АРИСТОКРАТ
18.6K subscribers
778 photos
121 videos
525 files
1.03K links
📚 Ұлттық буржуазияға арналған арна. Интеллектуалдардың ортасы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

📍Реклама @dalareklanabot
Download Telegram
Тимур Мустафаев - Эди Мористың басынан кешкендері

Қолыңыздағы бұл кітап – жай ғана көркем шығарма емес. Бұл – бір жастың арманы мен қиялының жемісі. Өз басым бала күнімде қой жайлап жүріп түрлі оқиғаларды елестетіп, небір ғажайып әлемдерге ойша саяхат жасайтынмын міне бүгін сол бала қиялымды қағаз бетіне түсіру мүмкіндігі туды
❤12
Мэри Шелли - Франкенштейн немесе заманауи Прометей
❤12🔥1
Ең мықты кітаптар мына сілтемеде

https://t.me/newday96bot?start=_tgr_t1IJ3KplOWIy
❤3
Forwarded from DALA INSIDE
🇰🇿 Жұмсақ сигналдар: әкімдер Жолдаудан кейін "кері байланыс" алмақ

Қазақстан биылғы саяси маусымды 8-ші қыркүйектен бастап ашатын болды. Сол күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәстүрлі Жолдау аясында атқарушы аппаратқа жаңа тапсырмалар беріп, бұған дейін істелген жұмыстың қорытындысын шығармақ.

Бүгін Үкімет бюджеттік жұмыстарды пысықтап тастады. Ал әкімдер жылу маусымына дайындық және жол-көлік инфрақұрылымы жұмыстарын тездетіп жатыр.

"Дұрыс жөнделмеген, жұмысы аяқталмаған, істен шыққан ТЭЦ автоматты түрде әкімнің отставкасына алып келмек. Бұл оларға ескертілді. Қарағанды мен Павлодар облыстары басты назарда болып отыр", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Биылғы Жолдау әлеуметтік блокта табыс пен инфляция арасындағы айырмашылықты жабу, кредит қысымын азайту, саяси реформалар аясында жергілікті басқаруды одан әрі күшейтуге бағытталатыны анық. Экономикада жаңа индустрияландырудың екінші толқыны бойынша тапсырма берілмек. Әсіресе логистика, транзит, қоймалар мен өндіріске шетелдік инвестицияларды көбірек тарту міндеттеледі деп күтілуде.

"Жалпы Жолдау позитивті нотада болады. Бірақ Сол жағалау әкімдерді мүлде босаңсытпауға шешім қабылдады. Кей әкімдердің биылғы тірлігі мен нәтижелері ұнамай отыр", - дейді, дереккөз.


Парламент те қыркүйектің ортасында ішкі тазалану процесін бастан кешірмек. Біршама мандат мерзімінен бұрын тапсырылуы мүмкін.

https://t.me/dalainside
❤17
Forwarded from DALA INSIDE
👍 Үкімет 2024 жылғы Президент Жолдауын толық орындады

Былтыр ЖІӨ көлемі бойынша мақсатты көрсеткішке қол жеткізілді және ол 5%-ды құрады. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздің экономикалық даму көрсеткіштері айтарлықтай жақсарды. Ол инвестицияларды ынталандыру, өнімділікті арттыру және экономиканың шикізаттық емес салаларын кеңейту есебінен жалғасуда.

Биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі соңғы жылдары 6,3%-ды құрап, рекордтық көрсеткішке жетті. 
Нақты сектордағы өсім 8,3%-ды құраса, қызметтер өндірісі 5,2%-ға артты.

Негізгі драйверлер көрсеткіштері келесідей: көлік +22,5%, құрылыс + 18,5%, сауда +8,6%, тау-кен өнеркәсібі +8,5%, өңдеу секторы +6,1%.

Өңірлерді дамуы, инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібіндегі жобалар, ауыл шаруашылығы, кластерлік өндіріс бойынша барлық мақсатты индекаторларға қол жеткізілді.

Толық ақпарат 👇

https://primeminister.kz/news/reviews/prezidenttin-2024-zylgy-zoldauy-ekonomikany-artaraptandyru-zane-150-mlrd-tikelei-investiciia-30452
❤7
Мекемтас Мырзахметұлы - Қазақ қалай орыстандырылды?

