АРИСТОКРАТ
18.7K subscribers
780 photos
120 videos
525 files
1.03K links
📚 Ұлттық буржуазияға арналған арна. Интеллектуалдардың ортасы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

📍Реклама @dalareklanabot
Download Telegram
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді

🟦Қасым-Жомарт Тоқаев қор жұмысымен танысты. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасына сай отандық креативті секторды қолдаудың негізгі институты ретінде құрылған.

🟦Президентке жаңа кеңістіктің шығармашыл жастар, инвесторлар мен туристер бас қосатын орынға айналатыны жөнінде баяндалды.

🟦Шоурум форматында безендірілген кеңседе креативті өнім әзірлеудің толық циклі көрсетілген. Сол арқылы көпшілік қарапайым идеяны өндіріске айналдыруға дейінгі шығармашылық үрдістің қалай жүргізілетінін тамашалай алады.

🟦Мемлекет басшысы зергерлік және ағаш шеберханаларын, музыка, кілем тоқу, бейнелеу өнері залдарын, fashion-аймақты аралады.

🟦Yurt Capsule – мұндағы негізгі орынның бірі. Бұл кеңістікте киіз үйдің дәстүрлі формасы технологиялық тұрғыдан жаңа кейіпке енген. Жоба цифрлық өнерді, мультимедиялық контентті және мәдени сторителлингті бір арнаға тоғыстырады.

🟦Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің брендін қалыптастыру тұжырымдамасы жайында мәлімет берілді. Бастама мәдени мұраларымызды заманға сай жаңаша интерпретациялау, креативті индустрияны дамыту және ұлттық бірегейлікті нығайту арқылы еліміздің туристік әлеуетін арттыруды көздейді.

🟦Креативті индустрияны дамыту қоры талантты жастарды іздеп тауып, оларға қолдау көрсету, инвестиция тарту, инфрақұрылымды жетілдіру секілді төрт негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді. Отандық креативті өнімдерді сыртқы нарыққа шығаруға ықпал етеді. Сонымен қатар барлық облыс орталығында ашылған өңірлік хабтардың қызметін үйлестіреді.

🟦Бүгінде Қазақстанның креативті экономика саласында шамамен 48 мың кәсіпкерлік нысан бар. Олар 160 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Индустрияға кино, анимация, геймдевелопмент, цифрлық өнер, сән, дизайн және халықтық қолөнер секілді салалар зор үлес қосуда.
❤2
Әлеуметтік сауалнама дегеніміз қоғамның ішкі ойын, көзқарасын түсінудің ең тиімді құралдарының бірі. Ол халықты мазалап жүрген басты сұрақтарды, өзгерістерге деген шынайы қатынасты, күнделікті өмірде не сезіліп, не байқалып жатқанын ашып көрсетеді.

DEMOSCOPE деген қоғамдық пікірге жедел мониторинг жүргізу бюросы 2026 жылғы 24 ақпан мен 6 наурыз аралығында «Билік институттарына қоғамның сенімі» тақырыбында сауалнама жүргізген екен. Жоба MediaNet және PAPERLAB орталықтарымен бірлесіп, Конрад Аденауэр атындағы қор қолдауымен жүзеге асырылған.
Сауалнаманың қызықты деген жерлерін түртіп алып назарларыңызға ұсынып отырмын. Жалпы, зерттеу нәтижесі қоғамда бір үрдіс қалыптасып келе жатқанын көрсеткен. Яғни мемлекеттік институттарға сенім деңгейі салыстырмалы түрде тұрақтанып келеді.

Жас ерекшелігіне қарай айырмашылықтар бар. Негізінен билік институттарына сенім, қолдау негізінен 18–29 жас аралығындағы жастарда жоғары. Бұл топта президент пен үкіметке сенім деңгейі 72,5%-ке жетеді. Ал 50–59 жастағылар арасында сенім деңгейі төмендеу екен.
Үкіметті ашық сынаудан қорықпаймын дегендердің үлесі 70,8%-ті құрайды. Бұл да қоғамда белгілі бір деңгейде пікір еркіндігі бар екенін көрсетеді. Сонымен қатар жастардың 56,1%-і мемлекет шешім қабылдау процесінде олардың үні естіледі деп сенеді.

Елдің даму бағытына келсек, 44,6% Қазақстан дұрыс жолмен келе жатыр деп санайды, ал 27,8% «дұрыс бағытта шығар» деген пікірде. Жалпы екі пікірде бір-бірімен жақын, сондықтан қосындысында елдің дамуы дұрыс бағытта деген респонденттер 72 пайыздан жоғары деп көрсетуге болады деп ойлаймын.

Сонымен қатар 2022 жылы жарияланған «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасына қатысты респонденттердің 55,6%-і оның биліктің нақты әрекеттеріне сәйкес келетінін айтқан.

