АРИСТОКРАТ
18.7K subscribers
778 photos
121 videos
525 files
1.03K links
📚 Ұлттық буржуазияға арналған арна. Интеллектуалдардың ортасы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

📍Реклама @dalareklanabot
Download Telegram
Алғы сөз
 
Бұл психологиялық проза кейіпкерлердің сыртқы әрекеттерінен гөрі, олардың ішкі күйзелісіне, сезім қозғалысына, ой ағысына көбірек үңіледі. Шындықтың үлесі бар бұл шығарма бүгінгі қоғамның тілге ауыр, жүрекке бату тақырыптарын ерекше бір жолмен оқырман көкейіне жеткізеді. Автор бұл кітапты ақтау үшін не болмаса айыптау үшін де емес — ұғыну үшін жазды.
 
Тимур Мустафаев 2026ж
❤19🔥3👏3💯3👍1
Forwarded from DALA INSIDE
🚢 Қазақстан Парсы шығанағындағы әскери катерлердің қозғалысын бақылауға көшті

Себебі АҚШ пен Иран арасындағы үлкен эскалация Ормуз бұғазына ауысуы мүмкін. Ол мұнай бағасын автоматты түрде барреліне 120 долларға дейін арттырады. Кеше халықаралық нарықтарда мұнай резервтері туралы жабық кеңестердің өткені белгілі болды. Бұл инвесторлардың бірден фьючерстерді қазіргі бағамен сатып алуға асығуына алып келмек.

Қазір ірі трейдерлер мен хедж-қорлар танкерлердің нақты қозғалысын, сақтандыру тарифтерін және Парсы шығанағы аймағындағы әскери-теңіз патрульдерінің кестесін қатар қарап отыр, дейді, дереккөз.


Басты қауіп бұғаздың толық жабылуы емес, онда жартылай басқарылатын хаостың орнауында болып тұр. Яғни ресми түрде бұғаз ашық болса да, сақтандыру құны күрт өседі, кейбір танкерлер маршрутты айналып өтеді, ал кейбірі жүкті кешіктіреді. Дәл осы сценарий Brent баррелін бірден 120 долларға итермелейді деп күтілуде.

Әрине, Иран бұл ойынды жақсы түсінеді. Тегеран үшін басты мақсат бұғазды жабу емес, оны кез келген сәтте жаба алатынын дәлелдеу. Себебі Иранның өзі экспорттан айырылғысы келмейді. Бірақ Вашингтон мен Тель-Авивке ықпал ете алатын аргументі болуы тиіс. Омандағы кездесуге ең алдымен аймақтағы бірқатар араб елдерінің лидерлері қатты мүдделі болып отырғанына қарағанда, олардың қоймаларындағы мұнайдың Ормузсыз тек қағаз жүзіндегі актив екенін монархтар да түсініп отыр.

Енді осының барлығы Қазақстан үшін нені білдіреді? Мұнай баррелі 120 доллардан асса, экспорттық түсім өседі, бюджет тыныс алады, Ұлттық қорға түсетін доллар көлемі артады. Бірақ бұл әлемдік инфляцияның тағы өршуіне алып келетіні факт. Себебі қымбат мұнай автоматты түрде жанармайды қымбаттатса, логистикаға тәуелді сауда тізбектеріндегі импорттық тауарлардың құны өседі. Ол бізге инфляцияның импорттық каналы арқылы келмек.

Ормуздағы шиеленіс алыстағы соғыс емес, біздің дүкендегі бағаға, халықтың көңіл-күйіне тікелей әсер ететін фактор болып отыр. Астананың Маскаттағы кездесуді жіті бақылайтыны да содан.

https://t.me/dalainside
❤17👍4🔥4👎1
Forwarded from DALA INSIDE
💪 Олжас Бектенов сенімді ақтаған Премьер ретінде танылып отыр

Инсайдердің айтуынша, Олжас Бектеновке сенім вотумы жоғары және ол Үкіметті басқара беретін болады. Себебі дәл қазір оның орнын басатын альтернатива жоқ. Ол Қазақстан экономикасын 2024-2025 жылғы аса ауыр кезеңдерден сәтті алып шықты және орташа әлемдік өсімнен екі есе жоғары өсімге қол жеткізді.

