Forwarded from DALA INSIDE
🪙 Қазақстан биткоин қорын құру туралы ойлана бастады
Бұл идея жабық есік жағдайында, Астанада шешім қабылдайтын азшылық арасында талқыланып көрген. «Дональд Трамптың сайлауалды бағдарламасында биткоинның стратегиялық қорын құру туралы уәде бар болатын. Трамп АҚШ президенті сайлауында жеңіске жеткеннен кейін, біздікілер де биткоинның болашағына кәдімгідей сене бастады» дейді, дереккөз.
Бірақ биткоин өсіп кетіп, осыдан Қазақстан үлкен пайда тауып, өзінің бюджеттік дефицит проблемасын шешіп алу шансы кәдімгідей маза бермей отыр. Дональд Трамп АҚШ-та «Биткоин туралы заң» (Bitcoin Act) қабылдаймыз деп нық сеніммен айтқан болатын. Ол ұсынып отырған заң жобасы бойынша АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі биткоин сатып алып, оны алтын немесе шетел валюталары сияқты резервтік актив ретінде сақтауға міндеттеледі. Бұл ұсыныс биткоинді стратегиялық резервтік активке айналдырады, ал АҚШ үкіметі биткоинның жалпы ұсынысының 5%-ына дейін иеленбек. Әлемде 19,7 миллион биткоин бар екенін ескерсек, онда ФРС 985 мың биткоин ұстап отырмақ. Қазір биткоинның бағасы 91 468 доллар, демек АҚШ-тың биткоин қорында 90 миллиард долларға парапар BTC жатуы мүмкін.
Қазақстан тарапы АҚШ-та осы заң қабылдана ма, әлде оған ФРС пен Конгресс қарсы болып өткізбей тастай ма, соны біле алмай отыр. Оны шынымен де ешкім білмейді. Бірақ, егер Трамп осы заңды өткізе алса, онда BTC бағасы кемінде 3-4 есе шарықтайтыны сөзсіз. Әлемде биткоин лихорадкасы басталады.
Қазақстан қор биржасында теңгенің долларға шаққандағы қазіргі бағамы 498 екенін ескерсек, 1 биткоинның бүгінгі бағасы 45,55 миллион теңге. Егер Қазақстан 100 мың BTC сатып алса, оған 4,55 триллион теңге қажет болады. Ұлттық қорда ондай ақша бар. Ал келесі жылы Трамп АҚШ-та өзі ұсынған заңды Конгресске шығара бастаса, осы күтулерден ақ нарықта биткоин бағасы кемінде 160 мың долларға (79,68 миллион теңге) шарықтауы мүмкін. Онда біздің 100 мың BTC 7,96 триллион теңгеге бағаланып, сол кезде сатсақ 3,4 триллион теңге пайда түседі. Онымен бюджет жыртығын жамауға, немесе Ұлттық қор активтерін толтырып қоюға болады.
Қазір криптолоббистер Дональд Трамптың маңайына топтаса бастады. Криптомиллиардерлердің барлығы Трамп идеясын қос қолын көтеріп қолдауда. Себебі байлықтары еселенетін түсінікті.
Қазақстан осының бәрін бақылап, не істерін білмей отыр. Жақсы пайда табу мүмкіндігі де, мемлекет қаржысын желге шашу қаупі да бар. Жауапкершілік алатын тұлға да табылмайтын сияқты.
DALA INSIDE үшін бұл қызық тақырып. 1-2 жылдан кейін қазақ елі өзіне берілген тарихи мүмкіндікті жіберіп алды ма, жоқ әлде «сақтықта қорлық жоқ» деп асықпағаны дұрыс болды ма деген сұрақтың жауабын алатын боламыз. Бізбен бірге болыңыздар 👇
https://t.me/dalainside

«Тек тараптар бір нәрседен тартынып отыр. Ол жауапкершілік мәселесі. Мемлекеттік қаржыны биткоинға құйып жіберіп, ертең оның құны құлдырап кетсе кім жауап береді? Ешбір қаржылық орган, ешбір басшы өзіне мұндай жауапкершілік алғысы жоқ», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Бірақ биткоин өсіп кетіп, осыдан Қазақстан үлкен пайда тауып, өзінің бюджеттік дефицит проблемасын шешіп алу шансы кәдімгідей маза бермей отыр. Дональд Трамп АҚШ-та «Биткоин туралы заң» (Bitcoin Act) қабылдаймыз деп нық сеніммен айтқан болатын. Ол ұсынып отырған заң жобасы бойынша АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі биткоин сатып алып, оны алтын немесе шетел валюталары сияқты резервтік актив ретінде сақтауға міндеттеледі. Бұл ұсыныс биткоинді стратегиялық резервтік активке айналдырады, ал АҚШ үкіметі биткоинның жалпы ұсынысының 5%-ына дейін иеленбек. Әлемде 19,7 миллион биткоин бар екенін ескерсек, онда ФРС 985 мың биткоин ұстап отырмақ. Қазір биткоинның бағасы 91 468 доллар, демек АҚШ-тың биткоин қорында 90 миллиард долларға парапар BTC жатуы мүмкін.
