"Азаттық радиолары желісіне транш аудару мәселесі шешілмеді. Олар USAID емес, USAGM (АҚШ Жаһандық медиа агенттігі) арқылы, Конгрес шешімімен қаржыландырылады. Биылғы транш көлемі қысқарады деген қауіп бар. Егер Азаттық радиосының жер-жерлердегі басшылығы "біз миссиямызды орындадық" деген сарында сөйлей бастаса, демек сол елдегі өкілдігі көп ұзамай жабылады деп түсінуіміз керек", - дейді, дереккөз.


Оның айтуынша, Азаттықтың Орталық Азия бойынша блогында биылғы жартыжылдықта өзгерістер бола қоймайды. 2025 жылдың екінші жартысында оптимизация бойынша шешімдер қарастырылуы мүмкін.

Дональд Трамп дәуіріндегі Америка "жаһандық демократия мен еркіндік идеясының бесігі" символынан арылғысы келетінін байқаймыз. Оның орнына Трамп "қуатты, білегі мығым ұлы держава" деген ұстаным беруде. АҚШ енді баяғыдай еркіндік аумағы, бәріне тең мүмкіндік беретін әділетті ел емес, өзіне қарсы тұрғанды жайпайтын, әскери және материалды күші тасып тұрған алып империя.

Трамп өзіне керек емес дүниеге ақша жаратпайтын капиталист тұлға. Оған демократия керек емес болғандықтан, енді Ақ үй демократия деген абстрактылы идеяға доллар шығындамайтыны анық. Бролигарх Илон Маск тізгінін ұстаған Тиімділікті арттыру департаменті (DODG) осы аптада Қаржы министрлігінің транзакцияларын тексеру және тоқтату функциясын қол жеткізді. Қандай шетелдік ұйым қалай қаржыландырылғаны жасанды интеллект көмегімен зерттелетін болады. Илон Маск транзакцияларды күніне 4 миллиард долларға қысқартуға ниетті.

Гүлге су құйса ғана өсетіні сияқты, демократия да доллар құйса ғана өсетін қасиетін байқатқан болатын. Енді доллар жоқ.

https://t.me/dalainside
❤13👍4
⚡️ Kaspi жеке тұлғалардың депозит нарығында Halyk Bank пен Банк ЦентрКредиттен қалып қойды

Ұлттық банктің соңғы деректеріне сәйкес, 2024 жылы Банк ЦентрКредит (БЦК) жеке тұлғалардың депозиттік портфелін 27,2%-ға ұлғайтып, 💰 2,8 трлн теңгеге жеткізген. Ал Halyk Bank-та бұл көрсеткіш 22,8%-ға өсіп, 7 трлн теңгеге жетті. Kaspi Bank депозит көлемін небәрі 22%-ға арттырып, 6,1 трлн теңгені құрады.

Депозиттік нарықтағы өсім банктердің сенімділігі, клиенттерге ұсынатын шарттары мен сервистік қызмет деңгейіне байланысты болып отыр. БЦК мен Halyk Bank-тің салымшылар базасын кеңейту қарқыны биылғы бәсекелестік деңгейінің жоғары екендігін айғақтайды.

Алдағы уақытта Halyk Bank пен Банк ЦентрКредиттегі депозит шарттары туралы айтамыз.

Бізге тіркел👇

https://t.me/aqsha_mental
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤11👍1
Саған бай болуға көмектесетін 6 кітап:

1) Дж.С. Клейсон: Вавилондағы ең бай адам

Егер өмір бойы бар тапқаныңды жұмсап қойып жүрген болсаң, бұл кітаптан кейін аздан бастап ақша жинақтай бастайсың!

2) Р.Т. Кийосаки: Квадрант денежного потока

Адамға ақша қалай келеді? Жұмыс, кәсіп, бизнес, инвестиция арқылы табыс табудың басты айырмашылығы неде? Бір квадранттан екіншісіне қалай өтуге болады?

Осы сұрақтардың жауабы кітапта.

