Forwarded from DALA INSIDE
🌾 Ресей енді конкурент емес. Отандық астық экспортерлері қуануда
Ресейде қысқы климат режимі қолайсыз болып, күздік егін жоспарланғандай бітік көтерілмеген. Соның салдарынан, Ресей астық бойынша осыдан екі жыл бұрынғы рекордтарын жаңарта алмайды. Сонда биыл солтүстік көрші болжам бойынша 80 миллион тонна астық өндіріп, оның тең жарьтысын ішкі тұтынуға алып қалады. Демек, ол артылып қалған астығын сатып жүрген нарықтардан кетуі тиіс.
Сәйкесінше, Қазақстан астық экпортынан былтырға қарағанда көбірек кіріс алуы мүмкін. Биыл отандық бидай өндірісі өткен жылдармен бір деңгейде сақталады деп болжануда. Шамамен біз 18,58 миллион тонна астықты орып алуды жоспарлан отырмыз. Оның 10 миллион тоннасы экспортқа, 8,5 миллион тоннасы ішкі нарыққа бағытталуы тиіс.
Бұл проблеманы мемлекет шеше алмай қойды. Басқа мемлекеттерді «бізден бидай алма, ұн ал» деп мәжбүрлей алмағандықтан, былтырдан бастап еліміздегі бірнеше диірмен жұмысын тоқтатты. Ондағы құрылғылар жұмыссыз тұра берсе, шіри бастауы ықтимал.
АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректеріне сәйкес, қазір Қазақстандағы қоймаларда сақталып жатқан бидай қоры 3,45 миллион тоннаны құрайды.
https://t.me/dalainside

«Соңғы екі жылда ресейлік экспортерлер біздің дәстүрлі нарыққа кіріп, демпинг жасап жүрген болатын. Соның салдарынан фермерлеріміз өздері жоспарлаған пайдадан анағұрлым аз тауып жүрді. Ауғанстан, Иран, Пәкістан, Орталық Азия елдері біз астық сататын нарық болып саналады. Биыл Ресей бұл нарықтарға демпингпен кірмейді деп ойлап отырмыз», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Сәйкесінше, Қазақстан астық экпортынан былтырға қарағанда көбірек кіріс алуы мүмкін. Биыл отандық бидай өндірісі өткен жылдармен бір деңгейде сақталады деп болжануда. Шамамен біз 18,58 миллион тонна астықты орып алуды жоспарлан отырмыз. Оның 10 миллион тоннасы экспортқа, 8,5 миллион тоннасы ішкі нарыққа бағытталуы тиіс.
«Бидай көлемін азайтпасақ та, біздегі ұн шаруашылығы тұралап тұр. Шет мемлекеттер бізден ұн алғысы келмейді. Олар бізден бидайды шикізат ретінде алып, өздері диірменге тартып, баға қосып ұн қылып сатуда», - дейді, дереккөз.
Бұл проблеманы мемлекет шеше алмай қойды. Басқа мемлекеттерді «бізден бидай алма, ұн ал» деп мәжбүрлей алмағандықтан, былтырдан бастап еліміздегі бірнеше диірмен жұмысын тоқтатты. Ондағы құрылғылар жұмыссыз тұра берсе, шіри бастауы ықтимал.
АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректеріне сәйкес, қазір Қазақстандағы қоймаларда сақталып жатқан бидай қоры 3,45 миллион тоннаны құрайды.
https://t.me/dalainside
👍13❤5
Forwarded from DALA INSIDE
☢️🇷🇺 Лавровтың Тоқаевпен келіспей еркінсуі Росатомға бумеранг болып келуі ғажап емес
Росатом басшылығы Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірімен келіспегеніне сақтықпен қарап отыр. Себебі, дәл қазір тұңғыш АЭС-тің ядролық технологиясы таңдалып жатқанда, Ресейдегі ресми тұлғалардың Қазақстанға қатысты кез-келген аңдамай сөйлеген сөзі таразы басын Қытай жаққа бұрып жіберуі мүмкін.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық форумдарда бірнеше рет “аумақтық тұтастық принципінің сақталмауы жаңа мемлекеттердің пайда болуына, олардың өзара қақтығыстарға ұрынуына әкеледі” деген тезисін қайталап айтып жүрді. Жақында Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров «Коммерсантъ» газетіне берген сұхбатында бұл пікірмен келіспейтінін мәлімдеді. Лавровтың сөзінше, Тоқаев үшін «тек аумақтық тұтастық құқығы ғана бар». Бірақ БҰҰ Жарғысында көрсетілген өзге қағидаттар да ескерусіз қалмауы тиіс. Оның бастысы, халықтардың өзін-өзі анықтау құқығы.
Екі саясаткер де дипломат болғандықтан, мұны Ақорда мен Кремль дипломатия мамандарының кәсіби жарыссөзі ретінде қалдырып, ары қарай маздатпайтын сияқты. Бірақ АЭС вендорын таңдау кезінде тек техникалық қауіпсіздік, құрылыс бағасы мен кредит пайызы ғана емес, саяси тәуекелдер де ескеріледі.
Дәл осы кезде мемлекеттің аумақтық тұтастығын бұзуға халықаралық құқық нормасынан дәлел іздеп жүрген Ресей мен тұтастық мәселесіне ешқашан шек келтірмейтін Қытай арасындағы баланс соңғысына қарай ауа бастауы мүмкін. Не болса да, Росатомдағылар Лавров өз мәлімдемесін бекер жасады деген ойға келіп отырғаны анық.

