АРИСТОКРАТ
18.7K subscribers
778 photos
121 videos
525 files
1.03K links
📚 Ұлттық буржуазияға арналған арна. Интеллектуалдардың ортасы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

📍Реклама @dalareklanabot
Download Telegram
Forwarded from DALA INSIDE
🌊 Үшінші АЭС-ті Шардара жағасына қою варианты да ойластырылуда

"Қытай салатын үшінші атом электр станциясы Шардара жаққа қойылу мүмкін. Жабық есік жағдайындағы талқылауларда осы нұсқа көбірек айтыла бастады", - деді, DALA INSIDE дереккөзі.

Инсайдердің айтуынша, оңтүстік өңір басқаларға қарағанда электр энергиясының тапшылығын қатты сезінуде. Ал демографиялық-миграциялық болжамдарға сай, 2030 жылдарға қарай бұл мәселе тіпті ушығады. Түркістан облысында жарық графикпен өшіріліп, беріліп отыратын жағдайға тап болуымыз мүмкін.

"Негізі жоспар бойынша Балқаштағы үлкен АЭС "Солтүстік-Оңтүстік" желісі арқылы оңтүстіктегі дефицитті жабуы тиіс еді. Бірақ оның уақытылы салынатынына Үкіметтің өзі сенбей отыр. Себебі Росатомның Түркиядағы дағдарысы біраз нәрсеге көзді ашып берді. Балқаштағы құрылыс құрығанда 20 жылдың ішінде салынып бітеді дегенге де еш кепілдік жоқ. Сондықтан Қытайдың CNNC корпорациясы арқылы Шардара жаққа екі HPR-1000 реакторын тез арада қойып, мобильді АЭС жасап алу идеясы логикаға сайып тұр", - дейді инсайдер.


Былтыр оңтүстік өңірлерге 3,3 млрд кВт/сағат электр энергиясы жетпеді. Ол тапшылық маневрлі қуат арқылы Ресейден импортталды. Және осы үшін Қазақстан Ресейге 100 миллиард теңгеден астам соманы төлеуге мәжбүр болды. Биылғы дефицит одан да көп болуы тиіс.

Елдің электр балансында Түркістан облысы, Қызылорда облысы мен Шымкент қаласы басты проблемаға айналып отыр. Адам саны тез өсуде және жаңа өндірістер қаптап ашылуда. Бәріне молынан жарық керек. Аймақтағы су электр станциялары мен көмір станцияларының қуаты жетпейді. Екібастұздағы ГРЭС барынша жыртықты жамағысы келсе де оның да шамасы жетпей жатыр.

Бастысы, қытайлар атом электр станциясын тез салуы тиіс. Егер 7 жылға үлгерсе, біз дефицит проблемасын ушықтырмай шеше аламыз.

https://t.me/dalainside
❤10😱3
Forwarded from DALA INSIDE
🩺💊 Әблязовтың анализдері «аса емес» болып шықты

Өзін оппозиционермін деп таныстыратын қашып жүрген қылмыскер Мұхтар Әблязовтың соңғы анализдері дәрігерлердің бір нәрседен сезіктенуіне себеп болды дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Бір сөзбен айтқанда, қатерлік ісіктің әлдебір формасына деген күмән бар. Және оны аяғына дейін анықтау үшін бірнеше гистологиялық және томографиялық тексеруден өту қажет болып тұр.

«Мұхтар Әблязовтың 100 мың евро жинау үшін хабарландыру беруі тегін емес. Енді ол өз қалтасынан координаторлық штабты қаржыландыра алмайды. Себебі тексерілу мен тиісті емделуге зор қаражат кетейін деп тұр. Қазір онда ақша ресурсы өте шектеулі», - дейді, дереккөз.


Оның ойынша, алдағы 2-3 жылда Әблязов ақпараттық-саяси аренадан біржолата кетеді. Қазір ол 62 жаста және денсаулық мәселесіне көбірек көңіл бөлуге мәжбүр болмақ. Бір жағынан оған Қазақстандағы ақпараттық ықпалының салмағы мүлде төмендеп кеткені де әсер етуі тиіс. Қазір Қазақстан халқы Мұхтар Әблязов деген адамның бар екендігін де ұмыта бастағаны байқалады.

