АРИСТОКРАТ
18.7K subscribers
778 photos
120 videos
525 files
1.03K links
📚 Ұлттық буржуазияға арналған арна. Интеллектуалдардың ортасы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

📍Реклама @dalareklanabot
Download Telegram
Forwarded from DALA INSIDE
🤝 Әкежан Қажыгелдинге реабилитация беру мәселесі келесі жылы қарастырылуы мүмкін

Назарбаев режимі тарапынан саяси қуғын-сүргін көрді деп есептелетін, Еуропарламент берген «Бостандық паспортының» иесі және Қазақстанның ең беделді саяси эмигранты Әкежан Қажыгелдиннің елге оралуын «Жаңа Қазақстан» билігі келесі жылы талқыға салып көрмек. Қажыгелдинге реабилитация беру арқылы Қазақстан өзін демократиялық институттары жақсы жұмыс істей бастаған ел ретінде танытады және Еуроодақпен ара қатынасын одан сайын жақсарта алады.

«Өткен нәрсе өтті. Әкежан Мағжанұлын ақтау орынды деген конструктивті ой бар. Біздің буынның болашақ ұрпақтың алдында осы мәселені шешіп кеткені дұрыс. Қазақстанға қайта ма, қайтпай ма, ол Қажыгелдиннің жеке таңдауы. Бірақ Қазақстан өз тарапынан оның үстінен қозғалған қылмыстық іс пен сот шешімінің күшін жойып, алғашқы қадамын жасайтын уақыты келді. Осы мәселе келесі көктемде ішкі кабинеттерде талқыланатыны жөнінде хабарым бар», - дейді, билік эшелондарына жақын болған DALA INSIDE дереккөзі.


Қажыгелдинге реабилитацияны тек Жоғары Сот бере алады. Себебі, 24 жыл бұрын, 2001 жылы сол Жоғарғы Сот Әкежан Мағжанұлын қызметтік өкілетін теріс пайдаланды, салықтан жалтарды деген айыптармен сырттай 10 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Бірақ ол кезде Қажыгелдин саяси эмиграцияға Лондонға кетіп қалған еді. Еуропарламент пен халықаралық қауымдастық оны саяси босқын деп таныды да, жүріп-тұруына еркіндік беретін Freedom Passport ұсынды. Ал Қажыгелдинге қатысты Қазақстанның Интерполға берген өтініші жойылып, досьесі Интерпол базасынан толық алынып тасталды.

2002 жылдан кейін Қазақстан Қажыгелдинді көп қудалаған жоқ. Мағжанұлы да ел билігін қатты сынап, саяси белсенділік танытпады. Назарбаев режимі өз назарын көбіне Рахат Әлиев пен Мұхтар Әбілазовке аударды да, Қажыгелдин радикалды оппозиционерден көрі конструктивті кеңесші рөліне көбірек жақындай бастады. Ал 2019, 2022 жылдары Әкежан Қажыгелдин президент Тоқаевтың курсына жария түрде қолдау білдірді. Және оның шетелге шығып кеткен заңсыз активтерді қайтару ісінде Қазақстан прокуратурасына бейресми көмек көрсеткені туралы ақпарат бар.

Дереккөздің айтуынша, реабилитация туралы Әкежан Қажыгелдиннің өзі немесе заңды өкілі өтініш беруі тиіс. Тәртіп солай. Жоғарғы Сот оны қалыптасқан ереже бойынша қарастырады. Дәл осы кезде билік кабинеттерінде белгілі бір консультациялар жүре бастамақ.

