АРИСТОКРАТ
18.7K subscribers
780 photos
120 videos
525 files
1.03K links
📚 Ұлттық буржуазияға арналған арна. Интеллектуалдардың ортасы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

📍Реклама @dalareklanabot
Download Telegram
Forwarded from DALA INSIDE
💥 Қазақстан биыл Қарашығанақтан шамамен 3 миллиард доллар өндіріп алуға жақын

Сот шешімі бойынша Қазақстан пайдасына 2-4 миллиард доллар сома аударылуы тиіс еді. DALA INSIDE дереккөзі KPO мен Қазақстан тарапы жүргізіп жатқан келіссөздердің 3 миллиард доллар төңірегіне тоқтағанын айтады. Бұл шамамен 1,5 триллион теңге. Егер осы сома Ұлттық Қорға түсетін болса, ол биыл республикалық бюджет Қордан алуы тиіс 2,77 триллион теңгенің жартысынан астамын жаба алады.

Есіңізде болса, биыл Қазақстан Қарашығанақ бойынша халықаралық арбитражда жеңіске жетті. Даудың мәні қарапайым тілмен айтқанда мынада. Қарашығанақ жобасы өнімді бөлу келісімі арқылы жұмыс істейді. Бұл жүйеде инвестор алдымен “шығын жұмсадым” дейді, сол шығынды өндірілген мұнайдан қайтарып алады, содан кейін ғана мемлекетпен пайданы бөліседі. Егер инвестор шығынды көп көрсетсе мемлекетке тиесілі үлес азаяды. Қазақстанның күдігі де осы болды.

«Қазақстан атынан өкілетті PSA командасы тәуелсіз аудит шақырғанда, консорциум ұсынған кейбір шығындардың біздің тараппен келісілмегені анықталған. Нақты фактілерден Қарашығанақ инвесторлары бұлтара алмады. PSA осы манипуляциялар кесірінен мемлекет үлесінің қысқарғанын дәлелдеп, халықаралық арбитражға шықты. Екі жылға созылған жабық сот процесінде Қазақстан жеңіп шықты», - деп түсіндіреді, дереккөз.


Қазір төленетін өтемақының формасы келісілуде. 3 миллиард доллар Ұлттық Қорға тікелей түсуі де мүмкін, немесе PSA есептері қайта қаралып, бірнеше жыл ішінде мемлекетке көбірек үлес түрінде келуі мүмкін. Бізге бірінші сценарий қолайлы. Ақша бірден Қорға түссе, қор оны тиімді инвестициялап, үстінен пайда әкеліп, қазынаны толтыра алады.

Жалпы, бұл бірінші жеңіс емес. 2012 жылы Қарашығанақ дауы нәтижесінде консорциум Қазмұнайгазға жобаның 10% үлесін сатуға мәжбүр болды. Ал 2020 жылы тағы 1,3 миллиард доллар өтемақы төледі.

Қарашығанақтан бөлек, Қазақстан Қашаған жобасы бойынша NCOC акционерлерінен күкіртті нормадан артық сақтау фактісі бойынша экологиялық айыппұл өндіріп алуы тиіс. Қазір оның сомасы 2,3 триллион теңге айналасында болып тұр. Бірақ бұл дау әлі толық аяқталған жоқ. Кей сот шешімдері оператор пайдасына шықты, кей процестер жалғасуда. Сондықтан 2026 жылы Қашағаннан Ұлттық қорға нақты ақша түсетінін болжау қиын. Себебі апелляция, келісім, қайта есептің барлығы уақыт уақыт алады.

https://t.me/dalainside
❤15
Бүгін – Халықаралық кітап сыйлау күні

2012 жылдан бастап Эмми Бродмурдың бастамасымен халықаралық кітап сыйлау мерекесі тойланып келеді. Эмми Бродмур – әлеуметтік желіні белсенді блогері. Бір ұлы Эммиге дәл осы күні «Неге адамдар бір-біріне ешқандай себепсіз кітап сыйлайтын күн жоқ?» деген сауал қояды. Ешқандай жауап таба алмаған Эмми осы күнді кітап сыйлау күні деп белгілеп, әлеуметтік желі арқылы мерекенің танымалдылығын арттырған.