Дегенмен зерттеу бір маңызды нәрсені көрсетті: сенім бар, бірақ реформаларға деген сұраныс та жоғары. Яғни қоғам тұрақтылықты қолдайды.
❤2
Қазақстандағы ең танымал банк өнімдерінің бірі – қолма-қол несие.

Оны күнделікті тұрмыстық мәселелерін шешкісі келетіндер таңдайды. Атап айтқанда: техника сатып алу, жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе ағымдағы шығындарды жабу үшін пайдаланылады. Қазіргі таңда тұтынушылық несиеге онлайн өтінімді бірнеше минут ішінде рәсімдеуге болады, сондай-ақ банкке тікелей жүгіну мүмкіндігі де бар.

Алайда рәсімдеу оңай болғанымен, таңдау кезінде барлық жайтқа мұқият назар аударып, бірнеше негізгі ерекшелікті ескерген жөн.

Неге назар аудару керек

Келісімшартқа қол қоймас бұрын тек пайыздық мөлшерлемемен танысып қана қоймай, мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігіне, айыппұлдарға және ықтимал санкцияларға ерекше мән беру қажет.

Сонымен қатар кейбір банктер сақтандыру рәсімдеуді талап етуі мүмкін. Бұл – алдын ала есепке алынуы тиіс қосымша шығын. Ең бастысы – өз қаржылық мүмкіндігіңізді дұрыс бағалап, күтпеген форс-мажор жағдайларының да туындауы ықтимал екенін есте ұстаған жөн. Мұндай жағдайлар төлем қабілетіңізге елеулі әсер етуі мүмкін.
Forwarded from UKIMET
📌 Аптаны жексенбілік дайджесте қорытындылаймыз

🔹 Премьер-министр ҚР Үкіметінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді. Онда референдумда қабылданған Конституцияның нормаларын сапалы және жедел енгізуді қамтамасыз ету үшін «Заң мен Тәртіп» қағидатын бекіту мәселелері, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еліміздегі көші-қон жағдайы және оны реттеу шаралары қаралды.

🔸 Үкімет отырысы

Инклюзивті саясатты жүзеге асыру шаралары қаралды

🔹Олжас Бектенов: біздің міндетіміз – мүмкіндігі шектеулі жандарды жан-жақты қолдау.

🔹 «Самұрық-Қазына» қоры 2020 жылдан бері 100 әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға 700 млрд теңге бөлді.

🔹Өнеркәсіп және Көлік министрліктері 1 маусымға дейін кедергісіз ортаның бірыңғай стандарттарын бекітпек. ЖИ және цифрлық даму министрлігіне инватаксиді бүкіл ел бойынша шақыру үшін павлодарлық студенттердің қосымшасын кеңінен тарату тапсырылды.

🔹 Премьер-министр әкімдердің назарын инклюзивті ортаны жүйелі дамыту және ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін кедергілерді жоюға аударды.

🔹 Үкімет логопедтерді, сурдологтарды және реабилитологтарды даярлауды күшейтпек, сондай-ақ ерекше балалармен жұмыс істейтін педагогтер үшін біліктілік арттыру курстарын ұйымдастырмақ.

🔹 Туризм министрлігі мен әкімдіктерге барлық өңірлерде инклюзивті спорт орталықтарын ашуды жеделдету тапсырылды.

🔹 Денсаулық сақтау министрлігіне «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп аудандық деңгейде оңалту орталықтарын ашу тапсырылды. Үкімет менталдық ауытқуы бар балаларды кешенді сүйемелдеудің халықаралық моделіне көшеді.

🔹 Еңбек министрлігіне 1 қарашаға дейін мүгедек адамдардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер әзірлеу тапсырылды.

***

🔹Олжас Бектенов Астанада ұйымның 70 жылдығына арналған Теміржол ынтымақтастығы ұйымының бас директорлары конференциясының 40-шы отырысына қатысты.

Екіжақты кездесулер

🔹 Премьер-министр қытайлық Shenzhen Energy Environment Co., Ltd компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Ван Ганмен қалдықтарды кәдеге жарату және озық экостандарттарды енгізу саласындағы ынтымақтастықты талқылады.

🔹 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанға ресми сапармен келген Оман Сұлтандығы Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Зиязин бен Хайсам Әл Саидпен кездесті.

***

🔹 Премьер-министр мен вице-премьерлер бастаған Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының қызметкерлері Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында сенбілікке қатысты.

🔹 Қазақстан Үкіметі инвестициялар туралы келісімді мақұлдады: Ақмола облысында астықты терең өңдеу зауыты салынады.

🔸 Премьер-министрдің орынбасарлары

🔹ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Svevind Group компаниясының бас директоры Вольфганг Кропппен кездесу өткізді.