2024 жыл Қазақстан экономикасы үшін оңай басталған жоқ. Геосаяси қысым, шикізат нарығындағы құбылмалылық, инфляциялық инерция, бюджетке түсетін жүктеме сынды қиындықтардың барлығы бір мезгілде әсер етті. Осындай жағдайда Үкімет тактикалық тесіктерді жамаумен емес, экономикалық жүйенің өзегін қайта құрумен айналысқан. Премьер-Министр Олжас Бектеновтың осы кезеңде қысқа мерзімді популизмнен бас тартып, құрылымдық шешімдерге басымдық бергенін көрдік.

Бектеновтың ең маңызды бетбұрысы салық және бюджет реформасы болды дейді, дереккөз. Үкімет үш жылдық бюджетті Ұлттық қордан нысаналы трансферттерсіз қалыптастыру мүмкіндігін қамтамасыз етті. Нәтижесінде 2028 жылға қарай бюджет тапшылығын ЖІӨ-нің 0,9%-на дейін қысқартуға жол ашылды және жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетке тәуелділігі 2025 жылғы 50%-дан 2028 жылы 34%-ға дейін төмендейтін болады.

2025 жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім өсімі 6,5% болып, сонда бір жылда экономикаға 20,1 миллиард доллар қосылған. Бұл тек шикізат экспортына сүйенген өсім емес. Экономика мұнай мен металлсыз, өңдеу мен логистиканың жоғары қарқыны арқасында өсті. Былтыр 15 миллиард долларға жуық тікелей шетел инвестициялары келді. Ал негізгі капиталға салынған инвестиция 22,7 триллион теңгеге жетті.

«Қазір Олжас Бектеновке Президент тарапынан сенім вотумы жоғары болып тұр. Құрылтайға дейін түрлі дисбаланстарға жол бермеу үшін және салық реформасын бір ізге түсіру үшін үкімет басшысы лауазымында қала беретіні анық. Құрылтай құрылғаннан кейін жаңа үкімет құрамы жасақталады немесе қазіргі кабинет айтарлықтай жаңарады деп күтілуде. Осы алмағайып қиын мерзімнен ел экономикасын аман алып өту Бектеновке тапсырылғанын байқаймыз», - дейді, дереккөз.


Бектенов өзін жүйелі өзгерістердің адамы ретінде көрсетті. Себебі бұған дейінгі премьерлер көбіне өздері үшін қауіпсіз косметикалық өзгерістермен көбірек айналысатын. Бектенов үлкен сынның астында қаларын білсе де, тәуекелге барып, салық реформасы сынды өміріміз мен экономиканы 180 градусқа күрт өзгертетін ауыр, халыққа ұнамайтын шешімдерге батыл барды. Президент мұндай қайраткерлерді бағалайды. Сондықтан карт-бланшын ұзартқаны заңды.

DALA INSIDE жағдайды бақылап отыратын болады.

https://t.me/dalainside
❤15🔥3
Forwarded from Tradereport
Список Ернара 😀

На фоне критики Президента о том, что госслужащие перестали читать длинные тексты и системную аналитику, решил собрать свой список источников.

Отмечу, что это исключительно наши отечественные ресурсы и практически все они публикуют эксклюзивную аналитику и экспертное видение, авторские оценки и расчеты по экономике, финансам, реальному сектору и социальным вопросам в стране.

Если хотим видеть качественные управленческие решения нужно читать не только служебные записки, но и профессиональную казахстанскую аналитику.