Әлем халықтары бұл мерекені бір-біріне кітап сыйлау және кітап оқудан жарыс түрінде атап өтеді. Өтйкені бұл мерекенің басқа мерекелерден ерекшелігі – кітап сыйлау және оқырманның назарын кітапқа аудару, әдеби мұраларды құрметтеу және насихаттау.

Кітап сату, сатып алу, сыйға беру жөніндегі хабарландыруларды @bookbazaarkz арнасынан табасыздар

немесе

Kaspi интернет дүкенінен сатып алуларыңызға болады.
❤10
Оразалы Шерхан - Карлостың оқиғасы
❤13
Қымбатты кітап сүйер оқырман, осы жазбамды оқып отырсаңыз, бей-жай кетпеңіз🙏
Балалық шақтан бірге өскен, интернаттың қара нанын бір бөліп жеген аяулы ақын бауырым — Қуаныш Жазайдың "Сен мені оят" атты жұп-жұмыр, іші толы қазыналы кітапты сатылымға шығардық.
Қазіргі қазақ поэзиясының сән-салтанатын сезінгіңіз келсе сатып алыңыз. Бағасы небәрі 3500 теңге.
Байланыс нөмері +7 776 003 02 70
Кітап сізді күтеді❤
Барынша таратып, қолдап жіберсеңіздер қуанып қалар едім🙏
❤26🤩4😢3
Forwarded from DALA INSIDE
💸 Жоғарғы жақты "тым мықты теңге" мәселесі алаңдата бастады

DALA INSIDE дереккөзінің айтуына қарағанда, ертеңнен бастап осы тақырып бойынша жабық есік жағдайында біршама консультация жүрмек. Доллар бағамының 500 теңгеден төмен болуы республикалық бюджетте биыл бекітілген 540 курсынан шамамен 9 пайызға ауытқып тұр және негізгі салық төлеуші болып табылатын шикізаттық экспортер компаниялардың табысын азайтып, шығынын арттырып, дисбаланс туғызуы мүмкін. Олардың табысы азайса, бюджетке төленетін корпоратив салық көлемі де құлдырап, биылғы 18,8 триллион теңге деп бекітілген салық жинау жоспары орындалмайды.

"Негізі Үкімет салық аптасының бітуін күткен еді. Ол апта өтті. Енді ертең қор биржасындағы котировкаларға қарайды. Теңге курсы құлдырамаса, онда Қаржы министрлігі Ұлттық банктен Жинақтаушы зейнетақы қоры үшін валюта сатып алуды күшейтуді және керісінше алтын бойынша айналау операцияларын уақытша тоқтата тұруды сұрауы мүмкін. Бір сөзбен айтқанда, мемлекет қор биржасында теңгені көбірек сатып, долларды көбірек алып, теңгені 520 курсына құлатуға тырысып көреді", - дейді, дереккөз.


Наурыз айына 520 курсымен кіру аса маңызды. Себебі, одан кейін I тоқсан аяқталып, 2026 жылғы салық циклы басталады. Осы циклға теңге долларына 500-ден төмен курспен кірсе, экспортер компаниялар мен салық жинайтын Қаржы министрлігінде кәдімгідей проблемалар басталмақ. Ал халықаралық резервке жататын Ұлттық қор бюджетке беруі тиіс 5 миллиард доллардың үстінен жоспардан бөлек қосымша 400-500 миллион доллар жағып жіберейін деп тұр.

Қазақстан - классикалық экспорттық экономика. Мұнай, уран, мыс, ферроқорытпа, астықтың бәрі сыртқа доллармен сатылады. Ал шығындардың басым бөлігі теңгемен төленеді. Егер әлемдік нарықта өнім тоннасына 1000 доллар тұрса, курс 550 болғанда экспорттаушы 550 мың теңге алады, ал курс 500 болса 500 мың теңге ғана түседі. Бір тоннадан 50 мың теңге жоғалтқан кәсіпорын жалақыны көтермейді, жаңа техника алмайды, кейде жұмысшыларды қысқартады. Осылайша қымбат теңге біртіндеп зауыттың тынысын тарылтады.

