Forwarded from Курилка Байтерека
Қажетсіз шығындардың "қара тізімін" жасау қаржылық сауатты арттыру жолындағы маңызды қадам деп пайымдайды Ақша менталитеті.
"Қара тізім" деп біз қаржылық мақсатқа жетуге қолбайлау болатын қажетсіз шығындарды айтамыз. Күнделікті өмірде "қара тізімге" қосуға болатын шығындардың мысалына тоқталайық...
Біріншіден, қымбат кофе, фастфуд немесе кездейсоқ кафелерде жиі тамақтану. Олар бір қарағанда қомақты сома емес, бірақ мұқият назар аударсаңыз айлық шығындарда айтарлықтай орын алатынын байқайсыз.
Екіншіден,
Мысалы, 3000 теңгелік бес түрлі 🤳🏼 жазылымға ай сайынғы төлем 15 000 теңге, ал жылына 180 000 теңге. Жиі пайдаланбайтын, бірақ ай сайын ақша кететін қосымшалар, жазылымдар бар ма? Мұндай қызметтерді қайта қарап, тек нақты қажеттісін ғана қалдыру керек.
Киім мен сәнді аксессуар, трендке байланысты алынатын заттар да "қара тізімге" енуі тиіс. Маусым сайын жаңа, сәнді киім алуды әдетке айналдыру қаржылық мақсатқа жетуге үлкен кедергі келтіреді.
Сондай-ақ, бір сәттік көңіл көтеру үшін алынған зат немесе импульсивті түрде жасалатын сауда да осы тізімде болуы қажет. Бұл қаражатты сақтап, оны болашақ
Ақырында, көлікпен байланысты шығындар: такси, жанармай және "ходовкінің" күтімі де қосымша шығынға жатады. Мұндайда жаяу жүру немесе қоғамдық көлікті таңдау орынды шешім болуы мүмкін.
"Қара тізімге" негізінен эмоционалды және әдетке айналған шығындарды кіргізуге тырысыңыз.
Оларға бірден акцент бермеу арқылы қаржы жинауға және болашақ мақсаттарға қол жеткізуге болады.
Арнаға қосылуды ұмытпаңыз
https://t.me/aqsha_mental
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤4👎1🔥1
Forwarded from Курилка Байтерека
Танымал америкалық кәсіпкер, эссеист әрі программист Пол Грэмнің айтуынша, алдағы жылдары ойды көркем әрі жүйелі жеткізу өнері тек санаулы адамда ғана қалуы мүмкін, осынау қабілет интелектуалдық мәртебенің нышанына айналады.
Жақын болашақта жасанды интеллект (ЖИ) баршаға, қызметтегі ересектерден бастап, мектептегі балаға дейін мәтін жазып бере бастайды.
Уақыт өте келе жазуға төселген және жазу қабілеті төмен аудиторияның арасындағы шекара шайылады.
Ғалымның пайымдауынша, "жаза алатындар" мен "жаза алмайтындар" әлемі "ойлай алатындар" мен "ойсыздар" әлеміне айналады.
Арнаға қосылуды ұмытпаңыз👇
https://t.me/aqsha_mental
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥6😱4❤3💯2👍1😢1
Forwarded from Dala Finance
Halyk Finance сарапшыларының мәлім еткеніндей, қазан айындағы инфляция 8,5%-ға жеткен. Бұл қыркүйектегі 8,3%-бен салыстырғанда 0,2%-ға жоғары.
Қателеспесек, жыл бойындағы ең жоғары мән шілде айында байқалып, инфляция 8,7%-ға дейін көтерілген болатын.
Қазандағы инфляцияға ақылы қызметтер айтарлықтай есер еткен. Бұл сектордағы бағаның жылдық өсімі 14,3%-ды құрап, инфляцияға 3,97 пайыздық пунктке дейін үлес қосты.
Коммуналдық қызмет, әсіресе электр энергиясы, суық су, және орталық жылытудың бағасы едәуір өскен: электр энергиясы 22,9%-ға, суық су 60,3%-ға, ал орталық жылытудың бағасы 33,6%-ға артқан.
Азық-түліктің өсімі қыркүйекпен салыстырғанда (5,1%) азайғанымен, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 7,8%-ға қымбаттап инфляцияны құтырта түскен.
"Ұлттық қордан қазынаға қосымша 2 трлн
DALA FINANCE анықтамасы: Трансферттік қаражат инфляцияға қалай әсер етеді?
Ұлттық қордан бюджетке ауған ілгерідегі 2 трлн теңге экономикадағы ақша массасының өсуіне және инфляцияның қарқын алуына ықпал етеді. Басқаша айтқанда, нарықтағы ақша мен нақты тауардың тепе-теңдігі бұзылады, тауар мен қызмет бірліктері санына қарағанда ақша көбірек айналымда болады.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalafinance
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤4
Forwarded from DALA INSIDE
⚡️ Goldman Sachs: 🇰🇿 Бектенов үкіметінің экономикалық стратегиясы жақын уақытта жемісін береді...
Әлемге әйгілі Goldman Sachs халықаралық инвестициялық банкінің есебіне сәйкес, Қазақстан экономикасы алдағы жылдары ақырындап еңсе тіктейді.
Банк сарапшыларың есеп-қисабына сәйкес, Қазақстан экономикасы:
2024 жылы ЖІӨ 3,7%-ға өседі деп болжануда.
2025 жылы бұл көрсеткіш 5,0%-ға дейін жеделдейді.
2026 жылы өсім сәл баяулап, 4,1% құрайды.
Бұл өсім Орта және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Қара құрлық (CEEMEA) аймағындағы орташа көрсеткіштен жоғары.
Инфляция ше? Goldman Sachs: "Бектенов үкіметі биылғы жылды 8,5% деңгейімен аяқтайды", - деп тұспалдап отыр. Ал...
