АРИСТОКРАТ
18.7K subscribers
780 photos
120 videos
525 files
1.03K links
📚 Ұлттық буржуазияға арналған арна. Интеллектуалдардың ортасы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

📍Реклама @dalareklanabot
Download Telegram
Бақытсыз адамға қалада түру жеңілірек. Адам қалада жүз жасаса да, өзінің әлдеқашан өліп, сүйегі шіріп кеткенін де байқамауы мүмкін. Өзіңді өзің сарапқа салуға уақытың жоқ, қол тимейді.

Лев Толстой «Крейцер сонатасы»

https://t.me/kitapuzindisi
❤7
ӨНІМДІЛІК ӨСІП ЖАТЫР, АЛ МАМАНДЫҚ ӨЗ БАҚЫЛАУЫН ЖОҒАЛТЫП БАРАДЫ

Генеративті ЖИ мұғалімнің жұмысын жылдамдатып жатыр. Бірақ сонымен бірге бұл мамандықтың табиғатын да өзгертіп келеді. Уақыт үнемдеу әсері қазірдің өзінде көрініп тұр. Ал оның ұзақ мерзімдегі салдары әлі толық бағаланған жоқ.

OECD деректері бойынша, мұғалімдердің 37%-ы ЖИ пайдаланады. Англияда ол сабаққа дайындалу уақытын 31%-ға қысқартады. Жас мұғалімдер үшін бұл оқушы нәтижесін айтарлықтай жақсартады. Жүйе бұрынғыдан тиімдірек көрінеді. Бірақ осы тиімділіктің астарында бір маңызды өзгеріс бар: мұғалім өз бетінше шешім қабылдайтын маманнан дайын шаблондарды қолданатын адамға айналып барады.

Негізгі айырма ЖИ-ді қалай қолдануда жатыр. Егер ЖИ жоспарлауды, тексеруді және кері байланысты өз мойнына алса, онда оқу процесін бақылау біртіндеп адамның қолынан кетеді. Ал ЖИ тек күнделікті, қайталанатын жұмысты жеңілдетіп, негізгі шешімдер мұғалімде қалса, нәтиже әлдеқайда тұрақты болады. Ең тиімді модель - адам мен ИИ-дің бірге жұмыс істеуі. Бірақ ол үшін еңбекті ұйымдастыру тәсілі де, мұғалімді даярлау жүйесі де өзгеруі керек.

Мұндағы экономикалық логика қарапайым. Бүгін уақыт үнемдеу ой еңбегінің бір бөлігін алгоритмге берудің есебінен болып жатыр. Егер бұл тұрақты әдетке айналса, кәсіби дағды қайта қалыптаспайды. Соның салдарынан мамандықтың ішкі тереңдігі азаяды, ал бүкіл жүйе сыртқы интеллектіге тәуелді бола бастайды.

Мәселе ЖИ-дің пайдасында емес. Мәселе - шекараның қай жерде өтетінінде. Бір жерде ол мұғалімді күшейтеді, ал бір жерде оның орнын білінбей тарылта бастайды. Білім беру жүйесі дәл осы айырманы уақытында түсінбесе, бүгінгі өнімділік ертең кәсіби әлсіреуге айналуы мүмкін.

Мақалада ЖИ қай тұста жұмысты жеңілдететінін, қай тұста кәсіби сапаны әлсірете бастайтынын, неге оның әсері бәріне бірдей емес екенін және білім саласында өнімділік ұғымы қалай өзгеріп жатқанын талдаймыз.

Мақаланы сілтеме арқылы оқи аласыз: https://economykz.org/?p=25623&lang=kk

😄 ECONOMYKZ.ORG: өмір цифрлармен

Portal | Facebook | Telegram
❤3
... БЕКЕР МАЛ ШАШПАҚ!

"Паркинсон заңдары" дегенді естіп пе едіңіз? Со жердегі екінші заңда - "адам қанша тапса да жетпейді, көп тапқан сайын көп жұмсайтын болады" делінген...

Естеріңізге бірдеңе түсті ме? Менің есіме өзім түстім.

Мен 13 000₸ айлыққа, 45 000₸ айлыққа, 150 000₸ айлыққа, 250 000₸ айлыққа және 470 000₸ айлыққа жұмыс істеп көрдім - әм табысым қалай көтерілсе де аяқ астынан байып кеткем жоқ. Үйткені, қанша көп тапсам сонша мағынасыз жұмсауды меңгере бастадым...