🖊️ Вот мой личный Top-30 ресурсов:

🟢 Экономика и финансы:
1. TENGENOMIKA - оперативная макроаналитика, бюджет, инфляция, фискальная политика
2. EconomyKZ.org - структурный разбор экономической повестки, мнения экспертов
3. Finmentor.kz - финансовые рынки и инструменты инвестирования
4. Айдархан Кусаинов - макроэкономика и монетарная политика
5. Галым Кусаинов - системный взгляд на финансы и экономику
6. FINANCE.kz - Андрей Чеботарёв 1 - объяснение макропроцессов и бюджетной динамики
7. Андрей Чеботарёв 2 - политика
8. Нацбанка - официальные данные и комментарии по ДКП и финрынку
9. Комментарий - Эльдар Шамсутдинов - авторская оценка экономических процессов
10. Ручная экономика - анализ регуляторных решений и их последствий
11. DESHT - развенчивание экономических мифов современного Казахстана
12. MONETARITY - Владислав Туркин - монетарная политика и глобальные тренды
13. Мурат Темирханов - банковский сектор и макроэкономика
14. Айбар Олжаев - қаржы, биржа, макроэкономика
15. Алмас Чукин - стратегическая экономика и управленческие решения
16. Tradereport.kz - Ернар Серік - внешняя торговля, инвестиции и статистика

🔵 Реальный сектор:
17. Eldala.Kz – АПК, сельское хозяйство
18. ENERGY MONITOR - Энергетика
19. Марат Баккулов – Реальный сектор, промышленность
20. ENERGY ANALYTICS - Абзал Нарымбетов – Энергетика
21. Metals & ESG Trends.KZ - Тельман Шуриев – Реальный сектор, металлургия
22. 𝗣𝗔𝗖𝗘 - Энергетика
23. Кирилл Павлов – АПК, сельское хозяйство
24. Made in KZ - Реальный сектор, промышленность

🟣 Прочая интересная аналитика:
25. Jai Sandar – Инвестиции, интересные визуализации
26. DATA HUB - Первое кредитное бюро - Финансы, аналитика
27. Ranking.kz - MediaTech Company - Аналитика, рейтинги
28. Сабина Садиева - Социология
29. Али Нургожаев - Здравоохранение
30. Нурасыл Абдразакулы - Дата аналитика, интересные визуализации

Не благодарите 😉

🔍📦TRADEREPORT | TG-BOT | THREADS
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤11🔥2
Абдуас Санжар - Таңдау жасаған бала: Жауапкершілік жолында

Бұл кітап – қиял мен шындықтың, балалық пен жауапкершіліктің түйіскен тұсында туған шығарма. Мұнда кейіпкерлердің ішкі әлемі, олардың қорқынышы, күдігі, таңдауы мен шешімі басты орын алады. Әр оқиға тек әрекет емес, адамның ішкі күйінің көрінісі ретінде берілді.
❤14
Forwarded from DALA INSIDE
💥 Қазақстан биыл Қарашығанақтан шамамен 3 миллиард доллар өндіріп алуға жақын

Сот шешімі бойынша Қазақстан пайдасына 2-4 миллиард доллар сома аударылуы тиіс еді. DALA INSIDE дереккөзі KPO мен Қазақстан тарапы жүргізіп жатқан келіссөздердің 3 миллиард доллар төңірегіне тоқтағанын айтады. Бұл шамамен 1,5 триллион теңге. Егер осы сома Ұлттық Қорға түсетін болса, ол биыл республикалық бюджет Қордан алуы тиіс 2,77 триллион теңгенің жартысынан астамын жаба алады.

Есіңізде болса, биыл Қазақстан Қарашығанақ бойынша халықаралық арбитражда жеңіске жетті. Даудың мәні қарапайым тілмен айтқанда мынада. Қарашығанақ жобасы өнімді бөлу келісімі арқылы жұмыс істейді. Бұл жүйеде инвестор алдымен “шығын жұмсадым” дейді, сол шығынды өндірілген мұнайдан қайтарып алады, содан кейін ғана мемлекетпен пайданы бөліседі. Егер инвестор шығынды көп көрсетсе мемлекетке тиесілі үлес азаяды. Қазақстанның күдігі де осы болды.

«Қазақстан атынан өкілетті PSA командасы тәуелсіз аудит шақырғанда, консорциум ұсынған кейбір шығындардың біздің тараппен келісілмегені анықталған. Нақты фактілерден Қарашығанақ инвесторлары бұлтара алмады. PSA осы манипуляциялар кесірінен мемлекет үлесінің қысқарғанын дәлелдеп, халықаралық арбитражға шықты. Екі жылға созылған жабық сот процесінде Қазақстан жеңіп шықты», - деп түсіндіреді, дереккөз.