3) В.Д. Данко, Т.Ж. Стэнли: Менің миллионер көршім

Біреудің ойлап тапқан "Ақша энергиясы" емес, АҚШ-тың мыңдаған миллионерлері бойынша жиналған статистикаға сүйеніп жазылған кітап.

Бұл кітаптан қазір шалқып өмір сүріп жүрген блогерлердің көбісі болашақта неліктен банкрот болатынын түсінесің. Табысың қазір олардан аз болса да, қалай ұзақ мерзімді перспективада миллионер болуға болатынын білесің.

4) Эм-Джей ДеМарко: Скоростная полоса миллионера

Кейбір жолдар 40 км/сағ жылдамдықпен шектелген. Кейбір жолдарда 100 км/сағ, кейбір жолдарда 140 км/сағ жылдамдықпен жүруге болады.

Бірақ жылдамдық өскен сайын қауіп-қатер де артады.

Байлыққа тез жетемін деп аварияға түсіп қалмас үшін осы кітапты оқы. Қауіпсіздік техникасын ұстанып, байлыққа аман-есен тез жет!

5) Джо Джирард: Кез келген адамға кез келген нәрсені қалай сатуға болады

Гиннестің рекордтар кітабына ең үздік сатушы болып кірген Джо Джирардтың кітабын оқып, сатудың қыр-сырын үйрен!

Автор интернет-маркетинг жоқ заманның өзінде жалғыз өзі 10000-нан астам көлік сатыпты.

Ең мықты деген техникаларын, құпияларын осы кітапта жария етті.

6) Зиг Зиглар: Секреты заключения сделок

300-500 мыңдық сату курстарында үйрететін білімнің бәрі осы кітаптың ішінде бар.

АҚШ-тың сатушылары бұл кітапты "Сатушылардың библиясы" деп атап кеткен. 4-5, тіпті 10 рет оқысаң да, даналығы таусылмайтын кітап.

Бұдан да көп пайдалы ақпарат алғың келсе, парақшаға тіркел
👍26❤16
Forwarded from DALA INSIDE
💰🏳️‍🌈 Ояну қымбаттаған, ЛГБТ болу да арзан емес

Қазақстандағы USAID шабадандарын жинап, есігін жапқаны белгілі. Қазір осы ұйым бізде не істеді, қандай жобаларды атқарды деген сұрақтарға жауап ізделіп жатыр. Біздегі USAID көбіне өзінің білім қолжетімділігін арттыру мен денсаулық сақтау саласындағы игі жобаларын көбірек көрсетіп, осыны істеп жатырмыз деп жарнамалап келді. Бірақ бұл ұйымның жария қылмай, үнсіз жасаған басқа бағыттағы біршама көлеңкелі жұмыстары да бар.

Телеграм арналарда жарияланып жатқан Қазақстандағы USAID қызметінің нәтижелеріне арналған роликте біздегі митингке шығу, ояну, феминизм пен ЛГБТ құқығын қорғаудың доллармен шаққандағы нақты ақшалай құны көрсетіледі. USAID бұл ролик біздікі деп ресми верификация жасаған жоқ. Онда «Oyan, Qazaqstan» сынды жастардың оппозициялық жобасына 5 миллион доллар, феминистерге 3 миллион доллар, адам құқығын қорғаушыларға 9 миллион доллар қаржы бөлінгені көрсетілген. Жынысын қызға ауыстырған трансгендер жігіттердің қымбат операциялары да қаржыландырылған.

«Қаржы көлеміне байланысты ештеңе айта алмаймын. Ол транзакцияларды тексеру оңай емес. Алайда жалпы еліміздегі көптеген билікке қарсы қозғалыстар, жастардың феминистік және ЛГБТ топтары USAID агенттігімен етене жұмыс істегені жасырын емес. Келесі аптада осы жобаларға қатысты біраз материалдар жарияланатын болады», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Енді АҚШ сырт айналғандықтан Қазақстандағы ЛГБТ қауымдастық Еуропалық Одаққа үміт артып отыр. Дереккөздің айтуынша, кешеден бастап қазақтың белсенді гейлері мен лесбианкалары кәрі құрлықтағы түрлі қорлар мен адам құқығын қорғау жөніндегі ұйымдарға хат жолдай бастады. Онда Феминита мен ЛГБТ хартиясының жұмысы тұралап қалмауы үшін материалды көмек көрсету бойынша өтініш айтылады.

