АРИСТОКРАТ
18.7K subscribers
778 photos
121 videos
525 files
1.03K links
📚 Ұлттық буржуазияға арналған арна. Интеллектуалдардың ортасы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

📍Реклама @dalareklanabot
Download Telegram
Шәкен Күмісбайұлы - Райымбек батыр

«Аруна» баспасы сіздерге арнап «Шығыстың ұлылары» атты топтаманың жалғасын ұсынады. Балалар мен ересектерге арналып бұл көркем суретті туындыда қазақ-жоңғар соғысында елін, туған жерін ерлікпен қорғаған қолбасшы Райымбек батырдың өмірі мен күрес жолдары толық әрі әсерлі баяндалады.
❤1👍1
Зияш Телеуова - Бет перде

Автордың бұл жинағына «Бет перде», «Ең әдемі қылмыскер» және «Бермут үшбұрышы» деп аталған шытырман оқиғалы хикаяттар топтастырылған. Шығармалардың сюжеттері шымыр, оқиға желістері сенімді, тіл оралымы оңтайлы.
Заманауи оқиғалар желісіне құрылған шығармалардың қай-қайсы да оқырманын бейжай қалдырмайды.
❤5👍4👎4
Жәди Шәкенұлы - Бозмұнар

Ж.Шәкенұлының бұл жаңа кітабына «Бозмұнар» романы мен үш хикаясы кірген. Шығарма арқауы бүгінгі күннің тақырыбын өзек етіп, онда өмірдің нәзік болмыстары, махаббат, шекара аталатын қызыл сызықтың кесірінен тағдыры талқыға түскен жандардың аянышты халі бәр-бәрі көркемдікпен бейнеленген. Соның ішінде шеттегі қазақтың бастан кешкен ауыр күндері, атамекенге оралу барысындағы әр түрлі көңіл-күйлері мен сан қилы сынақтағы сындарлы сәттері біршама терең суреттелген. Нарықтық экономика дәуіріне дүп келген қандастарымыздың Алматыдай ірі қаладағы бастан кешкендері арқылы жаңадан еңсе көтерген қазақ елінің басынан өткен мұнарлы күндер бейнесі де бірден көз алдыңызға келеді.
❤5👍2
Айбар Олжаев - Алпысбай қарт: Ешкі мен Изабель

Баласы Гуглда істеген, немересі миллиардер болған.
Өзі нағыз қазақтың қайсар офицері. Талай адамның тағдырын дұрыс жолға сала білді. Енді ондай адамдар бола ма?
👍10❤3
Forwarded from DALA INSIDE
🤜🧠 Өзін-өзі «пергілеп» жатқан қазақтың Әлиханы саяси анекдот кейіпкеріне ұқсап барады

Жақында Жоғарғы аудиторлық палата 2024 жылғы мемлекеттік бюджеттің орындалуы туралы баяндама жасап, ондағы жүйелік проблемаларды сын садағына алған болатын. Бірақ ондағы проблемалардың барлығы Жоғарғы аудиторлық палатаның қазіргі басшысы, 2022-2024 жылдары Үкіметті басқарып, Премьер-Министр болған Әлихан Смайыловтың тікелей мұрындық болуымен туындаған. Сондықтан аудиторлар өздерінің бірінші басшысын сынап жатыр деп есептеуге болады. Ал ол есепке палата төрағасы ретінде Әлихан Смайылов қол қояды.

«Бұл саяси садомазохизм бе, әлде өзінің үкімет басқарған уақыттағы қателіктерін мойындау ма, ол жағын әркім өзі шеше жатар. Бірақ дәл осы Әлихан Асханұлының премьерлігі тұсында ұлттық компаниялар акциясын сатып алу сынды Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттен тыс ақша тартудың күдікті схемалары ойлап табылып, қолданылған болатын. Қазақстан осының зардабын әлі ұзақ жылдар бойы тартатын болады. Созылмалы дефицит, бюджеттің басқа да жүйелік проблемаларына экс премьерлер Асқар Мамин мен Әлихан Смайылов тікелей жауапты. Олар пандемия кезінде пайда болған орасан мемлекеттік қаржы шығынын ары қарай дұрыс басқара алмады», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Әлихан Смайылов 2022 жылы «Қаңтар оқиғасы» аяқтала салсымен, сол қаңтарда Үкімет басшысы болып тағайындалды. Ол қызметінен Асханұлы 2024 жылдың басында, яғни ақпан айында кетті. 2024 жылғы бюджет параметрлерін Смайыловтың кабинеті толықтай өздері бекіткен.