2025 жылы бұл көрсеткіш 7,9%-ға дейін төмендейді деп күтілуде.
2026 жылы инфляция 6,2%-ға дейін баяулауы мүмкін.
Алгоритм бойынша инфляцияның төмендеуі🇰🇿 Ұлттық Банктің негізгі ставкасына әсер етеді. Қазіргі уақытта Ұлттық Банктің негізгі мөлшерлемесі 14,25% құрайды.
Goldman Sachs болжамы бойынша, ставкі де:
2025 жылға қарай 12,25%-ға дейін;
2026 жылға қарай 8%-ға дейін біртіндеп төмендейді.
Тұтастай алғанда инфляция және негізгі ставканың біртіндеп төмендеуі экономикалық белсенділікті ынталандырып, елдің әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді деп күтілуде.
DALA INSIDE анықтамасы: Goldman Sachs – әлемге танымал американдық инвестициялық банк және қаржы қызметтерін ұсынатын компания. Ол корпорациялар, үкіметтер және жеке тұлғалар үшін инвестициялық банкинг, активтерді басқару, бағалы қағаздар саудасы және қаржылық кеңес беру қызметтерін атқарады. Қаржы саласындағы беделі жоғары, әлемдік экономикалық талдаулар мен болжамдар жасаумен танымал.
Алдағы инсайдтар үшін бізге тіркеліп, жаңалықтарымыздан қалыс қалмаңыз👇
https://t.me/dalainside
Әлемге әйгілі Goldman Sachs халықаралық инвестициялық банкінің есебіне сәйкес, Қазақстан экономикасы алдағы жылдары ақырындап еңсе тіктейді.
Банк сарапшыларың есеп-қисабына сәйкес, Қазақстан экономикасы:
2024 жылы ЖІӨ 3,7%-ға өседі деп болжануда.
2025 жылы бұл көрсеткіш 5,0%-ға дейін жеделдейді.
2026 жылы өсім сәл баяулап, 4,1% құрайды.
Бұл өсім Орта және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Қара құрлық (CEEMEA) аймағындағы орташа көрсеткіштен жоғары.
Инфляция ше? Goldman Sachs: "Бектенов үкіметі биылғы жылды 8,5% деңгейімен аяқтайды", - деп тұспалдап отыр. Ал...
2025 жылы бұл көрсеткіш 7,9%-ға дейін төмендейді деп күтілуде.
2026 жылы инфляция 6,2%-ға дейін баяулауы мүмкін.
"Инфляцияның біртіндеп төмендеуі елдегі макроэкономикалық тұрақтылықтың жақсарып келе жатқанын көрсетеді", - дейді қаржы институтының әнәлитиктері.
Алгоритм бойынша инфляцияның төмендеуі
Goldman Sachs болжамы бойынша, ставкі де:
2025 жылға қарай 12,25%-ға дейін;
2026 жылға қарай 8%-ға дейін біртіндеп төмендейді.
"Негізгі ставканың төмендеуі несие алу шарттарын жеңілдетуге мүмкіндік береді, бұл бизнестің дамуына және инвестициялық белсенділіктің артуына оң ықпал етеді", - дейді Goldman Sachs.
Тұтастай алғанда инфляция және негізгі ставканың біртіндеп төмендеуі экономикалық белсенділікті ынталандырып, елдің әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді деп күтілуде.
DALA INSIDE анықтамасы: Goldman Sachs – әлемге танымал американдық инвестициялық банк және қаржы қызметтерін ұсынатын компания. Ол корпорациялар, үкіметтер және жеке тұлғалар үшін инвестициялық банкинг, активтерді басқару, бағалы қағаздар саудасы және қаржылық кеңес беру қызметтерін атқарады. Қаржы саласындағы беделі жоғары, әлемдік экономикалық талдаулар мен болжамдар жасаумен танымал.
Алдағы инсайдтар үшін бізге тіркеліп, жаңалықтарымыздан қалыс қалмаңыз👇
https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤2
Forwarded from Курилка Байтерека
Әлемге әйгілі Kathmandu Capital (NY) инвесткомпаниясы Kaspi.kz-тің келешегі кемел деп пайымдайды. Kaspi клиенттерінің төлемдері мен жалпы қаржы операциялары ұлғайу үстінде. Банк биыл кіріс пен пайда көрсеткішін
Kaspi-дің кең ауқымды дерек базасы мен мықты инженерлер командасы жасанды интеллектіні (AI) жақсылап жұмысқа салатын күн жақын деп санайды Kathmandu Capital. Бұл әлі толықтай жүзеге аспаған үлкен пөтенциал.
Kathmandu Capital Kaspi-ді әлемдегі ең үздік "flywheel" (бизнес қарқынын үздіксіз арттыру моделі) бизнес деп есептейді. "Компания аймақтық монополиске айналып, белгілі бір дәрежеде мемлекеттік институттың қызметін атқаруда" - дейді олар.
Kathmandu Capital
Олардың пікірінше, бұл жоспар Украинадағы соғыс аяқталғаннан кейін нақтылана түседі. Kaspi.kz басшылығының тәжірибесі мен шешім қабылдау қабілеті компанияның халықаралық деңгейде кеңеюіне мүмкіндік береді деп санайды сарапшылар.
Астананың халықаралық аренадағы рөлі де Kaspi-дің дамуына қосымша импульс болады болжануда. Елдің уран, мұнай және газ қорларының молдығы, сондай-ақ Шығыс пен Батыс арасындағы сауда жолындағы стратегиялық орны Kaspi-дің позициясын нықтай түседі.
"Осы факторларды ескеріп, Kaspi.kz секілді компаундер (жоғары қарқынмен өсіп келе жатқан) компанияның акция P/E (Price-to-Earnings) көрсеткіші кем дегенде 20 есе болуы керек деп есептейміз", - деген қорытындыға келіпті Kathmandu Capital.
