АРИСТОКРАТ
18.7K subscribers
780 photos
120 videos
525 files
1.03K links
📚 Ұлттық буржуазияға арналған арна. Интеллектуалдардың ортасы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

📍Реклама @dalareklanabot
Download Telegram
Forwarded from DALA INSIDE
💥 Атамекеннің тағдыры жаңа жылдан кейін шешіледі

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының болашағы бойынша жабық есік жағдайындағы консультациялар қаңтар-ақпан айларында өтуі тиіс. DALA INSIDE дереккөзінің айтуынша, палатаның жұмысы, жарна бойынша, шығын бойынша жағдайын толық реформалау бойынша ұсыныстар көбейген. Тіпті «Атамекен» кәсіпкерлер палатасын жауып, рұқсат беруші функцияларын профильді министрлік комитетіне беру туралы радикалды идея да талқыға салынады. Мемлекет өзіне бұл функцияларды алғысы келе ме, басты сұрақ осында.

«Қазір "Атамекен" палатасы мемлекетке де, өзінің басты клиенті – бизнеске де ұнамай барады. Ешкім жақтырмайтын, еш жерге симайтын изгой ұйымға айналып кеткен. Бизнестің мүддесін қорғау бойынша бастамалары әлсіз. Ал Үкімет үшін оңай илейтін жұмсақ қамыр сияқты. Өзіне ақша төлейтін ірі бизнеске ғана қызмет еткісі келеді. Оны жасыратын ештеңе жоқ, барлығы көріп отыр. Қазіргі басшысы да саяси аренадағы ықпалы, кәсіби ұйымдастыру жұмысы жағынан әлсіз. Осылардың барлығы жан-жақтан қордаланып, палатаның мүлде абыройсыз ұйымға айналуына алып келді», - дейді, дереккөз.


Палата өзі құрылған уақытта қажет болды, актуалды болды. Бірақ қазір өз миссиясын түгескен сияқты. Енді «Атамекен» өзінің басты функциясын орындауды тоқтатып, бизнестің дамуына кедергі келтіретін құрылымға айналып барады. Яғни қазіргі таңда бұл ұйымнан кәсіпкерлерге нақты пайда жоқ, керісінше ол бизнес үшін артық бюрократиялық тосқауыл деңгейіне жетті. Енді кәсіпкерлердің барлығы палатаның өздерінің құқықтары мен мүддесін қорғау ісін ойдағыдай атқара алмағанын айтып жүр. «Атамекен» көбіне алып компаниялардың сөзін сөйлеуге бейім де, шағын және орта бизнестің мәселелеріне тиісті деңгейде араша түспейді. Соңғы қабылданған Салық кодексіндегі шағын және орта бизнеске ауыр тиетін өзгерістер кезінде «Атамекеннің» дауысы мүлде шыққан жоқ. Тіпті палатаны ешкім тыңдамайтын сияқты.

Оған қарамастан, «Атамекен» палатасы бизнес өкілдерінен жыл сайын мүшелік жарналар жинайды. Жаңа жылдан кейін жағдай қиындайтындықтан, енді мүшелік жарналарды төлеу бизнес үшін қосымша қаржылық болмақ. Қазіргі инфляция, салықтардың өсуі жағдайында бұл «жығылғанға жұдырық» болып отыр. Палата кейбір міндетті қызметтерін, мысалы, өндірушілерге берілетін индустриялық сертификатты тек мүшелік жарна төленген жағдайда ғана беретіні бизнесті қосымша қыспаққа алған қисынсыз талаптардың бірі болып отыр. Яғни, кәсіпорын палатаға қарызы болса, тауардың отандық өндіруші екендігі жөніндегі сертификатты ала алмайды.

Ал сонда жиналған ақша бизнесті қорғау ісіне кетіп жатыр ма? Олай деп айта алмаймыз. Ресми мәлімет бойынша, 2025 жылы ҰКП жалпы бюджеті 12 миллиард теңгеден асқан, оның 10,7 млрд теңгесін кәсіпкерлерден жиналатын мүшелік жарналар құрады. Бұл қаржының негізгі бөлігі ірі бизнес субъектілерінен түседі. Енді осы жиналған 12 миллиард теңгенің басым бөлігі тікелей бизнеске қызмет көрсетуге емес, палатаның өз шығындарын өтеуге кетеді. Кеңселерді жалға алу, қызметкерлерге айлық төлеу, іссапар сынды шығындары өте көп. Одан бизнеске пайда бар ма?