🔹ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Өңірлік экологиялық саммит алаңында ЭЫДҰ Бас хатшысының орынбасары Фабриция Лапекорелла және БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) әкімшісінің орынбасары Хаолян Шумен кездесті.

🔹 Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді.

🔹Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің төрағалығымен еліміздің киберқауіпсіздігін нығайту және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті.

🔹 ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Сириус» федералдық аумағы кеңесінің төрағасымен шығармашылық білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының қызметімен танысты

****

Президент ознакомился с деятельностью Фонда развития креативных индустрий


📍Астана

🎦 t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
Базалық ставка: Біздің нанымызға қалай әсер етеді?

Экономиканы үлкен бір ауыл деп елестетіп көріңізші. Ал Ұлттық банк — сол ауылдағы жалғыз Қамбаның иесі. Ауылдағы бүкіл ақша айналымы осы кісінің қас-қабағына қарап тұр.

Ставка жоғары болса (мысалы, 18%)

Қамба иесі «қаһарына» мінеді. Ол ақшаны екінің біріне бере бермейді. «Ақша керек пе? Онда маған қайтарғанда үстіне еселеп қосып әкелесің» дейді.

Ешкім қарыз алғысы келмейді. Ауылда ақша «тапшы» бола бастайды. Жағдайды түсінген жұрт ақшасын оңды-солды шашпай, әр тиынын санап жұмсайды.

Дүкеншілерден де маза кете бастайды: «Хм, ешкімде ақша жоқ. Сауда жүрмей жатыр. Еттің бағасын тағы көтерсем, ешкім алмайды. Ет сасып кетеді».

Амал жоқ, сатушы бағаны түсіреді немесе сол қалпында ұстауға тырысады. Ауылда баға өспейді. Қымбатшылық тоқтайды.

Ставка төмен болса (мысалы, екі есе — 9%)

Қамба иесінің көңілі жай. «Мә, кімге ақша керек — алыңдар, үстіне аздап тиын қосып қайтарсаңдар болды» деп жомарттық танытады.

Бәрі жаппай қарызға ақша ала бастайды. Бір көршің көлік мінеді, екіншісі үйін жөндеп алады. Ауыл ақшаға қарқ болады.

Дүкенші қарап қала ма, алақан ысқылай бастайды: «Охо, жұртта ақша көп екен!» Кеше ғана келісін 3000 теңгеге сатқан етті бүгін 5000 қылса да өтетінін біледі. Баға «ұшады». Жұрттың қалтасында ақша көп болғанымен, тауар құны екі өсіп шыға келгендіктен, береке болмайды.

Ставка өмірімізге қалай әсер етеді?

Біреулер айтуы мүмкін: «Өөй, менің несием жоқ, маған бәрібір» деп. Жоқ, олай емес! Несиесі жоқ адамның депозиті болуы мүмкін.

Бүгінгі мысалмен ставка 18% болса, банкте депозитте жатқан ақша өзінен-өзі көбейіп жатыр деген сөз. Бұл жерде банк: «Ақшаңды жұмсамай маған әкеліп сақта, мен саған жақсылап сыйақы беремін» деп тұр. Демек, қазір ақша жинауға ең тиімді уақыт.

Ал, керісінше, ставка шарықтап тұрғанда несие алсаң, онда банкке «байлық» сыйлайсың. Сондықтан ставканы бақылау керек. Ол түсті ме — демек, несиенің пайызы да құлайды деген сөз.

Базалық ставка — экономика үшін өзіндік бір «диета». Егер ел «семіріп» (баға өсіп) кетсе, Ұлттық банк ставканы көтеріп, нарықты «диетаға» отырғызады. Егер ел «арықтап» (сауда жүрмей) қалса, ставканы түсіріп, ақша ағынына ерік береді.

Бұдан шығатын түйін:

Ставка жоғары кезде — ақша жинаған тиімді.
Ставка төмендегенде — іс бастап, несие алып, қимылдап қалған жақсы.

Қай уақытта не істеу керегін білу үшін осы ставканы бақылап отыруымыз керек.

Жақсы демалыс болсын!

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ»
https://t.me/qarzhylyq_sauat
❤3
Forwarded from EconomyKZ.org
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ САЛЫҚ ТҮСІМДЕРІНІҢ ДИНАМИКАСЫ

Көбіне салық түсімдерін талдау республикалық немесе өңірлік деңгейде жасалады. Мұндайда жалпы көрсеткіштер ішкі айырмашылықтарды жасырып қояды. Ал аудан деңгейіне түскенде мүлде басқа көрініс ашылады - бір өңірдің ішінде экономикалық база мен салық әлеуеті қатты әркелкі.