Айналаңа қара!
Миллион теңге жалақы алатын қазақтар бар;
Жүз жиырма мың теңге айлық алатын қазақтар бар.

Екеуіне де жетпей жүреді үнемі. Миллион алатын қазақ жүз мың алатын қазақпен салыстырғанда шалқып жүруі керек қой?! Жоооқ, олай емес, екеуінің де шекелері тырысып жүр...

Аранжывый айфон алып жүрген де қазақ;
Мұхит жағалап құм кешіп жүрген де қазақ;
Салоннан салафанымен мәшін айдап шығып жатқан да қазақ;
Үй алып, ас та төк той жасап жатқан да осы қазақ...

Тфә, тфә... Бар жақсы. Жоқ болғаннан бар болған жақсы.
Тек "... бекер мал шашпақ" жаман да. Әлі арыла алмай келеміз осы дерттен...

Тойда әлі 700 адам жүр;
Звезда шақырып, үш әнге 5 млн бере салу әлі сән;
Кортеж, тойбастар, салтанат асыратын тағы толып жатқан салпыншақтар - шынымен керек пе осының бәрі?!

Шынымен-ақ, балдардың бақытты боп кетуіне септесе ме осы шашылған дүнияның бәрі?!

10 - 15 миллионға шашылып той жасайтын қазақ одан да сол ақшаны жас отауға үй алып беруге неге жаратпайды???

Жо-жоқ... Айта көрмеңіз. "Пәленшекең тойындағы салтанатты-ай, дастарханды-ай, тамаданы-ай, әншілерді-ай" дегізу керек қой бізге...

Осы сана өзгермесе - бәрі зая дүр!

Пікір иесі: Алмас Алтай (facebook)

(Автордың орфографиясы мен пунктуациясы сақталды)

@qarzhylyq_sauat
👍18❤6
Олжас Бектенов Президенттің тапсырмаларын орындау аясында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру бойынша кеңес өткізді

📌 Премьер-министр Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында алға қойған міндеттері аясында «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» жобасының қазіргі жағдайы жөнінде кеңес өткізді.

Жиында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Павлодар облысының Екібастұз қаласында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру шеңберінде жер учаскелері айқындалып, негізгі келісімдер жасалды, сондай-ақ қуаты 215 МВт болатын қосалқы станса сатып алынды. Аталған шаралар жобаның энергетикалық инфрақұрылымының негізін қалыптастырады.

Кеңес барысында инвесторлар үшін одан әрі қажетті жағдай қалыптастыру аясында энергиямен жабдықтаудың жеңілдетілген тарифтік моделі бекітіліп, тиісті инвестициялық және салықтық преференциялар белгіленді.

Бағдат Мусин халықаралық технологиялық және инвестициялық компанияларды тарту бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқанын баяндады. АҚШ, Қытай және Үндістан елдерінен «бұлтты» есептеу, үлкен деректерді өңдеу және ЖИ салаларында жұмыс істейтін 20-дан астам hyperscale-компаниялармен келіссөздер жүргізілді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша 100 МВт-тан жоғары қуатқа алдын ала сұраныс қалыптастырылды. Сонымен қатар «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасының жалпы әлеуеті 1 ГВт-қа дейін жетеді және ірі «зәкірлік» клиенттерді орналастыруға есептелген.

Жалпы алғанда, «ДӨО алқабы» жобасын жүзеге асыру Қазақстанда ірі өңірлік цифрлық хабты қалыптастыруға және әлемдік жетекші технологиялық компанияларды тартуға бағытталған.

Премьер-министр қажетті нормативтік шешімдерді қабылдауды жеделдетуді және жобаның барлық кезеңдерінің белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4
Ұзақ уақыт қалыптасқан өмір тәртібін өзгерте қою оңайға түспес... Есік-терезесін өзің ғана ашып, өзің жауып жүрген әлеміңе бөгде жанды кіргізу – үйіңе құйын кіріп кеткенмен пара-пар.