«Әрине, Росатом Лавровқа ештеңе дей алмайды. Бірақ корпорацияның ішкі жабық жиылыстарында бұл мәселе де талқыланды», - дейді, дереккөз.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық форумдарда бірнеше рет “аумақтық тұтастық принципінің сақталмауы жаңа мемлекеттердің пайда болуына, олардың өзара қақтығыстарға ұрынуына әкеледі” деген тезисін қайталап айтып жүрді. Жақында Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров «Коммерсантъ» газетіне берген сұхбатында бұл пікірмен келіспейтінін мәлімдеді. Лавровтың сөзінше, Тоқаев үшін «тек аумақтық тұтастық құқығы ғана бар». Бірақ БҰҰ Жарғысында көрсетілген өзге қағидаттар да ескерусіз қалмауы тиіс. Оның бастысы, халықтардың өзін-өзі анықтау құқығы.
Екі саясаткер де дипломат болғандықтан, мұны Ақорда мен Кремль дипломатия мамандарының кәсіби жарыссөзі ретінде қалдырып, ары қарай маздатпайтын сияқты. Бірақ АЭС вендорын таңдау кезінде тек техникалық қауіпсіздік, құрылыс бағасы мен кредит пайызы ғана емес, саяси тәуекелдер де ескеріледі.
Дәл осы кезде мемлекеттің аумақтық тұтастығын бұзуға халықаралық құқық нормасынан дәлел іздеп жүрген Ресей мен тұтастық мәселесіне ешқашан шек келтірмейтін Қытай арасындағы баланс соңғысына қарай ауа бастауы мүмкін. Не болса да, Росатомдағылар Лавров өз мәлімдемесін бекер жасады деген ойға келіп отырғаны анық.
https://t.me/dalainside
❤6👍5
Forwarded from DALA INSIDE
👑 Аспанға ұшқан униция. Қазақстан алтын-валюта стратегиясын қайта қарауы мүмкін
Бүгін әлемдік нарықта маусым айындағы алтын фьючерстерінің бағасы жаңа рекорд орнатып, бір трой унциясы үшін 3388 АҚШ долларынан асты. Мұндай шарықтау «Трампотариф» құбылысымен тікелей байланысты және биржалардағы раллидің қанша уақытқа созылары әлі де белгісіз.
2025 жылдың алғашқы төрт айында алтын бағасы 3000 доллар межесінен асып, сәуірде 3321 долларға, ал маусым фьючерстері 3388 долларға дейін көтерілді. Алтын бағасының небәрі 210 күн ішінде 2500 доллардан 3000 долларға дейін шарықтауы соңғы он жылда алғаш рет тіркеліп отыр. АҚШ пен Қытай арасындағы тірес енді ғана қызып жатқандықтан, алтынның түпкілікті бағасы қандай боларын ешкім болжай алмайды.
Шынымен де, былтыр Қазақстан сыртқы нарықта алтынды ең көп сатқан елдердің үштігіне кірді. Еліміз сол жылы сыртқы нарыққа 10 тонна алтын, ішкі нарыққа 1,7 алтын құймасын сатып жіберген. Ол кездегі әлемдік орташа баға бір унцияға 2500-2700 доллар аралығында болғанын ескерсек, 2600 доллар деп алғанда сыртқа алтын сатудан еліміз 917,1 миллион доллар түсім алғанын байқауға болады.
Дәл қазір Ұлттық Банк 29,14 миллиард доллардың алтынын ұстап отыр. Бұл кемінде 283 тонна таза алтын. Сыртқа қанша алтын сатса да, елдегі алтын-валюта қоры азаймайды. Себебі, еліміздегі алтын өндіретін мекемелер ол алтынды Ұлттық Банкке сатуы тиіс. Биыл олардан Ұлттық Банкке 70 тонна алтын келеді деп күтілуде. Егер жыл бойы алтынның бағасы унциясына 3 мың доллардан жоғары болса, онда Қазақстанның халықаралық жалпы резерві 56 миллиард долларға жете алады.
Бірақ алтын тым қымбаттап кетсе, Қазақстанда да, әлемде де инфляцияның шарықтау қаупі бар. Қазір елдегі экономистерді осы жағдай алаңдатып отыр.