Бұл құбылысты экономистер "голланд ауруы" деп атайды. Шикізаттан доллар көп келеді, ұлттық валюта күшейеді, ал өңдеу өнеркәсібі бәсекеге қабілетсіз болып қалады. Қазақстан бұл циклді 2006, 2013, 2022 жылдары бастан өткерген болатын. Әр кезеңде теңге күшейгенде импорт көбейіп отырды да, отандық өндіріс кері кетіп жүрді.

Биыл экономиканы 1 триллион теңгемен кредиттеуді бастап кеткен Үкіметке дәл қазір "голланд ауруы" еш қажет емес. Себебі ондай жағдайда бұл жұмыстың барлық эффектісі жойылып кетпек. Дереккөздің сөзінше, енді қымбат теңге мәселесін шешуге бір апта ғана қалып отыр.

https://t.me/dalainside
❤16
Forwarded from DALA INSIDE
🛢️💥 Шесхаристі жару үшін Киев Вашингтонның рұқсатын алған

Новороссийск портындағы «ВПУ-2» бойынша инциденттен кейін, Киев Дональд Трамп әкімшілігіне КТК құбырының инфрақұрылымы зардап шекпейді деген гарантия берген, дейді DALA INSIDE дереккөзі. Енді СБУ-ның Қара теңіздегі Новороссийск бағытындағы соққыларының барлығы КТК инфрақұрылымына тимейтіндей етіп жасалуда. Және оның барлығын Сhevron алпауыты арқылы АҚШ тікелей бақылап отыр.

«Олар (СБУ) кеше «Шесхарис» мұнай құю терминалының КТК-ға қатысы жоқ инфрақұрылымын жарды. Және оны алдын-ала Вашингтонға ескерткен. Себебі Шевронның шағымынан кейін Киев тарапы Ақ үйден ультиматум алған болатын. Егер Шевронның Қазақстандағы бизнесіне нұқсан келетін болса, АҚШ Украинаға көзқарасын өзгертуі мүмкін деген сигнал берілді. Киев қазір Пентагон беріп отырған спутниктік барлау ақпаратына толық тәуелді. Президент Зеленский бірден өз қарулы күштеріне КТК-ға тиіспеуді бұйырған және ол бұйрық өз күшін сақтап тұр», - деп хабарлады дереккөз.

КТК-ның экспорттық қуатында өзгеріс жоқтығын Қазақстан тарапы да растады. Бүгін Қазақстанның Энергетика министрлігі дрондар шабуылынан кейін тұтанған өрт қазақстандық мұнай өндіруші кәсіпорындардың өндірістік көрсеткіштеріне әсер етпегенін мәлімдеді. Ол толық шындыққа жанасады.

«Қазақстан мұнайын өндіру мен экспорттау штаттық режимде жалғасып жатыр. Қазақстан мұнайын жеткізуге пайдаланылатын экспорттық инфрақұрылым жұмысына қатысты ешқандай іркіліс тіркелген жоқ. Энергетика министрлігі жағдайды инфрақұрылым операторларымен бірлесіп бақылауда ұстап отыр», — делінген хабарламада.


Кеше Новороссийск портын СБУ дрондары шабуылдап, Қара теңіздегі ең ірі мұнай аударып тиеу нысандарының бірі саналатын «Шесхарис» терминалы өртенді. Осы терминал Ресейдің оңтүстігіндегі мұнай логистикасының негізгі тораптарының бірі саналады. Ал өткен жылдың соңында, Украина камикадзе катер арқылы нысаналы соққы жасап, КТК инфрақұрылымы тізбегіндегі соңғы және маңызды саты - үш ВПУ-дың бірін және ең қуатты, жұмыс жасап тұрған ВПУ-2 құрылғысын жарып жібергені есте. Содан кейін КТК-ның танкерлерге мұнай құю инфрақұрылымында тек екі ВПУ ғана қалды. Оның бірі, ВПУ-3 кішкентай және тоқтамай жұмыс істеген жағдайда жылына 36 миллион тонна ғана мұнайды танкерге құя алады.