Заман Самалбекұлы «Тірілген тастың күбірі»

https://t.me/kitapuzindisi
❤11
🔔 Жыл басынан бері банктердің басым бөлігінің акциялары арзандап жатыр
2026 жылы банктердің табыстылығы төмендеп, қатаң реттеу шараларының (салықтардың өсуі, резервтік талаптардың күшеюі) әсерінен пайдасы қысқаруда. Қарастырылған банктердің ішінде жыл басынан бері тек біреуінің акциясы ғана қымбаттаған.
✌️ Freedom Holding Corp. +33,6%
🏦 Halyk +8,1%
🏦 БЦК -3,4%
🏦 Kaspi -5,1%
🏦 Forte -6,5%
❤2
Паркинсон заңы: неге көп тапқан сайын, ақша құмға сіңгендей жоқ болады?

Адамның қиялында шек жоқ қой. Біреу көшеден ақша толы чемодан тауып алғысы келсе, енді біреу: «Шіркін, айлығыма бір-екі жүз мың қосылса ғой, бүкіл мәселем шешілер еді» деп армандайды. Бірақ, қызық болғанда, табыс өсуін өскенімен, проблема сол күйі қала береді екен. Егер көбейіп кетпесе. Неге қалта тесіле береді? Оның құпиясын Сирил Паркинсон 1955 жылы ашып қойыпты.

Паркинсонның екінші заңы былай дейді: «Шығын табысыңа қарай өсе береді».

Яғни, қанша тапсаң — сонша жұмсайсың. Ақшаң көбейген сайын тәбетің ашылып, «хотелкаларың» да көбейе береді.

200 мың тапқан адам — соған өмір сүреді, 1 миллион тапса — 1 миллионға өмір сүреді. Өйткені адамның табысы өскен сайын оның «қажеттіліктері» де «әкел-әкел» деп қылғытып жұта береді екен.

Ақша мен мидың байланысы

Ақша миға тез сигнал беретін көрінеді. Ақша көбейе ме, сол кезде адамның миы да жаңа «деңгейді» қалап тұрады дейді. Мысалы, бұрын қалта көтеретін қарапайым кофе ішіп жүрсеңіз, енді Starbucks-ке ауысасыз. Бұрын автобуспен жүрген адам бизнес-таксиге отыра бастайды. Бұрын киімді «скидкамен» алсаңыз, енді брендтерді жағалайсыз. Солай кете береді.

Психологияда оны «Гедонистік бейімделу» (Hedonic Adaptation) деп атайды. «Адам жақсыға тез үйренеді» дегеннің ғылыми атауы — осы. Яғни біз жанға жайлы жаңа деңгейге тез үйренеміз де, оны «қалыпты жағдай» көреміз. Соңында табыс 5 есе өссе де, қалта баяғыдай бос қалады.

Өмірден қандай мысал бар?

Статистика өте қатал: лотерея жеңімпаздары мен миллиондаған доллар гонорар алатын жұлдыздардың көбі банкрот болатын көрінеді. Себебі олар өз-өзіне есеп бере алмаған. Табыс табуын табады, бірақ шығынына ие бола алмайды.

Аты аңызға айналған Майк Тайсонның мысалын алайық. Ол өзінің кәсіби мансабында 400-500 миллион доллар таза табыс тапқан. Бірақ 2003 жылы банкрот болып қалады. Неге? Өйткені ақшасын оңды-солды шашты. Тамыр-таныстың бәріне жүз мыңдаған долларға сағат, көлік дегенді сыйлай берді. Үйіне алтын жалатылған ванна орнатып, 3 жолбарыс асыраған (сатып алған). Сондай бірдеңелері бар.

Түк ақша әкелмейтін, тек шығынды көбейтетін нәрсеге ақшаны шаша берген, шаша берген. Қысқасы, Тайсон Паркинсон заңының құрбаны болған ғой.

Паркинсон заңын қалай жеңеміз?

✍️ Табыстан өсім бар ма? Кемі жартысын сақта! Яғни, жалақы 100 мың теңгеге өссе, соның 50 мыңын «көрмегендей» болуың керек. Бірден депозитке немесе табыс әкелетін инвестицияға бағыттауға болады. Қалған 50 мыңын керек-жараққа жұмсайсың.

✍️ Шығынды да қолмен тежеп үйрену керек екен. Табыс өскен жағдайда да, өмір сүру деңгейін бірден көтермеу керек. Ол кезде өзіңді жоғалтып алуың мүмкін.