«Біздегі ЛГБТ-ның негізгі тірегі АҚШ еді. Еуропа ондай жұмысқа қатты араласқан жоқ. Және ондағы қорлардың Орталық Азияға қатысты нақты стратегиясы жоқ. Тек Ұлыбритания ғана көмек қолын созуы мүмкін. Бірақ баяғыдай Американың кезіндегідей миллиондаған доллар деген әңгіме болмайды. Еуропа бұл жағына келгенде өте сараң», - дейді, дереккөз.


Қазақстандағы демократия, адам құқықтары, феминизм мен ЛГБТ қозғалыстары тек доллардың күшімен өмір сүріп келгені білініп қалды. Сондықтан бұл нағыз энтузиазм ба, әлде есебі мығым бизнес жоба ма, оны анықтау қиын. Бірнеше дереккөз «келесі аптаны күтіңіздер» деген сигнал берді.

https://t.me/dalainside
❤13👍3👎3🔥1
Forwarded from DALA INSIDE
🫨 ЛГБТ басқа амалдарға көшті. USAID вакуумын кім толтырады?

Еуроодақ пен феминистер мен ЛГБТ өкілдері түрлі масштабтағы провокациялар ұйымдастыра бастамақ. Бастысы өздеріне Қазақстанда қысым бар екенін дәлелдеуі тиіс.

"Түрлі жекелей митинг, топтық перформанс, өзін шынжырға байлап тастау, тіпті таныстарына бетін көгертіп ұрғызу сынды былайша айтқандағы "акциялар" жоспарлануда. USAID кеткелі бері феминистер мен ЛГБТ қозғалысы ертеңгі болашағына алаңдай бастады. Бастысы - тез арада жаңа спонсор табу керек", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Алғашқы іс-қимылдар басталып та кетті. Біраз ақпарат құралдарына өзін Назарбаев университетінің студенті ретінде таныстырған Темірлан Баймаш қоғамдық позициясы үшін университет тарапынан қысым көріп жүргенін хабарлады. Ол ЛГБТ құқықтарын қорғаумен айналысатын queer.kz қоғамдық бастамасының жетекшісі болып шықты. Феминистік митингтердің белсенді мүшесі.

Алайда, Назарбаев Университет 2025 жылғы 3 ақпанда ресми мәлімдеме жасап, әкімшілікке қауіп-қатер туралы шағым түспегенін хабарлаған. Ал оқу орнындағы студенттердің сөзінше, Темірлан қазіргі уақытта университеттің белсенді студенті емес, академиялық демалыста болып шықты.

Бұл да өзіне назар аударту акциясы екені анық. Келесі аптада ЛГБТ өкілдері мен феминистер күптеген жерден "қиналып" кетіп, әр түрлі тараптан қысым көре бастаса, оны шетелдік жаңа демеушілердің назарын аударту акциясы деп қабылдаған жөн.

https://t.me/dalainside
❤9👍4👎1
Демалыс күндері Алматы мен Астанада не істейміз? Күндерді қалай қызықты және тегін өткізуге болады?

Оның жауабын алу үшін "Үйде жатпа!" телеграм арнасына жазылыңыздар!

Алматыда сізді түрлі қызықты көрмелер мен коньки тебу, ал Астанада көрме күтіп тұр. Осының барлығы тегін. Уақыттары мен өтетін орны сізге қолайлы.

Белсенді оқырмандарымыз үшін акцияларымыз көп!

Сілтеме төменде

https://t.me/uidezhatpa
❤2👍1
Forwarded from DALA INSIDE
🇲🇾Малайзияға көшуді ойлап жүрсіз бе?

Әзір Куала-Лүмпірде тұратын танымал продюсер Айсәуле Әбілда сол жақтағы өмірді бастан-аяқ зерттеп, өз тәжірибесімен бөлісетін пайдалы гайд әзірледі!