Каспий құбыр консорциумы ВПУ-1 және ВПУ-2 құрылғыларын келесы жылы жаңартуды жоспарлап отырған. Бұл құрылғылардың бірі Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Drydocks World Dubai кеме жөндеу зауытынан шығып, Қазақстанға бет алған болатын. Ал екіншісінде буйдың қондырмасының ішіне кабель төсеу және герметизациялау, люк қақпақтарын келтіру мен дәнекерлеу жұмыстары аяқталды. Қазір біз алдырайын деп тұрған осы қондырғыларға абайсыздан Иран ракетасы тиіп кете ме деген қауіптер жоғары болып тұр.

https://t.me/dalainside
❤12
Сіз обырлар туралы естіп пе едіңіз? Адам нанғысыз ғажайып қара күшке ие олардың көбі бұл күні жер бетінде қалмаған. Қалған аз бөлігі бірігіп Тұманшаһарды мекендеуде. Осыдан 15 ғасыр бұрын ескі адамдар мен обырлар арасында түзілген бейбітшілік келісімі жалмауыз Жалман патшаның жарлығы кесірінен бұзылмақ… Адамзат тарихына киелі жазбаларда келген орасан зор сұмдықтың төніп тұрғанын сезген Мейстер Мамур Мұнаралы қаланы тастап, адамдардың соңғы үміті — әлемді әлемет апаттан құтқаратын “СОҢҒЫ ОБЫРДЫ” іздеп Ниневияға табан тірейді…
❤12😡3👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Dolce компаниясының ұжымы жаңа Конституция жобасын қолдайды

1998 жылдан бері еліміздегі стерильді медициналық комплектілерді өндіру саласында көшбасшылардың бірі саналатын кәсіпорында бүгінде 350-ден астам адам еңбек етеді. Компания басшылығы мен қызметкерлерінің айтуынша, референдум – ел болашағына бейжай қарамайтын әр азаматтың жауапты таңдауы.

Ұжым мүшелері әділеттілік, тұрақтылық және келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік қағидаттарын нығайтуды көздейтін жаңа Конституция ел дамуына маңызды негіз болатынына сенім білдірді.
❤5👎4👍1
Channel name was changed to «АРИСТОКРАТ»
Forwarded from DALA INSIDE
💥 Министрлік VS отандық бизнес: кім жеңеді?

Туризм және спорт министрлігінің бастамасымен Қазақстанда спорттық бәс тігулер бойынша барлық төлемдер тоқтатылды. Бұл шешім бизнес қауымдастықтың заңды наразылығын туғызды.

Букмекерлер қауымдастығы осы мәселеге байланысты Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігіне, Президент Әкімшілігіне, Премьер-Министрге, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және ҚР Әділет министрлігіне ашық хат жолдады. Ашық хат Exclusive.kz сайтында жарияланды.

«Біз Қазақстан спортын қолдаймыз, салық төлейміз және гуманитарлық көмек көрсетеміз. Біз өркениетті әрі ашық реттеу жүйесінің сөзсіз жақтастарымыз. Сондықтан да сала бірнеше рет реттеу және мониторинг құралдарын енгізді. Ал Туризм және спорт министрлігі соңғы екі жылда, керісінше, Қазақстанның реттеу жүйесіне Ресейдің жеке құрылымдары мен ЦУПИС құралдарын енгізуге бар күшін жұмсады. Бұл ретте Ресейдің өзінде мұндай жүйені қолдану спорт саласында дағдарысқа әкелген. Ресейлік спортшылар халықаралық олимпиадалық қозғалыстан шеттетілді, букмекерлер тарапынан спорт федерацияларын қаржыландыру күрт қысқарды, сондай-ақ мемлекет тарапынан спортқа бөлінетін шығындар азайды», — деп жазылған хатта.


Қауымдастықтың айтуынша, 2024 жылдың жазында заңнамаға енгізілген өзгерістер күшіне енгеннен кейін Туризм және спорт министрлігі олардың орындалуын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдамаған. Осыған қарамастан, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары реттеу құралдарын Ұлттық банк, Қаржы мониторингі агенттігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, сондай-ақ Ұлттық ақпараттық технологиялар инфрақұрылымы негізінде енгізуді ұсынған. Алайда Туризм және спорт министрлігі қазақстандық мемлекеттік органдар ұсынған құралдарды пайдаланудан бас тартты.