Қазір төленетін өтемақының формасы келісілуде. 3 миллиард доллар Ұлттық Қорға тікелей түсуі де мүмкін, немесе PSA есептері қайта қаралып, бірнеше жыл ішінде мемлекетке көбірек үлес түрінде келуі мүмкін. Бізге бірінші сценарий қолайлы. Ақша бірден Қорға түссе, қор оны тиімді инвестициялап, үстінен пайда әкеліп, қазынаны толтыра алады.

Жалпы, бұл бірінші жеңіс емес. 2012 жылы Қарашығанақ дауы нәтижесінде консорциум Қазмұнайгазға жобаның 10% үлесін сатуға мәжбүр болды. Ал 2020 жылы тағы 1,3 миллиард доллар өтемақы төледі.

Қарашығанақтан бөлек, Қазақстан Қашаған жобасы бойынша NCOC акционерлерінен күкіртті нормадан артық сақтау фактісі бойынша экологиялық айыппұл өндіріп алуы тиіс. Қазір оның сомасы 2,3 триллион теңге айналасында болып тұр. Бірақ бұл дау әлі толық аяқталған жоқ. Кей сот шешімдері оператор пайдасына шықты, кей процестер жалғасуда. Сондықтан 2026 жылы Қашағаннан Ұлттық қорға нақты ақша түсетінін болжау қиын. Себебі апелляция, келісім, қайта есептің барлығы уақыт уақыт алады.

https://t.me/dalainside
❤15
Бүгін – Халықаралық кітап сыйлау күні

2012 жылдан бастап Эмми Бродмурдың бастамасымен халықаралық кітап сыйлау мерекесі тойланып келеді. Эмми Бродмур – әлеуметтік желіні белсенді блогері. Бір ұлы Эммиге дәл осы күні «Неге адамдар бір-біріне ешқандай себепсіз кітап сыйлайтын күн жоқ?» деген сауал қояды. Ешқандай жауап таба алмаған Эмми осы күнді кітап сыйлау күні деп белгілеп, әлеуметтік желі арқылы мерекенің танымалдылығын арттырған.

Әлем халықтары бұл мерекені бір-біріне кітап сыйлау және кітап оқудан жарыс түрінде атап өтеді. Өтйкені бұл мерекенің басқа мерекелерден ерекшелігі – кітап сыйлау және оқырманның назарын кітапқа аудару, әдеби мұраларды құрметтеу және насихаттау.

Кітап сату, сатып алу, сыйға беру жөніндегі хабарландыруларды @bookbazaarkz арнасынан табасыздар

немесе

Kaspi интернет дүкенінен сатып алуларыңызға болады.
❤10
Оразалы Шерхан - Карлостың оқиғасы
❤13
Қымбатты кітап сүйер оқырман, осы жазбамды оқып отырсаңыз, бей-жай кетпеңіз🙏
Балалық шақтан бірге өскен, интернаттың қара нанын бір бөліп жеген аяулы ақын бауырым — Қуаныш Жазайдың "Сен мені оят" атты жұп-жұмыр, іші толы қазыналы кітапты сатылымға шығардық.
Қазіргі қазақ поэзиясының сән-салтанатын сезінгіңіз келсе сатып алыңыз. Бағасы небәрі 3500 теңге.
Байланыс нөмері +7 776 003 02 70
Кітап сізді күтеді❤
Барынша таратып, қолдап жіберсеңіздер қуанып қалар едім🙏
❤26🤩4😢3
Forwarded from DALA INSIDE
💸 Жоғарғы жақты "тым мықты теңге" мәселесі алаңдата бастады

DALA INSIDE дереккөзінің айтуына қарағанда, ертеңнен бастап осы тақырып бойынша жабық есік жағдайында біршама консультация жүрмек. Доллар бағамының 500 теңгеден төмен болуы республикалық бюджетте биыл бекітілген 540 курсынан шамамен 9 пайызға ауытқып тұр және негізгі салық төлеуші болып табылатын шикізаттық экспортер компаниялардың табысын азайтып, шығынын арттырып, дисбаланс туғызуы мүмкін. Олардың табысы азайса, бюджетке төленетін корпоратив салық көлемі де құлдырап, биылғы 18,8 триллион теңге деп бекітілген салық жинау жоспары орындалмайды.