«Бізде Ұлттық Банк бір айдан бері алтынды сыртқы нарыққа да, ішкі нарыққа да сатуын тоқтатты. Монатарлы билік бағаның белгілі бір межеде тұрақтанғанын күтіп отыр. Бұған дейін алтын-валюта резервінде алтынның үлесін 50 пайыздан асырмау бойынша стратегия қабылданып, Ұлттық Банк алтынды төпелеп сатып келген. Қазір бұл стратегия қайта қаралуы мүмкін», - дейді, жағдайды жақсы білетін DALA INSIDE дереккөзі.
Шынымен де, былтыр Қазақстан сыртқы нарықта алтынды ең көп сатқан елдердің үштігіне кірді. Еліміз сол жылы сыртқы нарыққа 10 тонна алтын, ішкі нарыққа 1,7 алтын құймасын сатып жіберген. Ол кездегі әлемдік орташа баға бір унцияға 2500-2700 доллар аралығында болғанын ескерсек, 2600 доллар деп алғанда сыртқа алтын сатудан еліміз 917,1 миллион доллар түсім алғанын байқауға болады.
«Әрине, егер Ұлттық Банк алтынды былтыр емес, биыл белсенді сата бастағанда 10 тоннадан 1,16 миллиард доллар шығаруға болатын еді. Сонда 247 миллион доллар артық пайда көрер еді», - дейді, дереккөз.
Дәл қазір Ұлттық Банк 29,14 миллиард доллардың алтынын ұстап отыр. Бұл кемінде 283 тонна таза алтын. Сыртқа қанша алтын сатса да, елдегі алтын-валюта қоры азаймайды. Себебі, еліміздегі алтын өндіретін мекемелер ол алтынды Ұлттық Банкке сатуы тиіс. Биыл олардан Ұлттық Банкке 70 тонна алтын келеді деп күтілуде. Егер жыл бойы алтынның бағасы унциясына 3 мың доллардан жоғары болса, онда Қазақстанның халықаралық жалпы резерві 56 миллиард долларға жете алады.
Бірақ алтын тым қымбаттап кетсе, Қазақстанда да, әлемде де инфляцияның шарықтау қаупі бар. Қазір елдегі экономистерді осы жағдай алаңдатып отыр.
https://t.me/dalainside
❤6👍1
Forwarded from DALA INSIDE
⚠️ Берденов оқиғасының себебі қарапайым тұрмыстық мәселе
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуыл - мемлекеттік институттарға бизнес тарапынан жасалған қысым емес. Қазір мемлекет осы оқиғаны сан-саққа жүгіртіп, түрлі теориялар сызып жатқан топтардың нарративін бақылап отыр.
Алайда, кейбір танымал тұлғалар бұл оқиғаға қатысты шындықты бұрмалап, оған мүлде басқа мағына беруге тырысуда. Мемлекет пен бизнестің арасына сына қағу қадамдарының не мақсатпен жасалып отырғаны да айқын. Жалпы хаос жағдайында өз мүддесін іске асырғысы келіп отырған топтардың аз еместігі байқалады.

"Қастандықтың себебі тұрмыстық мәселеге келіп тіреледі. Құрылыс болсын, букмекерлер болсын, ешбір лоббидің бұған қатысы жоқтығы анықталды", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Алайда, кейбір танымал тұлғалар бұл оқиғаға қатысты шындықты бұрмалап, оған мүлде басқа мағына беруге тырысуда. Мемлекет пен бизнестің арасына сына қағу қадамдарының не мақсатпен жасалып отырғаны да айқын. Жалпы хаос жағдайында өз мүддесін іске асырғысы келіп отырған топтардың аз еместігі байқалады.
https://t.me/dalainside
Telegram
DALA INSIDE
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
™ Жарнама @dalareklanaBot
Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.

👍5❤4
Forwarded from DALA INSIDE
💥 ERG көкпары: Джеймс Кэмерон аяғына дейін көрмек
АҚШ инвесторы Джеймс Кэмерон жақсы ақша ұсынса, Шодиевтер мен Машкевичтер тарапы ERG корпорациясындағы өз үлесін сатуы ғажап емес. Бұған дейін Reuters агенттігі америкалық кәсіпкер Джеймс Кэмеронның Eurasian Resources Group (ERG) компаниясын 5 миллиард долларға сатып алғысы келетіні туралы жаңалық жариялады. Сонда инвестор бүкіл ERG бизнесін 5 миллиард долларға бағалаған.
ERG біз күткендей бұл ақпаратты жоққа шығарды. Бірақ дереккөздің айтуынша шын мәнінде тараптар арасында бұл әңгіме жүрген және принципиалды позициялар анықталған.
Қазір ERG-ды операциялық режимде басқарып отырған Ибрагимовтер отбасы да өзінің 20,7% акциясын сатуға асықпай оиыр.
Бірақ Шухрат Ибрагимов Қазақстанмен бірлескенді көбірек қалайтынын білдіріп отыр. Егер олар альянс құрса, онда 60,7% дауыспен бәрібір өзіне қажет шешімдерді өткізіп отырмақ. Ал ол Кэмеронның жоспарына кірмеген. Сондықтан ERG-де акционер ауыспайды деген ойдамыз.
Джеймс Уильям Кэмерон АҚШ азаматы, кәсіпкер. Биыл 77 жасқа толды. ERG типтес металлургия алпауыттарының жұмысын жақсы біледі. Ұзақ жылдар бойы ол Petropavlovsk холдингінің директорлар кеңесінде болды.