Кітапта қазақ халқының, елі мен жерінің, санасының зорлықпен орыстандырылу тарихы баяндалады. Бұл мәселе жөнінде нақты мысалдар келтіріліп, оған жазба мәдениетті, халық санағы деректерін бұрмалау арқылы, тоталитарлық топонимиканы өзгерту арқылы қол жеткізілгені сипатталады.
Сондай-ақ Қазақстан ономастикасының тарихи-әлеуметтік мәселелері қарастырылады.
❤13👍2👏1
Forwarded from DALA INSIDE
⚡ Татубаев-Кексель-Дүйсенов: "Жаңа Қазақстан" Қожамжаровқа барынша жақындады

Қыркүйектегі жабық келіссөздерден кейін Қайрат Пернешұлының тағдыры шешілмек. Не осы триомен қылмыстық іс орбитасы шектеледі, не Қайрат Қожамжаровқа да іс қозғалады.

"Дүйсеновке іздеу салынуы Қайрат Қожамжаровқа айқын сигнал болуы тиіс. Қазақстан шын саудаласса, Мәскеуде жүрген Қожамжаровқа "питерлік достары" да, Медведев те көмектесе алмайды. Қазақстан арқылы Ресейдің Қытайға мұнай транзиті, ал Қытайдан Ресейге ауадай қажет заттардың контрабандасы сынды бізде де мықты көзірлер бар. Астана оның біреуін шығарса, Мәскеудің өзі бес минутта Қайрат Қожамжаровты ұстап бере салады", - дейді DALA INSIDE дереккөзі.


Биыл Қожамжаровтың командасы толық жойылды. Жемқорлықпен күрес бойынша Ұлттық бюроның экс-басшысы Талғат Татубаев шілденің басында азаптау ісі бойынша қамауға алынды. Арнайы прокурорлар қызметінің экс-басшысы Олеся Кнксель осы азаптау бабы бойынша күдікті ретінде танылды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Ал өткен аптаның соңында бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланды. Интерпол арқылы тез ұсталады деп күтілуде.

Қайрат Қожамжаров ұзақ жылдар бойы жемқорлықпен күрес мекемелерін басқарды. Оның кезінде антикор Агенттік те, Бюро формасында да болды. Артынан Бас прокурор, сенатор лауазымында болды. 2023 жылдың басында Парламенттегі орнын босатып, мандаттан айрылды. Содан бері ол еліміздің саяси сахнасынан кетті. Соңғы рет Пернешұлы Қазақстанда 2023 жылдың қарашасында, Болат Назарбаевтың асында төбе көрсетті. Сол кезде өзі туралы «жеке заң компаниясын аштым» деп қысқа жауап бергені есте. Екі дереккөздің мәліметінше, қазір Мәскеудегі пәтерінде тұрады.

"Жаңа Қазақстан" Қожамжаровтың әлсіз тұсын біледі. Ол - отбасының активтері мен бизнесі. Ресейге шығарып алған Қожамжаров капиталына қол жеткізе алсаса да, еліміз оның отбасының активтерімен айналыса бастады.

Қайрат Қожамжаровтың туған бауыры Дулат Қожамжаров "Hill Corporation" майлау материалдарын шығаратын зауыттың жалғыз иесі. Биыл сәуірде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мен Hill Corporation арасында локомотивтерге арналған мотор майын жеткізу саласында 624 млн теңгеден астам сомаға бәсекеге қарсы келісім жасалғанын анықтаған. Артынан компания құрылтайшысының үлесіне шектеу қойылды. Осы арқылы Дулат Қожамжаров зауытынан айрылып қалуы мүмкін.

Одан бір ай бұрын мемлекет Hill Corporation-ның «еншілес» компаниясынан Шымкент маңындағы 54,7 гектар жер учаскесін қайтарып алды. Қалалық жер ресурстарын басқару департаментінің жоспардан тыс тексеруі барысында бұл жердің «Hill Invest» ЖШС-не аукционсыз, ҚР Жер кодексін өрескел бұза отырып берілгені анықталған. Жер ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге бөлінгенімен, компания онда мұнай өңдеу зауытын салуды жоспарлаған. «Hill Invest» ЖШС-нің басшысы – бұрынғы бас прокурордың тағы бір бауыры Қуат Қожамжаров.