Қазақстан тарапы АҚШ-та осы заң қабылдана ма, әлде оған ФРС пен Конгресс қарсы болып өткізбей тастай ма, соны біле алмай отыр. Оны шынымен де ешкім білмейді. Бірақ, егер Трамп осы заңды өткізе алса, онда BTC бағасы кемінде 3-4 есе шарықтайтыны сөзсіз. Әлемде биткоин лихорадкасы басталады.
Қазақстан қор биржасында теңгенің долларға шаққандағы қазіргі бағамы 498 екенін ескерсек, 1 биткоинның бүгінгі бағасы 45,55 миллион теңге. Егер Қазақстан 100 мың BTC сатып алса, оған 4,55 триллион теңге қажет болады. Ұлттық қорда ондай ақша бар. Ал келесі жылы Трамп АҚШ-та өзі ұсынған заңды Конгресске шығара бастаса, осы күтулерден ақ нарықта биткоин бағасы кемінде 160 мың долларға (79,68 миллион теңге) шарықтауы мүмкін. Онда біздің 100 мың BTC 7,96 триллион теңгеге бағаланып, сол кезде сатсақ 3,4 триллион теңге пайда түседі. Онымен бюджет жыртығын жамауға, немесе Ұлттық қор активтерін толтырып қоюға болады.
Қазір криптолоббистер Дональд Трамптың маңайына топтаса бастады. Криптомиллиардерлердің барлығы Трамп идеясын қос қолын көтеріп қолдауда. Себебі байлықтары еселенетін түсінікті.
Қазақстан осының бәрін бақылап, не істерін білмей отыр. Жақсы пайда табу мүмкіндігі де, мемлекет қаржысын желге шашу қаупі да бар. Жауапкершілік алатын тұлға да табылмайтын сияқты.
DALA INSIDE үшін бұл қызық тақырып. 1-2 жылдан кейін қазақ елі өзіне берілген тарихи мүмкіндікті жіберіп алды ма, жоқ әлде «сақтықта қорлық жоқ» деп асықпағаны дұрыс болды ма деген сұрақтың жауабын алатын боламыз. Бізбен бірге болыңыздар 👇
https://t.me/dalainside
👍7❤1
Forwarded from Курилка Байтерека
👠Қош бол, мәһір! ҚМДБ осындай жаңа пәтуа шығарды...
Қазақстанда қалыңдықтың мәһір сұрауына тыйым салынды
"Қазақ дәстүрінде қалыңмал – қалыңдық үшін берілетін мал-дүние. Егер екі жас ажырасқан жағдайда қалыңдық малы қыздың иелігінде қалатын болған. Осы тұрғыдан қалыңмалды мәһір деп санауға болады", делінген ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің шешімінде.
Айта кетсек, Қазақстанда үйленгенде күйеу жігіт қалыңдыққа қалыңмал апарады.
Оның сомасы да нақты белгіленбеген, қалыңдықтың тәрбиесі мен мәдениетіне қарай ол арада жай сағаттан бастап, тіпті пәтер, көлікке дейін қамтылып жатады. Соңғы кездері бұл ретте қалыңдықтардың қалауы, көбінесе Айфонға (құны 600 мыңнан бастап 1 млн теңгеден асады) түсіп жүр.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/aqsha_mental

Әр өңірде оның сомасы әртүрлі: 500 мың теңгеден басталып 3 млн теңгеге дейін барады. Одан бөлек мешітке неке қиюға барғанда қалыңдық күйеу жігіттен мәһір де сұрайды.
Оның сомасы да нақты белгіленбеген, қалыңдықтың тәрбиесі мен мәдениетіне қарай ол арада жай сағаттан бастап, тіпті пәтер, көлікке дейін қамтылып жатады. Соңғы кездері бұл ретте қалыңдықтардың қалауы, көбінесе Айфонға (құны 600 мыңнан бастап 1 млн теңгеден асады) түсіп жүр.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/aqsha_mental
👍12❤1🔥1😁1💯1
Forwarded from DALA INSIDE
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Депутат Бапи атышулы Дариға Назарбаева мен "Ескі Қазақстанды" аңсап жүргендерді тексеруді талап етті деп жазады DALA INSIDE.
Мәжіліс депутаты әлеуметтік желілерде Дариға Назарбаеваны дәріптейтін бейнематериалдарды байқап, бұл әрекетті бұрынғы саяси режимді насихаттауға бағытталған манипуляция деп атады.
"Әлемжелі арқылы түрлі манипуляциялар жасалып,
Реваншистік топтар интернетте "билік отставкаға кетеді", "мерзімінен бұрын сайлау өтеді", "депутаттар ар-намыстарынан айырылды" деген жалған трендтерді таратуда.
Бұл ма, бұл қоғамдық санаға әсер ету арқылы Жаңа Қазақстанның бірлігін шайқауға бағытталған технологияның бір бөлігі.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығына осындай арандатушылықтардың түп-тамырын анықтап, осы әрекеттің артында тұрған топтар жайлы толық мәлімет беруді сұраймын", – деді депутат.
https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤3🥰1
Барлығымыз күтіп жүрген викторина! Кешкі сағат 18:00-де "Үйде жатпа!" арнасынан жіберіп алмаңыздар!