"Бір сөзбен айтқанда, Кэмерон ERG-ді толық сатып алып, оны сирек кездесетін металдармен айналысатын компанияға айналдырғысы келген. Бірақ ең ірі акционер - Қазақстан Үкіметі өзі ұстап отырған 40% үлесті сатудан бас тартты. Себебі Қазақстан ERG корпорациясын бізде 10 мыңнан астам адамға жұмыс тауып беріп отырған іргелі әлеуметтік ойыншы ретінде пайдаланады. Ал Кэмерон бірден керек емес кәсіпорындарды жауып, адамдарды қысқартып тастар еді", - дейді, дереккөз.
Қазір ERG-ды операциялық режимде басқарып отырған Ибрагимовтер отбасы да өзінің 20,7% акциясын сатуға асықпай оиыр.
"Кэмерон егер қатты кіріссе, Шодиевтің 18,6% пакеті мен марқұм Машкевичтің 20,7% акциясын сатып ала алады. Одан Машкевичтер отбасы 1 миллиард доллар, Шодиевтер 930 миллион доллар алар еді. Бірақ Кэмеронға оның пакеті Қазақстаннан асып түсіп, басты акционер болу маңызды. Сол кезде ғана ол пәрменін жүргізе алады. Ал Машкевич пен Шодиев пакетін қоссақ, 39,3% шығады. Сол үшін Кэмерон Ибрагимовтың кем дегенде 1 пайызын сатып алуы керек", - дейді, дереккөз.
Бірақ Шухрат Ибрагимов Қазақстанмен бірлескенді көбірек қалайтынын білдіріп отыр. Егер олар альянс құрса, онда 60,7% дауыспен бәрібір өзіне қажет шешімдерді өткізіп отырмақ. Ал ол Кэмеронның жоспарына кірмеген. Сондықтан ERG-де акционер ауыспайды деген ойдамыз.
Джеймс Уильям Кэмерон АҚШ азаматы, кәсіпкер. Биыл 77 жасқа толды. ERG типтес металлургия алпауыттарының жұмысын жақсы біледі. Ұзақ жылдар бойы ол Petropavlovsk холдингінің директорлар кеңесінде болды.
https://t.me/dalainside
❤13👍4👎1
Forwarded from DALA INSIDE
🛢️⚔️ Картельмен соғыс. Келесі аптада Қазақстан ОПЕК+ келісімінен кетуі мүмкін
ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтың сұхбатындағы «Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясындағы квота мәселесінде өзінің ұлттық мүддесін жоғары қояды» деген мәлімдемеден кейін, ОПЕК картелі Қазақстанның мұнай өндіруді баяулату бойынша Chevron, Agip, Shell, Eni сынды халықаралық алпауыттармен келісе алмағанын түсінді. Осы айдың басында Қазақстанның шектеу квоталарын сақтамағаны біраз әңгімеге ұласқан болатын.
ОПЕК+ қандай шектеу қойса да, Қазақстан мұнай өндірісін квотаға сай шектей алмайды. Себебі бізде ең көп мұнай өндіретін ТШО (Теңіз кешені), NCOC (Қашаған), KPO (Қарашығанақ) бірлескен кәсіпорындары Қазақстанға бағынбайды.
ОПЕК өткен наурыз айына Қазақстанға тәулігіне 1,473 миллион баррель мұнай өндіру квотасын бекіткен болатын. Қазақстан оны сақтай алмай, тәулігіне 1,82 миллион баррель өндірді. Оның алдындағы айларда да квотадан асып кетіп жүрдік. Енді оның барлығын өтемақылық жоспар бойынша ретке келтіру үшін, кейбір кеніштердегі мұнайды мүлде қысып тастауға тура келеді. Ал ол технологиялық жағынан мүмкін емес. Себебі, техногендік апат болып, тіпті ондай кенішті мүлде жауып тастау ықтималдығы жоғары. ОПЕК үшін осынша материалды-техникалық құрбандыққа бару топастық болар еді.
Бір сөзбен айтқанда, келесі аптада Қазақстанның ОПЕК картелімен романы аяқталуы мүмкін. Бірақ одан кейін мұнай фьючерстерінің бағасы тағы да құлдырайды деген қауіп бар. Еліміз соңына дейін дипломатиялық әдістерін қолданып көреді.