Былайша айтқанда, Kaspi.kz өз пайдасын тиімді пайдаланып, бизнесін үнемі дамытып отырғандықтан, оның акцияларының бағасы әлі де📈 өсуі тиіс.
Kaspi-дің акциялары мен компанияның биылғы қаржы есебі туралы кешке таман айтамыз. Бізге тіркел
https://t.me/aqsha_mental
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👏2👍1🔥1
Бүгінгі заманда уақытты тиімді басқару жетістікке жетудің басты факторларының бірі. Жеке және кәсіби өмірдегі мақсатқа қол жеткізу үшін уақытты дұрыс жоспарлап, басқарудың маңызы зор.
Электронды кітаптар уақытты ұтымды әрі оңтайлы пайдалануға арналған кейстер мен кітаптарға шолу жасап шықты.
Мақсат қою: Алдымен нені істеу керектігін анықтау маңызды. SMART әдісі бойынша нақты, өлшенетін, қолжетімді, өзекті және уақытқа шектеулі мақсаттар қойыңыз.
Жоспарлау: Күнделікті, апталық және айлық жоспарлар құрыңыз. Eisenhower матрицасын пайдаланып, тапсырмаларды маңыздылығы мен жеделдігі бойынша бөліңіз.
Басымдық беру: Ең маңызды тапсырмаларды анықтап, оларды бірінші орындаңыз. Pareto принципі бойынша, 20% күш-жігер 80% нәтиже береді.
Уақытты бөлу: Әр тапсырмаға белгілі бір уақыт бөліңіз. Pomodoro техникасын қолданып, 25 минут жұмыс істеп, 5 минут үзіліс жасаңыз.
Делегирлеу: Мүмкін болса, басқаларға тапсырмаларды тапсырыңыз. Бұл сіздің уақытыңызды босатып, маңызды істерге көңіл бөлуге мүмкіндік береді.
Үзілістер: Жұмыс арасында үзілістер жасап, демалыңыз. Бұл сіздің шоғырлануыңызды жақсартып, өнімділікті арттырады.
Ұйымдастыру: Жұмыс орныңызды ұйымдастырыңыз. Қажетті құралдар мен ресурстарды дайындап қойыңыз.
Ақпаратты сүзу: Қажетсіз ақпараттан аулақ болыңыз. Электронды поштаны, әлеуметтік желілерді және басқа да алаңдаушылық көздерін шектеңіз.
Өзін-өзі дамыту: Уақытты басқару дағдыларын үнемі жетілдіріңіз. Тиімді әдістер мен құралдарды үйреніңіз.
"Тиімді адамдардың 7 әдеті" - Стивен Кови. Бұл кітапта жеке өнімділікті арттыруға арналған 7 принцип сипатталған.
"Өз уақытыңды қалай басқаруға болады" - Брайан Трейси. Бұл кітапта уақытты жоспарлау, басымдық беру және өнімділікті арттыру бойынша кеңестер берілген.
"Ең алдымен бақаны же" - Брайан Трейси. Бұл кітапта ең қиын тапсырмаларды бірінші орындаудың маңыздылығы туралы айтылады.
"Ағын" - Михай Чиксентмихайи. Бұл кітапта толық шоғырлану күйіне жету және өнімділікті арттыру туралы айтылады.
"Deep Work" - Cal Newport. Бұл кітапта алаңсыз жұмыс істеудің маңыздылығы және оған жету жолдары сипатталған.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз
https://t.me/kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7👍4💯3🔥2👏2
Дейл Карнеги - ХХ ғасырдың ең танымал жазушылары мен психологтарының бірі. Оның "Дос табу және адамдарға ықпал ету өнері" атты кітабы әлемде миллиондаған данамен сатылып, талай тілге аударылған.
Кітапта Карнеги адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатудың, достар табудың және басқаларға ықпал етудің тиімді жолдарын ұсынады.
Сын айтудан аулақ болыңыз: Ешкімді сынамаңыз, айыптамаңыз және шағымданбаңыз.
Сын айту адамдарды қорғаныс позициясына қояды және олардың сізге деген сенімін жоғалтады.
Шынайы мақтау айтыңыз: Адамдардың жақсы қасиеттерін байқап, оларды шын жүректен мақтаңыз. Мақтау адамдардың өзіне деген сенімін арттырады және олардың сізге деген ықыласын оятады.
Басқалардың қалауын оятыңыз: Адамдарға бірдеңе жасату үшін, олардың неге мұқтаж екенін түсініп, сол арқылы олардың қалауын ояту керек.
Адамдарға шынайы қызығушылық танытыңыз: Адамдармен сөйлескенде, оларға шынайы қызығушылық танытыңыз. Олардың өмірі, жұмысы, қызығушылықтары туралы сұрақтар қойыңыз.
Есімдерді есте сақтаңыз: Адамның есімін есте сақтау - бұл оған деген құрметтің белгісі. Адамдардың есімдерін есте сақтау арқылы сіз оларға жағымды әсер қалдырасыз және олардың сізге деген ықыласын оятасыз.
Жақсы тыңдаушы болыңыз: Адамдармен сөйлескенде, оларды мұқият тыңдаңыз. Олардың айтқанына шынайы қызығушылық танытыңыз және олардың сезімдерін түсінуге тырысыңыз.
Адамдардың өздері туралы айтуға мүмкіндік беріңіз:
Басқалардың көзқарасын түсінуге тырысыңыз: Адамдармен келіспей қалған жағдайда, олардың көзқарасын түсінуге тырысыңыз. Олардың неге олай ойлайтынын түсінуге тырысыңыз.
👨💼 Дауласпаңыз: Дауласу ешқашан жақсы нәтижеге әкелмейді. Дауласудың орнына, басқа адамның көзқарасын түсінуге тырысыңыз және мәселені бейбіт жолмен шешуге тырысыңыз.