✅ Қалай көшіп баруға болады?
✅ Виза рәсімдеу жолдары қандай?
✅ Балаңыздың мектебін қалай таңдайсыз?
✅ Оқу орталықтары, жұмыс, қаржы мәселесі қалай шешіледі?
✅ Күнделікті көлік, тамақ, өмір сүру құны қанша?

📱 Бұл гайд сіздің Малайзияға көшуді жоспарлау жолындағы басты көмекшіңіз болмақ! Егер сізге нақты әрі практикалық ақпарат керек болса, осы мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.

Толық ақпарат алу үшін сілтемені басыңыз! ⬇️

https://taplink.cc/oisaule

немесе төмендегі уатсап нөміріне жазуыңызға болады:

https://wa.me/601115551252
❤5👍5💯5🔥1
Forwarded from DALA INSIDE
📻✂️ Азаттық: ана жерде қысқару, мына жерде жабылу

Илон Масктың шабуылынан кейін әлемдегі Азаттық радиоларын басқаратын және қаржыландыратын АҚШ-тың USAGM жаһандық медиа агенттігі радиолар желісін оптимизациялау туралы жоспарын дайындай бастады. Ал келесі аптада осы агенттік пен Илон Маск басқаратын тиімділікті арттыру үшін ашылған DOGE департаментімен келіссөздер өтпек.

"Орталық-шығыс Еуропадағы, мысалы Румыния, Болгария, Венгрия, Солтүстік Македониядағы Азаттық радиолары толық жабылады. Олар өз миссиясын 20 жыл бұрын орындап тастаған. USAGM басқарушы комиссиясы осындай кулуарлы шешімге келді. Енді протоколмен бекітеді", - дейді, Ақ Үйге жақын DALA INSIDE дереккөзі.


Қалған радиолар бойынша А және Б сценарийлері дайындалды.

"А" сценарийінде Орталық-шығыс Еуропа жабылады, ал қалған елдердегі редакцияларда 50 пайыз қысқарту болады. Орталық аппаратта 40% пайыз қысқарту жүреді. Жылына 1 миллиард доллардан шамамен жартысы үнемделуі тиіс.

"Б" сценарийінде Иран мен Ресейден басқа барлық тәуелсіз мемлекеттердегі Азаттық редакцияларын жабу көзделген. Олар Молдова, Румыния, Болгария, Венгрия, Солтүстік Македония, Косово, Босния Герцоговина, Украина, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Армения, Әзірбайжан, Грузия. Жабардың алдында елшіліктер арқылы осы ел үкіметтеріне "сендерге Азаттық радиосы керек пе?" деген сұрақ қойылатын болады. "Керек емес" деген елдердегі редакция жабылмақ. Сонда Азаттық радиолары Ресей мен Иранға қысым рычагы ретінде, және Кавказ, Қырым, Татарстан, Сібір сынды бодан аймақтарда жұмысын жалғастыруы тиіс. Орталық аппарат 70 пайызға қысқарады. Бұл жылына бөлінетін 1 миллиард доллардың 700 миллионын үнемдемек.

Келесі артада жабық келіссөздер мемлекеттік хатшы Марко Рубио, Конгрес өкілдері, DOGE және USAGM арасында өтетін болады.

DOGE басшысы Илон Маск кеше «Азаттық» пен «Америка дауысы» радиоларын жабуға шақырып, ол туралы өзінің Х әлеуметтік желісінде жазған болатын. Маск оларды «радикалды солшыл есалаңдар» деп атап, салық төлеушілердің қаражатын ысырап етіп келеды деп айыптады.

«Олар өзімен-өздері сөйлесіп отырған, американдық салық төлеушілердің ақшасынан жылына 1 миллиард доллар жағып отырған радикалды солшыл ессіздер ғана. Жабу керек. Оларды енді ешкім тыңдамайды», - деп жазылған Илон Масктың постында.

Әлем бойынша Азаттық радиосының редакциялары Илон Масктың бұл мәлімдемесіне реакция бермеді. Ал қазақ редакциясының жалпы Илон Маск пен оның идеялары мен қадамдары туралы жазуға құлықсыздығы байқалады.

https://t.me/dalainside
❤8👍7👎1