Дереккөздің мәліметінше, биліктегі ең ықпалды бестік мүшелері Қажыгелдиннің ақталуына мүлде қарсы емес. Тек осыны қолға алып, техникалық жұмыстарын бастайтын адам керек. Және бастама Қажыгелдин тарапынан болуы тиіс. Яғни елге оралуға, ақталып шығуға экс-премьердің өзі құлшыныс пен ниет танытсын деген сигнал беріліп отыр.

https://t.me/dalainside
❤13
Тимур Мустафаев - Жауын астында жазылған кітап 2
 
Құрметті оқырман! Бұл жинаққа автордың соңғы жазбалары мен әлі жарық көрмеген жаңа туындылары енді. Шығармаларда адам жанының терең қатпарлары, кейде айтуға ауыр, сезімге салмақ түсіретін тақырыптар қозғалады. Бірде эмоцияға толы, бірде рухани толқын тудыратын осы дүниелерден оқырман өзіне ой салар, жанын түртер бір үзік шындық таба алса — онда қалам иесінің еңбегі ақталғаны.
❤9🔥2
Баянғали Әлімжанов - Әңгімелер
❤7👍1
Forwarded from DALA INSIDE
🪨 Тастың тасы өрге емес, ішке домалауы тиіс

Алдағы жаңа жылда Иманғали Тасмағамбетовтың ОДКБ төрағасы ретіндегі өкілеттілігі аяқталады. Ұжымдық қауіпсіздік ұйымы өзіне жаңа төраға сайлауы тиіс. Және ол Қазақстан өкілі болмайды. Енді «Жаңа Қазақстан» Иманғали Нұрғалиұлына ел ішінен саяси ықпалы жоқ, бірақ беделі бар қоғамдық қызмет ұсынуы мүмкін.

«Имекең үш жыл үйде немере бағып, зейнетте отырды. Бірақ жыбырлап қалған, түрлі мемлекеттік қызметте ұзақ жылдар бойы жүрген адам үшін үйде жұмыссыз отыру психологиялық жағынан өте қиын. Ақорда да оны жақсы біледі. Екі айдан кейін ОДКБ-дағы креслосын өткізіп беруі тиіс. Енді Иманғали Тасмағамбетовке «Қазақстан халқына», «Отандастар» сияқты қоғамдық қорларды басқару, өзі қалаған музейіне директор болу немесе ұлттық статусы бар университетке ректор болуды ұсыну идеясы түрлі кабинеттерде талқыланып жүр. Мысалы, Жансейіт Түймебаев ректор болып әдемі отыр ғой. Ендігі мәселе Имекеңнің осы ұсыныстарды қалай қабылдайтындығында», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Бір нәрсе анық. Астана Тасмағамбетовті Ресей мен Кремльден ары ұстау бойынша принципиалды позицияда отыр. Сондықтан Тас жұмыс істегісі келсе, елдің ішінде, саяси ықпалы жоқ, қауіпсіз қызметтерді атқаратын болады. Оған қор басшысы немесе жоғарғы оқу орнының ректоры сынды жұмыстар ең лайық деп танылған. Бұл екі жаққа да тиімді шешім. Иманғали Нұрғалиұлының қызмет бойынша амбициясы қанағаттанады. Өз кезегінде де «Сол жағалау» да транзитті кезең алдында барынша қауіпсіздігін қамтамасыз етпек. Әңгіме тараптардың қалай келісетініне келіп тіреліп тұр.

2019 жылы Нұрғалиұлы зейнет жасы 63-ке толып қойды. Қазір 69 жасты еңсеріп отыр. Тасмағамбетов 37 жасында Президенттің көмекшісі, ал 39 жаста Премьер-Министрдің орынбасары, 45 жасында Үкімет басшысы қызметіне отырған адам. 2002-2008 жылдар аралығында "харизмасы мықты, қазақша еркін суыратын Тасмағамбетов Қазақстанның келесі президенті болады" деген қоғамдық пікір мықтап қалыптасты. Дәл сол уақыттан бастап Назарбаев оны алысқа жібермей тура қасында 2017 жылға дейін ұстап келді. 2017 жылдан бастап Тас Ресейге елші болып тағайындалды да, осы уақыттан бастап оның 8 жылға созылған Кремльмен жақындасу кезеңі басталды. 2019 жылы Қазақстан оны зейнетке шығарып жіберді. Ал 2022 жылы қазақ мемлекеті атынан ОДКБ төрағалығына ұсынды.