2026 жылдың 1 наурызындағы дерекке қарағанда, Ақтөбе облысының жергілікті бюджетіне түскен салық 51,9 млрд теңгені құрады. Бұл 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 299 млн теңгеге аз. Жалпы төмендеу әртүрлі бағыттағы өзгерістердің нәтижесі: корпоративтік табыс салығы бойынша аздап өсім бар (+93,7 млн теңге), әлеуметтік салық айтарлықтай артқан (+1,37 млрд теңге), бірақ жеке табыс салығы айтарлықтай қысқарған (-772,9 млн теңге).

Салық түсімдерінің төмендеуі көптеген аудандарда байқалады:
▪️Хромтау ауданы (-329,2 млн теңге)
⁠ ⁠▪️Мәртөк ауданы (-243 млн теңге)
⁠ ⁠▪️Қарғалы ауданы (-224 млн теңге)
⁠ ⁠▪️Байғанин ауданы (-192 млн теңге)
⁠ ⁠▪️Хобда ауданы (-96 млн теңге)
⁠ ⁠▪️Ырғыз ауданы (-86 млн теңге)
⁠ ⁠▪️Шалқар ауданы (-89 млн теңге)
⁠ ⁠▪️Ойыл ауданы (-62 млн теңге)

Өсім шектеулі аумақтарда ғана бар:
▪️Ақтөбе қаласы (+2,9 млрд теңге)
⁠▪️Әйтеке би ауданы (+417 млн теңге)

Яғни оң динамика негізінен облыс орталығында қалыптасып отыр. Ал аудандарда керісінше салық базасы қысқарып жатыр.

Ақтөбе қаласын есептемегенде, салық түсімдері бойынша аудандар арасында үлкен алшақтық бар. Көшбасшылар: Мұғалжар (3,13 млрд теңге) және Хромтау (3,06 млрд теңге) аудандары

Аутсайдерлер: Ойыл (112,3 млн теңге), Хобда (157,5 млн теңге) және Ырғыз (164 млн теңге)

Корпоративтік табыс салығы бойынша қазіргі көрсеткіштердің бір ерекшелігі бар. Жыл басындағы түсімдер көбіне өткен жылдың нәтижесіне байланысты аванстық төлемдер арқылы түседі. Оны негізінен ірі бизнес төлейді. Ал шағын және орта бизнес арнайы салық режимдерінде жұмыс істейтіндіктен, бұл салықты төлемейді. Сол себепті қазіргі көрсеткіштер нақты қазіргі белсенділікті емес, өткен кезеңдегі табысты көрсетеді. Бұл аудандар арасындағы айырмашылықтың да себебінің бірі.

Толығырақ ақпаратты тәуелсіз Ұлттық экономикалық зерттеулер бюросының материалынан сілтеме арқылы көре аласыз: https://economykz.org/?p=25777&lang=kk

😄 ECONOMYKZ.ORG: өмір цифрлармен

Portal | Facebook | Telegram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Доллар 2026 жылдың соңына қарай 540 теңгеге дейін өсуі мүмкін — сарапшылар

Halyk Finance сарапшыларының пікірінше, Қазақстан валютасы биылғы жылдың соңына қарай әлсіреуі ықтимал.

Талдаушылардың бағалауынша, теңгенің қазіргі нығаюы уақытша сипатқа ие. Бірінші тоқсанның соңында доллар бағамы 478 теңгеге дейін төмендеді, алайда мамандар бұл деңгейді «шамадан тыс қымбаттаған бағам» деп санайды.

«Бағам іргелі экономикалық негізделген деңгейден ауытқыды. Теңгені жоғары базалық мөлшерлеме, БЖЗҚ үшін валюта сатып алудың тоқтатылуы, квазимемлекеттік компаниялардың валюталық түсімді міндетті түрде сатуы және мемлекеттік облигацияларға шетелдік инвестициялардың келуі қолдады. Бұдан бөлек, биржада белгісіз көздерден ірі көлемде валюта ұсынысы байқалды», — делінген есепте.

Halyk Finance болжамынша, теңгеге қысым түсіретін негізгі факторлар мыналар болуы мүмкін: жоғары инфляция, сауда профицитінің қысқаруы, шетелдік инвесторлардың мемлекеттік облигацияларға қызығушылығының бәсеңдеуі, әлемдік нарықтарда доллардың күшеюі және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры тарапынан валюта сатылымының азаюы.
❤1
Forwarded from DALA INSIDE
🚆 Қазақ инвесторлары Арменияның теміржолына қызықпайтынын бейресми каналдар арқылы жеткізді

Енді 2028 жылы концессияны ұзарту бойынша Армения Ресеймен қоян-қолтық келіссөздер жүргізуі тиіс. Немесе француз инвесторларына жобалық ұсыныс жасауы мүмкін. Бірақ Оңтүстік Кавказ теміржолы (ОКТЖ) теміржолы жүйесі өзін ақтап, коммерциалық тиімді активке айналуы үшін кем дегенде 1 миллиард долларлық инвестиция қажет және Зангезур дәлізі, Әзірбайжан мен Түркияны байланыстыратын тармақ салынуы тиіс. Қазіргі Армения мен Грузия арасындағы коридор Транскаспийлік транзиттің қажеттілігін мүлде жаба алмайды.