✍️ «48 сағат» ережесі де бар. Табысы көбейген адам бірден қымбат дүние сатып алуға асығып жатады. Өйткені мүмкіндігім бар деп ойлайды. Сол сезімді ұстау үшін көп ақша жұмсайтын сауданы 48 сағатқа шегеріп қойған дұрыс дейді. Сол уақытта адамның эмоциясы басылады. Тіпті кей жағдайда алғың келген зат керек емес болып қалуы мүмкін.

🧠 Адам егер Паркинсон заңына ерік беретін болса, миллиардер болса да ақшасының берекетін көре алмайды дейді. Сондықтан, ақшаға ие болу үшін де белгілі бір тәртіпке бағынуға тура келеді. Сен оны қала-қалама, тәртіпсіз тиын құралмайтынын түсіну керек. Өз-өзіңді тежеу, есеп беру, ойлану, эмоцияны басқару — бәрі керек дүние екен.

Ал, енді айтыңыз, ақша жұмсауға сіз қалайсыз?

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ»
https://t.me/qarzhylyq_sauat
❤12
Forwarded from Invintel
Мұхтар Шаханов атамызды Аллаһ рахметіне алсын. КСРО кезінде қайсарлықпен билікке қарсы тұрып, тура сөзді айтып, желтоқсаншылардың сөзін сөйлеген адам ретінде, Қазақстанда жер реформасы кезінде шетелдіктерге сатылмасын деп қозғалыстың алдында жүрген адам ретінде есімде.
❤35
Forwarded from Dala Sport
Бавария тағы да Германия чемпионы. 35-ші рет

Мюнхендік клуб бұл титулды қатарынан екінші маусымда алып отыр!

Кеше Бавария Бундеслиганың 30-турында Штутгартты жеңіп, чемпион болды.

Чемпионаттың аяқталуына әлі төрт тур бар, бірақ Бавария 79 ұпай жиды, Боруссия Дортмунд 64 ұпайымен бұларға жете алмайды.

Биыл мюнхендік клубтың Чемпиондар лигасының бас кубогын да алып алатын түрі бар!!!

🏆https://t.me/dalasport
БЦК клиенттері AnyDesk пен TeamViewer-ді өшіру талабына шағымдануда

ЦентрКредит банкі пайдаланушылары жаңа қауіпсіздік шарасына наразылық білдіруде. Себебі bcc.kz қосымшасы телефонда қашықтан қол жеткізу бағдарламалары (AnyDesk, TeamViewer, HopToDesk немесе RuDesktop) орнатылған болса, қосымшаны бұғаттауы мүмкін.

Бірақ бұл дұрыс. Қазір алаяқтар адамдардың телефондарына қашықтықтан басқаратын бағдарламалар орнату арқылы олардың ақшасын ұрлап, кредит алуға мәжбүрлеуде.

ЦентрКредит банкі бұл шара алаяқтықпен күреске бағытталғанын түсіндіреді. Қосымшаны пайдалануды жалғастыру үшін қолданушыларға мұндай бағдарламаларды өшіру ұсынылады.
👍1
Құқық бұзушылықтың алдын алу: Астанада бейнебақылау камераларының саны бір жылда екі есеге артты

📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елорданың көлік жүйесін дамыту және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

«Көлік жағдайын жақсарту және қауіпсіздікті арттыру мақсатында көлік жүйесін дамытудың кешенді бағдарламасы жүзеге асырылуда. Автотұрақ кеңістігін, көлік ағындарын, бағдаршамдық реттеуді, эвакуациялауды, көліктік жоспарлауды және жазатайым оқиғалар санын азайту жөніндегі өзге де шараларды үйлестіру үшін жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы – Бірыңғай оператор құрылды. Орталық интеллектуалды көлік жүйесімен (ITS) жол қозғалысын басқаруды қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда 818 бағдаршамның 582-сі бейімделген. Биыл бейімдеу толығымен аяқталады деп жоспарлануда»,
— деді Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар елордада жаңа бағдаршамдар орнату жұмыстары жалғасуда. Presight AI Ltd компаниясымен бірлесіп, бейнебақылау инфрақұрылымы жаңғыртылуда. Биыл 1200 жол қозғалысы ережесін бұзуды есепке алу жүйесін пайдалануға мүкіндік беретін Smart City жобасы іске қосылды. 60 мыңнан астам камера бірыңғай ахуал орталығымен біріктіріледі.