«Ұсынылған барлық шешімдер толық көлемде 2024 жылдың өзінде іске қосылуы мүмкін еді. Туризм және спорт министрлігінің өз өтініші бойынша қазақстандық финтех-компаниялар 2023 жылы-ақ технологиялық шешімдерін ұсынған болатын. Олар 2024 жылы іске қосылып, кейін мемлекеттік органның балансына берілмек еді. Бұл ұсыныс 2023 жылы Қаржы мониторингі агенттігінің, Ұлттық банктің және Туризм және спорт министрлігінің алаңдарында депутаттардың қатысуымен қаралды. 2024 жылы талқылау «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында ведомствоаралық жұмыс тобы шеңберінде жалғасты. Оған Туризм және спорт министрлігі, Цифрлық даму министрлігі, Әділет министрлігі және бірнеше саланың өкілдері қатысты. Талқылау келісудің соңғы кезеңіне жетіп, ұсыныс Әділет министрлігі мен Цифрлық даму министрлігі тарапынан мақұлданған кезде Туризм және спорт министрлігінің өкілдері ешқандай түсініктеме берместен жұмыс тобынан шығып кетті», — деп келтіріледі хатта.


Нәтижесінде салада заң күшіне енгенімен, оны іске асыратын нақты құралдар болмаған жағдай қалыптасты. Бір қызығы, Туризм және спорт министрлігі мемлекеттік органдар мен бизнес ұсынған шешімдерді енгізуден бас тартты. Осыған байланысты қауымдастық сотқа жүгінді. Сот бұл істі қарап, қауымдастықтың талабын қанағаттандырған болатын.

Алайда Туризм және спорт министрлігі сот шешімін де, мемлекеттік органдардың ұстанымын да елемей, жұмыс істемейтін ресейлік ЦУПИС жүйесін енгізуге табандап отырғандықтан, отандық букмекерлік нарықта төлем коллапсы орын алды.

https://t.me/dalainside
❤4
Кітап оқып, білім іздеген ару — тек өз өмірін ғана емес, тұтас қоғамның ертеңін жарқын етеді.
Өйткені тәрбиелі, білімді ару — ұрпақтың да саналы болуына жол ашады.
Қазақы тәрбиесі мен терең білімі үйлескен арулар көбейе берсін.
Жүректеріңіз нәзік, ойларыңыз биік, армандарыңыз асқақ болсын.
Барша кітап сүйер аруларды 8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз! 🌸📚

https://t.me/kzkitap
❤17👍1
Forwarded from DALA INSIDE
🙅 Жоғары жақ "әзірге Қайрат Қожамжаровты қатты қудаламайық" деп шешті

DALA INSIDE инсайдерінің айтуынша, жабық кабинеттегі пікір алмасуларда елдегі конституциялық өзгерістер толық орнығып, саяси трансформация аяқталмайынша, Қайрат Қожамжаровтың жүйкесін қоздыра беру кері әсер тигізеді деген ортақ консенсус пайда болды. Оның қолында бар бірнеше компромат биыл жарық көрмегені абзал.

"Қожамжаровтың сенімді серігі Мақсат Дүйсенов Германияның арнайы қызметіне біздің билік тұлғаларына қатысты бірнеше құнды дерек беріп үлгерген. Соның арқасында саяси бостандық алды. Енді немістерде де бізге ықпал ете алатын рычагтар бар сияқты. Осындай құнды деректердің негізгі папкасы Қожамжаровтың қолында екенін біздегілердің барлығы жақсы біледі", - дейді дереккөз.

Бұған дейін "Әділетті Қазақстан" Қайрат Қожамжаровқа оның сенімді серігі, бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновті елге экстрадициялап алып келу арқылы айтарлықтай қысым көрсетпек болған. Алайда, экстрадиция іске аспай қалды да, оның алдында әзірленген "А" жоспары толығымен бұзылды.

Нақты айтсақ, 2025 жылдың қыркүйегінде Мақсат Дүйсеновке Интерпол желісі арқылы халықаралық іздеу жарияланып, көп ұзамай ол Германияда ұсталды. Сол кезде Дүйсенов құқық қорғаушылар арқылы саяси баспана сұрап өтініш берген. 2026 жылдың қаңтарында Германия соты бұрынғы прокурор Мақсат Дүйсеновті бостандыққа шығарды. Сот Дүйсеновке қатысты қудалау саяси себептерге байланысты болуы мүмкін деген қорытындыға келген. Қазіргі уақытта ол бостандықта жүр. Қазақстанның оны экстрадициялау туралы сұранысы ресми түрде кері қайтарылған. Қазақстанда оған 22 миллион доллар көлемінде пара алды, қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастырды және алаяқтық жасады деген айыптар тағылған болатын.