Карнегидің кеңестері жаныңдағы жандармен жақсы қарым-қатынас орнатудың әмбебап құралы. Бұларды кәдеге асыру арқылы коммуникативті дағдыңызды жетілдіріп, жеке және кәсіби өмірде жетістікке жете аласыз.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз
https://t.me/kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10❤8🔥4💯2
Forwarded from Курилка Байтерека
Инфляция экономикадағы тұрақты баға өсімі. Бұл құбылыс ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуіне әкеледі, басқаша айтқанда белгілі бір сомаға бұрынғыдай тауарлар мен қызметтерді сатып алу мүмкін болмай қалады.
Инфляцияның ақша құнсыздануына әсерін бағалау үшін арнайы кәлкуләторлар қолданылады деп жазады Ақша менталитеті.
FV = PV * (1 + i)^n
мұндағы:
FV – болашақ құны
PV – қазіргі құны
i – инфляция деңгейі (ондық түрінде)
n – жылдар саны
Калькуляторды пайдалану мысалы тарқатып айталық.
Айталық, әмияныңызда әзір 100 000 теңге жатыр делік, ал инфляция деңгейі жылына 5% болсын. 5 жылдан кейін бұл ақшаның нақты құны қандай болады?
Калькуляторға келесі мәндерді енгіземіз:
PV = 100 000
i = 0.05 (5%)
n = 5
Нәтижесінде, 5 жылдан кейін 100 000 теңгенің нақты құны 78 353 теңге болады. Яғни, инфляцияның әсерінен сіздің ақшаңыз 21 647 теңгеге құнсызданады.
Кейбір инфляция кәлкуләторлары қосымша мүмкіндіктерді ұсынады, мысалы:
Инфляция деңгейінің өзгеруін ескеру
Әртүрлі валюталарды қолдану
Инвестициялық кірісті есептеу
Инфляция кәлкуләторы
Контент ұнап жатса, тіркеле кетіңіз
https://t.me/aqsha_mental
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6
Forwarded from Курилка Байтерека
Бүгінге заманда қаржылық қауіпсіздік мәселесі ерекше актуалды. Технологияның дамуымен бірге баукеспелер мен қаптеселер де қулана түсуде. Сондықтан жеке қаржыңызды қорғау үшін қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды деп санайды Ақша менталитеті.
Фишинг: Бұл әдіспен алаяқтар электрондық пошта, SMS немесе хабар алмасу қосымшалары арқылы сіздің жеке деректеріңізді (логин, пароль, банктік карта нөмірі) алуға тырысады. Олар көбінесе банктердің, әлеуметтік желілердің немесе танымал компаниялардың атынан жалған хабарламалар жібереді.
Скимминг: Бұл әдіс банкоматтарда немесе төлем терминалдарында қолданылады. Алаяқтар карта оқу құрылғысын орнатып, сіздің картаңыздың деректерін ұрлайды.
Вишинг: Фишингтің бір түрі, мұнда алаяқтар сізге телефон соғып, жеке деректеріңізді сұрайды. Олар көбінесе банк қызметкері немесе полиция қызметкері ретінде таныстырады.
Фарминг: Алаяқтар сізді жалған веб-сайтқа бағыттап, сол арқылы жеке деректеріңізді ұрлайды. Бұл сайттар көбінесе шынайы сайттарға ұқсас болып жасалады.
Smishing: SMS арқылы фишинг жасау. Алаяқтар сізге зиянды сілтемелер бар SMS жібереді.
Жеке деректеріңізді қорғаңыз: Ешкімге логин, пароль, банктік карта нөмірі, CVV коды сияқты жеке деректеріңізді бермеңіз.
Күмәнді сілтемелерді баспаңыз: Электрондық поштадағы немесе SMS-тегі күмәнді сілтемелерді баспаңыз.
Антивирустық бағдарлама орнатыңыз: Компьютеріңізге және смартфоныңызға сенімді антивирустық бағдарлама орнатыңыз.
Банктік картаңызды қадағалаңыз: Банктік картаңызды ешкімге бермеңіз және оны әрдайым көрінетін жерде ұстаңыз.
Құпия сөзді күрделендіріңіз: Құпия сөзіңізді күрделі етіп жасаңыз және оны мезгіл-мезгіл өзгертіп тұрыңыз.
Онлайн банкингті қауіпсіз пайдаланыңыз: Онлайн банкингті пайдаланған кезде қауіпсіз Wi-Fi желісін қолданыңыз және банк сайтының мекенжайын мұқият тексеріңіз.
Банктік хабарламаларға назар аударыңыз: Банктен келген хабарламаларды мұқият оқып шығыңыз. Егер күмәніңіз болса, банкке хабарласыңыз.
Қауіпсіздік шараларын сақтау арқылы сіз әперистерден қорғанып, қаржыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аласыз.
Сізде әлі талай қызықты контент күтіп тұр. Бізге тіркеле кетіңіз
https://t.me/aqsha_mental
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7💯3👍2🔥1
Forwarded from DALA INSIDE
⚡️ Атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды. Полиция осыдан үш жыл бұрынғы істі архивтен аршып алды...
"Хутор" ОПГ-сымен байланысы бар делінген Хасан Қасымбаев ұсталды. Алматы облыстық полиция департаменті Қасымбаевты ❗️ 2021 жылы жасалған қылмыс бойынша құрықтағанын хабарлады.
Департамент мәліметінше, Қасымбаев А. есімді азаматқа қасақана ауыр зиян келтіріп, оны үптеп-түптеп кетті күдікке ілінген. Бұған дейін Orda порталына берген сұхбатында Қасымбаев "заң алдында кінәсіз екенін" айтып, ант-су ішкен еді.