Мәскеудегі ОДКБ штаб-пәтеріне ауысқан Тасмағамбетовтың 2022-2024 жылдар аралығында Ресейдің ақпараттық ықпалында болып, Кремль сызып берген нарративтерді көп қолданғанын қоғам өз көзімен көрді. Әсіресе оның НАТО-ға қарсы сұсты мәлімдемелері, Украинаға айбат шегуі ол туралы қазақ қоғамында басқаша пікір қалыптастыра бастады. Артынан Тас тікелей қазақ қауымына «өз ұлтымның мүддесі жолындамын» деген сигналды арнайы мәлімдеме арқылы жеткізген еді.

Негізі Иманғали Нұрғалиұлын қазаққа қарсы адам деп айту өте қиын. 2000 жылы оның бастамасымен ұйымдастырылған экспедиция Моңғолиядан Күлтегін стелласының көшірмесін алып келді. Тасмағамбетов Кенесары қозғалысының серігі, 1916 жылғы Ресейге қарсы ұлт-азаттық көтеріліс жетекшілерінің бірі Кейкі батырдың сүйегін елге қайтару ісін мемлекеттік деңгейде ұйымдастырды. Вице-премьер қызметінде жүргенде Тасмағамбетов елдегі барлық балабақшаларды қазақ тілінде ету идеясын ұсынды. 2017 жылы вице-премьер ретінде ол «Алаш» қозғалысының 100 жылдығына дайындық жұмыстарын да үйлестірді.

Тасмағамбетовтың жаңа қызметі туралы жаңалықтар келесі жылдың наурыз айында пайда болады деп күтілуде. DALA INSIDE оның мансабы мен тағдырын әлі біраз бақылайды.

https://t.me/dalainside
❤12😁1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Amazon Books-тың бейнеролигі «Bring a Book to Life» кітап оқудың сиқырын ерекше көрсетеді — әр оқырман кітапты ашқан сайын қиялдағы әлемдер қайта тіріліп, оқиға өз жалғасын табады.

https://t.me/kzkitap
❤15👍9
Forwarded from DALA INSIDE
💥 Қайрат Қожамжаров өзара сауданың ірі валютасына айналуы мүмкін

Ресей азаматтығын алғаны екі дереккөз тарапынан расталған, Қазақстанның арнайы прокурорлары үстінен қызметтік өкілдігін асыра пайдалану мен қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру баптары күдігімен іс қозғаған Қайрат Қожамжаровты Қазақстанға экстрадициялау қиын шаруа. Бірақ ол мүмкін емес дегенді білдірмейді.

"Ресей бізге Қожамжаровты белгілі бір шарттармен беретіні анық. Бірақ ол үшін Астана үлкен геосаяси мәселеде не Ресейді қолдау керек не оның бір сұрағанын беруі қажет. Алдымен прокурорлардың сотқа дейінгі тергеуі аяқталуы тиіс. Одан кейін Қожамжаров Ресейдің сұрағанына тати ма, әлде бұл қойды сабынға ауыстырумен бірдей ма, сол жағы сараланады", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Дүйсеновтың Германиядан экстрадициясы шешілген мәселе. Ал ол елге жеткізілгеннен кейін, "Қожамжаров ісі" жаңа импульс алады. Мақсат Дүйсеновтың тергеумен шартқа отырып, барынша сырын ақтаратыны анық. Сол кезде Қожамжаровтың сот алды тергеуі өз пазлын толық жинайды.

Биыл Қожамжаровтың командасы толық жойылғанын бұған дейін жазған болатынбыз. Жемқорлықпен күрес бойынша Ұлттық бюроның экс-басшысы Талғат Татубаев шілденің басында азаптау ісі бойынша қамауға алынды. Арнайы прокурорлар қызметінің экс-басшысы Олеся Кнксель осы азаптау бабы бойынша күдікті ретінде танылды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Одан кейін бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланып, ол Интерпол арқылы Германияда ұсталды.