"Дүйсенов білуімше Германияда қалды. Себебі енді Интерпол Германия бойынша екінші экстрадиция запросын қабылдамайды. Ал Дүйсенов басқа елге кетсе, Қазақстан тез арада Интерполға өтінімін қайта беруі мүмкін. Дүйсенов Қожамжаровпен тығыз байланыста және елдегі құқық қорғау органдарының ішкі жаңалықтарын толық біліп отыр", - дейді, дереккөз.


Қожамжаров тарапынан Қазақстан билігіне "мен тыныш жүремін, сендер де тыныш жүріңдер" деген сигнал берілгені анық. Және ол өзінің позициясын Мақсат Дүйсеновтің саяси баспана алуы арқылы жақсы күшейтіп алды. Қазақстанның дәл қазір бұл текетіресті ушықтырмай, ішкі саяси трансформацияны тез өткізіп алуға акцент беруі заңды. Сондықтан тараптар уақытша тайм-аут алып отыр.

https://t.me/dalainside
❤5
Forwarded from DALA INSIDE
🤡 "Ескі Қазақстан" бизнесі: қағаздағы өндіріс пен ауадан жасалған зауыттар

"Ескі Қазақстанның" прожектілік экономикасы өзінің зардабын қатты тигізуде. Себебі, “миллиард долларлық жобаларды жариялау” жанрының аяғы қайғылы аяқталды. Жүздеген инвестжобалар, мыңдаған меморандумдар аяқсыз қалып, ұмытылып кетті.

Прожектілік экономиканың сценарийі бір. Алдымен халықаралық форум өтеді, сосын меморандумға қол қойылады, кейін инвесторлар туралы жаңалықтар тарайды. Ал бірнеше жылдан кейін сол жобалардың көпшілігі үнсіз жоғалып кетеді. Айқын мысалдарын келтіре аламыз.

Tyson Foods: жалған аграрлық революция

2019 жылы Қазақстан аграрлық саладағы “ғасыр жобасын” жариялады. Америкалық Tyson Foods компаниясы елде алып ет өңдеу кешенін салуы тиіс еді. Ол тәулігіне 2000 ірі қара өңдейді, инвестиция көлемі 300 млн доллардан асады, мыңдаған жұмыс орны ашылады деген жарнамадан құлақ тұнды. Бұл Қазақстанды әлемдік ет экспорты нарығына шығарады деп айтылды. Бірақ бірнеше жылдан кейін жоба жойлып кетті. Қысқаша айтқанда зауыт та жоқ, өндіріс те жоқ, тек пиар пресс-релиз ғана қалды.

Qazaq Soda: аймақтық иллюзия

Жамбыл облысындағы Qazaq Soda зауытына келейік. Инвесторы түркиялық Yıldırım Holding, ал жобаның құны 400 млн доллар деп жарнамаланды.

Басшысы Иылдырым - Назарбаевтың жақын араласатын досы болды. Зауыт кальцинацияланған сода өндіруі тиіс болатын.


Алғашқы жоспар бойынша кәсіпорын 2024 жылы іске қосылуы керек еді. Енді оны қайта қарап, мерзім 2026 жылға жылжыған. Қазақстандағы индустриялық жобалардың өмір циклі көбіне дәл осындай: жариялау - кешігу - тағы кешігу.

Металлургиядағы ауыр сабақ

Қарағанды облысындағы ферросилиций зауыты да индустрияландырудың символы ретінде ұсынылған. Бірақ 2024 жылы зауытта ауыр өндірістік апат болып, төрт жұмысшы қаза тапты. Бұл трагедия бір маңызды шындықты көрсетті. Лента кесуге асығу қарапайым қауіпсіздік шарттарын ұмытып кетуге алып келген.