Әкімнің мәліметтерге сәйкес, қаладағы бейнебақылау камераларының саны бір жылда 2 есеге артып, 60 мың бірлікке жетті. Жаңғырту нәтижесінде автоматты түрде тіркелетін бұзушылықтар саны 4-тен 15-ке дейін артады, сондай-ақ жасанды интеллект негізінде бейне талдаудың 35 түрі енгізіледі деп күтілуде. Бұл елордадағы жол-көлік оқиғалары санын азайтуға мүмкіндік береді.
❤3
Forwarded from UKIMET
Салық кодексіне түзетулер тобы Жобалық кеңсенің 12-ші отырысында қаралды

📌 Үкімет жанындағы Жобалық кеңсенің отырысында Салық кодексіне кезекті түзетулер тобы, оның ішінде қаржы секторына қатысты мәселелер қаралды.

Жобалық кеңсенің ақпандағы отырысында қаржы секторында жаңа Салық нормасын қолдануға байланысты 38 мәселе қаралған болатын. Мемлекеттік бюджет кірістері мен салықтық әкімшілендіруге әсерін тексеру үшін оның 7-еуі тағы да пысықтауға жіберілді. Талқылаудың қорытындысында үш мәселе түпкілікті шешім қабылдау үшін осы отырысқа шығарылды.

Бірінші мәселе 17-ші қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына (ҚЕХС) көшуге байланысты сақтандыру компаниялары үшін корпоративтік табыс салығы бойынша салық жүктемесінің өсуіне қатысты.

Екінші мәселе, Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы бастамашылық еткендей факторингтік операцияларды қосылған құн салығынан босатуға қатысты.

Үшінші мәселе резидент еместердің бағалы қағаз операцияларынан түскен табыстарына салық салуға қатысты.

***

Пакет поправок в Налоговый кодекс рассмотрен на 12-м заседании Проектного офиса

📌 На заседании Проектного офиса при Правительстве рассмотрен пакет поправок в Налоговый кодекс, а также вопросы, касающиеся финансового сектора.

В феврале в рамках заседания Проектного офиса было рассмотрено 38 вопросов, связанных с применением новых налоговых норм в финансовом секторе. Из них 7 направлены на дополнительную проработку с учетом их влияния на доходы государственного бюджета и налоговое администрирование. По итогам обсуждений три вопроса вынесены на текущее заседание для принятия окончательных решений.

Первый вопрос касался роста налоговой нагрузки по корпоративному подоходному налогу для страховых компаний в связи с переходом на международный стандарт финансовой отчетности МСФО 17.

Второй вопрос, инициированный Ассоциацией финансистов Казахстана, касался освобождения факторинговых операций от налога на добавленную стоимость.

Третий вопрос касался налогообложения доходов нерезидентов от операций с ценными бумагами.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from DALA INSIDE
💡 Қаржы нарығында депозит кредиттен 4,5 триллион теңгеге озып кетті

Қазақстанның банк жүйесінде парадоксалды, бірақ маңызды сигнал қалыптасты. Ақша ағыны жұмсалудан көрі жинақталуға бет алған.

Биылғы сәуір айында екінші деңгейлі банктердегі депозиттердің жалпы көлемі шамамен 47,2 трлн теңгеге жетті, ал кредит портфелі 42,6 трлн теңгені құрады. Яғни, банктердегі жиналған ақша берілген несиеден айтарлықтай көп.

Бұл өсімнің негізгі көзі қарапайым халық болып отыр. Жеке тұлғалардың депозиттері тұрақты түрде көбейіп, 2026 жылдың басында 17,4 трлн теңгеге жетті. Ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша олар бір жылда 15,8%-ға өсіп, 26,2 трлн теңгені құраған еді.

Ал бизнес депозиттері керісінше біркелкі емес динамика көрсетіп отыр. Жыл басында олар азайып, қазір шамамен 13,9 трлн теңге деңгейінде тұрақтанды. Бұл бизнестің ақшаны банкте ұстап отырмағанын немесе айналымға жіберіп жатқанын білдіреді.

Ең басты тренд - халыққа кредит беру қарқыны қатты баяулады. Мысалы, 2026 жылдың ақпан айында жалпы кредит портфелінің өсімі небәрі 0,4% болды. Ал халыққа кепілсіз несие беру кемінде 10 пайызға төмендеді.