Қайрат Қожамжаров ұзақ жылдар бойы жемқорлықпен күрес мекемелерін басқарды. Оның кезінде антикор Агенттік те, Бюро формасында да болды. Артынан Бас прокурор, сенатор лауазымында болды. 2023 жылдың басында Парламенттегі орнын босатып, мандаттан айрылды. Содан бері ол еліміздің саяси сахнасынан кетті.

https://t.me/dalainside
❤9
Әлім Кешоков - Сынған таға

Кабардинның көрнекті жазушысы Әлім Кешоков бұл романында кешегі ел басына қауіп төнген Ұлы Отан соғысы кезінде өз топырағында құрылған Кабардин-Балкар ұлттық дивизиясының басқыншы жаумен ерлікпен қалай күрескенін, туған жерді қорғауда жергілікті халықтың жанқиярлық қажыр-қайратын үлкен суреткерлікпен әңгімелейді. Совет халқының Отанға деген шынайы сүйіспеншілігі, патриоттық рухы нанымды берілген.
❤16
Forwarded from DALA INSIDE
🇰🇿🇦🇲 Пашинян Астана арқылы геосаяси тупиктен шығып көрмек

Дәл қазір Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның Астанаға келуі протоколдық шара емес, Ереванның болашағын жаңалайтын саяси-экономикалық маневр болды. Ереван геосаяси тұйықтан шығу жолын жанталаса іздеуде. Оның Ресеймен конструкциясы бұзылғандықтан, орнына Қазақстан-Әзірбайжан-Еуропа тізбегіне қосылуы заңды. Себебі, жағырафиялық жағынан басқа тізбекке қосыла алмайды.

Арменияға жаңа серіктес, жаңа маршрут, жаңа қауіпсіздік керек. Ал Қазақстан Еуразиялық Одақ мүшесі ретінде осыны бере алады. Ереванға Ресейге толық тәуелді болу қауіпті, Батысқа толық бет бұру мүмкін емес, ал Иран арқылы шығатын логистика шектеулі. Оның өз ішінде өндіріс аз, азық-түлік қауіпсіздігі әлсіз. Сондықтан Пашинян Қазақстанмен әріптестікті жай сөзбен емес, нақты тетікпен күшейткісі келеді. Ол Қытай-Қазақстан-Әзірбайжан-Еуропа бағытына кіріп, өзін жаңа «транзит дәлізінің» бір буынына айналдыру.

Ал азық-түлік мәселесінде Ереванның Ресей астығынан бас тартып, қазақ бидайына ауысуға мүдделі болуы жай ғана сауда емес. Бұл Ресей ықпалын біртіндеп қысқарту саясатының белгісі. 2024 жылы Қазақстан мен Армения арасындағы тауар айналымы 82,9 млн доллар, 2025 жылдың 9 айында 41,6 млн долларды көрсетті. Бірақ бұл әлеуеттің 10-15%-ы ғана. Нақты мүмкіндіктер әлдеқайда кең. Олар мұнай өнімдері, химия және фармацевтика, ауыл шаруашылығы, сеталл, автокөлік және қосалқы бөлшектер.

Қазақстан үшін Армения көлемі шағын, бірақ саяси тәуекелі төмен, тұрақты төлем қабілеті бар нарық. Кем дегенде 350 миллион долларлық тұрақты экспорт арнасы қалыптастыруға болады. Қазір Арменияда 120 қазақстандық компания, ал Қазақстанда 495 армян компаниясы жұмыс істейді.