2024 жылы Қазақстанда тікелей инвестиция балансы минусқа кетіп қалды. Теріс мәнде 2,6 млрд доллар болды. Яғни елге келген инвестициядан шығып кеткен капитал көп болды. Бұл инвесторлардың дивидендтерді шығара бастады, кейбір ірі жобалардың инвестициялық циклі аяқталғанын байқатты. Ал жаңа индустриялық жобалар жеткіліксіз болуда.

https://t.me/dalainside
❤3👍2
Forwarded from DALA INSIDE
🐺 Қой терісіндегі қасқыр. Әлнұр Мұсаевтың "трансформациясы" замандастарының күлкісін келтірді

Кезінде Рахат Әлиевтің оң қолы болған, Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарып, Рахаттың барлық қандықол тапсырмаларын орындаған Әлнұр Мұсаевтың қазір өзін оппозиционер, әділдік іздеуші ретінде көрсетуі оппозиция өкілдерінің шамына тиюде. Осы аптада Гүлжан Ерғалиева шыдай алмады. Бұл үнге басқа да оппозиционерлер қосылмақ.

"Ол биліктің Қажыгелдинге, Сәрсенбаевқа және басқа да тұлғаларға қарсы репрессияларын еске ала бастағанда, бұл әңгіме қорқынышты сипат алды. Себебі ол мұның бәріне өзі еш қатысы жоқ адамдай сөйлейді. Бұрынғы "қасапшы" Мұсаев, Рахат Әлиевтің тәлімгері ретінде, 1997 жылы қызметінен кеткеннен кейін экс-премьер-министр Әкежан Қажыгелдинді қудалаумен тікелей айналысқан. Ол Назарбаевтың күйеу баласымен бірге Қажыгелдин шетелге алып кетті делінген "ұрланған қаржыны" іздеу науқанын бастаған. 2006 жылы киллер Ибрагимовтың айғақтарына сәйкес, Мұсаев Алтынбек пен оның екі серігін ұрлап әкеткеннен кейін атып тастау туралы бұйрықты жеке өзі берген. Ал қазір ол еш қысылмастан билікті оппозицияны қудалады деп айыптайды, бұл процестерге өзі мүлде қатыспағандай кейіп танытады. Ол сондай-ақ бүгінгі билік оппозиционер Марат Жыланбаев пен журналист Мұхаметкәрімді түрмеде ұстап отырғанына "қатты өкініш білдіретінін" айтады. Оның сөзінше, олар режим қорқатын мықты адамдар, сондықтан бостандықтан айырылған. Алайда Рахат Әлиевтің ықпалы күшейген жылдары дәл сол Мұсаев менің үйіме бандиттерді жіберіп, олар менің отбасымды өлімші етіп соққыға жыққан. Ол банкирлер Тимралиев пен Хасеновтің 2007 жылғы ұрлануына, азапталуына және өлтірілуіне қатысы бар адамдардың қатарында болды, олардың әк салынған бөшкелерге салынып жерленген жерін де білген, бірақ бұл туралы жылдар бойы үндемеді", - деп ашына жазады, Гүлжан Ерғалиева.


Оның сөзінше, қазір Әлнұр Мұсаев кейбір аңғал журналистердің арқасында біздің қоғамға Қазақстан саясатының білгірі ғана емес, тіпті елдің тағдырына төрелік айтатын төреші мен пайғамбар ретінде көрсетіліп жүр. Бұл цинизмнің шыңы болып табылады.

Гүлжан Ерғалиева Динара Егеубаеваны да бір түйреп өткен екен.

"Егеубаеваның рөлі туралы бөлек айтуға болады. Ол не Назарбаев билігі тұсындағы өз елінің шынайы тарихын шынымен білмейді, не жағдайды мүлде түсінбейтіндей деңгейде аңғал, немесе керісінше Назарбаев әулетінің беделін тазарту үшін саналы түрде жұмыс істеп жүр. Ал Мұсаев солардың ішіндегі ең қанқұйлы тұлғалардың бірі".