Айта кетейік, бұған дейін кәмелетке толмаған Шерзат Болаттың өліміне қатысты бірқатар БАҚ Қасымбаевты "Хутор" ұйымдасқан қылмыстық тобымен байланыстырған. Кейін Orda-ға сұхбат берген Хасан әлгі ОПГ-мен еш байланысы жоқ екенін, Шерзатты танымайтынын мәлімдеген. Сонымен қатар, өзіне қарсы жасалған шабуылдың астары барын айтқан. Оның ойынша бұл істің артында белгілі бір күштер тұруы ғажап емес.
Шерзаттың ісін сәл шегере тұрып бүгінгі жайтқа назар аударайықшы:
1️⃣ Әдетте адам өміріне қауіп төндіретін қылмыс дер кезінде тергелуі керек. Ендеше Қасымбаев неге қазір ғана ұсталды? 2021 жылы жасалған қылмыс бойынша күдіктіні үш жылдан кейін тұтқындау нені білдіреді?
2️⃣ Осыдан үш жыл бұрынғы оқиғада жергілікті Қасымбаевты арашалау үшін билік органдарына, соның ішінде полиция мен сотқа қысым жасалуы мүмкін бе?
3️⃣ "Хутор" ОПГ-сымен байланысы жоқ екенін дәлелдеудің нақты механизмдері қандай? Бұл топпен байланысы бар не жоқ екені нақты зерттелді ме? Қасымбаевтың өзін ақтауға арналған дәлелдері жеткілікті ме, әлде оның сөздеріне ғана сеніп отырмыз ба?
DALA INSIDE бұған әлі бас қатыратын болады. Жаңалықтарымыздан қалыс қалмаңыз👇

Қасымбаевқа қатысты іс материалдары бұлтартпау шарасын тағайындау үшін сотқа жолданған. Тергеу амалдары облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Айта кетейік, бұған дейін кәмелетке толмаған Шерзат Болаттың өліміне қатысты бірқатар БАҚ Қасымбаевты "Хутор" ұйымдасқан қылмыстық тобымен байланыстырған. Кейін Orda-ға сұхбат берген Хасан әлгі ОПГ-мен еш байланысы жоқ екенін, Шерзатты танымайтынын мәлімдеген. Сонымен қатар, өзіне қарсы жасалған шабуылдың астары барын айтқан. Оның ойынша бұл істің артында белгілі бір күштер тұруы ғажап емес.
Шерзаттың ісін сәл шегере тұрып бүгінгі жайтқа назар аударайықшы:
1️⃣ Әдетте адам өміріне қауіп төндіретін қылмыс дер кезінде тергелуі керек. Ендеше Қасымбаев неге қазір ғана ұсталды? 2021 жылы жасалған қылмыс бойынша күдіктіні үш жылдан кейін тұтқындау нені білдіреді?
2️⃣ Осыдан үш жыл бұрынғы оқиғада жергілікті Қасымбаевты арашалау үшін билік органдарына, соның ішінде полиция мен сотқа қысым жасалуы мүмкін бе?
💬 Полиция осы уақыт бойы нақты дәлел жинау қиынға түсті ме, әлде бұған басқа саяси не әлеуметтік себептер бар ма?
3️⃣ "Хутор" ОПГ-сымен байланысы жоқ екенін дәлелдеудің нақты механизмдері қандай? Бұл топпен байланысы бар не жоқ екені нақты зерттелді ме? Қасымбаевтың өзін ақтауға арналған дәлелдері жеткілікті ме, әлде оның сөздеріне ғана сеніп отырмыз ба?
DALA INSIDE бұған әлі бас қатыратын болады. Жаңалықтарымыздан қалыс қалмаңыз👇
https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤8💯1
Forwarded from Курилка Байтерека
Әмірикада баланың болашағына инвестиция құю әлімсақтан қалыптасқан қаржылық әдет. Әмірикалықтар ұл-қызының әмиянын көллежге түспей тұра толтыра бастайды. АҚШ-та балаға инвестиция жасаудың ең кең таралған тәсілі – 529 Жоспары.
Бұл не? Бұл колледждегі оқу шығынын жабуға арналған салықтық жеңілдіктерге ие арнайы жинақ шоты деп жазады Ақша менталитеті.
529 Жоспарының басты артықшылығы: жинақтардың өсіміне салық салынбайды, яғни салынған қаражат ұзақ мерзімде капиталданады, әрі оқу шығынына жұмсалған кезде салық төленбейді.
Мысалы, ата-ана баласына 10 жыл бойы айына 500 💲-дан салса, жылдық 6% болжалды өсіммен жалпы жинақ шамамен 81,940 долларды құрайды. Мұндағы 21,940 доллар таза табыс ретінде есептеледі және салықтан босатылады. Егер қаражат оқу төлеміне жұмсалса, бұл табысқа мүлдем салық салынбайды.
529 Жоспарының жинақ көлемін есептегенде жылдық өсімнің жоғары болуын қамтамасыз ету маңызды. Мәселен, егер ата-анасы баласына жылына 6,000 доллардан 18 жыл бойы салып отырса, шамамен 6%-дық өсіммен жинақ мөлшері 203,616 долларға жетеді. Бұл көрсеткіш орташа есеппен АҚШ-тағы жеке колледждегі оқу төлемдерін жабуға жеткілікті.
Ал жылына 9,000 доллардан салса, жинақ 📈 305,424 долларға дейін жетеді, бұл баланың беделді университетте білім алуына жағдай жасай алады.
529 жоспарының
Жинақтау жоспары (Savings Plan): Бұл жоспар инвестициялық қорларға инвестиция салу арқылы ақша жинауға мүмкіндік береді. Инвестициялық қорлардың кірістілігі нарық жағдайына байланысты өзгеруі мүмкін.