Викторина сыйлықтарына кенеліңіздер! Киноға тегін билеттер алыңыз. Кино ғана емес, концерт, театрға да тегін бара аласыз! Баратын күнін, шараны да өзіңіз таңдайсыз!
Ол үшін "Үйде жатпа!" телеграм арнасына төмендегі сілтемемен жазылыңыз. Викторина шарттары сондағы постта көрсетілген. Қатысыңыз, билеттер ұтыңыз!⤵️
https://t.me/uidezhatpa

❤2👍1
Forwarded from DALA INSIDE
⚡️ Поләк шендісі: Киев? Батыстан жеткен көмектің тең жартысы жымқырылған...
Польшаның экс-Еңбек министрі Петр Күлпаның айтуынша, Киевтің шенді-шекпенділері Батыстан жеткен көмектің жұлма-жұлмасын шығарған.
"Батыс елдері аузынан жырып берген қып-қызыл ақшаның тең жартысына жуығы (30-50%-ы) "ұстағанның қолында, тістегеннің аузында" кетті. Ұрланған ақшаның көлемі Украинаның бір жылдық бюджетіне пара-пар" – дейді Күлпа.
Ақпараттың рас-өтірігін анықтайтын боламыз.

Поләк шендісінің сөзін Кремльге тиесілі Sputnik агенттігі таратып жатыр.
Ақпараттың рас-өтірігін анықтайтын боламыз.
https://t.me/dalainside
❤2👍2
Демалыс күндері Алматы мен Астанада не істейміз? Күндерді қалай қызықты және тегін өткізуге болады?
Оның жауабын алу үшін "Үйде жатпа!" телеграм арнасына жазылыңыздар!
Алматыда сізді түрлі қызықты көрмелер, мюзик форум, ал Астанада көрме күтіп тұр. Осының барлығы тегін. Уақыттары мен өтетін орны сізге қолайлы.
Сілтеме төменде

❤5
Forwarded from Курилка Байтерека
⚡️ Қымбат телефонға ақша жұмсағанша, акция сатып алыңыз...
Жыл сайын телефон ауыстыратын құрбы-құрдастарыңыз бар болар. "Ақша менталитеті" сізді олардан үлгі алмауға шақырады.
Мысалы, жаңа флагмандық модельге 500 000 теңге жұмсаудың орнына, жақсы жұмыс істейтін орташа бағадағы смартфонды 200 000 теңгеге алсаңыз, қалған 300 000 теңгені инвестициялауға мүмкіндік бар.
Қарапайым есеп:
300 000 теңгені🏦 Kaspi акциясына салдыңыз делік.
Kaspi акциясының бағасы шамамен 56 250 теңге. Осы ақшаға шамамен 5,33 акция аласыз.
Егер акциялардың жылдық орташа өсімі 10% болса, 5 жыл ішінде инвестицияңыздың құны📈 483 000 теңгеге дейін жетеді.
Ақшаны жұмыс істету байлыққа апарар жолдың басты қағидасы.
Бұл туралы әлі де айтамыз. Бізге тіркеліп алыңыз👇
https://t.me/aqsha_mental
Жыл сайын телефон ауыстыратын құрбы-құрдастарыңыз бар болар. "Ақша менталитеті" сізді олардан үлгі алмауға шақырады.
Мысалы, жаңа флагмандық модельге 500 000 теңге жұмсаудың орнына, жақсы жұмыс істейтін орташа бағадағы смартфонды 200 000 теңгеге алсаңыз, қалған 300 000 теңгені инвестициялауға мүмкіндік бар.
Қарапайым есеп:
300 000 теңгені
Kaspi акциясының бағасы шамамен 56 250 теңге. Осы ақшаға шамамен 5,33 акция аласыз.
Егер акциялардың жылдық орташа өсімі 10% болса, 5 жыл ішінде инвестицияңыздың құны
Смартфонды ақылмен таңдап, артық шығынды инвестицияға салу қаржылық сауаттылықтың белгісі.
Ақшаны жұмыс істету байлыққа апарар жолдың басты қағидасы.
Бұл туралы әлі де айтамыз. Бізге тіркеліп алыңыз👇
https://t.me/aqsha_mental
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👍1
Біз тіпті ескі МЕН-нен ағытылуға, ажырауға тырыспаймыз да және көңілде сайрап тұрған, әдетке айналған дағдылы іс-қимылдарды атқарамыз.
Осылай, мәселен, күнде таңертең төсектегі өзіңіз жататын жағыңызда оянасыз, үйреншікті қимылмен үстіңізге халатыңызды ілесіз, түріңізді «еске түсіру» үшін айнаға көз тастайсыз да, жуынатын бөлмеге беттейсіз — бәрі қалыптасқан тәртіппен жүреді.
Содан соң бет әлпетіңізді айналадағылар күтетін кейіпке сай болуы үшін өзіңізді ретке келтіресіз де, әдеттегі тәсіліңізбен тісіңізді тазалайсыз.