Ал Қайрат Қожамжаровтың балалары Бексултан мен Ельнар Пернеш, Жанайдар Қайрат пен Жанел Қайраттар «Astana Real Estate Management» ЖШС-іне иелік етеді. Компания жылжымайтын мүлікті жалға берумен айналысады. Қожамжаровтың ұл-қыздары Елорданың Есіл ауданында орналасқан 9 қабатты «Астана» бизнес-орталығындағы кеңселерді жалға беріп жүр. Ал "Жаңа Қазақстан" кез-келген уақытта бұл бизнес-орталықтың заңсыз сатылғанын, не заңсыз салынғанын "анықтай" алады. Сондықтан Қожамжаровқа қысым көрсету рычагтары аз емес.

https://t.me/dalainside
❤10🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қытай оқушылары домбырамен белгілі қазақ, қытай әуендерінен попурри орындады

Сонымен қатар мәртебелі меймандар Бейжің балаларына арналған киіз басудан шеберлік сабағын тамашалады.
❤18
Мағаз Разданұлы - Ата заман сөйлейді

Қытай қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі ақын, жазушы, драматұрг Мағаз Разданұлының бұл кітабына төрт әңгіме, төрт повесі еніп отыр. Жазушының бұл шығармаларында қазақ халқының басынан өткен қуанышты да, қайғылы да тағдыр талайы, өткен өмірінің тыныс-тіршілігі, Алтай өңіріндегі алғашқы орыс-қазақ қатынасы көркем тілмен шебер баяндалған. Бірлікті, тыныштықты, ауызбіршілікті тілеген, көшпенді өмір сүрген ата-бабамыздың жан-дүниесіндегі құбылысты автор тарихи оқиғалармен және айшықты образдармен көрсете білген.
❤17🔥1😁1
Мұхамедәли Абдуллаев - Кәріптас

Жас жазушы Мұхамедәли Абдуллаевтың бұл әңгімесінде ХХ ғасырдың ең ұлы қылмысы — қазақ халқына қарсы геноцид — аштық тақырыбы көтеріледі. Кейіпкерлер бейнесі шебер сомдалып, зұлмат заманды көз алдыңызға әкелсе, символдық бейнедегі кәріптас — адам жүрегінің қатаюы жайлы мәселені көтерген.
Әңгіме оқшау стилімен, өзіндік иірімдерімен оқырманын баурап алары хақ.
❤6👎1
Forwarded from DALA INSIDE
🇪🇺 Он микрон. Қазақстан санкция бойынша Еуроодақпен жабық келіссөздер өткізу туралы ойлана бастады

Осы аптада Bloomberg Еуроодақтың Ресейге бағытталған санкцияларының кезекті пакетінде реэкспорт жолдарын қатаң жабу қарастырылатынын хабарлады. Оның аясында Қазақстан шартты қайталама санкцияға ілінуі мүмкін. Шартты деп отырғанымыз – санкция Қазақстанға белгілі бір тауар категориясын сатып алуға ғана тиым салады. Бұл компьютермен басқарылатын станоктар (СNС) мен машина құрастыруға арналған жабдықтар болып отыр.

Бір сөзбен айтқанда Еуроодақ Қазақстаннан халықаралық нарықта осындай станоктарды көбірек сатып алып, оларды Ресейге сатып жатыр деп күдіктенеді. Мысалы, Ресейге санкция салынбаған 2021 жылы Қазақстанның солтүстік көршісіне «көлік, құрылғылар, прибор мен аппараттар» категориясындағы экспорты 471,4 миллион долларды құраса, санкция толық жұмыс істей бастаған 2023 жылы ол көлем 2,7 миллиард долларға жеткен. Ал 2024 жылы 2,1 миллиард долларды құрады. Қазақстанның Ресейге приборлар экспорты бірден бес есе өсіп кеткені күмән туғызатыны заңды.