"Негізі Үкімет салық аптасының бітуін күткен еді. Ол апта өтті. Енді ертең қор биржасындағы котировкаларға қарайды. Теңге курсы құлдырамаса, онда Қаржы министрлігі Ұлттық банктен Жинақтаушы зейнетақы қоры үшін валюта сатып алуды күшейтуді және керісінше алтын бойынша айналау операцияларын уақытша тоқтата тұруды сұрауы мүмкін. Бір сөзбен айтқанда, мемлекет қор биржасында теңгені көбірек сатып, долларды көбірек алып, теңгені 520 курсына құлатуға тырысып көреді", - дейді, дереккөз.


Наурыз айына 520 курсымен кіру аса маңызды. Себебі, одан кейін I тоқсан аяқталып, 2026 жылғы салық циклы басталады. Осы циклға теңге долларына 500-ден төмен курспен кірсе, экспортер компаниялар мен салық жинайтын Қаржы министрлігінде кәдімгідей проблемалар басталмақ. Ал халықаралық резервке жататын Ұлттық қор бюджетке беруі тиіс 5 миллиард доллардың үстінен жоспардан бөлек қосымша 400-500 миллион доллар жағып жіберейін деп тұр.

Қазақстан - классикалық экспорттық экономика. Мұнай, уран, мыс, ферроқорытпа, астықтың бәрі сыртқа доллармен сатылады. Ал шығындардың басым бөлігі теңгемен төленеді. Егер әлемдік нарықта өнім тоннасына 1000 доллар тұрса, курс 550 болғанда экспорттаушы 550 мың теңге алады, ал курс 500 болса 500 мың теңге ғана түседі. Бір тоннадан 50 мың теңге жоғалтқан кәсіпорын жалақыны көтермейді, жаңа техника алмайды, кейде жұмысшыларды қысқартады. Осылайша қымбат теңге біртіндеп зауыттың тынысын тарылтады.

Бұл құбылысты экономистер "голланд ауруы" деп атайды. Шикізаттан доллар көп келеді, ұлттық валюта күшейеді, ал өңдеу өнеркәсібі бәсекеге қабілетсіз болып қалады. Қазақстан бұл циклді 2006, 2013, 2022 жылдары бастан өткерген болатын. Әр кезеңде теңге күшейгенде импорт көбейіп отырды да, отандық өндіріс кері кетіп жүрді.

Биыл экономиканы 1 триллион теңгемен кредиттеуді бастап кеткен Үкіметке дәл қазір "голланд ауруы" еш қажет емес. Себебі ондай жағдайда бұл жұмыстың барлық эффектісі жойылып кетпек. Дереккөздің сөзінше, енді қымбат теңге мәселесін шешуге бір апта ғана қалып отыр.

https://t.me/dalainside
❤16
Forwarded from DALA INSIDE
🛢️💥 Шесхаристі жару үшін Киев Вашингтонның рұқсатын алған

Новороссийск портындағы «ВПУ-2» бойынша инциденттен кейін, Киев Дональд Трамп әкімшілігіне КТК құбырының инфрақұрылымы зардап шекпейді деген гарантия берген, дейді DALA INSIDE дереккөзі. Енді СБУ-ның Қара теңіздегі Новороссийск бағытындағы соққыларының барлығы КТК инфрақұрылымына тимейтіндей етіп жасалуда. Және оның барлығын Сhevron алпауыты арқылы АҚШ тікелей бақылап отыр.

«Олар (СБУ) кеше «Шесхарис» мұнай құю терминалының КТК-ға қатысы жоқ инфрақұрылымын жарды. Және оны алдын-ала Вашингтонға ескерткен. Себебі Шевронның шағымынан кейін Киев тарапы Ақ үйден ультиматум алған болатын. Егер Шевронның Қазақстандағы бизнесіне нұқсан келетін болса, АҚШ Украинаға көзқарасын өзгертуі мүмкін деген сигнал берілді. Киев қазір Пентагон беріп отырған спутниктік барлау ақпаратына толық тәуелді. Президент Зеленский бірден өз қарулы күштеріне КТК-ға тиіспеуді бұйырған және ол бұйрық өз күшін сақтап тұр», - деп хабарлады дереккөз.