Өзіңіз ұнататын шыныаяқтан кофе ішесіз, әдеттегі таңғы асыңызбен оразаңызды ашасыз, үнемі киетін күртеңізді киесіз де, ойланбастан, яки дағдылы түрде сыдырмасын тартасыз.
Сосын ойланып та жатпастан, үйреншікті, ыңғайлы бағытпен жұмысыңызға тартасыз. Онда ендігі қиындық тудырмайтын болған, жақсы таныс міндеттерді атқарасыз. Сіз сол баяғы бір адамдарды көресіз, және де олар сізге әсер ететін сол баяғы көңіл күй түймелерін басады да, ішіңізде сол адамдар туралы да, жұмыс туралы да, өмірдің өзі туралы да сол баяғы ойлар қайтадан іске қосылады.
Кешке үйіңізге 🚶🏻 асығып, тезірек тамақтанып, тезірек ұнататын теле-думаныңызды көріп, тезірек ұйқыға жатасыз, келесі күні осының бәрін және қайталайсыз.
Осы күні миыңызда қандай да бір өзгерістер болды ма?
Неліктен сіз көңіл түкпірінде өміріңізде жаңа бірдеңе пайда болады деп күтесіз де, өзіңіз әрі қарай да ескі ойларды ойлап, сол баяғы іс-қимылдарды жасап, күннен-күнге үйреншікті эмоцияларды кеше бересіз? Мұныңыз ессіздік емес пе?
Сіз күнбе-күн еш өзгеріссіз ой-пайым деңгейінде қала бересіз. Ал кванттық дүниеде сыртқы орта — небәрі естің жалғасы болғандықтан (ес пен материя біртұтас), миды өзгертпейінше, өмірлік жағдайлар да өзгермейді.
Кванттық үлгіге сай, үйреншікті жаралысқа үйреншікті ыңғай таныта беріп, біз құр соның баламасын жаратамыз. Немесе былай: мысалы, компьютер жадына бір мәнді деректерді енгізе беріп, басқа мәнді жаңа нәтиже алу мүмкін емес.
Сонда, жалпы, адамдар қалайша жаңа әлдене жарата алып жүр?..
©️ Жо Диспенза
📚 "Сергек сана" кітабынан" үзінді
https://t.me/kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7👍6🔥3👏1
Елестетіңізші: сіздің қажеттіліктеріңізді қанағаттандыратын, проблемаларыңыздың шешу жолдарын айтып беретін, сіздің алдыңызда тұрған мүмкіндіктерді көрсетіп, оларды қалай пайдалана алуыңызға кеңес беретін, сізге көмек керек болған жағдайда жаныңыздан табылатын серігіңіз болса, сіз өзіңізді қаншалықты қауіпсіз әрі сенімді сезінесіз. Сіздің ондай серігіңіз бар, ол сіздің ішкі жан дүниеңізде. Ол – ішкі дауыс.
💬 Барлық ұлы адамдар, бизнесмен, спортшы, әртіс немесе мемлекеттік қайраткер болсын, әрдайым ішкі дауысқа құлақ асады. Ішкі дауыс айтқан шешімдерді пайдалана білу сәттілікке жетудің бір жолы. Ол адамның қаншалықты өзіңнің «менін» дамыта алғанын көрсетеді.
Мені өмір Австралияның бай әрі табыскер антрепренерімен жолықтырды. Біз қонақ үй холлында отырдық. Менің сөз сөйлеуіме бір сағат қалған еді. Мен оны танып қалдым, себебі газет-журнал беттерінен оның суретін көрген едім. Мен жақындап, өзімді таныстырдым. Бір газетте оның ішкі дауысқа қатты сенетінін оқыған едім. Сол шын ба екенін білгім келіп, сұрауды жөн көрдім.
«Менің істерімде ішкі дауыс негізгі орынға ие, – деп айтты менің әңгімелесушім. – Мен өмірімде өзімнің ішкі дауысыммен сырласпай, бірде-бір маңызды қадамға бармадым».
Тек ол бір өзі осылай жасайды деп қалмаңыз. Моцарттың айтуы бойынша, ол шабытты іштен алатын. Сократ өзінің ішкі дауысына бағынатынын айтатын. Эйнштейн, Эдисон, Маркони, Генри Форд, Лютер Бюрбэнк, мадам Кюри – бұл тізімді өзінің сәттілігін ішкі дауыспен байланыстыратын атақты адамдармен жалғастыра беруге болады.
Өзінің 🗣 ішкі жан дауысына құлақ аса отырып, адам ең дұрыс шешімді қабылдайды, шығармашылық идеяларды алға тартады, дүниеге тереңірек мән беріп, өзінің арманын түсініп, оны жүзеге асырудың қысқа жолын табады.
Тиісті уақытта, тиісті жерде болып және өмірде өте жиі табысқа кенелетін адамдар – олар тек қана табыскерлер емес. Олар нені қай уақытта жасау керек екенін айтатын ішкі дауысты дамытқан. Ішкі дауыс оларға жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, анық көрініп тұрғанға күмәнмен қарауды үйретеді. Олар бұдан қажетті білім жинақтап, оны қалай және қашан пайдалану керектігі жайлы бұйрық алады.