«Еурокомиссия CNC станоктарын Қазақстанға сатуға тиым салса біздің қазір қолға алып жатқан қайта өңдеу саласындағы инвестициялық ауқымды жобаларымыз тұрып қалады. Станоктардың бәрі Ресейге реэкспорт ретінде кетіп жатқан жоқ. Бізге де керек станоктар бар. Сондықтан Қазақстан комплаенс тексерісті қатаңдатуға, тіпті еурокомиссарлар біздің аумаққа өткен құрылғылардың қай жерге орнатылатынын инспекциялап, тексеруге де келісуі мүмкін. Бастысы қайталама санкцияны болдырмау. Әйтпесе инвесторлар бірден қашып кетеді», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Еуроодақ 2023 жылы санкциялардың 11-ші пакетінде «anti-circumvention tool», яғни санкцияларды жүйелі айналып өтетін үшінші елдерге белгілі бір «санкциялық тауарлардың» экспортын шектеу механизмін енгізген. Tier 4.B тізімінде 10 микрондық дәлдіктегі CNC станоктарының әскери өндіріске қолданылу мүмкіндігі көрсетіліп, санкциялық тауар санатына жатқызылды.

Қазақстан экономикасы CNC станоктарына тікелей тәуелді. Токарлі бағыты дөңгелек бөлшектерді кесуге, бұрғылауға, ойық салуға қолданылады. Қазақстан бұдан қазіргі таңда құбыр муфтасын, подшипник, біліктер әзірлеуде. CNC фрезер станогы арқылы біз металл, алюминий, пластик пен ағаш өңдеп, түрлі салада қолданып жүрміз. Құрылыс конструкциялары мен вагон жасауда CNC плазмалық кесу станогын пайдаланамыз.

Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған сияқты мұнай кеніштерінде қолданылатын құбырлар, фланецтер, сорғы-бөлшектерді жөндеу және өндіру үшін отандық мұнай сервисі компаниялары CNC станоктарымен жұмыс істейді. Одан бөлек, ERG, Қазцинк, Qarmet сияқты алпауыттар жұмыс істейтін тау-кен металлургия кешені экскаватор, конвейер, ұнтақтау қондырғысы, балқыту пештеріне арналған бөлшектерді CNC арқылы дайындайды. Тұлпар зауыты, СемАЗ, КАМАЗ-Қостанай, KIA Qazaqstan сынды ірі өндірістері бар машина жасау және вагон индустриясы барлық металл бөлшектерін CNC арқылы кеседі. Қостанайда Агромашхолдинг CNC арқылы ауылшаруашылық машиналарын құрастырады.

Сол себепті Қазақстан барынша шартты қайталама санкцияларды болдырмауға тырыспақ. Тиісті консультациялар қызу жүруде. Белгілі бір сигналдары келесі аптада шыға бастауы мүмкін.

https://t.me/dalainside
❤8
Қалайсыз оқырман?
Жақсы жаңалығым бар сізге!
🔥 Кітап оқып – 1 000 000 ₸ ұтып ал! 🔥

20 қыркүйекте үлкен Кітап оқу сайысы өтеді.

📖 Бар болғаны:
• 10 бет шығарманы оқисыз
• 15 сұраққа жауап бересіз
• 3 кезең мен Суперфиналдан өтесіз

🥇 Жүлде қоры – 1 000 000 ₸
Ал тағы 135 орынға дейін сыйлықтар бар!

💳 Қатысу құны – небәрі 1590 ₸
Жазылу үшін, осы ватсап сілтеме арқылы өтіңіз(87026042714):
https://wa.me/message/7BTMWKHV74TFG1

🎁 1590тг-ге тек сайысқа қатыспайсыз, онымен қоса әр қатысушыға қосымша сыйлықтар беріледі: ағылшын курсы, түрік тілі курсы және онлайн кітаптар.

Инста парақша:
https://www.instagram.com/_aihanym_?igsh=MTJmZmZ2eHlsM3dlag==

Мүмкіндікті жіберіп алма!
❤8
Forwarded from DALA INSIDE
🏦 Банк қожайындары «қызыл сызықтар» жөнінде кеңеспек

Мемлекет банктерге тізесін қаттырақ батыра бастағандықтан, еліміздегі бірнеше банк қожайындары бұрынғы бәсекелестік пен алауыздықтарын ұмытып, бірлесіп қуатты лобби құру жөнінде ақылдаса бастады. Олардың ойынша соңғы екі жылда мемлекет жекеменшік банктерге көп тиісіп, мүмкіндіктерін де, даму перспективаларын да шектей бастаған.