КТК-ның экспорттық қуатында өзгеріс жоқтығын Қазақстан тарапы да растады. Бүгін Қазақстанның Энергетика министрлігі дрондар шабуылынан кейін тұтанған өрт қазақстандық мұнай өндіруші кәсіпорындардың өндірістік көрсеткіштеріне әсер етпегенін мәлімдеді. Ол толық шындыққа жанасады.

«Қазақстан мұнайын өндіру мен экспорттау штаттық режимде жалғасып жатыр. Қазақстан мұнайын жеткізуге пайдаланылатын экспорттық инфрақұрылым жұмысына қатысты ешқандай іркіліс тіркелген жоқ. Энергетика министрлігі жағдайды инфрақұрылым операторларымен бірлесіп бақылауда ұстап отыр», — делінген хабарламада.


Кеше Новороссийск портын СБУ дрондары шабуылдап, Қара теңіздегі ең ірі мұнай аударып тиеу нысандарының бірі саналатын «Шесхарис» терминалы өртенді. Осы терминал Ресейдің оңтүстігіндегі мұнай логистикасының негізгі тораптарының бірі саналады. Ал өткен жылдың соңында, Украина камикадзе катер арқылы нысаналы соққы жасап, КТК инфрақұрылымы тізбегіндегі соңғы және маңызды саты - үш ВПУ-дың бірін және ең қуатты, жұмыс жасап тұрған ВПУ-2 құрылғысын жарып жібергені есте. Содан кейін КТК-ның танкерлерге мұнай құю инфрақұрылымында тек екі ВПУ ғана қалды. Оның бірі, ВПУ-3 кішкентай және тоқтамай жұмыс істеген жағдайда жылына 36 миллион тонна ғана мұнайды танкерге құя алады.

Каспий құбыр консорциумы ВПУ-1 және ВПУ-2 құрылғыларын келесы жылы жаңартуды жоспарлап отырған. Бұл құрылғылардың бірі Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Drydocks World Dubai кеме жөндеу зауытынан шығып, Қазақстанға бет алған болатын. Ал екіншісінде буйдың қондырмасының ішіне кабель төсеу және герметизациялау, люк қақпақтарын келтіру мен дәнекерлеу жұмыстары аяқталды. Қазір біз алдырайын деп тұрған осы қондырғыларға абайсыздан Иран ракетасы тиіп кете ме деген қауіптер жоғары болып тұр.

https://t.me/dalainside
❤12
Сіз обырлар туралы естіп пе едіңіз? Адам нанғысыз ғажайып қара күшке ие олардың көбі бұл күні жер бетінде қалмаған. Қалған аз бөлігі бірігіп Тұманшаһарды мекендеуде. Осыдан 15 ғасыр бұрын ескі адамдар мен обырлар арасында түзілген бейбітшілік келісімі жалмауыз Жалман патшаның жарлығы кесірінен бұзылмақ… Адамзат тарихына киелі жазбаларда келген орасан зор сұмдықтың төніп тұрғанын сезген Мейстер Мамур Мұнаралы қаланы тастап, адамдардың соңғы үміті — әлемді әлемет апаттан құтқаратын “СОҢҒЫ ОБЫРДЫ” іздеп Ниневияға табан тірейді…
❤12😡3👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Dolce компаниясының ұжымы жаңа Конституция жобасын қолдайды

1998 жылдан бері еліміздегі стерильді медициналық комплектілерді өндіру саласында көшбасшылардың бірі саналатын кәсіпорында бүгінде 350-ден астам адам еңбек етеді. Компания басшылығы мен қызметкерлерінің айтуынша, референдум – ел болашағына бейжай қарамайтын әр азаматтың жауапты таңдауы.

Ұжым мүшелері әділеттілік, тұрақтылық және келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік қағидаттарын нығайтуды көздейтін жаңа Конституция ел дамуына маңызды негіз болатынына сенім білдірді.
❤5👎4👍1
Channel name was changed to «АРИСТОКРАТ»
Forwarded from DALA INSIDE
💥 Министрлік VS отандық бизнес: кім жеңеді?