«Смайыловтың үкіметі 2023 жылы бизнестен қосымша құн салығы ретінде 600 миллиард теңге қайтаруы тиіс еді. Оны істемеді. Артынан жыртықты жамау үшін олар қарыз алды. Сол кезде 2023 жылғы бюджеттің «тесігі» 1 триллион теңгеден асып кетті. Ал 2023 жылдың наурыз айында министрлер кабинеті трансфертті 800 миллиард теңгеге тағы да арттырып, дефицитті 2 триллион теңгеден асырып жіберді», - дейді дереккөз.


2024 жылы Үкімет басына келген Олжас Бектенов бәрібір тез арада ештеңе өзгерте алмайтын еді. Сондықтан 2024 жылғы бюджеттің орындалуы, оның картинасы Әлихан Смайылов сызып кеткен болжамды картинамен жүрді. Және алдын-ала бекітілген бұл есеп мүлде жарамсыз болып шықты. Сол себепті биыл Олжас Бектенов кабинеті қатаң салық реформасын жасап, бюджет кірістері мен шығыстарын толық бақылауға алуға шешім қабылдаған.

Олжас Бектеновтың бюджет пен мемлекеттік қаржы бойынша жұмысын 2025 жылғы қорытындыдан кейін бағалау керек. Ал салық реформасының алғашқы нәтижелерін біз 2026 жылдың аяғында көре бастаймыз. Сол кезде Жоғарғы аудиторлық палатаға өзінің барлық талантын көрсетуге жол ашылады.

Ал палатаның қазіргі «бес ешкіні жеп қойып ысқыруы» Астанадағы біраз адамның күлкісін келтіріп, біршама отырыстарда саяси андекдотқа айналып кетті. Бұл ұйым Палата статусына әлі тартпайтын сияқты. Сондықтан Есеп комитеті деген ескі атын қайтарып бере салған дұрыс.

https://t.me/dalainside
❤9👍4
Жоламан Айдарбаев - Тұтқындар

Бұл шығарма өлім мен өмір белдескен қиын-қыстау кезенде ортақ тағдыр бауырластырып жіберген қазақ, орыс, француз халықтарының құшақтары айқасқан достығын дәріптеуге, Қазақстан-Франция достастығын одан әрі нығайтуға қызмет етпек.
❤6👍2
Forwarded from DALA INSIDE
🪄 "Ұзын құрық" операциясы: Алматының ірі кландары жаңа әкімді бірден қоршауға алмақ

Алматыда ірі құрылыс жобаларын жасап жатқан алпауыт кландар жаңа әкім Дархан Сатыбалдыға кімнің кім екенін бірден білдіруге тырысты. Сатыбалдының ағалары жүргізетін құрылыс бизнесі туралы ақпараттардың телеграм арналарда бір мезетте шыққаны бар, одан кейін халықпен кездесуде "қызық" сұрақтардың қойылатыны бар, барлығы алдағы келіссөздерге дайындық сатысына ұқсайды.

"Кландардың бұған дейін әкім болған Ерболат Досаевқа тісі бата алмады. Досаев оларға көмектеспеді, бірақ қатты жолдарын да кеспеді. Бейресми статус-кво болды. Енді кландарға келесі циклдің тендерлері керек. Сол үшін олар алдымен жаңа әкімге өздерінің ықпалы мен мүмкіндіктерін білдіріп, одан кейін ғана келіссөздерге келеді. Бұл олардың сүйікті тактикасы", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Алматы - Орталық Азия бойынша бюджеті ең көп мегаполис. Сондықтан бұл жерге ең азулы деген девелоперлер жиналған. Тендерден үлкен табыс алуға болады. Олардың мұндай сигналын Дархан Сатыбалдының қалай қабылдайтыны белгісіз.

"Дархан Сатыбалдыны ағалары туралы ақпаратпен түрту абсурд. Өйткені ол бұған дейін де біршама өңірде әкім болды. Бұл мәселені ашық айтып, нүктесін қойып тастаған болатын. Кландардың басқа ілігі болмай тұрған сияқты", - дейді, дереккөз.


Дархан Сатыбалды кезінде көпбалалы отбасыдан шыққандығын, жеті ұл, бір қыз болғанын өзі ашық айтқан болатын. Әкім отбасының кішісі. Ағалары 90-шы жылдардан бастап бизнес бастаған, саудамен көтерілген кәсіпкерлер. Дархан Сатыбалдының оларға еш ықпалы да, әсері де болмаған. Керісінше олар кесір тимесін, сөз келмесін деп Сатыбалды әкім болып отырған өңірлерде мүлде жұмыс істемейді.

