АРИСТОКРАТ
18.6K subscribers
778 photos
121 videos
525 files
1.03K links
📚 Ұлттық буржуазияға арналған арна. Интеллектуалдардың ортасы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

📍Реклама @dalareklanabot
Download Telegram
Forwarded from Aibek Smadiyar
Мемлекет басшысы бокстан Қазақстан ұлттық құрамасын Ұлан-Батырда өткен Азия біріншілігінде табысты өнер көрсетуімен құттықтады

Президент спортшыларымыз жалпы командалық есепте бірінші орынды жеңіп алып, отандық бокс мектебінің жоғары деңгейін көрсеткенін атап өтті.

Құттықтауда Оразбек Асылқұлов, Сабыржан Аққалықов, Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай, Надежда Рябец және Дина Исламбекова секілді спортшылардың жеңіс тұғырына көтеріліп, ортақ жетістікке зор үлес қосқанына назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің әлемдік жарыстарда көк байрағымызды биікте желбірете берулеріне тілектестік білдірді.
👍3❤1
Ұлтыңнан жерігенмен, түріңнен қашып құтыла алмайсың...

Заман Самалбекұлы «Тірілген тастың күбірі»

https://t.me/kitapuzindisi
👍3❤2
Ер азамат бір ИДЕЯ үшін, ал әйел заты бір АЗАМАТ үшін өмір сүреді

Санжар Керімбай, Әділбек Нәби «Қаныш және ғылыми майдан»

https://t.me/kitapuzindisi
❤7
Мен бір жақсы әйел болып шықтым. Мені біреу алды. Сөйтіп, ол өзін аса бақыттымын деп санады. Бұл дұрыс-ақ, болсын. Ол бақытты бола қалды. Ал, мен ше? Менің бақытым неде? Мен сол біреудің бақытты бола қалғанын қызықтап отырамын ба?

Сәуірбек Бақбергенов «Кентау»

https://t.me/kitapuzindisi
👍4
Оқу-ағарту министрлігі выпускной кештерді қадағалайды

Қазақстанда мектеп бітіру кешіне қойылатын талаптар нақтыланды. Енді аттестат табыстау рәсімі тек білім беру мекемесінің өз ғимаратында өтуі тиіс.

Оқу-ағарту министрлігі мен Ішкі істер жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, мектеп бітіру кешін ұйымдастыру тәртібіне нақты өзгеріс енгізді. Осынау өзгерістер оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау және құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында қабылданған.

Министрлік мектеп бітіру кештерін басқа жерде жасауға қатаң тыйым салды. Сондай-ақ түлектерден, олардың ата-аналары мен заңды өкілдерінен қаржы немесе басқа да материалдық құндылықтар жинауға үзілді-кесілді жол берілмейді.
Жергілікті атқарушы органдарға ешқандай қаржылық шығынды қажет етпейтін тәрбиелік және мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру міндеті жүктелді. Сонымен қатар түсіндіру жұмыстары күшейтілмек.

Ал ішкі істер органдары бітіру кештері кезінде қоғамдық тәртіп пен түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдауы тиіс.

Бұған дейін алматылық ата-ана президент Тоқаевқа үндеу жолдап, мектеп бітіру кешіне қатысты масқараны жайып салған еді. Шағым авторының айтуынша, әр түлектен бітіру кешіне 200-300 мың теңге көлемінде ақша жинау қалыпты жағдайға айналған.
❤3👍2
Forwarded from DALA INSIDE
🚑 Көктасжалды құтқару операциясы. Түріктер былықтырып кеткен өндірісті отандық компания жаңғыртпақ

Жер асты кені бар, бірақ жылдар бойы тиімді игеріле алмаған Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы "Көктасжал" мен "Қызылшоқы" кен орындарына жаңа отандық инвестор келді. Жергілікті халықтың асыға күткені осы еді. Қазақстандық "Altyndara" компаниясы тез арада 500 миллион доллар инвестиция құйып, жаңа кен-алаңдарын іске қосып, Қызылшоқыда тау-кен байыту комбинатын салмақ. Осы арқылы жергілікті халық үшін 800 жұмыс орны ашылайын деп тұр. Және инвестор әкелетін құрылғылардың барлығы қатаң экологиялық стандарттарға сай болғандықтан, енді осы өңірдің экологиясы жақсаратын болды. Қанша дегенмен, отандық кәсіпкерлердің өз жеріне жаны ашиды.