©️Жон Кехоның, "Түйсігіңмен ойла" кітабынан үзінді
https://t.me/kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥7❤5👍4👏3💯2
Forwarded from Курилка Байтерека
Жыл өткен сайын той өткізудің қаржылық ауыртпалығы артып келеді. Әзір Алматыда той өткізуге орташа есеппен 10 млн теңге керек.
Ақша менталитеті осы тұста бір күндік думанға жұмсалатын қомақты қаржының болашаққа әсерін талдап көрді.
Айталық, сіз ілгерідегі 10 млн-ды жылдық🏦 14% табыстылығы бар депозитке салдыңыз делік.
Бұл – тойдың өзіндік құнынан кем түспейтін қосымша қаражат.
Жылдық орташа 15% табыстылықпен акцияларға салынған 10 миллион теңге 10 жылдың ішінде шамамен 40 миллион теңгеге дейін өседі. 20 жылда бұл сома 160 миллион теңгеден асады.
Бір күндік тойдың орнына осындай капиталға ие болу, өзіңізге және отбасыңызға тұрақты қаржылық еркіндік сыйлау рахат емес пе?
"Тойға кеткен ақша бір сәттік эмоция, ал пассивті табыс көзі жылдар бойы берекесі тасыған қаржылық тұрақтылық. Бір күндік қуаныш үшін барлық жинақты сарқудың орнына, сол қаржыны байлық құруға бағыттасаңыз, болашағыңызға жасаған ең парасатты қадам болар еді", - деп пайымдайды Ақша менталитеті.
Бізге тіркеле кет, артық етпейді 👇
https://t.me/aqsha_mental
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤10🔥4👍2
Forwarded from Курилка Байтерека
Қаржылық активтерді құнсызданатын және құн өсіретін активтер деп
Құнсызданатын және құн өсіретін активтердің айырмашылығы:
Бұл активтер уақыт өте келе нарықтық құнын жоғалтады және сізге пассивті табыс әкелмейді.
Ақша менталитеті: Құнсызданатын активтерге артық шығындалмаңыз. Қаржыны құн өсіретін активтерге бағыттаңыз. Ұзақ мерзімді пассивті табыс көздерін құруға басымдық беріңіз.
Бізге тіркеле кет, артық етпейді 👇
https://t.me/aqsha_mental
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤10
⚡️Жоспарыңызды жұртқа жария қылудың қажеті жоқ. Мәселе жоспардың өзінде емес, сіз әлі келмеген, өзіңізге тиесілі болмаған болашақпен саудаласып жатқаныңызда. Аузыңызға құлып салып, тыныш әрекет ету – табыстың ең сенімді жолы.
© Марғұлан Сейсембай, арнайы Электронды кітаптар үшін.
https://t.me/kitapkz1
© Марғұлан Сейсембай, арнайы Электронды кітаптар үшін.
https://t.me/kitapkz1
👍22❤7👏4👎1💯1
«Мен саясат пен соғыс өнерін үйренуім керек, сонда ұрпағым математика мен философияны еркін меңгере алады. Балаларымыз математика, философия, география, табиғаттану, теңіз ісі, сәулет, кеме жасау, сауда және ауыл шаруашылығы сияқты ілімдерді оқуы тиіс. Ал олардың балаларына бейнелеу өнерін, поэзияны, музыканы, мүсін, кілем тоқу және фарфор жасау өнерін үйренуге мүмкіндік қалдыруымыз керек».
💬 Бұл сөзде ұрпақтар арасындағы алтын көпір мен олардың өзара міндеті керемет сипатталған.
Әр буын алдыңғының жетістігін нығайтып, келесісіне өнер мен білімге толы еркін өмір сыйлауға тиістігін тамаша жеткізген.
https://t.me/kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍15❤7💯3
Forwarded from Курилка Байтерека
🏛️ Әлемнің 500 алып компаниясына қалай инвестор болуға болады?
...немесе S&P 500 дегеніміз не?
S&P 500 – бұл АҚШ экономикасының жүрегі, ал әлемдік инвесторлар үшін тұрақтылық пен өсімнің символы.
Индекс АҚШ-тың 500 ірі компаниясының акциясын қамтиды және нарықтың жалпы динамикасын дәл көрсетеді. Ішінде📱 Apple, Microsoft, Amazon, Tesla, 📱 Netflix сияқты алыптар бар.
Ақша менталитеті анықтамасы: S&P 500 индексі соңғы 30 жылда орташа жылдық 💹 10%-12% табыстылық көрсеткен.
Бұл тек капитал өсімі ғана, ал дивидендтерді есепке алсақ, табысыңыз одан да жоғары болар еді.
Индекс әр сектордың салмағын теңдей таратады:
27% – ақпараттық технологиялар,
14% – денсаулық сақтау,
13% – қаржы,
12% – тұтыну тауарлары.
Бұл әртараптандыру S&P 500-ді нарықтың ауытқуларына төзімді етеді.
Енді ең маңыздысы...
Қазақстандық инвесторлар үшін S&P 500-ге кірудің ең оңай жолы – ETF (мысалы, SPY немесе VOO) сатып алу. Freedom Finance немесе Halyk Finance арқылы осы құралдарға қол жеткізуге болады.