Екі ел қол қойған жаңа архитектураПашинян сапарының ең маңызды нәтижесі – 2026–2030 жылдарға арналған Жол картасы және Қазақстан–Армения Іскерлік кеңесінің құрылуы. Бұл құжаттар формальды емес. Олар транзит және логистика, өнеркәсіптік кооперация, азық-түлік қауіпсіздігі, ІТ және финтех, фармацевтика және медицина, көлік байланыстары сияқты нақты салаларды қамтиды. Яғни Ереван өзінің экономикалық парадигмасын өзгертуде.

https://t.me/dalainside
❤14👍2💯1
Forwarded from DALA INSIDE
🤜💰 Рассрочка қазақ халқының жаңа жауы деп танылды

Енді мемлекет жаңа жылдан кейін барлық рычагтары арқылы бөліп төлеумен күреспек. Үкіметтің ойынша, бөліп төлеудің қазақстандықтардың қарызға батуы мен инфляциядағы әсері зор. Сондықтан бұл нарықта өте қатаң тәртіп орнатылатын болады.

«Мемлекет бұл мәселе туралы негізі көптен бері ойланып жүрген. Өткен аптада Халықаралық валюта қоры еліміздегі арнайы миссиясын аяқтап, өзінің қорытынды ұсыныстарын берді. Халықаралық валюта қоры бізде біраз уақыт болып, еліміздің экономикалық жағдайын тексеріп, аудит жасаған болатын. Қорытынды есепте біздегі халыққа арналған кредиттік, қарыз нарығын қатаңдату туралы ұсыныстар бар. Халықаралық сарапшылар мен біздің қаржы билігінің ойлары бір жерден шыққандықтан, енді ештеңеге қарамай халыққа берілетін қарыз нарығын толық қысуға саяси шешім қабылданып отыр», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Негізі, рассрочкамен күрес биылдан басталып кеткен. Қазан айынан бастап Сауда және интеграция министрлігі әзірлеген жаңа ережелер күшіне енді. Егер бөліп төлеу сатушының өз қаражаты есебінен ұсынылса, баға жапсырмаларында бірден төлеу бағасы және бөліп төлеу бағасы бөлек көрсетілуі тиіс. Бұл сатып алушыға тауардың нақты құнын және бөліп төлеу мүмкіндігі үшін қанша шығындалатынын анық түсінуге мүмкіндік береді.
Ал егер тауарлар банктермен синхрондалған маркетплейстер арқылы сатылса, онда бөліп төлеуді сатушы емес, банк өзінің қарыз қаражаты есебінен, банк пен сатып алушы арасындағы несие шарты негізінде береді. Осылайша, жаңа ережелер тек сатушының өзі ұсынатын бөліп төлеулерге қатысты және маркетплейстер арқылы рәсімделетін банктік рассрочкаға қолданылмайды.

Мемлекет мұнымен тоқтамады. Енді сатушылар тауарды немесе қызметті өз қаражаты есебінен бөліп төлеуге ұсынған жағдайда, бұл ақпаратты кредиттік бюроларға беруге міндетті болады. Рассрочка кредитпен теңестіріледі. Кредиттік бюрода халықтың тек кредиті емес, рассрочкасы туралы да ақпарат болады. Демек, бөліп төлеуі бар азаматтардың жаңа несие алуы қиындай түспек.

«2026 жылы кредит те, рассрочка да азаюы тиіс. Үкімет қарызы бар адамдар саны қысқарып, импорттық тауардың сатылуы құлдырап, содан инфляцияның төмендеуін көздеп отыр. Бізде импорт қысқарса, ол теңге бағамына да жағымды болады», - дейді дереккөз.


Дәл қазір шамамен 5 миллион отандасымызда рассрочка бар. Кредит нарығы расымен қызып кеткен. 574 мың адамның басында 90 күннен астам төлемеген кем дегенде бір проблемалық кредиті бар. Ал қанша рассрочканың проблемалық екені олар бұған дейін кредиттік досьеге ілінбегендіктен белгісіз болып келді. Енді осының барлығы тәртіпке келтірілмек.

https://t.me/dalainside
❤15
Сәбит Мұқанов - Арқаға саяхат
❤7
Forwarded from DALA INSIDE
💥 «Бұл – абсурд»: депутат Самат Нұртаза самокаттарға қатысты талқыланып жатқан түзетулерге қарсы шықты

Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза әлеуметтік желідегі парақшасында самокаттарды реттеу жөніндегі жаңа ұсыныстарға байланысты өткір пікір жариялады. Ол түзетулердегі ең үлкен қайшылық – жауапкершіліктің жеке және жалға алынған самокаттар арасында әртүрлі белгіленуі екенін айтты.