Бұған дейін Арменияның Премьер-Министрі Никол Пашинян ОКТЖ бойынша Ресей концессиясынан бас тартып, оны Қазақстандық инвесторларға беру мүмкіндігі туралы мәлімдеген болатын. Бірақ артынша Армения тарапы бұл бағыт бойынша ешкіммен ешқандай келіссөздер жүріп жатпағандығын хабарлаған.

«Бейресми контактілер болды. Бірақ біздің инвесторлар бұл жобаның саяси тәуекелі тым жоғары екенін бірден есептеп отырған. Оған тәуекел үшін премияның үлкен болғандығынан ондай жоба қысқа мерзімде коммерциалық жағынан өзін ақтауы тиіс. Бірақ бұл теміржолдар желісі трансшекаралық сипаттан көрі тұйықтық, әшкіармениялық сипатқа ие. Қазір істеп тұрғаны тек Грузиямен мемлекетаралық қатынас қана. Ол барлық транзиттік ағындарды қамтамасыз ете алмайды. Түркияға шығатын Зангезур дәлізі қызық болар еді. Бірақ ол бойынша үлкен саяси шешімдер әлі толық қабылданған жоқ. Детальдар да нақтыланбады», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Арменияның теміржол жүйесі 2008 жылдан бері Ресейдің мемлекеттік «Российские железные дороги» компаниясының еншілес құрылымы арқылы басқарылып келеді. Форматы 30 жылдық концессия. Яғни инфрақұрылым Арменияныкі, ал басқару, қызмет көрсету және жаңғырту ресейлік тарапқа берілген.

Қазір Ресей бүкіл Армения теміржолының жұмыс істеп тұрған негізгі желісін бақылауда ұстап отыр. Бірақ жүйе толық қуатында жұмыс істемейді. Себебі Армения географиясы тұйық. Елдің теміржол арқылы сыртқы әлемге негізгі қақпасы Грузия бағыты ғана. Солтүстік бағыттағы бір ғана желі үзілсе, бүкіл жүйе оқшауланып қалады. 2024 жылғы су тасқыны осы тәуекелді нақты көрсетті.

Инвестиция көлеміне келсек, ресейлік оператор 2008 жылдан бері 145 миллиард драмға (400 млн доллар) дейін қаржы салған. Ақша инфрақұрылым жөндеуге, байланыс жүйесіне, локомотивтер мен вагондарға жұмсалған. Бірақ мәселе енді ақша көлемінде емес, сол инвестицияның қайтарымында болып отыр.

ОКТЖ-ның таза қаржылық моделі күрделі. Жолаушылар тасымалы көбіне шығынды сегмент саналады. Негізгі табыс жүк тасымалынан келуі керек. Бірақ Арменияның ішкі нарығы шағын болғандықтан, үлкен пайда тек транзиттен түсуі мүмкін. Ал транзит үшін шекаралар ашық, саяси режим тұрақты, тариф бәсекелі болуы шарт. Қазір дәл осы үш фактор да әлсіз.


«Российские железные дороги» неге екені белгісіз, Ерасх пен Ахурян маңындағы желілерді модернизациялап, іске қосуға асықпай отыр. Егер олар іске қосылса, Армения Әзербайжан мен Түркия бағытына шыға алар еді. Қазақ инвесторлары егер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пашинян, Путин, Әлиев пен Ердоғанмен саяси келіссөздер арқылы гарантия мәселесін шешсе, Транскаспийлік бағыт аясында инвестиция салуға дайын. Тек мұндай инвестицияға саяси қолдау керек болып тұр.

https://t.me/dalainside
❤4
🔔 Жеке тұлға қандай жағдайда қаржылық тұрғыдан тұрақсыз деп танылады

🇰🇿 ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (АРРФР) құжатында қарыз жүктемесінің деңгейі (барлық қарыздар бойынша төлемдердің таза табысқа қатынасы) қарыз алушының табысына қарай төмендегідей белгіленген:

📌 Табысы 40 АЕК-ке дейін (173 мың теңгеге дейін) — қарыз төлемдеріне табыстың 40%-дан аспайтын бөлігі жұмсалуы тиіс.

📌 Табысы 40-тан 65 АЕК-ке дейін (173 мыңнан 281,1 мың теңгеге дейін) — 50%-дан аспауы керек.

📌 Табысы 65-тен 90 АЕК-ке дейін (281,1 мыңнан 389,2 мың теңгеге дейін) — 60%-дан аспауы тиіс.