Мысалы, 1 млн теңгеңізді SPY-ға салсаңыз және ол жылына орташа 10% өссе, 10 жылдан кейін жинағыңыз шамамен 2 593 742 теңге болады. Бұл – пассивті табыстың нақты үлгісі.
Капиталыңызды уақыт сынына төтеп беретін активтерге бағыттағыңыз келсе, бұл индекс сіз үшін таптырмас мүмкіндік.
Әлемдік нарықтың көшбасшыларымен бірге табыс табу мүмкіндігін алдағы уақытта кеңінен тарқатып айтамыз.
Бізге тіркеліп ал👇
https://t.me/aqsha_mental
...немесе S&P 500 дегеніміз не?
S&P 500 – бұл АҚШ экономикасының жүрегі, ал әлемдік инвесторлар үшін тұрақтылық пен өсімнің символы.
Индекс АҚШ-тың 500 ірі компаниясының акциясын қамтиды және нарықтың жалпы динамикасын дәл көрсетеді. Ішінде
Ақша менталитеті анықтамасы: S&P 500 индексі соңғы 30 жылда орташа жылдық 💹 10%-12% табыстылық көрсеткен.
Айталық, егер сіз 1993 жылы 1 млн теңге инвестициялаған болсаңыз, 2023 жылы бұл сома шамамен 17 449 000 теңгеге жетер еді.
Бұл тек капитал өсімі ғана, ал дивидендтерді есепке алсақ, табысыңыз одан да жоғары болар еді.
Индекс әр сектордың салмағын теңдей таратады:
27% – ақпараттық технологиялар,
14% – денсаулық сақтау,
13% – қаржы,
12% – тұтыну тауарлары.
Бұл әртараптандыру S&P 500-ді нарықтың ауытқуларына төзімді етеді.
Енді ең маңыздысы...
Қазақстандық инвесторлар үшін S&P 500-ге кірудің ең оңай жолы – ETF (мысалы, SPY немесе VOO) сатып алу. Freedom Finance немесе Halyk Finance арқылы осы құралдарға қол жеткізуге болады.
Мысалы, 1 млн теңгеңізді SPY-ға салсаңыз және ол жылына орташа 10% өссе, 10 жылдан кейін жинағыңыз шамамен 2 593 742 теңге болады. Бұл – пассивті табыстың нақты үлгісі.
Капиталыңызды уақыт сынына төтеп беретін активтерге бағыттағыңыз келсе, бұл индекс сіз үшін таптырмас мүмкіндік.
Әлемдік нарықтың көшбасшыларымен бірге табыс табу мүмкіндігін алдағы уақытта кеңінен тарқатып айтамыз.
Бізге тіркеліп ал👇
https://t.me/aqsha_mental
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11❤6💯1
Forwarded from DALA INSIDE
⏳ «Тұрсынбаевадан бастаймыз»: құзырлы органдар халықтан ақша жинаған жұлдыздармен айналыспақ
«Біз біргеміз» қорының құрылтайшысы Перизат Қайрат ісінен кейін, құзырлы органдар халықтан ақша жинаған және қазір де жинайтын, желіде танымал, аудиториясы үлкен адамдарға тексеріс жүргізу бойынша жабық консультациялар өткізе бастады. Келесі жылдан бастап Қаржы мониторингі агенттігі осы істің басты координаторы болуы мүмкін. DALA INSIDE дереккөзінің айтуынша, аузы дуалы жұлдыз болып жүрген біраз адамның былығы ашылуы ғажап емес.
Тексерілетін тізімді Айнұр Тұрсынбаева, Құралай ханым, Қуаныш Шоңбай сынды коуч, курс сататын тұлғалар бастайтыны анық. Олардың банктік транзакциялары тексеріліп, салық төлеу дисциплинасына мониторинг жасалады деп күтілуде. Ақша кімнен және қайдан түсті, ақша жібергендер тиісті қызмет алды ма, ол табыстан салық төленді ме, барлығы микроскоппен қаралмақ.
2023 жылы Ресейде «Тілек марафонын» өткізіп жүрген, ең атышулы блогер Елена Блиновская шетелге кетіп бара жатқан жерінен ұсталған болатын. Оған 918 миллион рубль салықтан жалтарды деген айып тағылып, алдымен үйқамаққа, одан кейін тергеу изоляторына жөнелтілген еді. Қазір Блиновская 918 миллион рубльдің 230 миллионын өтеді. Қалған қарызды төлей алмай, банкрот деп танылып отыр.
Отандық жұлдыздар да Блиновская кебін киюі мүмкін. 2025 жылы бірнеше дүркіреген сот процесі өтеді деп күтілуде. Оның барлығын ютубта ашық өткізу бойынша идеялар қолдау тауып отыр. Тек тиісті нормативтік актілерге өзгеріс енгізу қажет.