Депутаттың айтуынша, егер азамат өз самокатымен жолға шығып, ереже бұзса, айыппұл тікелей өзіне салынады. Ал дәл сол әрекетті жалға алынған самокатпен жасаса, айыппұл сервис компаниясына жүктеледі.

«Бұл – абсурд және толық жауапсыздық. Ең күлкілісі, егер сіз автокөлікті жалға алып, жол ережесін бұзсаңыз, айыппұлды өзіңіз төлейсіз. Бәрі күндей анық. Ал самокаттарда – таза сюрреализм», – деп жазды Нұртаза.


Самат Нұртаза сондай-ақ Президенттің «жүргізу мәдениетін қалыптастыру қажет» деген сөзін еске салып, кінәлі адам жазадан тыс қалатын жүйеде мәдениет қалыптаспайтынын айтты.

https://t.me/dalainside
❤10
Forwarded from DALA INSIDE
💵 Қаржыгерлер: «Бәйтеректің» артықшылықтары банктерді бәсекеден ығыстыруы мүмкін

Келесі жылы «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі экономиканы кредиттеуге шамамен 8 трлн теңге бағыттауды жоспарлап отыр. Алайда, мұндай қомақты қаражат инфляцияны жеделдетіп, фискалдық саясаттың жоспарланған нәтижелеріне түзетулер енгізуі ықтимал.

«Бәйтеректе банктермен бірдей кредит беру, кепілдендіру, сақтандыру құралдары бар, бірақ толыққанды реттеу жоқ. Қаржы институттары арасында бәсеке әділ болуы үшін ережелер барынша ұқсас болуы қажет», – дейді, Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов.

Ұлттық Банктің пікірін бірқатар эксперттер қолдап отыр. Қаржылық кеңесші, Qazaq Expert Club мүшесі Жания Сандыбай "Мемлекеттік кепілдікке сүйенетін холдинг төмен пайызбен кредит бере алады, бұл жеке банктер үшін нарықтық теңсіздік туғызады. Сонымен қатар, тиімсіз жобалар көбейсе, холдингті қайта капиталдандыру қажеттілігі туған сайын жасырын мемлекеттік қарыз өседі" дейді.

Экономист Гүлфайруз Жүнісбекованың сөзінше, 8 трлн теңгенің қысқа мерзімде экономикаға түсуі инфляциялық қысымды айтарлықтай арттырады. Сол себепті, мұндай шараларды сақтықпен қабылдаған жөн.

https://t.me/dalainside
❤8
Тимур Мұстафаев - Екі таңдау

Оның сыңғыр күлкісі… Қысқа, әдемі қоңырқай шашы… Па, шіркін, оның ыстық әм соңғы құшағы… Ол сөйлегенде өзге әйелдер секілді шұбартпай, нығыз, аз әрі түсінікті сөйлейтін… Өмірінен сыр аша бермейтін құпия һәм айқын жан еді… Бір кеште ол маған жасаураған көздерімен қарап:
— Тимур, мына сұм жазмыштың қылғаны көп, соның үшін мен бүршік атпаған шиедей, бөгдеге ашылуым неғайбыл… Суықпын мен, суық! Сыртым жылымық болғанымен, ішім мұз… — Ол аз үнсіздіктен соң: — Оны ерітер құдірет сенде де, менде де жоқ… — деді.
❤19👏1
Мейірімді адамдардың ең басты қатесі — олар басқалардың да ар-ұяты бар деп ойлайды.
Олардың сенімінше:
егер өзі сатпаса — басқалар мұны да сатпайды;
егер өзі әділ болса — олар да бұған өтірік айтпайды;
егер өзі көмектессе — басқалар да көмектеседі.
Бірақ өмір олай жұмыс істемейді.
Адамдардың көбісі «пайдасы тисе — алам, пайдасыз болса — тастаймын» деген қағидамен өмір сүреді, ол жерде ар-ұят деген атымен жоқ.
Сондықтан да мейірімді адамдар ең ауыр таяқты жейді — өйткені олар қарапайым шындықты мойындай алмайды: бәрі сенің ережеңмен жүрмейді.