Алдын ала төленген оқу жоспары (Prepaid Tuition Plan): Бұл жоспар болашақтағы оқу ақысын бүгінгі бағамен төлеуге мүмкіндік береді. Бұл жоспар инфляциядан қорғануға көмектеседі, бірақ оқу орнын таңдауда шектеулер болуы мүмкін.
529 жоспары - бұл балалардың біліміне инвестиция салудың тамаша тәсілі. Жоспар арқылы жинақталған қаражатты тек білім беру мақсатында пайдалану – салықтық жеңілдіктерді сақтаудың негізгі шарты.
Сізде әлі талай қызықты контент күтіп тұр. Бізге тіркеле кетіңіз👇
https://t.me/aqsha_mental
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤3🔥2
Forwarded from Курилка Байтерека
🛌Ұйықтап жатқанда да ақша табу тәсілі...
"Пассивті табыс" – бұл ақша сіз үшін жұмыс істейтін табыс көзі. Бұл табыс түрі бір рет салынған қаржыдан тұрақты пайда әкеліп тұрады және күнделікті белсенді еңбекті талап етпейді деп жазады Ақша менталитеті.
Мысалы, жалға берілетін жылжымайтын мүлік немесе дивиденд төлейтін акциялар пассивті табыс көзіне жатады.
Акциялардан түскен дивидендтер тұрақты қаржылық ағым қалыптастырса,🏠 мүлікті жалға беру арқылы ай сайын немесе жыл сайын кіріс аласыз.
Пассивті табыстың ең басты ерекшелігі – сіздің қаржылық еркіндігіңізге жол ашып, қаржыны уақыт өте көбейте беру мүмкіндігі. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл – "ұйықтап жатсаңыз да ақша табу" тәсілі, және бұл еркіндікке жетудің нақты жолы.
Арнаға қосылуды ұмытпаңыз👇
https://t.me/aqsha_mental
"Пассивті табыс" – бұл ақша сіз үшін жұмыс істейтін табыс көзі. Бұл табыс түрі бір рет салынған қаржыдан тұрақты пайда әкеліп тұрады және күнделікті белсенді еңбекті талап етпейді деп жазады Ақша менталитеті.
Әрине, мұндай табысты құру үшін бастапқыда дұрыс таңдалған инвестициялар мен стратегиялық жоспар қажет.
Мысалы, жалға берілетін жылжымайтын мүлік немесе дивиденд төлейтін акциялар пассивті табыс көзіне жатады.
Акциялардан түскен дивидендтер тұрақты қаржылық ағым қалыптастырса,
Пассивті табыстың ең басты ерекшелігі – сіздің қаржылық еркіндігіңізге жол ашып, қаржыны уақыт өте көбейте беру мүмкіндігі. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл – "ұйықтап жатсаңыз да ақша табу" тәсілі, және бұл еркіндікке жетудің нақты жолы.
Арнаға қосылуды ұмытпаңыз
https://t.me/aqsha_mental
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2👍2
Forwarded from DALA INSIDE
⚔️ Қазақстанды толық бандиттерден тазарту міндеті қойылды
Құқық қорғау органдарының жабық консультацияларында "90 жылғы рэкет, братва" ұғымдарының қайтып оралмауы үшін тиімді амалдар талқылануда. 2026 жылы елімізде бір де бір бандит қалмауы тиіс.
Бандитизмге қандай да бір қатысы бар деген істер қайта қаралып, кезінде құтылып кеткен шортандар жаппай ұсталатын болады. Ел арасында айтылып жүрген бандалар туралы сөздерге де мән беру, олардың шын-өтірігін тексеру туралы міндет те қойылды. Идеологиялық блокқа жастар арасында жүруі мүмкін "түрме романтикасына" пропаганда күшімен күресу де ұсынылды.
Мектеп оқушыларының арасында түрмеге "жылу" (грев) жинау оқиғаларын анықтап, оның ұйымдастырушыларын жаппай ұстау тапсырылды.
Өкінішке орай, Қазақстан қылмыс деңгейі жоғары елдерге жатады. 2024 жылғы Numbeo рейтингінде Қазақстан 146 елдің ішінде 75-ші орынға тұрақтады. ТМД елдері арасында Қырғызстан (41 орын), Беларусь (53 орын), Украина (68 орын) елдерінде жағдай бізден нашар. Өзбекстанда (118 орын), Арменияда (139 орын) қылмыс деңгейі өте төмен.
Алматы Қазақстан мен Орталық Азия бойынша адам өміріне ең қауіпті жер деп саналады. Бүкіл өңірдің қылмыстық астанасы атанған Алматыда жыл сайын кемінде 40 адам қылмыскер қолынан қаза табуда.
DALA INSIDE білуінше қыстан бастап түрлі лилерлер мен авторитеттердің құрықталғаны туралы жаңалықтар көбейеді. Барахолка мен автонарықта орнығып алған этникалық бандалар да жаппай жойылмақ. Бізден бірге болыңыздар 👇

"Ұйымдасқан қылмыспен күрес" бөлімдері күшейтіліп, штаттары мен керек-жарақтары ұлғаяды деп болжанған. 2025 жылы бандиттерге қиын болайын деп тұр", - дейді DALA INSIDE дереккөзі.
Өкінішке орай, Қазақстан қылмыс деңгейі жоғары елдерге жатады. 2024 жылғы Numbeo рейтингінде Қазақстан 146 елдің ішінде 75-ші орынға тұрақтады. ТМД елдері арасында Қырғызстан (41 орын), Беларусь (53 орын), Украина (68 орын) елдерінде жағдай бізден нашар. Өзбекстанда (118 орын), Арменияда (139 орын) қылмыс деңгейі өте төмен.
Алматы Қазақстан мен Орталық Азия бойынша адам өміріне ең қауіпті жер деп саналады. Бүкіл өңірдің қылмыстық астанасы атанған Алматыда жыл сайын кемінде 40 адам қылмыскер қолынан қаза табуда.