Демек, Сатыбалдының ағалары құрған SAT құрылыс тобы Алматы бойынша тендерлерге қатыспайды. Сондықтан кландардың бәсекелестік бойынша уайымы негізсіз. Ақпараттық соғысты абайсыз бастап қойғандар "артық қыламын деп, тыртық қылып" жіберген сияқты.

https://t.me/dalainside
❤6👍6
Forwarded from DALA INSIDE
🗡️ Мәсімовтың қылышы үшін күрес басталды

Кәрім Мәсімовтың бөлек лотқа қойып сатылатын мүйізден жасалған семсері өзге ұлттың қолында кетпеу үшін, этникалық ауқатты кәсіпкерлер осы аукционға қатысып, Мәсімовтың қылышын сатып алмақ.

«Негізі коллекцияда қылыш, семсер, тіпті катана да бар. Кәсіпкерлерді қызықтырып отырғаны - сабы мүйізден жасалған, тарихы терең, бағалы қылыш. Мәсімов ол қылышты бекер алмаған болатын. Болашақта ол сакралды мәнге ие болып, қазақтар үшін Кенесарының басы қандай маңызды болса, бұл да белгілі этникалық топ үшін сондай маңызға ие болуы мүмкін», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Қазір мүйіз сапты бұл қылыш электронды аукцион реестрінде шамамен 1,3 миллион теңгеге бағаланады. Бірақ аукцион барысында бағасы бірнеше есе өсіп кетуі ғажап емес. «Тіпті 10 миллион теңгеге өссе де, сатып алуға дайын адамдар бар» дейді, дереккөз.

Кәрім Мәсімовтың бұл қылышының энергетикалық қасиеті туралы ақпарат бар.

Дереккөз президент ретінде өз адамын қойып, өзі Қазақстанды көлеңкеден толық басқарар жоспарын ойлағанда Кәрім Мәсімов осы семсермен серттескен деген қауесеттермен бөлісті.


Енді қай кәсіпкер осы қылышқа ие болса, сол өз саласының кем дегенде монополисіне айналады пікірлер пайда бола бастады. Және семсердің өз ұлтының, этносының қарауында қалуы міндетті деген пәтуа да айтылған.

DALA INSIDE бұл аукционның барысын бақылап отырмақ. Және мүйіз семсерді қолға түсірген кәсіпкердің бизнестегі болашағы да сараланатын болады. Осы семсер отандық аукциондағы сатып алуға ниет білдірушілер саны бойынша жаңа рекорд қоюы мүмкін.

https://t.me/dalainside
❤20
Forwarded from DALA INSIDE
🇷🇺🇧🇾 Назарбаев Ресей-Беларусь одағының болашағын шеше алмады

Назарбаев пен Путиннің соңғы бейресии жеке кездесуінде Қазақстанның Ресей-Беларусь одағына қосылу мәселесі де талқыланған. Дәлірек айтсақ бұл сұрақты Путин қойған, ал Назарбаев "билік менде емес қой" деп жауап берген. DALA INSIDE дереккөзі Путиннің ақсақалдан біраз геосаяси кеңес сұрағанын хабарлайды.

"Тоқаев пен Си арасындағы байланыс сөз болды. Путинді Си мырзаның Тоқаевты қаншалықты деңгейде қолдайтыны өте қатты қызықтырады. Бұл оның алдағы біршама маневрлар кезінде Си факторын ескеру керек пе, жоқ па деген сұрағына жауап іздеген түрі болуы мүмкін. Себебі Кремль Қазақстандағы тұңғыш АЭС таңдауы Си Цзиньпиннің пайдасына шешілді деген сигнал алып отыр. Мәскеу Қытайға тікелей қарсы шыға алмайды. Сондықтан ішкі қыжыл бар болса да, бұл шешімді жария түрде қабылдайды", - дейді DALA INSIDE дереккөзі.


Осы айда Астанада өтетін "Қытай-Орталық Азия" саммитінде CNNC корпорациясы мен ҚР Атом энергетикасы Агенттігі арасында ғасыр келісіміне қол қойылуы мүмкін. Егер ол жүзеге асса, онда Балқаш жағасында Қытайдың меншікті ұлттық ядролық жобасы - HPR-1000 реакторлары бой көтеретін болады.

Путин Назарбаевті араға жарты жыл салып екінші рет қабылдап отыр. Оның алдындағы жеке бейресми кездесу 2024 жылдың желтоқсанында, Нова-Огарево резиденциясында өткен еді. Жалпы бұл кездесулерде Назарбаев Путинге Қазақстандағы ішкі саяси ахуалды, кланаралық тартыстар барысын, кімнің не істеп жүргенін баяндап отыратын сияқты. Бастысы мұндай әрекеттер еліміздің мемлекеттік қауіпсіздігіне қауіп төндірмеуі тиіс.