«Ол өз заманында «Назарбаев VS Әблязов» саяси тартысының қатысушысы ретінде қабылданды. Назарбаев саяси аренадан кеткеннен кейін Әблязов та өзінің актуалдылығын жоғалтты. Қазір оған ешкім назар аудармайды», - деп ой пішеді, дереккөз.


Әблязовтың ауруы қаншалықты қауіпті? Оны тек дәрігерлер анықтай алады. Отанынан қашып жүріп өмірден өткен олигарх Борис Березовскиймен салыстыратын болсақ, Борис Абрамұлы 67 жыл өмір сүрген болатын.

Мухтар Әблязов 2017 жылы Алматы соты үкімімен 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын. Қашып жүргендіктен оның осы мерзімі өтелген жоқ. Және ол амнистияға ілікпейді.

https://t.me/dalainside
❤9👍2🔥1
Біз әлемді бейбітсүйгіштігімізбен мойындаттық, енді осыны ынтымақпен ұстап тұруымыз керек!

Бұл менің осыдан оншақты жыл бұрын жазған сөзім еді. Бүгінде бұл сөзімнің өзектілігі артпаса, кеміген жоқ. Қазір әлемде сенім азайып, қақтығыстар көбейіп, бейбітшілік үні естілмей бара жатқан заманда Қазақстан тұрақтылық пен келісімнің үлгісін көрсетіп отыр. Біздегі этносаралық және дінаралық келісім ешқандай құр ұран емес, шынайы мемлекеттік саясат пен күнделікті мәдениеттің ажырамас бөлігі болуға тиіс.

Ал кеше ғана Алматыға ат басын тіреген БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш еліміздің ядролық қарудан өз еркімен бас тартуын ерекше атап өтті. Бұл қадам Қазақстанды жаһан алдында бейбітсүйгіш ел ретінде танытып, ұлттық бірегейлігіміздің бір бөлігіне айналды. Манағы менің сөзім есіңізде болар?

«Қазақстан - парасаттың үні, ол қақтығыстар даңғазасы жиі тұншықтырып жатқан әлемде ерекше естіледі», - деді Бас хатшы.

Бүгінгі таңда еліміз сенімді серіктес әрі келіссөздерге арналған диалог алаңы ретінде бағаланып отыр. Бұл жетістік тек сөзбен емес, іспен дәлелденді.

Сондықтан да БҰҰ Бас хатшысы арнайы келіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. Бұл - Қазақстанға деген құрмет пен сенімнің белгісі. Ал сенімнің халықаралық саясаттағы, тіпті адамзат арасындағы ең тапшы дүниеге айналған дәуірінде мұндай мәртебе аса құнды.

Қазақстанның сыртқы саясаттағы сол сенімі нығая берсін дегеннен басқа айтар жоқ!

Ержан Жаубай
❤16👍3
Forwarded from DALA INSIDE
💥 Бауыржан Бәйбек Қазақстанға оралу үшін гарантия сұрауды ойластыруда

Қаңтар оқиғасынан кейін шетелге кетіп қалған Алматы қаласының экс-әкімі Бауыржан Бәйбек елге қайту үшін Бас Прокуратураны жағалай бастады дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Оның сөзінше, Бәйбекке «егер елге қайтса, оны қылмыстық жауапкершілікке тартпайды» деген нақты кепілдік керек сияқты.

«Бауыржан Бәйбекке ешкім Қазақстанға оралуға тиым салған жоқ. Және құзырлы органдар оның қылмыстық істің орбитасында жоқ екенін хабарлаған болатын. Бірақ ол «қызыл тізімге» ілініп қалуға қорқады. «Ескі Қазақстанның» көптеген ықпалды тұлғалары қазір қызыл тізімде болғандықтан Қазақстан аумағын тастап шыға алмай, қоршауда қалып қалды», - дейді, дереккөз.


Қызыл тізімдегі адамдарға Қазақстан аумағын тастап кетуге шектеу қойылған. Яғни олар елден шыға алмайды. Оларға қатысты ешқандай қылмыстық іс қозғалмаса да, болашақта сұрақтар туындауы мүмкін деген позиция бар. Сондықтан Бауыржан Бәйбек Қазақстанға келсе, бұдан кейін шетелге шыға алмай қалуы мүмкін.