DALA INSIDE білуінше қыстан бастап түрлі лилерлер мен авторитеттердің құрықталғаны туралы жаңалықтар көбейеді. Барахолка мен автонарықта орнығып алған этникалық бандалар да жаппай жойылмақ. Бізден бірге болыңыздар 👇
https://t.me/dalainside
❤5👍3🔥1👏1
Forwarded from Курилка Байтерека
Кедейлік табыстың төмен болуында емес, қаржыға деген ішкі көзқараста, яғни, "ақша менталитетінде". Өзіңізді кедей сезінбеу үшін бірінші кезекте ойыңызды өзгертіп, табысқа жетуге кедергі келтіретін ескі қаржылық сенімдерді қайта қарастырыңыз.
Жиі кездесетін кедергі – ақша тек "қажет шығындарды жабуға арналған" деген түсінік. Оны керісінше, "қаржылық мақсаттарға жетудің құралы" деп қабылдаңыз.
Келесі қадам – өз шығындарыңызды талдап, аз да болса ақша жинауды әдетке айналдыру. Қомақты қаржы болмаған жағдайда да жинақтың болуы сенімділік береді және өзіңізді тұрақты сезінуге көмектеседі.
Қарапайым күнделікті үнемдеу, артық шығындардан бас тарту, қажетсіз заттардан арылу сияқты қадамдар да ішкі кедейлік сезімін азайтады.
Ең бастысы, табыстың көлемі маңызды емес, оны дұрыс бағыттау маңызды екенін түсініңіз.
Сонымен қатар, пассивті табысқа ұмтылып, ақшаңыздың өсімін қамтамасыз етуге тырысыңыз. Мысалы, шағын көлемде инвестиция жасап көріңіз немесе өзіңізді қызықтыратын қаржылық курстарды оқып, білімге инвестиция жасаңыз. Өз қаржыңызды сауатты басқаруды үйреніп, тұрақты табысқа жетсеңіз, өзіңізді кедей сезінуден арыласыз.
Алдағы уақытта осы туралы практикалық кеңес береміз. Бізге тіркеле кетіңіз👇
https://t.me/aqsha_mental
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8👍3👏3💯1
Forwarded from DALA INSIDE
Dalanews-тегі әріптестерге пікір білдірген сарапшы мұның себебін түсіндіріп беріпті.
Толығырақ: https://dalanews.kz/tramp-bylikke-kelse-qazaqstan-ushin-kutpegen-oqygalar-orin-alui-mumkin
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Курилка Байтерека
Әр адамның ақшамен қарым-қатынасы әртүрлі. Бұл ерекшеліктер олардың қаржылық шешімдеріне, жинақтау әдеттеріне, инвестициялық таңдауына әсер етеді.
Ақша менталитеті адамдардың қаржылық мінез-құлқын
Ысырапшыл - мұндай адам үшін ақша, ең алдымен, шығынмен өлшенетін құрал. Олар өздерін аздап қуанту, аздап сергіту үшін немесе 📱 керексіз затты алу арқылы тез бақытқа кенелгісі келеді.
Ысырапшыл адамның қолына түскен ақшаның ғұмыры ұзақ болмайды, себебі олар қаржысының таусылып қалу ықтималдығын көп ойламайды.
Мұндай типаждағы адам қолма-қол ақша көрсе, оны өз болашағына немесе маңызды мақсаттарға жұмсаудың орнына, дереу жаратып тастағысы келеді. Бұл әдеттің артында "бүгінгі күнмен өмір сүру" философиясы жатуы мүмкін.
Үнемшіл (немесе жинақшыл) – ақшаға екі шоқып, бір қарап, барлық артық қаражатты жинақтап отыратын адам. Олар үшін қаржылық тұрақтылық әрдайым маңызды. Ақша олар үшін жай ғана келіп, кететін дүние емес, қауіпсіздік пен сенімділік кепілі. Бұлар қарапайым әрі үнемшіл өмір салтын ұстанады, көбіне тәуекелден алыс жүреді. Оларға жинаған қаражатын тиімді пайдаланып, оны көбейтуге бағытталған шешімдер қабылдау артық етпес еді.
Инвестор – қаржылық тәуекелден қорықпайтын, керісінше, мүмкіндіктерді іздейтін тип.
Олар ақшаның өзіне жұмыс істеуін қалайды және оған активтер немесе бизнеске инвестиция жасау арқылы қол жеткізеді.
Инвесторлар үшін
Қаржылық психологияны түсіну арқылы өзіңізге тән қаржылық мінез-құлықты анықтап, оған сәйкес қаржылық стратегия құра аласыз. Сіздің ақшаға деген көзқарасыңыз – қаржылық болашағыңызды қалыптастырудың негізі.
Контент ұнаса, тіркеле кетіңіз
https://t.me/aqsha_mental
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤2
Forwarded from DALA INSIDE
⚡️🇺🇸 Әмірикадағы президент сайлауында Республикалық партияның кандидаты Доналд Трамп жеңіске жетіп, елдің 47-президенті болып сайланды.
Бұл туралы Reuters агенттігі Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсонға сілтеме жасап хабарлады.
Дональд Трамп бұған дейін 2017-2021 жылдар аралығында АҚШ-тың 45-президенті қызметін атқарған. Оның Ақ үйге қайта оралуы АҚШ саясаты мен халықаралық қатынаста жаңа кезеңнің басталуын білдіреді.
Трамптың қайта сайлануы АҚШ-тың ішкі және сыртқы саясатында қандай өзгерістер әкелетінін уақыт көрсетеді. Әлем елдері жаңа әкімшіліктің қадамдарын мұқият бақылап, өзара қарым-қатынастарын бейімдеуге дайындалуда.