Көктасжал кен системасында 50 миллион тоннадан астам руда қоры, оның ішінде 500 мың тонна мыс бар. Мұнда өндіріс көптеген жылдар бойы тұралап тұрды.


Бұрын бұл жобаны түрік инвесторлары атынан «Алтай Полиметаллы» компаниясы жүргізген болатын. Ол кәсіпорын 2024 жылдың қорытындысы бойынша 18,2 миллиард теңге шығынға батқан. Ал қарыздары 305 миллиард теңгеден асып, күйреу сатысына тез жетті. Барлық активтеріне кепілзат ретінде шектеу қойылған. Еуропалық қайта құру және даму банкіне 17,9 млрд теңге қарыз, APM Holding пен басқа кредиторларға миллиардтаған қарыздары болды. Оның істіне АХҚО соты Сингапур арбитражының шешімін мойындап, компанияға 14 миллион долларлық айыппұл ілді.

Дәл осындай жағдайда түрік инвесторларының Көктасжалға көңіл бөліп, кәсіпорынды жаңғыртуы мүмкін емес еді. Инфрақұрылым тозып, байыту фабрикасы тоқтап, шығарындыларды сақтау жүйесі істен шықты. Экология бойынша заңбұзушылықтар тіркеліп, тұрғындардың сенімі толық жоғалды. Сондықтан кен орны дер кезінде отандық инвесторға қайтып отыр.

Соңғы 3 жылда шетелдіктер тұралатып кеткен ірі кәсіпорындарды өзіміздің компаниялар қолға алып, жұмысын жаңғыртып, экологиясын реттеп, өндірістегі қауыпсіздікті жақсартып, адам шығынын тоқтатты. Әйтпесе жылына бірнеше адам өлетін Миттал кейсі есімізде болар. Түрік инвесторлары да алатынын алып, ақыр аяғында Қазақстан экономикасына еш пайда әкелмегенін білеміз. Мысалы, Теңіз кенішіндегі жағдайдың өзі бізге үлкен сабақ болуы тиіс еді.

Отандық инвесторлардың бір жақсы жері – олар ресурсты алып кетуге емес, ел ішінде құндылық тізбегін құруға, қысқа пайданың орнына ұзақ циклға жұмыс істейді. Сондықтан "Altyndara" компаниясы өзі өндірген өнімді шетелдік биржаларға апарып сатудың орнына отандық автопром мен машина жасау тізбегіне іліндіруге ниетті. Бұл өте жағымды және біздің экономикаға көмек беретін ұзақ мерзімді стратегия.

Бізге енді тез пайда тапқысы келетін шетелдік инвестор емес, елін ойлайтын және экономикаға жұмыс істейтін ұлттық инвесторлар буыны көбірек қажет.

https://t.me/dalainside
❤5🔥3
Forwarded from UKIMET
Құрылыс, көлік және өңдеу өнеркәсібі I тоқсанда экономиканың өсуіне түрткі болды

📌 Ұлттық экономика министрлігі ұсынған деректерге сәйкес, қаңтар-наурыз айларында ЖІӨ-нің нақты өсуі 3%-ды құрады, бұл ретте қызметтер өндірісіндегі өсім 3,7%-ға, ал нақты секторда 2,1% - ға жетті. Бұл туралы Үкімет отырысында ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді.

Салалар арасында ең жоғары өсімді құрылыс – 14,8%), көлік қызметтері – 12,8% және өңдеу өнеркәсібі – 8,5% көрсетті. Жылдың алғашқы екі айында сыртқы сауда айналымы $21,7 млрд құрады, мұнда $2,4 млрд – оң сальдо.

«Өткен жылы экономикадағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 12,7%-ға дейін өсті, осылайша екінші жыл қатарынан тау-кен өнеркәсібінің (2025 жылы – 11,9%) деңгейінен асып түсіп отыр. ЖІӨ-дегі мұнай секторының үлесі екі есе қысқарды. 2010 жылы ол 16,5% болған болса, 2024 жылы 8,1%-ға дейін түсті. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін экономиканы одан әрі әртараптандыруға баса назар аудару қажет, бұл "орташа табыс тұзағынан" шығуға мүмкіндік береді»,

— деді Азамат Әмрин.