«Бәйбекке қызыл тізімге ілінбейді деген гарантияны ешкім бермейтін сияқты. Бас Прокуратураның онымен байланыс орнатуға мүлде ниеті жоқ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті де Бәйбекті келіссөздер жүргізуге тұратын лайықты тұлға деп санап отырған жоқ. Басты себебі – заңсыз активтерді қайтару ісінде Бауыржан Бәйбектен мемлекетке ешқандай пайда келмейтіндігінде деп ойлаймын», - деп түйді, дереккөз.


Бұған дейін біз Бауыржан Бәйбектің соңғы жылдары Кипрде тұрақтағанын жазған болатынбыз. Бірақ ол Еуропаға жиі сапарлап жүр. Оның шетелде криптавалютамен айналысып көргені туралы инсайд та пайда болған. Байбекке қатысты қылмыстық іс қозғалып жатса, ол екі бағытта жүруі мүмкін.

Біріншісі, «Стати дауы» бойынша құрықталып, 9 жылға сотталған бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың тергеудегі біршама «показаниесі» Бауыржан Бәйбекті құрықтықтауға себеп бола алады.

Екіншіден, оның әкім болған уақытында Алматыдағы бағалы жер телімдерін үлестіру бойынша біршама потенциалды жемқорлық фактілері жиналып қалды. Қауіпсіздік комитеті кез келген уақытта бұл фактілерді қылмыстық іске айналдыра алады.

DALA INSIDE Бауыржан Бәйбек туралы көптен бері жазып келеді. Оның бір-екі жыл көлемінде Қазақстан ораларын болжап отырмыз

https://t.me/dalainside
❤21👎1🔥1
Forwarded from DALA INSIDE
🧹🇰🇿 Саяси мемлекеттік қызмет реестры ұятты жанжалдардан тазаланбақ

Саяси мемлекеттік қызметкер саналатын тұлғалардың түрлі тұрмыстық, криминалды жанжалдардың кейіпкері болып жатқан фактілердің көбеюі Үкіметке ұнамай отыр. Ақпарат құралдары мен бүкіл қоғам талқылап жатқандықтан бұл Қазақстандағы ел басқару институтының беделіне айтарлықтай нұқсан келтіріп, күйе жағуда.

«Жабық есік жағдайында талқыланып жатыр. Бір облыс әкімінің заңсыз некеден туған баласына қатысты дау ұятты жағдай туғызды. Бір қалада әкімнің орынбасарына оқ атылып, оның соты қоғамда кеңінен талқылануда. Онда айтылып жатқан түрлі әңгімелер мемлекеттік басқару аппаратының имиджіне түрпідей тиді. Сондықтан бұл істің фигуранттарына саяси қызметтен өз еркімен кету опциясы ұсынылуы мүмкін. Оларды сәл төмен «А» корпусына ауыстыру ұсынысы да қаралуда», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Саяси мемлекеттік қызмет реестріне Қазақстандағы «А» корпусынан жоғары, мемлекетті басқарып тұрған ең ықпалды лауазымдар кіреді. Оның ішінде Премьер-Министр мен орынбасарларынан бастап, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері мен орынбасарлары да бар.

Расында да, соңғы уақытта қоғамда саяси басшылардың қызметі мен тиімділігі емес, олардың жеке өмірі, оқыс оқиғалары көбірек сөз болып кетті. Осы аптада сот Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайды некесіз туған баланың әкесі деп танып, алимент төлеуге міндеттеді. Ал Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовті мылтықпен атқан Ернар Жиембайдің соты Республика көлемінде талқылануда.

Дереккөздің айтуынша Парламент пен жергілікті мәслихат депутаттарының арасында да бұрын істі болған, тергеу көзіне шалынған және әлдебір қылықтары әшкереленген адамдар көбейген.

«Қоғамда мемлекеттік аппарат жұмыс істемейді екен. Барлығы осындай екен» деген жағымсыз стереотип қалыптасуда. Президент әлі реакция білдірген жоқ. Бірақ Үкімет басшысы деңгейінде бақылауда екенін білемін. Қазіргі Премьер-Министр мұндай дүниелерге өте қатаң позициямен қарайды», - дейді, дереккөз.