Бізден бірге болыңыздар 👇

Сайлау нәтижесі бойынша, Трамп шешуші штаттарда жеңіске жетіп, сайлаушылар алқасында қажетті 270 дауыстан асып түсті. Бұл жеңіс Республикалық партияның елдегі ықпалын күшейтіп, алдағы жылдағы саяси бағытқа әсер етуі мүмкін.
Трамптың қайта сайлануы АҚШ-тың ішкі және сыртқы саясатында қандай өзгерістер әкелетінін уақыт көрсетеді. Әлем елдері жаңа әкімшіліктің қадамдарын мұқият бақылап, өзара қарым-қатынастарын бейімдеуге дайындалуда.
Бізден бірге болыңыздар 👇
https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍12❤7👏2
Forwarded from Курилка Байтерека
💸 Жалған байлық синдромы: алдамшы нәрсеге арбалып қалмаңыз...
Бүгінгі қоғамда біз көп жағдайда әлемжелілерден табысты, сәнді өмір сүріп жүрген адамдардың бейнелерін көреміз. Қымбат киім, лүкс көліктер мен шетелдегі демалыс бұның бәрі бізге біреудің жетістігін қайталауға деген құштарлық тудырады.
Көбіміз осындай өмір салтын "байлықтың белгісі" деп қабылдап, соған ұмтыламыз. Бірақ бұл – жалған байлық синдромының қаупі деп жазады Ақша менталитеті.
Жалған байлықтың артынан қуып, көп адам шынайы қаржылық қиындықтарға тап болады. Бұл синдромның басты қаупі өзіңнің қаржылық жағдайың мен мүмкіндіктеріңді дұрыс бағаламай, шектен тыс шығындалу. Шын мәнінде, шынайы байлық сән-салтанатпен емес,💰 қаржылық тұрақтылықпен өлшенеді.
Басқалардың көз алдында "бай" көрінуге тырысу, уақытша ләззат әкелгенімен, кейін келе қаржылық қысым мен күйзеліске түсіреді.
"Жалған байлық синдромына" түспеу үшін өзгелердің емес, өзіңнің қаржылық жоспарыңды құр. Шынайы байлық бұл сыртқы бейненің емес, ішкі тыныштық пен тұрақтылықтың жемісі.
Айтқандай, арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/aqsha_mental
Бүгінгі қоғамда біз көп жағдайда әлемжелілерден табысты, сәнді өмір сүріп жүрген адамдардың бейнелерін көреміз. Қымбат киім, лүкс көліктер мен шетелдегі демалыс бұның бәрі бізге біреудің жетістігін қайталауға деген құштарлық тудырады.
Көбіміз осындай өмір салтын "байлықтың белгісі" деп қабылдап, соған ұмтыламыз. Бірақ бұл – жалған байлық синдромының қаупі деп жазады Ақша менталитеті.
Жалған байлықтың артынан қуып, көп адам шынайы қаржылық қиындықтарға тап болады. Бұл синдромның басты қаупі өзіңнің қаржылық жағдайың мен мүмкіндіктеріңді дұрыс бағаламай, шектен тыс шығындалу. Шын мәнінде, шынайы байлық сән-салтанатпен емес,
Өзіңе қажетсіз шығындарды азайтып, нақты мақсаттарыңа сай өмір сүру, артық қарызға батпай, жинақтарыңды көбейте білу міне, шынайы байлықтың кілті осында жатыр.
Басқалардың көз алдында "бай" көрінуге тырысу, уақытша ләззат әкелгенімен, кейін келе қаржылық қысым мен күйзеліске түсіреді.
"Жалған байлық синдромына" түспеу үшін өзгелердің емес, өзіңнің қаржылық жоспарыңды құр. Шынайы байлық бұл сыртқы бейненің емес, ішкі тыныштық пен тұрақтылықтың жемісі.
Айтқандай, арнаға тіркелуді ұмытпаңыз
https://t.me/aqsha_mental
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8👍5🔥2🥰1💯1
Forwarded from Курилка Байтерека
Қарыз алу қылмыс емес. Дұрыс қолданылса, қарыз мүмкіндіктерді кеңейтіп, қажетті мақсаттарға жылдам жетуге көмектеседі. Үй сатып алу, бизнес ашу немесе білім алуда қарыз алу тиімді әрі қажетті қадам бола алады деп пайымдайды Ақша менталитеті.
Айталық, ипөтека арқылы үй алғанда немесе бизнесті бастауға қарыз алғанда, оны бірден қолма-қол төлеу мүмкін болмауы мүмкін, ал қарыз осы қажеттілікті шешуге мүмкіндік береді.
Мысалы, кейбір күнделікті тұтынатын тауарлар үшін де қарызға жүгінеді, тіпті қажетсіз шығындарды қарыз арқылы өтейді. Мұндайда ай сайынғы қарызды өтеу міндеттемелері артып, жинақ жасау мүмкіндігі азаяды.
Осылайша, қаржылық тәуелділік сезімі пайда болады, себебі тұрақты қарызды жабу қажеттілігі адамның қаржылық еркіндігін тежейді.
Қарыз алу өте-мөте абай болуды талап ететін қаржылық қадам. Қарыз алу арқылы біз кей мәселемізді шеше аламыз, бірақ оны үнемі қажетсіз шығындарға жұмсау еркіндігімізді шектейтінін ұмытпау қажет.
Контент ұнаса, тіркеле кетіңіз
https://t.me/aqsha_mental
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤4
Демалыс күндері Алматы мен Астанада не істейміз? Күндерді қалай қызықты және тегін өткізуге болады?
Оның жауабын алу үшін "Үйде жатпа!" телеграм арнасына жазылыңыздар!
Алматыда сізді түрлі қызықты көрмелер, ал Астанада ауыл шаруашылық жәрмеңкесі күтіп тұр. Осының барлығы тегін. Уақыттары мен өтетін орны сізге қолайлы.
Сілтеме төменде
https://t.me/uidezhatpa

❤6👍1