«ОПЕК+ келісімінің алдағы мониторингтік отырысы келесі аптада, 5 мамыр күні өтеді. Біршама елдер Қазақстанның квота сақтамағанын алға тартып, қатаң шара қолдануды сұрамақ. Қазақстан үшін келісімнің өзі тарап кетіп, барлық елдер мұнай өндірісін күрт арттырады деген сценарийді жоққа шығармаймыз. Немесе Қазақстанды келісімнен шығарып тастау бойынша шешім дауысқа салынатын болады», - дейді, үкіметке жақын DALA INSIDE дереккөзі.
ОПЕК+ қандай шектеу қойса да, Қазақстан мұнай өндірісін квотаға сай шектей алмайды. Себебі бізде ең көп мұнай өндіретін ТШО (Теңіз кешені), NCOC (Қашаған), KPO (Қарашығанақ) бірлескен кәсіпорындары Қазақстанға бағынбайды.
ОПЕК өткен наурыз айына Қазақстанға тәулігіне 1,473 миллион баррель мұнай өндіру квотасын бекіткен болатын. Қазақстан оны сақтай алмай, тәулігіне 1,82 миллион баррель өндірді. Оның алдындағы айларда да квотадан асып кетіп жүрдік. Енді оның барлығын өтемақылық жоспар бойынша ретке келтіру үшін, кейбір кеніштердегі мұнайды мүлде қысып тастауға тура келеді. Ал ол технологиялық жағынан мүмкін емес. Себебі, техногендік апат болып, тіпті ондай кенішті мүлде жауып тастау ықтималдығы жоғары. ОПЕК үшін осынша материалды-техникалық құрбандыққа бару топастық болар еді.
«ОПЕК+ біздің аяғымызды жіппен байлап отыр деуге болады. Бізге бұл ұйымның пайдасы көп пе, әлде зияны көп пе, осыны әлі анықтай алмадық. Мұнай бағасының тым құлдырап кетпеуіне себеп болып отырғандықтан ғана олармен сыпайы болып келдік. Неше түрлі әдіспен уақыт созып жүргенбіз. Бірақ олар да ақымақ емес. Енді бізге мұндай мүмкіндік бермейді», - дейді, дереккөз.
Бір сөзбен айтқанда, келесі аптада Қазақстанның ОПЕК картелімен романы аяқталуы мүмкін. Бірақ одан кейін мұнай фьючерстерінің бағасы тағы да құлдырайды деген қауіп бар. Еліміз соңына дейін дипломатиялық әдістерін қолданып көреді.
https://t.me/dalainside
❤11👍3😢1
Forwarded from DALA INSIDE
🏦 Турлов VS Өтемұратов: кім бірінші үлгереді?
Kaspi банктің ірі акционері, елдегі нөмірі бірінші олигарх Вячеслав Ким "Jusan bank" қаржы институтын сатып алуға толық мүмкіндік алғаннан кейін, отандық банк саласында акционерлер бәйгесі басталды. ТОП-6 тізіміне кіретін банктер өздерінен кіші банктерді қосып алып, іріленгісі келеді.
Home Credit банкін чехиялық PPF Group қадағалайды. Еуропалық қаржы ұйымы соңғы жылдары ТМД нарығынан біртіндеп кете бастаған. Өткен жылы олар Ресейден толық кетті.
Home Credit банк классикалық үлгіде "біз сатылмаймыз, бұл жалған ақпарат" деген сарында ресми хабар таратып үлгерді. Ондай хабарлар клиенттер мазасызданбау үшін, депозиттер қашпас үшін стандартты түрде жасалады.
Егер Forte Хоум жүйесін сатып алса, активтерін шамамен 5,5 триллион теңгеге жеткізіп, өзінің тұрақты төртінші орнын Freedom банкке бермей сақтап қалар еді.

"Қазір Фридом иесі Тимур Турлов пен Forte банк қожайыны Болат Өтемұратов аясында жарыс бар. Турлов өткенде Еуразиялық банкті сатып ала жаздады. Тек Еуразиялық топ мүшесі Шухрат Ибрагимов мәмілеге қарсы болып, банк сатылмай қалды. Енді Болат Өтемұратов біздегі Home Credit банкінің Чехиядағы қожайындарына жомарт ұсыныс жасап отыр. Әзірге чехтер нақты жауап берген жоқ" - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Home Credit банкін чехиялық PPF Group қадағалайды. Еуропалық қаржы ұйымы соңғы жылдары ТМД нарығынан біртіндеп кете бастаған. Өткен жылы олар Ресейден толық кетті.
"Forte универсалды корпоративті банк болып саналады. Ол тұтынушылық жеке секторға дендеп кірген жоқ. Home Credit банкін сатып алса, онда дамыған, клиенті көп тұтынушылық кредит бизнесіне бірден иелік етпек" - дейді, дереккөз.
Home Credit банк классикалық үлгіде "біз сатылмаймыз, бұл жалған ақпарат" деген сарында ресми хабар таратып үлгерді. Ондай хабарлар клиенттер мазасызданбау үшін, депозиттер қашпас үшін стандартты түрде жасалады.
"Қазіргі әңгіме Чехияның ең бай әйелі Рената Келлнерованың шешіміне қатысты болып тұр. PPF холдингі Ренатаға қарайды. Және холдинг қазір Еуропадан тыс елдердегі активтерді сату стратегиясын ұстануда. Бірақ Home Credit банкін сатуды холдинг басындағы кейбір қаржы директорлары қолдамайды. Себебі Қазақстандағы банк мықты табыс әкелуде. Мысалы, 2024 жылғы таза пайда 40 миллиард теңгеден кем болмауы тиіс" - дейді, дереккөз.
Егер Forte Хоум жүйесін сатып алса, активтерін шамамен 5,5 триллион теңгеге жеткізіп, өзінің тұрақты төртінші орнын Freedom банкке бермей сақтап қалар еді.
https://t.me/dalainside
❤6👍1💯1
Forwarded from DALA INSIDE
Кемел Тоқаев жау шебіне бірінші болып басып кірген
Ресей Қорғаныс министрлігі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі — гвардия сержанты Кемел Тоқаевқа қатысты марапаттау парағын құпиясыздандырып, ашық жариялады. Кемел Тоқаев 1945 жылдың қаңтарында Польшада көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.
Гвардия подполковнигі Афанасий Поваровтың қолы қойылған құжатта былай делінген:

«1945 жылғы 21 қаңтарда Польшадағы Еглевец елді мекенінде немістер түн ішінде біздің позициямызға қарсы шабуыл жасады. Автоматшылар танктерін табандылықпен қорғап, кейін шабуылға шығып, немістерді кейін шегіндірді. Жолдас Тоқаев жау шебіне бірінші болып басып кіріп, автоматымен бес немісті атып өлтірді, ал біреуін жаралап, тұтқынға алды. Тұтқынды ертіп өз бөлімшесіне қайтып келе жатқанда, Тоқаев аяғынан жарықшақты оқ тиіп жараланды. Тоқаев тұтқынды атып тастап, жарасын таңып, ауырсынуға қарамастан өз танкілеріне жетіп үлгерді».
👍20❤6😁4
Forwarded from DALA INSIDE
🇰🇿⚠️ Байбек келе ме? Сара Алпысқызының маңына «Ескі Қазақстан» гвардиясы жинала бастады
Қазақстандағы журналистер Қаңтар оқиғасынан кейін шетелге кетіп қалған «Ескі Қазақстан» өкілдерінің Алматыға келіп-кетуін торуылдай бастады. Совмин емханасында жатқан Сара Алпысқызының жағдайын білу үшін бұрынғы истиблишменттің біраз өкілі Алматыға ат басын бұруы тиіс.
Мемлекет те өз тарапынан Сара Алпысқызымен қоштасу рәсімін пысықтауда. Алматы әкімдігіне «тиісті шараларды қазірден бастап қарастыра берсін» деген бейресми хабарлама келген.
Қазір Сара Алпысқызы 84 жаста. DALA INSIDE дереккөзі де Сара Алпысқызының денсаулығы күрт сыр бергенін растап отыр.
Қазақстан халқының Сара Алпысқызына көзқарасы жаман емес. Ол кісі тәуелсіздіктің алғашқы 5-7 жылында ғана тұңғыш президенттің қасында болды. Бизнеске, таққа араласпады. Қайырымдылықпен айналысты. Нұрсұлтан Назарбаевпен 2005-2010 жылдар аралығында ресми ажырасып, артынан өзінің Қонақаева тегіне қайта оралды.
Сара Алпысқызы 1941 жылдың ақпанында Қарағанды облысында дүниеге келген. Ол Нұрсұлтан Назарбаевпен 1962 жылы отау құрды. Бұл отбасы өмірге Дариға, Динара мен Әлия есімді үш қыз әкеліп, тәрбилеп өсірді.
Дереккөздің айтуынша, Сара Алпысқызы өмірден өткен жағдайда, Үкімет қоштасу рәсіміне мемлекеттік статус беріп, тиісті деңгейде өткізбек. Ол кісіге қазір ел басқарып олтырған көптеген тұлғалардың ілтипаты ерекше. Сара Қонақаева қазіргі таңда экс-президенттің отбасы мүшесі болып саналмайды. Сондықтан оның денсаулық жағдайына қатысты ақпарат мемлекеттік құпия емес.

«Ол кісінің жағдайы соңғы екі жылда қатты нашарлады. Толық медициналық күтім жасалса да, кәріліктің аты кәрілік. Назарбаевқа қатысты түрлі алып-қашпа әңгімелер де жүректі ауыртты. Қаңтар оқиғасы жанға батты. Осының барлығы жинақтала келе ағзаға ауыр салмақ болды», - дейді, дереккөз.
Қазақстан халқының Сара Алпысқызына көзқарасы жаман емес. Ол кісі тәуелсіздіктің алғашқы 5-7 жылында ғана тұңғыш президенттің қасында болды. Бизнеске, таққа араласпады. Қайырымдылықпен айналысты. Нұрсұлтан Назарбаевпен 2005-2010 жылдар аралығында ресми ажырасып, артынан өзінің Қонақаева тегіне қайта оралды.
Сара Алпысқызы 1941 жылдың ақпанында Қарағанды облысында дүниеге келген. Ол Нұрсұлтан Назарбаевпен 1962 жылы отау құрды. Бұл отбасы өмірге Дариға, Динара мен Әлия есімді үш қыз әкеліп, тәрбилеп өсірді.
Дереккөздің айтуынша, Сара Алпысқызы өмірден өткен жағдайда, Үкімет қоштасу рәсіміне мемлекеттік статус беріп, тиісті деңгейде өткізбек. Ол кісіге қазір ел басқарып олтырған көптеген тұлғалардың ілтипаты ерекше. Сара Қонақаева қазіргі таңда экс-президенттің отбасы мүшесі болып саналмайды. Сондықтан оның денсаулық жағдайына қатысты ақпарат мемлекеттік құпия емес.
https://t.me/dalainside
👍13❤12
ҚЫЗЫЛОРДАДА БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ЗАМАНУИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ- ИННОВАЦИЯЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ АШЫЛДЫ
Ашылу салтанатына ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, Мархабат Жайымбетов және зиялы қауым өкілдері, ел ағалары арнайы қатысты. Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы жұртшылықты жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, білім саласында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
⭐️ «Сыр жұлдыздары» балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық- инновациялық академиясы бір мезетте 500 оқушы, тәулігіне 3 мың оқушыға дейін қабылдайды.
🏆Мұнда бассейн, топтық жаттығу бөлмесі, көркем гимнастика және фитнес залы орналасқан. Сондай-ақ үстел ойындарына арналған кабинет, жекпе-жек, үстел теннисі залдары бар.
👫Барлық залда ұлдар мен қыздарға арналған жеке-жеке киім ауыстыру бөлмелері қарастырылған.
👩🏻🎨Көркемдік-эстетикалық бағытта кескіндеме, сурет салу, резин арт бөлмесі, балалар шығармашылығы шеберханасы, сәндік-қолданбалы өнер, FabLab, дыбыс жазу студиясы, робототехника және жасанды интеллект, биотехнология, 3D модельдеу, КИП және автоматтандыру, киберспорт және математика кабинеттері жұмыс істейді.