https://t.me/kzkitap
❤15😢8👍6
Кез келген мемлекет пен оның азаматтары арасында айтылмаған, бірақ маңызды әлеуметтік келісім бар.
Азамат өзіне тиесілі міндеттерді орындайды: заңды бұзбайды, салық төлейді, өзгелердің құқығын құрметтейді, қоғамның тыныштығын сақтайды.
Ал мемлекет болса, азаматтарының құқықтарын қорғап, қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың өмір сүруіне қажет қызметтерді ұсынуы тиіс.
Егер билік осы міндеттердің бірін орындамаса, адамдар соны талап етуге толық құқылы.
Ал егер мемлекет өзін сынаған немесе наразылық білдіргендерді қамауға алып, азаптап, сайлауды бұрмалап, билікті күштеп ұстап қалса — ондай құрылым мемлекеттің емес, ұйымдасқан қылмыстық топтың белгілерін көрсетеді.
Азаматтар мемлекетке қарыз емес. Керісінше, мемлекет — халықтың салықтары мен еңбегі есебінен өмір сүріп, сол үшін оларға қызмет етуге міндетті.
Оның міндеті — адамды қорғау, конституциялық құқықтарын сақтау, басқа елдермен келіссөз жүргізіп, соғысты болдырмау, халықтың амандығын, жұмысын, үйін, болашағын қамтамасыз ету.
Әділ сот, сапалы білім, қолжетімді медицина, зейнетақы, дұрыс еңбек жағдайы — мұның бәрін мемлекет қамтамасыз етуі керек.
Ал осының барлығын халықтың мойнына іліп, «міндет» деп көрсету — жауапкершілікті өзінен алып қашу ғана.
Мемлекет өзін отбасыға теңеп, азаматтарға ойдан шығарылған «борыш» арта бастаса — бұл халықты адастыру.
Мемлекет — отбасы емес, ол сізден ештеңе талап етуге құқылы емес.
Керісінше, азаматтардың мемлекетке талап қоюға толық құқығы бар.
Адамның өмірі — оның өзіне ғана тиесілі, биліктің өзара келісе алмауы үшін оны соғысқа құрбан етуге болмайды.
Мемлекет сіздің ата-анаңыз да емес: ол сізді тәрбиелеген жоқ, сізге сүйіспеншілікпен қарамайды.
Ол тек қоғамды реттеп, адамдардың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін құрылған құрал ғана.
Ал авторитарлық жүйеде мемлекет халыққа тек пайда көзі ретінде қарап, өзіне тиімді нәрсені ғана ойлайды.
Халыққа жасалатын барлық қызмет — мектеп, аурухана, концерт, ойын алаңы — бәрі азаматтардың салықтарымен төленеді. Бұл мемлекет тарапынан жасалған жақсылық емес.
Билік халықтың таңдау құқығын шектей бастағанда — ол өз азаматтарынан қорқады деген сөз.
Осылайша, адамдар сөзінен, ойыннан, тіпті интернеттен де тәуелді болып қала береді.
Мемлекет — Отан емес. Бұл — қоғамды басқарудың қалыптасқан саяси жүйесі, оны кейде халық таңдамайды, шешім көбіне биліктің ішінде қабылданады.

https://t.me/kzkitap
❤8👍4