Назарбаев дәуірінде саяси маусым күзден басталып, жаз айларында ешқандай шешім қабылданбаса, «Әділетті Қазақстан» заманында «саяси каникул» деген ұғым жойылды. Кадрлық шешімдер кез-келген уақытта, жаз болсын, қыс болсын, түн болсын, демалыс күні болсын қабылдана береді. Сондықтан жоғары биліктің реакциясы қыркүйек айына дейін пайда болуы мүмкін.

https://t.me/dalainside
❤8
Forwarded from DALA INSIDE
🗡️ Мәсімовтың қылышын аукционда сатып алғандар осы табысын жақсылап "жуған"

Мәсімовтің тәркіленген дүниелері мемлекеттік аукционында сатылар алдында, үлкен топтың қылышқа қызығып отырғанын жазған едік.

«Негізі коллекцияда қылыш, семсер, тіпті катана да бар. Кәсіпкерлерді қызықтырып отырғаны - сабы мүйізден жасалған, тарихы терең, бағалы қылыш. Мәсімов ол қылышты бекер алмаған болатын. Болашақта ол сакралды мәнге ие болып, қазақтар үшін Кенесарының басы қандай маңызды болса, бұл да белгілі этникалық топ үшін сондай маңызға ие болуы мүмкін», - деген еді, сол кезде DALA INSIDE дереккөзі.


Біз күткендей бұл аукцион дүркіреп өтті. Мәсімов коллекциясынан 43 мүлік, оның ішінде кәдесыйлық монеталар, қылыштар және басқа да дүниелер бар, барлығы лоттарға шығарылған. Бастапқы бағасы 7 миллион теңге деп қойылғанымен,сауда қызып, қорытындысында 10 миллион теңгеге сатылды.

Кәрім Мәсімовтың бұл қылышының энергетикалық қасиеті туралы ақпарат бар. Дереккөз президент ретінде өз адамын қойып, өзі Қазақстанды көлеңкеден толық басқарар жоспарын ойлағанда Кәрім Мәсімов осы семсермен серттескен деген қауесеттермен бөлісті. Енді қай кәсіпкер осы қылышқа ие болса, үлкен табысқа ие болады деген наным бар.

Семсерді қолға түсірген кәсіпкерлер кеше ағайын-туыс, жолдас-жораларын жинап, осы қуанышты жақсылап атап өткен екен.

https://t.me/dalainside
❤10
Тимур Мустафаев - Эди Мористың басынан кешкендері

Қолыңыздағы бұл кітап – жай ғана көркем шығарма емес. Бұл – бір жастың арманы мен қиялының жемісі. Өз басым бала күнімде қой жайлап жүріп түрлі оқиғаларды елестетіп, небір ғажайып әлемдерге ойша саяхат жасайтынмын міне бүгін сол бала қиялымды қағаз бетіне түсіру мүмкіндігі туды
❤12
Мэри Шелли - Франкенштейн немесе заманауи Прометей
❤12🔥1
Ең мықты кітаптар мына сілтемеде

https://t.me/newday96bot?start=_tgr_t1IJ3KplOWIy
❤3
Forwarded from DALA INSIDE
🇰🇿 Жұмсақ сигналдар: әкімдер Жолдаудан кейін "кері байланыс" алмақ

Қазақстан биылғы саяси маусымды 8-ші қыркүйектен бастап ашатын болды. Сол күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәстүрлі Жолдау аясында атқарушы аппаратқа жаңа тапсырмалар беріп, бұған дейін істелген жұмыстың қорытындысын шығармақ.

Бүгін Үкімет бюджеттік жұмыстарды пысықтап тастады. Ал әкімдер жылу маусымына дайындық және жол-көлік инфрақұрылымы жұмыстарын тездетіп жатыр.

"Дұрыс жөнделмеген, жұмысы аяқталмаған, істен шыққан ТЭЦ автоматты түрде әкімнің отставкасына алып келмек. Бұл оларға ескертілді. Қарағанды мен Павлодар облыстары басты назарда болып отыр", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Биылғы Жолдау әлеуметтік блокта табыс пен инфляция арасындағы айырмашылықты жабу, кредит қысымын азайту, саяси реформалар аясында жергілікті басқаруды одан әрі күшейтуге бағытталатыны анық. Экономикада жаңа индустрияландырудың екінші толқыны бойынша тапсырма берілмек. Әсіресе логистика, транзит, қоймалар мен өндіріске шетелдік инвестицияларды көбірек тарту міндеттеледі деп күтілуде.