❤10🔥5👍4
Forwarded from DALA INSIDE
💥 Талғат Арданның Тасмағамбетовке қарсы «показаниесі» Сол жағалау үшін страховка болмақ
LRT ісі бойынша Түркияда ұсталып, келесі аптада Қазақстанға жеткізілуі тиіс Талғат Ардан тергеуде Иманғали Тасмағамбетовке қарсы мәліметтер берсе, Тастың болашақ саяси амбициясына шлагбаум қойылады.
«Астана LRT» компаниясы 2011 жылы құрылады. Құрылған сәттен бастап оған басшы болып бұрын Астана әкімдігінде Көлік басқармасын басқарған Талғат Ардан тағайындалады. Компания жеңіл рельс көлігі (LRT), интеллектуалды көлік жүйесі (ITS) және қалалық мобильділік саласындағы инновациялық шешімдерді енгізуді қамтитын жаңа көлік жүйесін құрумен айналысты. Дәл сол кезде Иманғали Тасмағамбетов Астана қаласының әкімі еді. Яғни, егер қатты қажет болса LRT-дағы жемқорлық былықтарды Иманғали Тасмағамбетовпен байланыстыруға, тергеуге жаңа бағыт беруге мүмкіндік бар.
LRT – Қазақстандағы коррупцияның ескерткіші ретінде тарихта қалған жоба. Онымен байланысқан кез-келген саясаткердің қолы былғанады. Және оны жуып тазарту оңай емес.
Барлығы Талғат Арданның тергеуде не айтатынына байланысты. Оның шетелде жүріп әлдебір комфортты режимге үйреніп қалғаны анық. Қазақстандағы түрмеде ұзақ отырғысы келмейтіні де жасырын емес. Егер тез арада бостандыққа шыққысы келсе, оған белгілі бір шарттар ұсынылуы мүмкін.
https://t.me/dalainside
LRT ісі бойынша Түркияда ұсталып, келесі аптада Қазақстанға жеткізілуі тиіс Талғат Ардан тергеуде Иманғали Тасмағамбетовке қарсы мәліметтер берсе, Тастың болашақ саяси амбициясына шлагбаум қойылады.
«Иманғали Нұрғалиұлының ОДКБ басшысы ретіндегі мерзімі осы жылы бітеді. Жаңа жыл мейрамынан кейін ол қызметін өткізіп беруі керек. ОДКБ-де Тас жәй жүрмеді. Мәскеуге жағымды тезистерді көп қолданды. Осы арқылы Кремльден өзіне мықты саяси жақтастар тапты. Осы ресурстарды 2029 жылы Қазақстандағы президент сайлауында пайдалануы мүмкін деген қауіп бар. Сондықтан керек кезінде LRT ісі бойынша Тасмағамбетовке қарсы показание бере алатын Талғат Ардан ұсталып отыр. Бұл кездейсоқтық емес», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
«Астана LRT» компаниясы 2011 жылы құрылады. Құрылған сәттен бастап оған басшы болып бұрын Астана әкімдігінде Көлік басқармасын басқарған Талғат Ардан тағайындалады. Компания жеңіл рельс көлігі (LRT), интеллектуалды көлік жүйесі (ITS) және қалалық мобильділік саласындағы инновациялық шешімдерді енгізуді қамтитын жаңа көлік жүйесін құрумен айналысты. Дәл сол кезде Иманғали Тасмағамбетов Астана қаласының әкімі еді. Яғни, егер қатты қажет болса LRT-дағы жемқорлық былықтарды Иманғали Тасмағамбетовпен байланыстыруға, тергеуге жаңа бағыт беруге мүмкіндік бар.
LRT – Қазақстандағы коррупцияның ескерткіші ретінде тарихта қалған жоба. Онымен байланысқан кез-келген саясаткердің қолы былғанады. Және оны жуып тазарту оңай емес.
«Тас Кремльге қандай уәде берді? Әңгіме сонда. Егер ол «Қазақстанды Ресей мен Беларусь одағына қосамын, ол үшін маған ел басқару керек» деген уәде берсе, Мәскеудің соңына дейін аянбай тұратыны сөзсіз. Тәуелсіздігімізге қауіп төндіретін мұндай сценарийді болдырмас үшін тіпті Талғат Арданды пайдалану белгілі бір дәрежеде Қазақстанның мемлекет мүддесі үшін дұрыс қадам болады. Бұл ретте Астанаға да барын салу керек», - дейді, дереккөз.
Барлығы Талғат Арданның тергеуде не айтатынына байланысты. Оның шетелде жүріп әлдебір комфортты режимге үйреніп қалғаны анық. Қазақстандағы түрмеде ұзақ отырғысы келмейтіні де жасырын емес. Егер тез арада бостандыққа шыққысы келсе, оған белгілі бір шарттар ұсынылуы мүмкін.
https://t.me/dalainside
❤5👍3
Мереке күндері Алматы, Астана мен Шымкентте не істейміз?
Оның жауабын алу үшін "Үйде жатпа!" телеграм арнасына жазылыңыздар!
Бұл қалаларда сізді музейлер түні мен қызықты көрмелер күтіп тұр. Осының барлығы тегін. Уақыттары мен өтетін орны сізге қолайлы.
Сілтеме төменде
https://t.me/uidezhatpa