📌 Табысы 90 АЕК-тен жоғары (389,2 мың теңгеден жоғары) — 70%-ға дейін, бірақ маңызды шарт бар: қарыз төлемдерінен кейін отбасының әрбір мүшесіне кемінде 15 АЕК (64,8 мың теңге) Астана мен Алматы қалаларында, ал өңірлерде кемінде 10 АЕК (43,2 мың теңге) қалуы қажет.

📌 15 жасқа дейінгі балаларға осы соманың жартысы есептеледі.
❤2
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Чехия Премьер-министрі Андрей Бабиш бірлескен бизнес форумға қатысты

📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Чех Республикасының Премьер-министрі Андрей Бабиш Астанада екі елдің іскер топтары өкілдерінің басын қосқан «Қазақстан-Чехия» бизнес форумына қатысты. Жиында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты, өнеркәсіп кооперациясын дамытуға, сондай-ақ машина жасау, көлік, энергетика, ІТ, авиация өнеркәсібі және басқа да салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға назар аударылды.

Форумға қатысушыларға арнаған алғысөзінде ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов бизнеспен және инвесторлармен диалогті дамыту Қазақстан үшін басым мәнге ие екенін атап өтті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Қазақстан проактивті инвестициялық саясатты жүзеге асыруда және ұзақмерзімді инвесторлар үшін ашық болып қала бермек. Бизнеспен сенімді диалог құру – бұл жұмыстың маңызды бөлігі.

Бүгін қазақстандық және чехиялық компаниялардың көптеген өкілдерін көргеніме қуаныштымын. Бір-біріміздің мықты жақтарымызды пайдалана отырып және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын қарастырып, біз өзара тиімді серіктестік құра аламыз»,
— деп атап өтті Олжас Бектенов.

«Қазақстан, бұл – құрлықтар арасындағы көпір ғана емес, инновациялар мен стратегиялық инвестициялар үшін де жаһандық хаб. Біздің қарым-қатынасымыз өзара сыйластықтың және табысты жобалардың дәлелденген тәжірибесіне негізделген. Қазақстанға деген қызығушылық – біз үшін ұзақ мерзімді стратегиялық басымдық»,
— деп атап өтті Чехия Премьер-министрі Андрей Бабиш.

Жүзеге асырылып жатқан Инвестициялық саясат шеңберінде Қазақстанда бизнес үшін жағдайларды жақсарту бойынша шаралар қабылдануда. «Бәйтерек» холдингі ұлттық инвестициялық холдинг болып қайта құрылды. Kazakh Invest ұлттық компаниясының приоритетті нарықтарға қатысу ауқымы кеңеюде, бірыңғай қолдау орталығы ретінде Kazakhstan Investment House құру жоспарлануда. Бас прокуратура жанынан Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті құрылды. Ірі инвесторлар үшін заңнаманың 25 жылға дейінгі тұрақтылығын қамтамасыз ететін инвестициялық келісімдер көзделген.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде өткен жылы Қазақстан экономикасына тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 14,4%-ға өсіп, жалпы сомасы $20,5 млрд-қа жетті. БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) деректеріне сәйкес, ҚР аумағында нөлден бастап құрылатын жаңа жобаларға $19 млрд тікелей шетелдік инвестициялар салынды (greenfield project). Бұл Орталық Азиядағы барлық өңіраралық салымдардың 89%-ын құрады.

Чех компанияларының Қазақстанмен өзара іс-қимылды кеңейтуге және нарықтағы қатысуын арттыруға қызығушылығы атап өтілді. Өзара табысты іс-қимыл мысалдарының бірі – Škoda Auto компаниясының $8,2 млн-ға автокөлік құрастыру жобасын іске қосуы. BBS кәсіпорны осы жылдың соңына дейін $9 млн-ға жылу алмастырғыш жабдықтар өндірісін бастауды жоспарлап отыр. Энергетикалық секторда бұрын жасалған уран жеткізу туралы ұзақмерзімді келісім шеңберінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-мен ČEZ компаниясының серіктестігі перспективалы болып саналады.

Форум қорытындысы бойынша Қазақстан мен Чехия компаниялары арасында ынтымақтастық туралы 6 меморандумға қол қойылды. Энергетика, көлік, машина жасау, сақтандыру және тағы да басқа салаларда бірлескен кәсіпорындар құру көзделген.

📱 @KZgovernment
Өмір ондай жақсыдан ғана түзілген тәжірибе учаскесі емес, ода бәрі бар, соның жақсысын талғай білу үшін оқимыз, білім аламыз, тәжірибе жинаймыз; сол мақсаттың соңында адасамыз, қиянат көреміз, сонда да бәрібір жеңіп шығу үшін жанталасамыз. Жеңіп шығу үшін өмір тәжірибесін жинаймыз. Жеңіп шығамыз деп өмір сүреміз, сенеміз. Үйренем деген кісі есігінің алдындағы иттің қылығынан да бірдемелер үйренеді, үйрену үшін ештеңеден жиренбейді.