"Жалпы Жолдау позитивті нотада болады. Бірақ Сол жағалау әкімдерді мүлде босаңсытпауға шешім қабылдады. Кей әкімдердің биылғы тірлігі мен нәтижелері ұнамай отыр", - дейді, дереккөз.


Парламент те қыркүйектің ортасында ішкі тазалану процесін бастан кешірмек. Біршама мандат мерзімінен бұрын тапсырылуы мүмкін.

https://t.me/dalainside
❤17
Forwarded from DALA INSIDE
👍 Үкімет 2024 жылғы Президент Жолдауын толық орындады

Былтыр ЖІӨ көлемі бойынша мақсатты көрсеткішке қол жеткізілді және ол 5%-ды құрады. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздің экономикалық даму көрсеткіштері айтарлықтай жақсарды. Ол инвестицияларды ынталандыру, өнімділікті арттыру және экономиканың шикізаттық емес салаларын кеңейту есебінен жалғасуда.

Биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі соңғы жылдары 6,3%-ды құрап, рекордтық көрсеткішке жетті. 
Нақты сектордағы өсім 8,3%-ды құраса, қызметтер өндірісі 5,2%-ға артты.

Негізгі драйверлер көрсеткіштері келесідей: көлік +22,5%, құрылыс + 18,5%, сауда +8,6%, тау-кен өнеркәсібі +8,5%, өңдеу секторы +6,1%.

Өңірлерді дамуы, инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібіндегі жобалар, ауыл шаруашылығы, кластерлік өндіріс бойынша барлық мақсатты индекаторларға қол жеткізілді.

Толық ақпарат 👇

https://primeminister.kz/news/reviews/prezidenttin-2024-zylgy-zoldauy-ekonomikany-artaraptandyru-zane-150-mlrd-tikelei-investiciia-30452
❤7
Мекемтас Мырзахметұлы - Қазақ қалай орыстандырылды?

Кітапта қазақ халқының, елі мен жерінің, санасының зорлықпен орыстандырылу тарихы баяндалады. Бұл мәселе жөнінде нақты мысалдар келтіріліп, оған жазба мәдениетті, халық санағы деректерін бұрмалау арқылы, тоталитарлық топонимиканы өзгерту арқылы қол жеткізілгені сипатталады.
Сондай-ақ Қазақстан ономастикасының тарихи-әлеуметтік мәселелері қарастырылады.
❤13👍2👏1
Forwarded from DALA INSIDE
⚡ Татубаев-Кексель-Дүйсенов: "Жаңа Қазақстан" Қожамжаровқа барынша жақындады

Қыркүйектегі жабық келіссөздерден кейін Қайрат Пернешұлының тағдыры шешілмек. Не осы триомен қылмыстық іс орбитасы шектеледі, не Қайрат Қожамжаровқа да іс қозғалады.

"Дүйсеновке іздеу салынуы Қайрат Қожамжаровқа айқын сигнал болуы тиіс. Қазақстан шын саудаласса, Мәскеуде жүрген Қожамжаровқа "питерлік достары" да, Медведев те көмектесе алмайды. Қазақстан арқылы Ресейдің Қытайға мұнай транзиті, ал Қытайдан Ресейге ауадай қажет заттардың контрабандасы сынды бізде де мықты көзірлер бар. Астана оның біреуін шығарса, Мәскеудің өзі бес минутта Қайрат Қожамжаровты ұстап бере салады", - дейді DALA INSIDE дереккөзі.


Биыл Қожамжаровтың командасы толық жойылды. Жемқорлықпен күрес бойынша Ұлттық бюроның экс-басшысы Талғат Татубаев шілденің басында азаптау ісі бойынша қамауға алынды. Арнайы прокурорлар қызметінің экс-басшысы Олеся Кнксель осы азаптау бабы бойынша күдікті ретінде танылды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Ал өткен аптаның соңында бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланды. Интерпол арқылы тез ұсталады деп күтілуде.