DALA INSIDE бұл құбылысты бақылап отыратын болады. Бізге жазылып алыңыздар👇

«Қайырымдылық қорлар ғана емес, ешқандай қорсыз-ақ аудиториясынан ақша жинап жүрген, курс, басқа да заттар сатып жүргендердің арнайы реестрі туралы жабық талқылаулар жүруде. Ал қорлардың жағдайы түсінікті. Олар келесі жылдан бастап қатаң қадағалауға алынатын болады»

«Ресейдегі «Блиновская кейсі» бізде де қайталанады. Қазақтың түрлі коучтары, блогерлері, қазірден бастап осыған дайын болуы тиіс», - дейді, дереккөз.

🔥6👍3

❤7👍3🔥3💯2😢1
Forwarded from DALA INSIDE
⚡️ Тоқаев пен Путин: Екі көшбасшы арасындағы дипломатиялық химия
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейдің "Известия" жазған басылымына мақаласы Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының қазіргі келбетін айшықтайтын жаңа көзқарасты ұсынады.
"Владимир Путин екеуміз үнемі хабарласып тұрамыз," – деп жазады Тоқаев, бұл қатынастың тек саяси емес, іскерлік тұрғыда да бірізді екенін көрсетіп. Соңғы бір жыл ішінде төрт мәрте толық форматтағы кездесу өткізілген.
Мұндай тығыз қарым-қатынас екі ел арасындағы шекаралас ынтымақтастық пен жаһандық тұрақсыздық кезеңіндегі ортақ жауапкершілікті айшықтайды.
Мақалада Қазақстан мен Ресейдің экономикалық ықпалдастығының өрлеуі туралы нақты деректер келтірілген. Қазақстанда жұмыс істеп жатқан🇷🇺 ресейлік 23 мың компанияның 4 мыңы соңғы жылда ғана ашылған. Екіжақты инвестиция көлемі 2023 жылы әр тараптан 3 миллиард доллардан асып түсті.
Ең қызығы, бұл ынтымақтастық тек дәстүрлі энергетика немесе өнеркәсіп салаларында емес, көлік-логистика мен ауыл шаруашылығында да қарқынды дамып келеді. "Бұл өз кезегінде Еуразия экономикалық одағының тиімділігін дәлелдейді", - дейді Тоқаев.
Путиннің алдағы мемлекеттік сапары қазақ-орыс қарым-қатынасындағы жаңа қадам болмақ. Жоғары дәрежелі кездесу кезінде стратегиялық серіктестікке тың серпін беру, сауда-экономика және ғылым салаларындағы ынтымақтастықты талқылау жоспарланып отыр.
Екі ел арасындағы шекараның ұзындығы мен ондағы 32 миллион адамның өмірі – бұл қарым-қатынастың тек экономикалық немесе саяси ғана емес, әлеуметтік-мәдени салмағы да бар екенін көрсетеді.
Айта кетейік, 🛬 бүгін Ресей президенті Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келеді.
Бізбен бірге болыңыздар 👇
https://t.me/dalainside
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейдің "Известия" жазған басылымына мақаласы Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының қазіргі келбетін айшықтайтын жаңа көзқарасты ұсынады.
Мақалада ерекше байқалғаны – екі ел басшылары арасындағы байланыс пен сенімнің жоғары деңгейі деп пайымдайды DALA INSIDE.
"Владимир Путин екеуміз үнемі хабарласып тұрамыз," – деп жазады Тоқаев, бұл қатынастың тек саяси емес, іскерлік тұрғыда да бірізді екенін көрсетіп. Соңғы бір жыл ішінде төрт мәрте толық форматтағы кездесу өткізілген.
Мұндай тығыз қарым-қатынас екі ел арасындағы шекаралас ынтымақтастық пен жаһандық тұрақсыздық кезеңіндегі ортақ жауапкершілікті айшықтайды.
Мақалада Қазақстан мен Ресейдің экономикалық ықпалдастығының өрлеуі туралы нақты деректер келтірілген. Қазақстанда жұмыс істеп жатқан
Ең қызығы, бұл ынтымақтастық тек дәстүрлі энергетика немесе өнеркәсіп салаларында емес, көлік-логистика мен ауыл шаруашылығында да қарқынды дамып келеді. "Бұл өз кезегінде Еуразия экономикалық одағының тиімділігін дәлелдейді", - дейді Тоқаев.
Путиннің алдағы мемлекеттік сапары қазақ-орыс қарым-қатынасындағы жаңа қадам болмақ. Жоғары дәрежелі кездесу кезінде стратегиялық серіктестікке тың серпін беру, сауда-экономика және ғылым салаларындағы ынтымақтастықты талқылау жоспарланып отыр.
Тоқаев бұл сапарды «мәңгі достық пен тату көршілік символы» деп атады.
Екі ел арасындағы шекараның ұзындығы мен ондағы 32 миллион адамның өмірі – бұл қарым-қатынастың тек экономикалық немесе саяси ғана емес, әлеуметтік-мәдени салмағы да бар екенін көрсетеді.
Тоқаевтың пайымдауынша, "Қазақстан тарихтың қиын кезеңдерінде де Ресейдің сенімді серіктесі болып қалмақ."
Айта кетейік, 🛬 бүгін Ресей президенті Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келеді.