Бексұлтан Нұржекеев «Ерлі-зайыптылар»

https://t.me/kitapuzindisi
❤8
🚆 Астанада LRT картасына онлайн режимде өтінім қабылданып жатыр

28 сәуірден бастап оқушылар мен жеңілдік берілген санаттағы азаматтар LRT атаулы картасын рәсімдей алады.

🔹 Кімдер ала алады?

Астанада оқитын 7-18 жас аралығындағы оқушылар.

Астанада тіркелген және тұрақты адресі бар жеңілдік санатындағы азаматтар.

🔹 Қалай өтінім береді?

Тек онлайн форматта transcard.kz сайты арқылы. Тиісті мәліметтерді толтырып, керек құжаттарды жүктеп, картаны алатын ыңғайлы аудан әкімдігін таңдау керек.

🔹 Құны және алу жолы:

Дайындау құны — 1200 теңге.

Карта дайын болғанда SMS-хабарлама аласыз.

Картаны қаланың 6 аудандық әкімдігінде орналасқан арнайы пункттерден алуға болады.

Бұл атаулы карталар тек LRT-мен жүруге арналған, яғни қалалық автобустарға жарамсыз. Ал, өзге жолаушылар үшін карта мен билеттер станциялар іске қосылған соң қолжетімді болады.

LRT қашан іске қосылады?

Қала әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша:

✅ Жүйенің сынақ жұмыстары аяқталды, ол пайдалануға толық дайын.
✅ Іске қосу жақын уақытқа жоспарланып отыр.
✅ Қазір станцияларға кедергісіз кіру/шығу және төңіректі абаттандыру жұмыстары (әсіресе Тәуелсіздік даңғылынан «Нұрлы жол» вокзалына дейін) жүріп жатыр.

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ»
https://t.me/qarzhylyq_sauat
❤1
ЖІӨ ӨСІП ЖАТЫР, БІРАҚ ТАБЫС ӨСПЕЙДІ - ЭКОНОМИКА ХАЛЫҚТАН АЛШАҚТАП БАРАДЫ

Өсу бар. Бірақ нәтиже жоқ.
Қазақстан соңғы он жылдағы ең жоғары экономикалық өсімдердің бірін көрсетіп отыр.

Бірақ халықтың нақты табысы керісінше төмендеп жатыр. Бұл айырмашылық уақытша емес - ол енді экономиканың жаңа қалыптасқан моделіне айналып барады.

Мәселе өсімнің қайдан және қалай пайда болып жатқанында. Негізгі үлесті шикізат саласы, құрылыс және сауда береді. Олар ЖІӨ-ні өсіреді, бірақ халықтың аз бөлігін ғана қамтиды және өнімділікті айтарлықтай арттырмайды. Соның салдарынан экономика сапа емес, тек көлем есебінен өсіп жатыр.

Еңбек нарығында да дәл осы үрдіс байқалады. Соңғы жылдары жұмыс орындары көбіне қызмет көрсету саласына ауысты. Бұл сектордың өсімі әлсіз әрі ішкі сұранысқа тәуелді. Соның кесірінен табыс өсімі де шектеледі. Жұмыс көбейгенімен, инфляция қысымынан нақты жалақы төмендеп жатыр.

Осындай жағдайда табысты ұстап тұрған негізгі фактор - бюджет. Әлеуметтік төлемдер халықтың табысын уақытша қолдайды, бірақ оны толық алмастыра алмайды. Яғни экономика өздігінен жеткілікті табыс қалыптастыра алмай отыр.
Нәтижесінде ЖІӨ өсімі халықтың әл-ауқатын көрсететін көрсеткіш болудан қалып барады.

Қазақстанда мәселе өсімнің жетіспеуінде емес, сол өсімнің халық табысына жетпеуінде.
Егер экономика өнімділікке және күрделі жұмыс орындарын құруға бет бұрмаса, бұл алшақтық одан әрі ұлғая береді.

Толық мақаланы сілтеме арқылы оқи аласыз: https://economykz.org/?p=25749&lang=kk

😄 ECONOMYKZ.ORG: өмір цифрлармен

Portal | Facebook | Telegram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
Forwarded from Dala Sport
Тұяқбаев - «Ковентри Сити» назарында!