Себебі Назарбаев мемлекеттік құпияны ұстаушы тұлға. Ол кімнің кім, ненің не екенін Қазақстандағы кез-келген адамнан анағұрлым жақсы біледі.

https://t.me/dalainside
❤16👍5
Сансызбай Сарғасқаев
Сұлутөр

Белгілі жазушы Сансызбай Сарғасқаевтың мектеп-пионер өмірі, мұғалімдер мен вожатыйлар туралы жазған шығармалары мен «Ұстаз» атты романы оқырман қауымға жақсы таныс. Жазушының жаңа шығармасында Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейінгі ауыл өмірі шынайы да жан-жақты суреттеледі. Ауыл еңбеккерлерінің бейнелері көркем сомдалған.
❤7
Жоламан Айдарбаев - Тұтқындар

Бұл шығарма өлім мен өмір белдескен қиын-қыстау кезенде ортақ тағдыр бауырластырып жіберген қазақ, орыс, француз халықтарының құшақтары айқасқан достығын дәріптеуге, Қазақстан-Франция достастығын одан әрі нығайтуға қызмет етпек.
❤3
Нұрғали Ораз - Эсселер
Forwarded from DALA INSIDE
🛩️ «Қарлығаш D12»: Қазақстан дрон державасына айналуды көздеп отыр

Қазақстан Ресей-Украина соғысының тәжірибесіне сүйеніп, өзін өте тиімді жағынан көрсеткен дрон типтерін саралау жұмысын бастап кетті. Тиімді, арзан және құрастыруы технологиялық жағынан оңай дрондарды жақын болашақта конвейерге қою көзделген.

«Паутина» операциясынан кейін дрондардың соғыс келбетін өзгерткеніне әскерилердің толық көзі жетті. Көлемі үлкен, бағасы удай қымбат стратегиялық бомбылаушы ұшақтарды құны 100 долларлық шағын дрондар қиратып жатқан картина үлкен держава мен шағын мемлекет арасындағы паритетке үлкен түзету енгізіп отыр. Аспанға бір мезетте миллион дрон жібере алатын шағын мемлекет кез-келген қарсыласқа қиындық туғызады. Біздікілер өз шансын енді түсінді», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Енді Қазақстан танк, ауыр артиллерия мен снарядтарға ғана иек арта бермей, қаржыландырудың көлемді бөлігін дрондарды құрастыру мен сатып алуға бағыттайтын болады. Дереккөздің айтуынша, дрон құрастыратын өндіріс Қытайға жақын аумақта орналасуы тиіс. Бұл қосалқы бөлшектердің логистикасы мен қауіпсіздік жағынан өте дұрыс шешім.

«Бұған дейін Қорғаныс министрлігіндегі ресейшіл басшылық саналы түрде дрондардың соғыстағы маңызын төмендетіп келген еді. Осының кесірінен Қазақстан алтын уақытын жоғалтып алды. Мүмкін қарсыласқа қарсы тұру үшін біздің арсеналымызда алғашқы уақытта 200 мыңдай арзан дрон болуы тиіс. Конвейерлі зауыт ашылса, осы мәселені 1-2 жылда түзетуге болады. Болашақта кемінде 5 миллион дрон ұстап отырсақ, бізге агрессия жасар алдында кез-келген мемлекет ойланады немесе біздің осы дрондарымызды диверсия арқылы құртуға тырысады», - дейді, дереккөз.


Бұл ретте Қытаймен технологиялық кооперация аса қажет екені түсінікті. Сол себепті Қытаймен тығыз жұмыс істеген «Қазпошта» компаниясының басшысы Әсел Жанасова Ақордаға алдырылды. Қорғаныс министрі ауысты. Дереккөз енді талантты инженерлер, программистер, жасанды интеллект пен радиоэлектронды режим мамандары бір жерге шоғырландырыла бастайтынын айтады.

Қазақстандық әскери FPV дрондардың алғашқы типі «Қарлығаш» деп аталуы мүмкін. Ол толық автономды болады деп күтіуде. Яғни радиоэлектронды күрес қатты дамыған заманда ешқандай байланысқа иек артпай, борттағы жасанды интеллект көмегімен өз бетінше шешім қабылдап, жаудың әскери техникасы, нысандары мен солдаттарын жоя алатын қабілетке ие болуы тиіс.

https://t.me/dalainside
❤14🔥3🥰1