➖

Строительство, транспорт и обрабатывающая промышленность стали драйверами роста экономики в I квартале

Согласно представленным Министерство национальной экономики данным, реальный рост ВВП за январь-март составил 3%, при этом рост в производстве услуг достиг 3,7%, а в реальном секторе – 2,1%. Об этом на заседании сообщил первый вице-министр нацэкономики Азамат Амрин.

Среди отраслей наиболее высокий рост демонстрируют строительство – 14,8%), услуги транспорта – 12,8% и обрабатывающая промышленность – 8,5%. Внешнеторговый товарооборот за первые два месяца года составил $21,7 млрд с положительным сальдо в $2,4 млрд.

«В прошлом году доля обрабатывающей промышленности в экономике увеличилась до 12,7% и второй год превышает долю горнодобывающей отрасли (в 2025 году – 11,9%). Доля нефтяного сектора в ВВП сократилась вдвое. С 16,5% в 2010 году до 8,1% в 2024 году. Для обеспечения устойчивого развития важно продолжать упор на дальнейшую диверсификацию экономики, что позволит выйти из ловушки среднего дохода»,

— сообщил Азамат Амрин.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Болат Жайдары - Қазақ деген кім

Бұл кітапта Қазақтың идеологиясы қандай болу керек деген сауалға жауап беріледі. Болашағын ойлап жүрген, білімге құмар, көздері ашық оқырмандарға арналады.
❤5👍1
Ғылым мен өнер адамы үшін фәниден бақиға барар жол біреу-ақ – жұмыс істеу; басқаның бәрі алдамшы. Осыны жадыңа тұт.

Мұхтар Мағауин «Көк мұнар»

https://t.me/kitapuzindisi
❤3
ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ БЮДЖЕТТІҢ ШЕГІНЕ ТІРЕЛІП ОТЫР

Қазақстанда әлеуметтік шығындар өсіп жатыр, бірақ оны кірістер бұрынғыдай жауып үлгермейді. Бюджет негізгі міндеттерді әрең ұстап тұр, бірақ жедел әрі нақты көмек керек жағдайларда жиі кешігеді.

Мысалы, шұғыл ем керек кезде немесе қиын жағдайға түскен адамдарға көмекте жүйе ақсай бастайды. Сырттай бәрі жұмыс істеп тұрғандай көрінеді, бірақ ең маңызды жерлерде үзіліс бар.
Мемлекеттен тыс қолдау жүйесін дамыту ұсынысы қисынды көрінеді. Логикасы қарапайым - жүктемені бөлісу. Қауымдастық қорлары жылдам шешім қажет жерлерді алады, себебі олар жергілікті жағдайды жақсы біледі. Ал ру-тайпалық қорлар ұзақ әрі қымбат мәселелерді жабады - білім, емдеу, адам капиталына инвестиция. Бұл мемлекет баяу әрі икемсіз болатын тұстарды толықтыру әрекеті.

Бірақ дәл осы жерде жүйелік тәуекел пайда болады. Егер нақты ереже болмаса, мұндай механизмдер бір-бірін қайталайды, ресурстар үшін таласады, жауапкершілік бұлдырайды. Тағы бір маңызды қауіп - көмек жүйесінің өзгеруі. Яғни барлығына бірдей қолжетімділік емес, байланысқа қарай бөліну басталуы мүмкін.

Шешім идеяның өзінде емес, оны қалай құруда. Бірыңғай цифрлық платформа болмаса, ашық есеп беру болмаса, тиімділікке емес, жиналған ақша көлеміне ғана қаралса - бұл модель кеңейе алмайды. Керісінше, ол жүйені бөлшектеп жібереді, мемлекетке көмектеспейді.

Бұл тақырып бойынша толық талдау, шектеулер мен нақты қандай жағдайда жұмыс істей алатыны туралы сараптаманы колонкадан оқуға болады.