❤5👍4
Forwarded from DALA INSIDE
📽️ Режиссер Ермек Тұрсыновты қаржылық жағынан тағы бір тексеріп алу ойластырыла бастады
Отбасы мүшелері Испанияның Барселона қаласында тұратын, өзі де сол жаққа көшкен режиссер Ермек Тұрсынов осы қадамын «саясиландырып» жібергендіктен, оның соңғы 5 жылда мемлекет қаржыландырған фильмдеріне аудит басталуы мүмкін. 4 жыл бұрын түсіріліп, 500 миллион теңге қаржы жұмсалып, прокатқа шықпаған «Беймойнақ» фильмінен бастап, күдік туғызған басқалары бейресми түрде бір тексерілетін болады.
«Көп нәрсе қамауда отырған экс Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиге байланысты болып тұр», - дейді, тағы бір DALA INSIDE дереккөзі. Ол көптен бері мерзімінен ерте босап шығуға ниетті. Осы мақсатына жету жолда экс министр тергеу органдарына Ермек Тұрсыновқа қатысты тың ақпараттарды жеткізгісі келсе, тергеуде жаңа эпизодтар пайда болуы мүмкін.
«Жаңа Қазақстан» режиссердің ендігі риторикасын саралайтын болады. Конструктивті емес, деструктивті сын, «тисе терекке, тимесе бұтаққа» шашылған артық сөздер көбейсе идеологтар режиссерді бұдан әрі қорғаудан бас тартары анық. Қазір тергеу тек Тұрсыновтың серіктесіне қатысты бағытта жүруде. Бірақ бәрі тез өзгеріп кетуі мүмкін.

«Ермек Тұрсынов барлық дерлік фильмдерін бюджеттің қаржысын пайдалану арқылы түсірді. «Келін» де, «Шал» да, басқа да туындылары бар, жеке инвестор іздеп, продюсер ретінде бір жүгірмеді. Заявка береді, бюджеттен ақша түседі, ол кино түсіреді. Ол бюджеттен ақша тартуда өзінің қалыптасқан беделін жақсы пайдаланды. Бірақ тиімділікпен мүлдем бас ауыртпады. Оның түсірген фильмдері қаржы тұрғысынан ешқашан өзін ақтаған емес. «Бәрін мемлекет төлесін» деген ұстаныммен өмір сүретін осындай «қайраткерлердің» кесірінен «Қазақфильм» өзін асырай алмайтын дотациялық, банкроттық жағдайда отыр», - дейді, аудиторлық палатаға жақын DALA INSIDE дереккөзі.
«Көп нәрсе қамауда отырған экс Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиге байланысты болып тұр», - дейді, тағы бір DALA INSIDE дереккөзі. Ол көптен бері мерзімінен ерте босап шығуға ниетті. Осы мақсатына жету жолда экс министр тергеу органдарына Ермек Тұрсыновқа қатысты тың ақпараттарды жеткізгісі келсе, тергеуде жаңа эпизодтар пайда болуы мүмкін.
«Жаңа Қазақстан» режиссердің ендігі риторикасын саралайтын болады. Конструктивті емес, деструктивті сын, «тисе терекке, тимесе бұтаққа» шашылған артық сөздер көбейсе идеологтар режиссерді бұдан әрі қорғаудан бас тартары анық. Қазір тергеу тек Тұрсыновтың серіктесіне қатысты бағытта жүруде. Бірақ бәрі тез өзгеріп кетуі мүмкін.
https://t.me/dalainside
❤7👍2
Forwarded from Қазақша кітаптар
Шәкен Күмісбайұлы - Райымбек батыр
«Аруна» баспасы сіздерге арнап «Шығыстың ұлылары» атты топтаманың жалғасын ұсынады. Балалар мен ересектерге арналып бұл көркем суретті туындыда қазақ-жоңғар соғысында елін, туған жерін ерлікпен қорғаған қолбасшы Райымбек батырдың өмірі мен күрес жолдары толық әрі әсерлі баяндалады.

❤1👍1
Forwarded from Қазақша кітаптар
Райымбек батыр.epub
551 KB
Forwarded from Қазақша кітаптар
Зияш Телеуова - Бет перде
Автордың бұл жинағына «Бет перде», «Ең әдемі қылмыскер» және «Бермут үшбұрышы» деп аталған шытырман оқиғалы хикаяттар топтастырылған. Шығармалардың сюжеттері шымыр, оқиға желістері сенімді, тіл оралымы оңтайлы.
Заманауи оқиғалар желісіне құрылған шығармалардың қай-қайсы да оқырманын бейжай қалдырмайды.

❤5👍4👎4