Қайрат Қожамжаров ұзақ жылдар бойы жемқорлықпен күрес мекемелерін басқарды. Оның кезінде антикор Агенттік те, Бюро формасында да болды. Артынан Бас прокурор, сенатор лауазымында болды. 2023 жылдың басында Парламенттегі орнын босатып, мандаттан айрылды. Содан бері ол еліміздің саяси сахнасынан кетті. Соңғы рет Пернешұлы Қазақстанда 2023 жылдың қарашасында, Болат Назарбаевтың асында төбе көрсетті. Сол кезде өзі туралы «жеке заң компаниясын аштым» деп қысқа жауап бергені есте. Екі дереккөздің мәліметінше, қазір Мәскеудегі пәтерінде тұрады.

"Жаңа Қазақстан" Қожамжаровтың әлсіз тұсын біледі. Ол - отбасының активтері мен бизнесі. Ресейге шығарып алған Қожамжаров капиталына қол жеткізе алсаса да, еліміз оның отбасының активтерімен айналыса бастады.

Қайрат Қожамжаровтың туған бауыры Дулат Қожамжаров "Hill Corporation" майлау материалдарын шығаратын зауыттың жалғыз иесі. Биыл сәуірде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мен Hill Corporation арасында локомотивтерге арналған мотор майын жеткізу саласында 624 млн теңгеден астам сомаға бәсекеге қарсы келісім жасалғанын анықтаған. Артынан компания құрылтайшысының үлесіне шектеу қойылды. Осы арқылы Дулат Қожамжаров зауытынан айрылып қалуы мүмкін.

Одан бір ай бұрын мемлекет Hill Corporation-ның «еншілес» компаниясынан Шымкент маңындағы 54,7 гектар жер учаскесін қайтарып алды. Қалалық жер ресурстарын басқару департаментінің жоспардан тыс тексеруі барысында бұл жердің «Hill Invest» ЖШС-не аукционсыз, ҚР Жер кодексін өрескел бұза отырып берілгені анықталған. Жер ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге бөлінгенімен, компания онда мұнай өңдеу зауытын салуды жоспарлаған. «Hill Invest» ЖШС-нің басшысы – бұрынғы бас прокурордың тағы бір бауыры Қуат Қожамжаров.

Ал Қайрат Қожамжаровтың балалары Бексултан мен Ельнар Пернеш, Жанайдар Қайрат пен Жанел Қайраттар «Astana Real Estate Management» ЖШС-іне иелік етеді. Компания жылжымайтын мүлікті жалға берумен айналысады. Қожамжаровтың ұл-қыздары Елорданың Есіл ауданында орналасқан 9 қабатты «Астана» бизнес-орталығындағы кеңселерді жалға беріп жүр. Ал "Жаңа Қазақстан" кез-келген уақытта бұл бизнес-орталықтың заңсыз сатылғанын, не заңсыз салынғанын "анықтай" алады. Сондықтан Қожамжаровқа қысым көрсету рычагтары аз емес.

https://t.me/dalainside
❤10🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қытай оқушылары домбырамен белгілі қазақ, қытай әуендерінен попурри орындады

Сонымен қатар мәртебелі меймандар Бейжің балаларына арналған киіз басудан шеберлік сабағын тамашалады.
❤18
Мағаз Разданұлы - Ата заман сөйлейді

Қытай қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі ақын, жазушы, драматұрг Мағаз Разданұлының бұл кітабына төрт әңгіме, төрт повесі еніп отыр. Жазушының бұл шығармаларында қазақ халқының басынан өткен қуанышты да, қайғылы да тағдыр талайы, өткен өмірінің тыныс-тіршілігі, Алтай өңіріндегі алғашқы орыс-қазақ қатынасы көркем тілмен шебер баяндалған. Бірлікті, тыныштықты, ауызбіршілікті тілеген, көшпенді өмір сүрген ата-бабамыздың жан-дүниесіндегі құбылысты автор тарихи оқиғалармен және айшықты образдармен көрсете білген.
❤17🔥1😁1
Мұхамедәли Абдуллаев - Кәріптас

Жас жазушы Мұхамедәли Абдуллаевтың бұл әңгімесінде ХХ ғасырдың ең ұлы қылмысы — қазақ халқына қарсы геноцид — аштық тақырыбы көтеріледі. Кейіпкерлер бейнесі шебер сомдалып, зұлмат заманды көз алдыңызға әкелсе, символдық бейнедегі кәріптас — адам жүрегінің қатаюы жайлы мәселені көтерген.
Әңгіме оқшау стилімен, өзіндік иірімдерімен оқырманын баурап алары хақ.
❤6👎1