Даулет Жамбайбеков, тәуелсіз сарапшының пікірін сілтеме арқылы оқи аласыз: https://economykz.org/?p=25521&lang=kk
❤2👍2
Мен бақыттымын, сенің де бақытты болғаныңды қалаймын. Мен өте бақыттымын. Мен сенің жаныңда оянып, сенің жаныңда көз ілемін. Басқа ештеңені білгім де келмейді. Екеуміз туралы ойлаған кезде менің санамда күміс қоңырау сыңғырлайды, кейде тіпті скрипка ойнайды. Біз екеуміз-ақ мына көшені толтырып тұрамыз, бізбен бірге ол әуенге толып тұрғандай болады, кей уақытта жұрттың дауысы да еміс-еміс естіледі және кинодағыдай кадрлар жүріп жатады, бірақ әуен өшпейді. Ол әрдайым менің жадымда.

Эрих Мария Ремарк «Салтанат қақпасы»

https://t.me/kitapuzindisi
❤9
Қадірлі, оқырмандар!

Сіздерді жырмен өрілген әсерлі кешке шақырамыз. Сағат 22:00-де бас қосып, жүрекке жақын өлең жолдарымен бөлісіп, көркем сөздің құдіретін бірге сезінейік. Кеш барысында жыр оқылып, әр шумақтан ерекше әсер ала аласыздар. Ал өлең оқып, өнерін паш етемін деген жандар болса мархабат. Жыр кешінде жүздескенше!📖

p.s.Өлең оқығаны ұнаған бір адамға “Белгісіз&ұлы” егізкітабын тарту етемін, бұйырса.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
✉️Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға хат жолдады

🇰🇿🇦🇪Мемлекет басшысы хатында Таяу Шығыстағы қазіргі күрделі ахуал кезінде Біріккен Араб Әмірліктеріне қолдауы мен тілектестігін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның тегеурінді, парасатты әрі көреген басшылығымен БАӘ қауіп-қатерді еңсеріп, қарқынды стратегиялық даму бағдарын жалғастыратынына сенім білдірді.

Қазақстан Президенті дипломатия және сындарлы диалог ұзақмерзімді бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізудің ең сенімді құралы екенін тағы да атап өтті.

Мемлекет басшысының бұл хаты өзара сенімнің жоғары деңгейін, ынтымақтастықтың стратегиялық сипатын және Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері халықтарының арасындағы шынайы бауырластық қарым-қатынасты растайтынын көрсетеді.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2👎1
Бақытсыз адамға қалада түру жеңілірек. Адам қалада жүз жасаса да, өзінің әлдеқашан өліп, сүйегі шіріп кеткенін де байқамауы мүмкін. Өзіңді өзің сарапқа салуға уақытың жоқ, қол тимейді.

Лев Толстой «Крейцер сонатасы»

https://t.me/kitapuzindisi
❤7
ӨНІМДІЛІК ӨСІП ЖАТЫР, АЛ МАМАНДЫҚ ӨЗ БАҚЫЛАУЫН ЖОҒАЛТЫП БАРАДЫ

Генеративті ЖИ мұғалімнің жұмысын жылдамдатып жатыр. Бірақ сонымен бірге бұл мамандықтың табиғатын да өзгертіп келеді. Уақыт үнемдеу әсері қазірдің өзінде көрініп тұр. Ал оның ұзақ мерзімдегі салдары әлі толық бағаланған жоқ.

OECD деректері бойынша, мұғалімдердің 37%-ы ЖИ пайдаланады. Англияда ол сабаққа дайындалу уақытын 31%-ға қысқартады. Жас мұғалімдер үшін бұл оқушы нәтижесін айтарлықтай жақсартады. Жүйе бұрынғыдан тиімдірек көрінеді. Бірақ осы тиімділіктің астарында бір маңызды өзгеріс бар: мұғалім өз бетінше шешім қабылдайтын маманнан дайын шаблондарды қолданатын адамға айналып барады.

Негізгі айырма ЖИ-ді қалай қолдануда жатыр. Егер ЖИ жоспарлауды, тексеруді және кері байланысты өз мойнына алса, онда оқу процесін бақылау біртіндеп адамның қолынан кетеді. Ал ЖИ тек күнделікті, қайталанатын жұмысты жеңілдетіп, негізгі шешімдер мұғалімде қалса, нәтиже әлдеқайда тұрақты болады. Ең тиімді модель - адам мен ИИ-дің бірге жұмыс істеуі. Бірақ ол үшін еңбекті ұйымдастыру тәсілі де, мұғалімді даярлау жүйесі де өзгеруі керек.