Не болса да, келесі жылы осы сұрақтардың барлығы күн тәртібіне қойылмақ. «Атамекен» бойынша шешім қабылдаудың уақыты баяғыда келген еді. Тек 2020 жылғы пандемия, одан кейінгі қайта қалпына келу үрдістері бөгет болып қалды.

https://t.me/dalainside
❤8🥰1
Forwarded from Ongar_online
Бақалардың ішегінен қатерлі ісік жасушаларын (рак) жоятын бактериялар табылды, — New Atlas.

Жапонияның Озық ғылым мен технология институты ғалымдарының зерттеуіне сәйкес, кесірткелердің, жапон ағаш бақаларының және тритондардың ішегінде тіршілік ететін бактериялар қатерлі ісік жасушаларын жоюға қабілетті. Ең жоғары белсенділік жапон ағаш бақаларынан табылған Ewingella americana бактериясында анықталған.

Колоректал қатерлі ісігі бар тышқандарға жүргізілген тәжірибеде бұл бактерияны бір рет көктамыр арқылы енгізу барлық жануарларда ісіктің толық жойылуына әкелген. Бұл нәтиже иммунотерапия мен химиотерапияны қоса алғанда, стандартты емдеу әдістеріне қарағанда әлдеқайда тиімді болып шыққан.

https://t.me/ongar_online
❤21👍8👎1
Қолыңыздағы бұл кітап — Әди Мористың көптен күттірген жалғасы, һәм жаңа нық қадамдары мен түрлі таныстықтар, сынақтар мен жаңа патшалық пен қалаларға апарар көпір. Бір пәс қиялға ерік беріп, рухани толқын һәм серпіліске бөленгісі келетін оқырманға арналады. Эдимен бірге шытырман сапарды сәтті жүріп өтуіңізге тілектеспін.

Автор.

Тимур Мустафаев 2025ж
❤11👍1💯1
Forwarded from DALA INSIDE
💰 Есепке ілінбеген байлық. Мемлекет сирек металдардан қалай ұтылып отыр?

Қазақстаннан минералды шикізат экспорты мәселесі соңғы айларда таза техникалық дискурстан шығып, қоғамдық және саяси деңгейдегі талқылауға айналды. Парламент пен медиа кеңістігінде ел аумағынан шығарылатын руда мен концентраттың нақты құрамын бақылау мәселесі көтерілгеннен кейін, бұл тақырып мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігімен тікелей байланысты күрделі сұраққа айналды. Әсіресе, ілеспе компоненттердің, ұлттық экономика үшін стратегиялық маңызы бар сирек кездесетін металдардың толық әрі дәл есепке алынбай қалуы мүмкін деген мәлімдемелер қоғам назарын өзіне аударды.

Пікірталастың ушығуына биыл «Ақ жол» фракциясының жетекшісі Азат Перуашевтің уәкілетті мемлекеттік органдарға жолдаған депутаттық сауалы түрткі болды. Онда принципті мәселе көтерілдіген еді. Мемлекет экспортқа жөнелтілетін минералды шикізаттың нақты құрамын қаншалықты тиімді бақылап отыр және талдау мен есепке алу жүйесіндегі олқылықтар салдарынан бюджет айтарлықтай кірістен қағылып отырған жоқ па?

Осы сұрақтардың аясында елдегі ірі жер қойнауын пайдаланушылардың бірі - «Қазақмыс» корпорациясы қоғамдық назардың ортасына шықты. Талқылауға компанияның химиялық зертханаларының бұрынғы басшысы Бақыт Әділованың «Гиперборей» YouTube-арнасында жасаған ашық мәлімдемелері себеп болды.

Әділованың айтуынша, мәселе кәсіби ортада жедел технологиялық бақылау үшін қолданылатын, жартылай сандық сипаттағы рентген-спектрлік талдау әдісіне тіреліп отыр. Бұл әдіс өндірістік процестерді оперативті бақылауға қолайлы болғанымен, маманның сөзінше, ұлттық және мемлекетаралық стандарттар экспорттық операциялар, өзара есеп айырысу және кедендік рәсімдер кезінде толыққанды химиялық талдауды талап етеді. Яғни, мәселе әдістемелік айырмашылықта ғана емес, есептің дұрыстығы мен мемлекеттің экономикалық мүддесін қорғауда жатыр.