«Банктерге салынатын корпоративті табыс салығы келесі жылдан бастап 20 пайыздан 25 пайызға көтеріледі. Онымен қатар, жекеменшік тұлғаларға кепілсіз кредит беру бойынша көптеген шектеулер енгізілді. Енді мемлекет жеке тұлғалардың депозиттерін де қарап отырмақ. Аталған үш қысым банктерді таза табысынан айыратыны анық. Банк қожайындары осыған алаңдап отыр», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Бұған дейін банктердің негізгі выручкасы жеке тұлғаларға кепілсіз несие беруден келетін. Биылғы жылдың 7 айында еліміздегі банктердің таза табысы 1,6 триллион теңгені құрады. Енді жаңа шектеу нормалары енгізілсе, кредит алатын жеке тұлғалардың саны күрт азаяды. Сонымен бірге, көлеңкелі, бейресми табысы бар адамдар ақшасын депозиттен шешіп, қолма-қол түрінде үйінде сақтайды деген болжамдар бар. Себебі, салық органдары кез-келген жеке тұлғаның депозиттегі қаржысына қатысты сұрақ қою мүмкіндігіне ие болмақ. Дәл осы тұста табысы азайған банктердің салық жүктемесі де артып, одан қалатын таза табыс мүлде мардымсыз болу қаупі бар.

«Банктер сезіп отыр. 2025 олардың мол табыс алатын соңғы жылы. 2026 жылы мұндай мүмкіндік мүлде болмайды. Сондықтан, өз құқықтары мен бизнестерін қорғау үшін бірігіп, лоббилерін күшейтпек. Осы орайда, банк акционерлері Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының ықпалын арттыруды көздеген. Қауымдастыққа Үкіметпен қатаң сөйлесе алатын беделі бар, белгілі банкирлердің бірін басшы қылу идеясы да талқыланған», - деп бөлісті, дереккөз.


Банкирлер Үкіметке қызыл сызықтар қоюға дайын. Яғни, қазір қабылданған нормалардан басқа болашақта банктердің табысына ауыз салатын, өмірін қиындататын жаңа шектеулер енгізілмеуі тиіс. Лобби билікпен осы мәселені келісіп алмақшы.

Ал банктерді «үйту керек, бүйту керек» деп түрлі мәлімдемелер жасап жүрген Парламент депутаттарымен Қаржыгерлер қауымдастығы айналысатын болады.

https://t.me/dalainside
❤7👍1
Forwarded from DALA INSIDE
💥 Феникс құсы. Балалар үйіндегі дау да шенеуіктің мансабын тоқтата алмады

Алматы облысында қызметінен қуылған Білім басқармасының бұрынғы басшысы енді жаңа қызметке тағайындалуы мүмкін.

"Тараптар Бағанашылдағы балалар үйіндегі айқай-шу басылғанын күткен еді. Енді сол сәт туындап тұр. Алматы облысы Білім басқармасының бұрынғы басшысы Салтанат Беспаева жаңа қызметке тағайындауға кедергі жоқ сияқты", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Дереккөздің мәліметінше, Салтанат Дауысбекқызы басқарма басшысы қызметінен босағанымен, әкімдіктен кетпеген. Оның орнына бұған дейін Еңбекшіқазақ, Іле аудандары мен Қонаев қалалық білім бөлімдерін басқарған Арайлым Төлеубекова тағайындалған еді. Сөйтіп Салтанат Беспаеваның қарамағында еңбек еткен кадр басқарма басшылығына келді.

Ал тамыздың басында қызметтен босатылған бұрынғы басқарма басшысы Іле аудандық білім бөліміне жетекші болады деген ақпарат тарады.

https://t.me/dalainside
❤3
Forwarded from Zamir
Glovo-дан кез келген тауарға 📦🍕🍔
🔑 ПРОМОКОД бар!

✅ 1 рет қолдануға болады
✅ 2500₸ ДИСКОНТ 🎉
✅ Тек 1000₸ ғана 💸

Яғни, сен небәрі 1000₸ төлейсің де, Glovo-дан 2500₸ жеңілдік аласың! 🤯🙌
Мысалы: 5000₸-ға тамақ алсаң, тек 2500₸ төлейсің 😉

⚡️ Уақытты өткізіп алма! Саны шектеулі ⏳

📩 Сатып алу үшін: 👉 @zamello01
❤4