Мұндағы экономикалық логика қарапайым. Бүгін уақыт үнемдеу ой еңбегінің бір бөлігін алгоритмге берудің есебінен болып жатыр. Егер бұл тұрақты әдетке айналса, кәсіби дағды қайта қалыптаспайды. Соның салдарынан мамандықтың ішкі тереңдігі азаяды, ал бүкіл жүйе сыртқы интеллектіге тәуелді бола бастайды.

Мәселе ЖИ-дің пайдасында емес. Мәселе - шекараның қай жерде өтетінінде. Бір жерде ол мұғалімді күшейтеді, ал бір жерде оның орнын білінбей тарылта бастайды. Білім беру жүйесі дәл осы айырманы уақытында түсінбесе, бүгінгі өнімділік ертең кәсіби әлсіреуге айналуы мүмкін.

Мақалада ЖИ қай тұста жұмысты жеңілдететінін, қай тұста кәсіби сапаны әлсірете бастайтынын, неге оның әсері бәріне бірдей емес екенін және білім саласында өнімділік ұғымы қалай өзгеріп жатқанын талдаймыз.

Мақаланы сілтеме арқылы оқи аласыз: https://economykz.org/?p=25623&lang=kk

😄 ECONOMYKZ.ORG: өмір цифрлармен

Portal | Facebook | Telegram
❤3
... БЕКЕР МАЛ ШАШПАҚ!

"Паркинсон заңдары" дегенді естіп пе едіңіз? Со жердегі екінші заңда - "адам қанша тапса да жетпейді, көп тапқан сайын көп жұмсайтын болады" делінген...

Естеріңізге бірдеңе түсті ме? Менің есіме өзім түстім.

Мен 13 000₸ айлыққа, 45 000₸ айлыққа, 150 000₸ айлыққа, 250 000₸ айлыққа және 470 000₸ айлыққа жұмыс істеп көрдім - әм табысым қалай көтерілсе де аяқ астынан байып кеткем жоқ. Үйткені, қанша көп тапсам сонша мағынасыз жұмсауды меңгере бастадым...

Айналаңа қара!
Миллион теңге жалақы алатын қазақтар бар;
Жүз жиырма мың теңге айлық алатын қазақтар бар.

Екеуіне де жетпей жүреді үнемі. Миллион алатын қазақ жүз мың алатын қазақпен салыстырғанда шалқып жүруі керек қой?! Жоооқ, олай емес, екеуінің де шекелері тырысып жүр...

Аранжывый айфон алып жүрген де қазақ;
Мұхит жағалап құм кешіп жүрген де қазақ;
Салоннан салафанымен мәшін айдап шығып жатқан да қазақ;
Үй алып, ас та төк той жасап жатқан да осы қазақ...

Тфә, тфә... Бар жақсы. Жоқ болғаннан бар болған жақсы.
Тек "... бекер мал шашпақ" жаман да. Әлі арыла алмай келеміз осы дерттен...

Тойда әлі 700 адам жүр;
Звезда шақырып, үш әнге 5 млн бере салу әлі сән;
Кортеж, тойбастар, салтанат асыратын тағы толып жатқан салпыншақтар - шынымен керек пе осының бәрі?!

Шынымен-ақ, балдардың бақытты боп кетуіне септесе ме осы шашылған дүнияның бәрі?!

10 - 15 миллионға шашылып той жасайтын қазақ одан да сол ақшаны жас отауға үй алып беруге неге жаратпайды???

Жо-жоқ... Айта көрмеңіз. "Пәленшекең тойындағы салтанатты-ай, дастарханды-ай, тамаданы-ай, әншілерді-ай" дегізу керек қой бізге...

Осы сана өзгермесе - бәрі зая дүр!

Пікір иесі: Алмас Алтай (facebook)

(Автордың орфографиясы мен пунктуациясы сақталды)

@qarzhylyq_sauat
👍18❤6