Бізбен бірге болыңыздар 👇
https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤2
Forwarded from DALA INSIDE
⚽ Марат Омаров қазақ футболын көркейте алады
Мемлекет те осыған сеніп отыр. Қазір Қазақстан футбол федерациясын басқаруға екі кандидат ұсынылды дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Басты үміткер - Бәсекелестікті қорғау агенттігінің басшысы Марат Омаров. Ол кезінде кәдімгідей кәсіби деңгейде футбол ойнаған. Федерация басшылығына экс-қақпашы Давид Лория да таласып отыр. Осы екі тұлға тандем құрып, Омаров президент, Лория вице болып, футболды көтеруге қауқары бар.
Экс-төраға Әділет Бәрменқұловтың өз адамын қою әрекеті сәтсіз аяқталды. Оған Антикордың бірнеше сұрағы пайда болған сияқты.
Жалпы, қазақ футболының толық тазалауға ұшырайтынын осының алдында жазған едік. Клубтарда тиын жасап жүрген агенттер мен функционерлер жаппай тексеріле бастады. Антикор мен Қаржы мониторингі агенттігі футбол спецификасын түсінетін консультанттар тауып, мәселені аяғына дейін жеткізбек.
ФИФА рейтингінде Қазақстан Тәжікстан мен Суданнан қалып қалғандықтан, құраманы жаңа деңгейге жеткізу бойынша үлкен жоспар қабылданып отыр. Ол үшін Федерацияға лайықты басшы керек. Онымен бірге ортанқол деңгейдегі бапкер шақыру практикасы да тоқтайтын болады.
Бюджет дефициті жағдайында және олигархтар активтерін мемлекетке беріп, артық ақшасыз жүрген кезде Моуриньоларды шақыру қиын соғатын сияқы. Сондықтан "Сол жағалауға" Жұмасқалиев идеясы көбірек ұнап отыр. Бізге тез арада 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу ойындарына дайындықты бастау керек.
Черчесовтың құрама басшылығында санаулы күндері қалғаны анық. Бәрменқұлов кеткендіктен, Станислав Саламұлын қорғайтын адам табылмады. Қазақ тілімен қалжыңдасам деп, ресейлік бапкер халық қолдауынан айрылды. Артық сөйлеп, экс-бапкер, әріптесі Магомед Адиевті де ренжітті.
Футбол жаңалықтарынан қалыс қалмаңыз👇

"Екі вариант қабылданды. Біріншісі - құрамаға Моуриньо деңгейіндегі әлемдік бапкер алдырып, оның гонорарын Тимур Құлыбаев, Вячеслав Ким сияқты олигархтарға төлету. Екіншісі - құраманы Талғат Байсуфинов, Нұрбол Жұмасқалиев сияқты қазақ мамандарына беру", - дейді, дереккөз.
Бюджет дефициті жағдайында және олигархтар активтерін мемлекетке беріп, артық ақшасыз жүрген кезде Моуриньоларды шақыру қиын соғатын сияқы. Сондықтан "Сол жағалауға" Жұмасқалиев идеясы көбірек ұнап отыр. Бізге тез арада 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу ойындарына дайындықты бастау керек.
Черчесовтың құрама басшылығында санаулы күндері қалғаны анық. Бәрменқұлов кеткендіктен, Станислав Саламұлын қорғайтын адам табылмады. Қазақ тілімен қалжыңдасам деп, ресейлік бапкер халық қолдауынан айрылды. Артық сөйлеп, экс-бапкер, әріптесі Магомед Адиевті де ренжітті.
Футбол жаңалықтарынан қалыс қалмаңыз👇
https://t.me/dalainside
👍10❤3
Forwarded from Курилка Байтерека
💲 Доллар күшейіп келеді: курс 500 теңгеге жақындады...
Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың орташа бағамы тағы 0,93 теңгеге өсіп, 499,51 теңгеге жетті. Айырбастау пунктерінде бағалар айтарлықтай жоғары:
Алматыда доллар 508 теңгеге сатылып, 505 теңгеден сатып алынып жатыр.
Астанада сату бағасы 506 теңге, сатып алу 500 теңгені құрайды.
Мұнай бағасының өзгеруі, Ресей экономикасының ықпалы, АҚШ долларының жаһандық үстемдігі теңгенің тағдыры осы факторларға байланған.
Егер жинағыңыз тек теңгеде болса, оның жарты құнын жоғалтуға дайын болыңыз. Доллар мен еуроға ауысу, алтынға немесе жылжымайтын мүлікке салу – болашағыңызды қорғаудың жалғыз жолы. Теңгені құтқару сіздің емес, жүйенің міндеті. Ал сіздің міндетіңіз өз капиталыңызды құтқару.
Бізге тіркеліп ал👇
https://t.me/aqsha_mental
Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың орташа бағамы тағы 0,93 теңгеге өсіп, 499,51 теңгеге жетті. Айырбастау пунктерінде бағалар айтарлықтай жоғары:
Алматыда доллар 508 теңгеге сатылып, 505 теңгеден сатып алынып жатыр.
Астанада сату бағасы 506 теңге, сатып алу 500 теңгені құрайды.
Егер мұнай $60-ға дейін түссе, теңгенің бағамы 550-600 аралығына сырғуы ықтимал.

❤1