Туризм және спорт министрлігінің бастамасымен Қазақстанда спорттық бәс тігулер бойынша барлық төлемдер тоқтатылды. Бұл шешім бизнес қауымдастықтың заңды наразылығын туғызды.

Букмекерлер қауымдастығы осы мәселеге байланысты Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігіне, Президент Әкімшілігіне, Премьер-Министрге, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және ҚР Әділет министрлігіне ашық хат жолдады. Ашық хат Exclusive.kz сайтында жарияланды.

«Біз Қазақстан спортын қолдаймыз, салық төлейміз және гуманитарлық көмек көрсетеміз. Біз өркениетті әрі ашық реттеу жүйесінің сөзсіз жақтастарымыз. Сондықтан да сала бірнеше рет реттеу және мониторинг құралдарын енгізді. Ал Туризм және спорт министрлігі соңғы екі жылда, керісінше, Қазақстанның реттеу жүйесіне Ресейдің жеке құрылымдары мен ЦУПИС құралдарын енгізуге бар күшін жұмсады. Бұл ретте Ресейдің өзінде мұндай жүйені қолдану спорт саласында дағдарысқа әкелген. Ресейлік спортшылар халықаралық олимпиадалық қозғалыстан шеттетілді, букмекерлер тарапынан спорт федерацияларын қаржыландыру күрт қысқарды, сондай-ақ мемлекет тарапынан спортқа бөлінетін шығындар азайды», — деп жазылған хатта.


Қауымдастықтың айтуынша, 2024 жылдың жазында заңнамаға енгізілген өзгерістер күшіне енгеннен кейін Туризм және спорт министрлігі олардың орындалуын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдамаған. Осыған қарамастан, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары реттеу құралдарын Ұлттық банк, Қаржы мониторингі агенттігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, сондай-ақ Ұлттық ақпараттық технологиялар инфрақұрылымы негізінде енгізуді ұсынған. Алайда Туризм және спорт министрлігі қазақстандық мемлекеттік органдар ұсынған құралдарды пайдаланудан бас тартты.

«Ұсынылған барлық шешімдер толық көлемде 2024 жылдың өзінде іске қосылуы мүмкін еді. Туризм және спорт министрлігінің өз өтініші бойынша қазақстандық финтех-компаниялар 2023 жылы-ақ технологиялық шешімдерін ұсынған болатын. Олар 2024 жылы іске қосылып, кейін мемлекеттік органның балансына берілмек еді. Бұл ұсыныс 2023 жылы Қаржы мониторингі агенттігінің, Ұлттық банктің және Туризм және спорт министрлігінің алаңдарында депутаттардың қатысуымен қаралды. 2024 жылы талқылау «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында ведомствоаралық жұмыс тобы шеңберінде жалғасты. Оған Туризм және спорт министрлігі, Цифрлық даму министрлігі, Әділет министрлігі және бірнеше саланың өкілдері қатысты. Талқылау келісудің соңғы кезеңіне жетіп, ұсыныс Әділет министрлігі мен Цифрлық даму министрлігі тарапынан мақұлданған кезде Туризм және спорт министрлігінің өкілдері ешқандай түсініктеме берместен жұмыс тобынан шығып кетті», — деп келтіріледі хатта.


Нәтижесінде салада заң күшіне енгенімен, оны іске асыратын нақты құралдар болмаған жағдай қалыптасты. Бір қызығы, Туризм және спорт министрлігі мемлекеттік органдар мен бизнес ұсынған шешімдерді енгізуден бас тартты. Осыған байланысты қауымдастық сотқа жүгінді. Сот бұл істі қарап, қауымдастықтың талабын қанағаттандырған болатын.

Алайда Туризм және спорт министрлігі сот шешімін де, мемлекеттік органдардың ұстанымын да елемей, жұмыс істемейтін ресейлік ЦУПИС жүйесін енгізуге табандап отырғандықтан, отандық букмекерлік нарықта төлем коллапсы орын алды.

https://t.me/dalainside
❤4