Оппозиция өкілі, DALA INSIDE ақпарат сұраған дереккөз осы аптада бірнеше тұлғаның Әлнұр Мұсаевтың кезінде істеген былықтарын жариялайтынын жеткізді. 30 жылдан бері оппозицияға қатысы бар жандарды кезінде Әлнұр Мұсаевтың қатты қудалағаны рас. Ол әсіресе бандит спортшылар мен титушкалар тобын ұтымды қолданды. Бірақ мансабының осы кезеңін қазіргі видеоларында мүлде айтып жүрген жоқ.

https://t.me/dalainside
❤8
Forwarded from DALA INSIDE
🚀 Соғыстың Каспийге жеткені Қазақстанды алаңдата бастады

Израиль армиясы кеше Каспий жағалауындағы Бандар-Анзали ауданында Иран әскери-теңіз нысандарына соққы жасады. Соғыс тұңғыш рет Каспийге қарай ауысып отыр. Осы уақытқа дейін Иран үшін негізгі әскери-энергетикалық қысым Парсы шығанағы, Ормуз бұғазы, Хузестан, Бушер, Бандар-Аббас бағыттарында болған еді. Түнгі соққылар Каспийдің “тыныш айлақ” статусын шайқалтып отыр. Қазақстан үшін Каспий экспорт, логистика, транзит, порт инфрақұрылымы, экология және геосаяси тепе-теңдік тоғысқан ең маңызды экономикалық кеңістік.

Астана шұғыл консультациялар бастайды, дейді DALA INSIDE дереккөзі. Каспий теңізі әскери ұрыс алаңына айналса, Қазақстанның халықаралық транзиті, мұнай-газ экспорты мен теңіздің экологиясы үлкен қауіп төніп тұр. Транскаспий халықаралық көлік бағдары, яғни Орта дәліз соңғы жылдары Қазақстанның басты геоэкономикалық үмітіне айналған еді. 2025 жылы осы маршрутпен 4,12 миллион тонна жүк тасымалданып, шамамен 77 мың контейнер өткен. Ресейге санкция салынғаннан кейін, Қазақстан Транскаспий арқылы Еуразияның басты транзиттік коридорын құрып жатқан болатын. Үлкен инвестициялық жобалар мен жоспарлар жасалып қойылған. Каспий теңізіндегі кемелерге соққы жасала бастаса, Транскаспий тасымалы уақытша тоқтауы мүмкін.

Онымен бірге, Қазақстан 2025 жылы Ақтау порты арқылы танкерлерге 3,2 миллион тонна мұнай тиеп берген. Оның ішінде Баку–Тбилиси–Жейхан бағытына 1,2 миллион тонна жіберді. Осы арқылы Қазақстан КТК құбырына деген тәуелділікті азайтуға күш салған. Каспийдегі әскери эскалация осы балама маршруттың бағасын өсіріп, техникалық және коммерциялық тұрақтылығын әлсіретеді. Оның үстіне, ҚазМұнайГаз былтыр Ақтау–Баку бағытының өзінде технологиялық шектеулер мен тасымал үзілістері болғанын жасырмай мәлімдеген еді. Соғыс факторы қосылса, бұл маршруттағы әрбір тонна мұнайдың құны мен тәуекелі одан сайын артады.

Ормуз бағыты бұзылғаннан кейін Каспий Иранмен халықаралық сауда үшін қауіпсіздеу бағыт ретінде қарастырыла басталған еді. Ресей астығын Иранға осы теңіз арқылы жөнелткен. Яғни Парсы шығанағы жабылған сайын Каспийдің экономикалық маңызы өсе түсті. Бірақ дәл сол сәтте Бандар-Анзалиге соққы жасалуы Каспийдің де қауіпсіз емес екенін көрсетті. Бұл халықаралық инвесторлардың Транскаспий жобасынан үрке бастауына алып келуі мүмкін.

«Астананың қолында тек дипломатиялық рычагтар бар. Ол соғысқа араласа алмайды. Бірақ Сhevron мен ExxonMobil лоббиі арқылы Вашингтонға шығып, ЦАХАЛ-дың Каспийге тиіспеуін сұрайтыны анық. Өткенде Украина КТК инфрақұрылымына тиісе бастағанда дәл осы механизмді қолданған болатын. Және одан нәтиже болды», - дейді, дереккөз.


DALA INSIDE бұл маңызды жағдайды бақылап отырмақ.

https://t.me/dalainside
❤9😱4👍1😢1
Абдуас Санжар - Уақыт пен Ғарыш арасында

Бұл кітап – «Таңдау жасаған бала: Жауапкершілік жолында» шығармасының жалғасы. Алдыңғы бөлімде басталған оқиға енді жаңа сынақтар мен үлкен жауапкершілікке ұласады. Кейіпкерлердің алдында бұрынғыдан да маңызды таңдау тұр.
👍4❤2