Кредит беру азайғандықтан, соңғы айларда банктердің Қазақстан Ұлттық Банкі құралдарына ақша салуы күрт өсті. Қысқа мерзімді, кепілмен қамтамасыз етілген операциялар (РЕПО) арқылы табыс табу белсенділігі артып келеді.

Бизнеске кредит баяу берілген сайын жаңа жобалар да баяу іске асады, инвестиция азаяды, жалпы экономикалық айналым тежеледі. Қарапайым тілмен айтсақ, қазір Қазақстанда ақша бар, бірақ ол толық айналымға түспей отыр. Банктер тәуекелден қашып, қорғаныс режиміне көшкен. Бұл қысқа мерзімде тұрақтылықты сақтауы мүмкін. Бірақ арты жақсылыққа апармайды.

https://t.me/dalainside
❤3
Адам өмірі қандай қысқа?! Бірақ тірі пенде соны ойламауға тырысып, өзін алдарқату үшін неше түрлі қарбалас қам-қарекет, бітпес, таусылмас ермектер тауып жүреді. Ал шындап ой жіберсең, тірліктегі қызық-қуаныш, талас-тартыс, жеңіс-жеңіліс дегендерің — өзіңді-өзің емексіткен, жай күн өткізудің амалы сияқты.

Қабдеш Жұмаділов «Тағдыр»

https://t.me/kitapuzindisi
❤5👍4
Сіздер қандай кітап парақтап жатырсыздар?
❤10
Банк шоты бұғатталса, «паникаға» түсудің қажеті жоқ

Осы жайында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің кеңесі бар. Соған үңіле отырайық.

Бұл өзі кез келген адамның басынан өтуі мүмкін жағдай. Дүкенде кассада тұрсың, кенет, карта жұмыс істемей қалады. Осындайда нақты істеу керек екенін біліп жүрейік.

Карта неге бұғатталуы мүмкін?

Мысалы, шотыңа шетелден ірі көлемде ақша түсуі мүмкін. Я болмаса, өзге елден аударымдар жиі түсе бастайды. Банк ол операцияларға күмәнданады. Ондайда қаржы ұйымы «бұл қайдан келіп жатқан ақша?» деп сақтандыруы мүмкін.

Шот иесінің салыққа берешегі болуы мүмкін. Төленбей жатқан айыппұлдары бар шығар. Мемлекеттік органдар, сот орындаушылар талап қойса, шот бұғаталады.

Қауіпсіздік үшін де бұғаталуы мүмкін. Үш рет терілген ПИН-код қате болса немесе картаның мерзімі аяқталса, ол да өз алдына бір себеп.

Техникалық қате боп тұратынын да ұмытпау керек. Банк жүйесіндегі ақауларды айтамын. Сол үшін шот бұғатталып қалса, ең алдымен хабарламаларды тексеріп шыққан дұрыс. Банктің мобильді қосымшасына кіріп қарар болсақ, көбіне себебі сонда жазылып тұрады.

Дұрысы — банкке хабарласу. Колл-орталыққа қоңырау шалып білуге де болады, бөлімшеге де баруға болады. Солай ғана шоттың не үшін бұғатталып қалғанын, себебін сұрай аламыз.

Егер банк ақшаның қайдан келгенін сұрай қалса, оны дәлелдейтін құжаттардың да қолда болғаны жақсы. Ол анықтама бола ма, келісімшарт бола ма, көрсетуге дайын болу керек.

Жалпы, мұндайда банкті ескертіп қойған да артық емес. Егер ірі көлемдегі ақшамен қандай да бір операция жоспарлайтын болсаңыз, оны алдын ала банкке хабарлап қойған жөн.

Борышкер емессіз бе?

Бұл да маңызды мәселе. eGov.kz немесе салық төлеуші кабинетіне кіріп көру керек. Сол жерде берешектерді тексере аламыз.

Қалай сақтанған дұрыс?

Жеке шотты бизнеске араластырмаған жақсы. Кәсіпкерге жеке картаны саудада қолданбаған дұрыс.

Қарызды уақытында өтеп тұрған жөн. Салық пен айыппұлды жинап қоймаңыз, олар ерте ме, кеш пе шотты бұғаттап тастауға себеп бола қалады.

Жеке басты куәландыратын құжаттардың да мерзімін бақылап қою керек. Егер олардың да жарамдылық мерзімі өтіп кетсе, банк шотты автоматты түрде жауып тастауы мүмкін.

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ»
https://t.me/qarzhylyq_sauat
❤7