«Азамат Тұяқбаев - «Ковентридің» шорт-листінде бар. Бірақ оған көбірек ойын практикасы және Англияға келер алдын бір клубқа ауысып, дайындалу керек, - деді клубтың скауты (ASnews.kz).
❤2
Ұмыту. Неткен сөз десеңші… Бір өзінде қорқыныш та, жұбаныш та, елес толы сағым да бар… Ұмытуды білместен бұл дүниеде қалай өмір сүруге болады? Бірақ кім ақырына дейін біржола ұмытуға қабілетті дейсің? Жүрегімізді тас-талқан еткен естеліктердің табы бар. Әрі қарай өмір сүрудің мәні жоқтығын түсінген адам ғана — азат адам.

Эрих Мария Ремарк «Салтанат қақпасы»

https://t.me/kitapuzindisi
❤5
Алимент қайда кетіп жатыр?

Осы жаңалықты естідіңіздер ме? Енді алимент алатын тарап есеп беруге міндеттелуі мүмкін. Дұрыс түсінсек, алиментті көптеп төлейтін азаматтар енді «ақшам балаға жұмсалып жатыр ма, әлде басқа жаққа кетіп жатыр ма?» деп уайымдамаса болатындай. Өйткені Әділет министрлігі алимент ақшасының қайда жұмсалатынын бақылайтын жаңа тәртіп дайындап жатыр екен.

Ең бастысын айтсақ:

Әрине, бұл талап бәріне бірдей жаппай қойылмайды. Егер ай сайынғы алимент мөлшері 100–150 мың теңге шамасында болса, ешкім сізден есеп талап етпейді. Себебі министрлік «бұл сома баланың ішіп-жемі мен киімінен артылмайды» деп есептейді.

Сонда кімдер есеп береді?

Есеп беру міндеті тек ірі көлемдегі алименттерге қатысты болуы мүмкін. Мысалы, егер әкесінің (немесе анасының) табысы жоғары болып, баласына ай сайын 500 мың немесе 1 миллион теңгеден аударып тұрса, онда ол ақшаның қайда кеткенін білуге құқығы болады.

Бұл талап не үшін керек?

Негізі, қазір де «отчет» сұратуға болады, бірақ ол үшін сотқа барып, уақыт кетіру керек. Ал жаңа тетік бұл процесті оңайлатпақ. Қарапайым тілде айтқанда, мақсат — ақшаның нақты баланың дамуына, үйірмелеріне немесе денсаулығына жұмсалуын қадағалау.

«Егер алимент сомасы өте үлкен болса, әрине, оның есебін талап ету қисынды. Біз қазір осы жүйені реттегіміз келеді», – дейді Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков.

Қысқасы, алимент — әкенің я шешенің емес, баланың ақшасы. Енді сол ақшаның «баланың аузына» барып жатқанын құрғаз сөзбен емес, нақты цифрмен дәлелдейтін кез тууы мүмкін. Әділет министрлігінің бұл бастамасы қаншалықты әділ? Бұл жаңалық ата-аналар арасында сенімді арттыра ма, әлде жаңа дауға жол аша ма? Оны өздеріңіз талдап көріңіздер. Пікір алаңы ашық.

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ»
https://t.me/qarzhylyq_sauat
👍3❤2
Forwarded from Депті ғой:)
Өзің-ақ айтшы ғаламда мынау
Жеңудің бəрі жеңіс пе?
Жігітке арман жеткізіп пе еді
Өз сорын өзі жеңбесе.
Өмірдің барлық сəтсіздіктері
Бақытсыздық емес, ендеше!

Мұхтар Шаханұлы

@depti_goi
🔥5❤1
Forwarded from UKIMET
⚜️ Құрметті отандастар!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірлік пен ынтымақ – ешқашан ескірмейтін құндылықтар және ол мемлекеттік саясаттың бұлжымас бағдары болып қала беретінін әрдайым атап өтуде.

Бұл күн – еліміздегі ұлт пен ұлыстар арасындағы татулық пен өзара сыйластықтың, сан алуан мәдениет пен дәстүр жарасым тапқан берекелі бірліктің айқын көрінісі.

Қазақстан қоғамындағы келісім мен тұрақтылық – біздің ең басты қазынамыздың бірі әрі орнықты дамудың берік негізі.

Еліміз кез келген сын-қатерді бірлесіп еңсеріп, ортақ мақсаттарға ұмтылу арқылы дамудың жаңа кезеңіне сеніммен қадам басып келеді. Жалпыхалықтық референдумда қабылданған жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған тарихи таңдау.

Дәл осы қағида Қазақстанның тұрақтылығы мен орнықты дамуының кепілі болмақ.

Айтулы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, әр шаңыраққа құт-береке, еңбектеріңізге мол табыс тілеймін!

Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі
Олжас Бектенов


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2👍1
Forwarded from Dala Sport
🥇 «Порту» – Португалия чемпионы

🇵🇹 «Айдаһарлар» маусым аяқталуына екі тур қалғанда чемпиондық тағдырын шешіп қойды.
👍2❤1