Бақыт Әділова 2019 жылдан бастап Балқаш өңіріндегі орталық химиялық зертханалардың аутсорсингке берілуіне ерекше назар аударады. Оның пікірінше, дәл осы кезеңнен бастап бақылау жүйесінің ашықтығы әлсірей бастаған. Мыс концентраты тек мыс қана емес. Оның құрамында әлемдік нарықта сұранысы жылдан-жылға артып келе жатқан бағалы және сирек кездесетін элементтер бар. Егер осы ілеспе компоненттер толық әрі дәл есепке алынбаса, мемлекет экспортталатын ресурстың нақты құнын бағалай алмайды.

Наурыз айының басында аталған мәселе ресми түрде парламент алаңына шықты. Мәжілісте Азат Перуашевтің депутаттық сауалы жолданып, онда баспасөзде жарияланған материалдар мен «Гиперборей» арнасында айтылған деректерге тікелей сілтеме жасалды.

2025 жылдың қазан айында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қосымша бақылау тетіктерінің қажеттігін іс жүзінде мойындады. Ведомство «Эксклюзив» басылымының сауалына берген жауабында сирек кездесетін металдарға қатысты бақылауды күшейту жоспарларын жария етті. Атап айтқанда, халықаралық қатысушылармен бірлесіп мамандандырылған зерттеу орталығын құру, сондай-ақ аккредиттелген зертханалар тізімін қалыптастыру көзделіп отыр.

Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда металдық бақылаудың көзден таса жасалуына жол беруге болмайды. Бұл мемлекеттің есепке ілінбей қалған байлығын ұрлау сынды процестер туғызуы мүмкін.

https://t.me/dalainside
❤9
Абай жолы 1-том.pdf
20 MB
✍Мұхтар Әуезов
📖"Абай жолы" 1-том
Абай жолы 2-том.pdf
22.6 MB
✍Мұхтар Әуезов
📖"Абай жолы" 2-том
Абай жолы 3-том.pdf
22.8 MB
✍Мұхтар Әуезов
📖"Абай жолы" 3-том
Абай жолы 4-том.pdf
10.9 MB
✍Мұхтар Әуезов
📖"Абай жолы" 4-том
Бақытсыз_жамал_Міржақып_Дулатұлы.pdf
261.1 KB
✍Міржақып Дулатұлы
📖 Бақытсыз Жамал
Мұхтар_Мағауин_Қыпшақ_аруы_романы.pdf
19.5 MB
✍Мұхтар Мағауин
📖 Қыпшақ аруы
Жан ұясы.pdf
57.3 MB
Жан Ұясы 📚
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Агата Кристи _Кездейсоқ оқиға_.pdf
169.6 KB
🧑‍🎓Агата Кристи
📚"Кездейсоқ оқиға"
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Бәріне қолыңды бір сілте!.pdf
169.5 MB
📚Бәріне қолыңды бір сілте!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤47👍5🔥2
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
мен сені жақсы көрем өмір.pdf
750.2 KB
📚Мен сені жақсы көрем өмір
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Агата Кристи _Күнәнің құпиясы_.pdf
939.9 KB
🧑‍🎓Агата Кристи
📚Күнәнің құпиясы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤20👍4🔥2
Бала Шоқан Сапарғали Бегалин.pdf
1.6 MB
🧑‍🎓Сапарғали Бегалин
📚 Бала Шоқан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Шығанақ Ғабиден Мұстафин.pdf
885 KB
🧑‍🎓Ғабиден Мұстафин
📚Шығанақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Интернат наны Шерхан Мұртаза.pdf
672.4 KB
🧑‍🎓 Шерхан Мұртаза
📚 Интернат наны
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Шұғаның белгісі Беймбет Майлин .pdf
10.4 MB
🧑‍🎓Бейімбет Майлин
📚Шұғаның белгісі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ақбілек Жүсіпбек Аймаутов.pdf
1.3 MB
🧑‍🎓Жүсіпбек Аймауытов
📚 Ақбілек
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қалың мал Спандияр Көбеев.pdf
486.6 KB
🧑‍🎓Спандияр Көбеев
📚Қалың мал
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤20