АРИСТОКРАТ
18.7K subscribers
780 photos
120 videos
525 files
1.03K links
📚 Ұлттық буржуазияға арналған арна. Интеллектуалдардың ортасы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

📍Реклама @dalareklanabot
Download Telegram
Forwarded from …
Бұл еңбек — бір оқиғаны баяндаудан гөрі, бір күйді жеткізуге жақын. Оқи бастасаңыз, бәрі қарапайым көрінуі мүмкін: қала, адамдар, күнделікті тіршілік. Бірақ уақыт өте келе кейіпкердің ішкі әлемі алға шығып, сыртқы дүниеден гөрі маңыздырақ бола бастайды.

Мұнда нақты жауаптардан гөрі, мазалайтын сұрақтар көп. Кейбір ойлар түсініксіз көрінуі мүмкін, кей сәттерде өзіңізді сол кейіпкердің орнында отырғандай сезінесіз. Шығарма дәл сол үшін жазылған — оқырманды сырттай бақылаушы емес, ішкі куәгер ету үшін.

“Түсініксіз шығарма” — адамның жалғыздығы, қорқынышы, ой мен сезім арасындағы қайшылықтары туралы. Бұл еңбекті оқығанда бәрін бірден ұғу міндет емес. Тек оқып отырып, өзіңізді тыңдағаныңыз жеткілікті.

Тимур Мустафаев 2026ж
❤4👍2🔥1
Forwarded from DALA INSIDE
👮 Алматы полициясы толық тазаланбақ

Әл-Фараби даңғылындағы резонансты жол-көлік апатынан кейін, бұған қалалық Полиция департаментінің басшылық құрамының қатысы анықталуда. Экс-депутат Әбенов жариялаған видеода заңгер Молдахан Әділетхан түнде жарысқан тұлғалардың ішінде Полиция департаменті басшысының орынбасары болды деген дерек келтіреді.

Енді, CMN.KZ дереккөздерінің мәліметінше, департамент басшысының орынбасары, қызмет бағыты бойынша жауапты Ержан Узабаев ауру парағы бойынша (больничный) демалысқа кеткен. Оның қызметтен айрылуы ықтимал. Онымен бірге, Алматы қаласы әкімшілік полиция басқармасының басшысы Серік Шумаев қызметінен босатылған. Сонымен қатар, арнайы батальонның үш взвод командирі және патрульдік полиция полкінің бір рота командирі де лауазымынан айырылған.

Апаттың басты триггері - түнгі уақытта жоғары жылдамдықта «шашка» (жолда қауіпті маневр жасап жарысу) жасау. Бұл Алматыда бұрыннан бар, бірақ көбіне жазасыз қалатын құбылыс. Онымен бай-бағлан, шенеуіктердің балалары, яғни "мажорлар" айналысады. Алдымен бұл резонансты жасыруға тырысу апатқа қатысы бар көліктердің ішінде ықпалды тұлғалармен немесе құқық қорғау органдарымен байланысы бар адамдар болған деген күдікке апарып соқтырды.

Бірақ Астанадан келген сигнал "заң алдында бәрінің тең екенін" білдіріп отыр. Ешкім де тиісті жазадан құтылмайды.

https://t.me/dalainside
👍7❤6
Forwarded from DALA INSIDE
🏦 Қазақстандағы бірнеше банк қызметкерлердің жалақысын өсіру жоспарынан айнып қалды

Еліміздегі бірнеше банк биыл жалақыны индексациялауды кейінге қалдыруы мүмкін. DALA INSIDE дереккөзінің сөзінше, супертабыс дәуірі 2025 жылмен бітті. Биыл барлығында проценттік түсім азаятындықтан, банктер ең кемі шығындарды өсірмеуге, қажет болған жағдайда тіпті қысқартуға да тырысатын болады. Кредиттен келетін кіріс төмендейді, және оған қоса жеке тұлғаларға берілген кепілсіз несиелер бойынша пайдаға баяғыдай 20% емес, енді 25 пайыз корпоративті табыс салығы салынып отыр.

«Банктерде ішкі паника басталды. Әсіресе акционерлердің көңіл-күйі жоқ. Олар баяғыдай жақсы дивиденд ала алмайтынын түсініп отыр. Балансында мемлекеттен алған қарыз бар банктерге енді тіпті оңай болмайды. Басқа да активтерін сатып жатқан ірі олигарх өз банкін сату бойынша келіссөздерді бастап кетті», - дейді, инсайдер.


Расымен, 2023–2025 жылдар банктер үшін «алтын кезең» болды. Жоғары базалық ставка арқасында өскен пайыздық мөлшерлемелер, белсенді тұтынушылық несиелеу және цифрлық сервистердің өсуі қаржы ұйымдарының кірісін бұрын-соңды болмаған деңгейге шығарды. Бірақ осы ойын ережесіне мемлекет енгізген үлкен өзгерістер биылдан бастап күшіне енді де, банкирлер мерекесі тез аяқталды.

Ұлттық Банк мәліметіне сай, тек ақпан айының өзінде банк сектордың жиынтық пайдасы өткен жылмен салыстырғанда 13,3 пайызға төмендеген. Бұл 2019 жылғы дағдарыстан бергі ең әлсіз нәтиже. Қаңтарда да дәл осындай төмендеу тіркелген. Яғни бұл бір реттік құбылыс емес, жүйелі өзгерістің белгісі. Нарықтағы ең ірі ойыншылардың өзінде табыстың қысқаруы байқалады.

Билік банктердің халыққа беретін несиелеріне талаптарды қатаңдатқан еді. Банктер үшін ең табысты сегмент тұтынушылық кепілсіз несиелер болып келді. Адамдар белсенді түрде несие алып, банктер жоғары пайызбен табыс тауып отырды. Енді бұл нарық тежеле бастады. Қарыз алушыларға қойылатын талаптар күшейді, тәуекелдер мұқият есептелетін болды. Оған қоса, пруденциялық нормативтер күшейді. Қарапайым тілмен айтқанда, банктер енді бұрынғыдай еркін ақша айналдыра алмайды. Оларға көбірек резерв ұстап отыру міндеттелді. Мысалы, ең төменгі резервтік талаптардың өсуі банктерді шамамен 3 триллион теңгені айналымнан шығарып, «қатып қалған» резервке жіберуге мәжбүрлейді. Бұл ақша енді несие ретінде экономикаға жұмыс істемейді, тиісінше банктер де одан табыс таба алмайды.

Мұның бәрі инфляцияны тежеу үшін жасалып отыр. Ұлттық Банк артық ақша массасын қысқартып, бағаның өсуін бақылауға алғысы келеді. Банктерге қойылатын талаптар күшейген сайын, қаржы нарығында басқа ойыншылардың рөлі арта бастайды. Микроқаржы ұйымдары мен кредиттік серіктестіктер үшін жағдай салыстырмалы түрде жеңілірек. Оларда реттеу жұмсақтау, сондықтан олар кейбір сегменттерде банктерге қарағанда икемдірек жұмыс істей алады. Бұл нарықтағы тепе-теңдікті өзгертіп, банктердің үлесін қысқартуы мүмкін.

Енді банктерге тәуекелді төмендету, тиімділікті арттыру, жаңа өнімдер ойлап табу сынды жаңа жағдайға бейімделу керек. Әзірге олар ең оңай жолдан – шығындарды қызметкерлер есебінен қысқартудан бастап отыр.

https://t.me/dalainside
❤1
Абдуас Санжар - Уақыт пен Ғарыш арасында

Бұл кітап – «Таңдау жасаған бала: Жауапкершілік жолында» шығармасының жалғасы. Алдыңғы бөлімде басталған оқиға енді жаңа сынақтар мен үлкен жауапкершілікке ұласады. Кейіпкерлердің алдында бұрынғыдан да маңызды таңдау тұр.
❤1
Forwarded from Ongar_online
⸻

💵 Қазақстандағы айырбастау пункттерінде доллар бағамы күрт төмендеді

Сағат 12:20-дағы жағдай бойынша, Астана қаласындағы айырбастау орындарында доллардың сатылу бағамы орта есеппен 475 теңге, ал сатып алу бағасы — 468 теңге.

Ал Алматыда америкалық валюта орта есеппен 472,44 теңгеден сатылып, 470 теңгеден сатып алынуда.
Forwarded from DALA INSIDE
💥 Электронды құжат айналымы платформасы бойынша қате шешімдерден мемлекет 1,5 млрд теңге үнемдей алмаған

2024–2025 жылдары "IPESOFT Kazakhstan" компаниясы мемлекеттік сатып алуларда үш рет жеңіске жетіп, төмен баға ұсынып, барлық тексерістерден өткен. Алайда әр жолы түрлі себептермен процесс аяқсыз қалған деп жазады, QUMASH.

Арнаның жазуынша, алдымен келісімшарт "ЭЦҚ жоқ" деген уәжбен біржақты тәртіппен бұзылған. Кейін сот бұл функцияның болғанын анықтады, ал мәселе компанияға демонстрация өткізу үшін қажетті қолжетімділіктер берілмегенінен туындағаны белгілі болды. Бұл бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік берер еді. Бірақ, өкінішке қарай, ақша үнемдеуге мүмкіндік берілмеді. Одан кейін компания қайтадан конкурсты ұтқанымен, «қаржыландырудың өзгеруіне» байланысты келісімшарт жасалмаған. Осы жағдай бірнеше рет қайталанған.

"2024 жылдың наурыз айында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да (НИТ) өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алайда тергеу бір жылдан астам уақыт бойы іс жүзінде алға жылжымаған. Нәтижесінде мемлекет Documentolog жүйесіне көшті, ол «сыйлық» ретінде берілгені айтылды. Бірақ мұнда бір маңызды жайт бар: бұл жүйені қызмет көрсету және дамыту құқығы тек оның әзірлеушісінің қолында. Яғни, біз алдағы жылдарға бір ғана жеткізушіге тәуелді болып қалдық", - деп жазады, QUMASH телеграм-арнасы.


Олардың пікірінше, бұрын бұл жүйені 17 млрд теңгеге сатып алу жоспарланған болса, енді шығындар оны тұрақты түрде сүйемелдеуге жұмсалатын болады.

https://t.me/dalainside
❤6
Forwarded from UKIMET
Түркі мемлекеттері ұйымы үкіметтері басшылары мен вице-президентінің екінші кездесуіне Әзербайжан Республикасының Премьер-министрі Әли Асадов, Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президенті Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиев, Түркия Республикасының вице-президенті Джевдет Йылмаз, Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов, ТМҰ Бас хатшысы Кубанычбек Өміралиев, сондай-ақ бақылаушылар қатысты.

Кездесуде ТМҰ мемлекеттері басшыларының тапсырмаларын орындау барысы қаралды. Өңірлік және жаһандық сын-қатерлер жағдайындағы өзара іс-қимыл, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту, көлік инфрақұрылымын дамыту және Орта дәліздің цифрлық интеграциясы, энергетикалық қауіпсіздікті нығайту перспективалары талқыланды.

Сөз сөйлеу барысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда және бірлескен күш-жігерді үйлестіруде ТМҰ-ның өсіп келе жатқан рөлін атап өтті.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, бүгінде жаһан жұрты бізді зор сын-қатерлерге төтеп бере алатын, беделі мықты, ынтымағы жарасқан мемлекеттер ретінде таниды. Ұйымның іргетасын қалаушылардың бірі ретінде біз әуел бастан түркі интеграциясын ұзақ мерзімді, прагматикалық әрі экономикалық тұрғыдан бағдарланған үдеріс ретінде қарастырып келеміз.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдермен өзара сауда көлемі $12,9 млрд-қа жетті. Біз бірлестігіміздің бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды одан әрі тереңдетуге мүдделіміз»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Түркі елдерінің сауда-өнеркәсіп палаталары одағын күшейту және оны Түркі инвестициялық қорымен тығыз үйлестіру қажеттігі атап өтілді. Бұл ТМҰ экономикалық институттарының анағұрлым тиімді өзара іс-қимылына ықпал етеді.

Өзара сауда көлемін ұлғайту және бизнес үшін цифрлық ортаны қалыптастыру мақсатында Қазақстан Бішкекте өткен ТМҰ-ның XI саммитінде қол қойылған Цифрлық экономика саласындағы әріптестік туралы келісімді (DEPA) ратификациялауды тездетіп аяқтауға ниетті. Өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету мақсатында Түркі мемлекеттерінің өңірлік метрологиялық ұйымын (TURKMET) құру және оны толық іске қосу жұмыстарын аяқтауды жеделдету ұсынылды.

Қазіргі уақытта Түркістанда бизнеске қолдау көрсетудің нақты қадамы ретінде «Тұран» арнайы экономикалық аймағы құрылған. Қазақстан осы аймақта оның ішінде Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер серіктестерінің қатысуымен жаңа бірлескен өндірістерді құруға және технологиялық кластерлерді дамытуға дайын екенін растады.

Көлік-транзит саласындағы ынтымақтастық мәселесіне ерекше назар аударылды. Орта дәліздің мәртебесін нығайту мақсатында биыл Қазақстан мен Әзербайжан арасында үкіметаралық келісімге қол қою жоспарлануда. Олжас Бектенов Зангезур дәлізінің ашылуын ескере отырып, Транскаспий халықаралық көлік бағытын одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған ТМҰ Цифрлық мониторинг орталығы Орта дәлізді дамытуға қосымша серпін бере алады. Осыған орай, бұл бастаманы тезірек жүзеге асыру үшін арнайы жұмыс тобын шұғыл түрде құруды ұсынылды.

Олжас Бектенов озық экологиялық шешімдер мен трансшекаралық энергетикалық инфрақұрылымды нығайту аса қажет екенін атап өтті. Қазіргі уақытта Қазақстан Үкіметі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша энергия тиімділігі жөніндегі озық тәжірибелер кеңесін құруды және Орталық Азияда су ресурстарын тиімді пайдалану бойынша бірлескен бағдарламаны әзірлеу жұмыстарын аяқтауда.

Сонымен қатар Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхиты аймағына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (АзТМЭӘК) аясында Цифрлық шешімдер орталығын құру жөнінде бастама көтеруде.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Бірлескен мәлімдеме қабылдады. Құжатта Әзербайжанның Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы төрағалығына және басым бағыттар бойынша практикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған күш-жігеріне қолдау көрсетілетіні расталды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Digital Qazaqstan форумында цифрлық қаржы картасы таныстырылды

Шымкент қаласында өткен Digital Qazaqstan форумында Қаржы министрлігі Электрондық қаржы орталығымен бірлесіп, «е-Қаржымині» жүйесінің «Мемлекеттік қаржының цифрлы картасы» модулінде (МҚЦК) жүзеге асырылған тауарлар айналымына талдау жасау мүмкіндіктерін таныстырды.

Бұл бағдарлама еліміздегі тауар айналымының тұтастай сипатын анықтап, өңірлер бөлінісінде қолжетімді аналитиканы қалыптастыруға бағытталған. Озық шешім Қазақстан картасында бөлшек сауда туралы мәліметтерді визуализациялап, оларды ауқымды түрде талдауға мүмкіндік береді.

Жүйе бақылау-кассалық машиналарын, сондай-ақ сауда және әкімшілік-аумақтық бірліктерді қоса алғанда, нысандардың түрлі санатына сәйкес біртұтас аналитиканы қалыптастырады. Бұған қоса түрлі кезеңдердеге байланысты, сондай-ақ тауарлар рейтингін қалыптастыру мен өңірлік ерекшеліктерді анықтауға қатысты талдау да қолжетімді.

@KZgovernment
❤1
Forwarded from Dala Sport
«SD Family» футбол клубы Екінші лига чемпионатына қатысудан бас тартты

Бұл ақпарат жарыстарды ұйымдастырушыларға – кәсіби клубтар арасындағы жарыстарды өткізу дирекциясына жеткізілді.

Жарыс регламентіне сәйкес күнтізбе мен турнирлік кестеге тиісті өзгерістер енгізіледі.

🏆https://t.me/dalasport
Forwarded from Dala Sport
🇺🇿 Өзбекстан U18 құрамасының ойыншысы «Астанаға» ауысады

🇰🇿 Асилбек Абдурасулов елордалық клубта бір жылда жалда ойнайды.

📊 Өзбекстанның 18 жасқа дейінгі құрамасында екі кездесу өткізген.
❤5
Иран Ормуз бұғазын белгілі бір жүк түрлері үшін ашады — БАҚ

Ислам Республикасы Ормуз бұғазын гуманитарлық жүктер мен аса маңызды тауарларды тасымалдайтын кемелер үшін ашпақ. Бұл туралы ирандық Tasnim ақпарат агенттігі хабарлады.

«Гуманитарлық және бірінші кезектегі қажетті тауарларды тасымалдайтын кемелердің Ормуз бұғазы арқылы Иран порттарына және Оман шығанағына өтуіне рұқсат берілді», — делінген жарияланымда.

Басылым Сауда дамуы жөніндегі министрдің орынбасары (Ауыл шаруашылығы министрлігі) қол қойған хаттың көшірмесін жариялаған. Құжатта елдің қарулы күштері негізгі тауарларды тасымалдайтын кемелердің Ормуз бұғазы арқылы өтуіне келісім бергені айтылған.

Наурыз айының соңында Иран достас елдердің кемелеріне Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат бергені белгілі болды. Бұл туралы СІМ басшысы Аббас Аракчи мәлімдеген. Әңгіме Ресей, Қытай, Үндістан, Ирак және Пәкістан туралы болып отыр.

Бұған дейін Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерден төлем ала бастағаны хабарланған еді. Бұл — мұнай мен газдың жаһандық саудасындағы ең маңызды бағыттардың бірі. Өткізу жүйесін Ислам революциясы сақшылар корпусы бақылауда ұстайды.
Осы уақытта ОПЕК+ елдері 5 сәуірдегі кездесуде мұнай өндіру көлемін арттыру мәселесін талқыламақ. Алайда бұл шешім жеткізілімдердің бірден өсуіне әкелмейді деп күтілуде. Негізгі себеп — Ормуз бұғазы маңындағы жағдай, ол АҚШ пен Израильдің Иранмен қақтығысы салдарынан жабық күйінде қалып отыр.
Бұл бағыт арқылы әлемдік мұнай саудасының 20%-дан астамы өтеді, сондықтан оның бұғатталуы нарықты айтарлықтай шектейді.

Ал Дональд Трамп бүгін Иранға қатаң ескерту жасады.
«Естеріңізде болсын, мен Иранға келісімге келу немесе Ормуз бұғазын ашу үшін он күн уақыт бердім. Уақыт таусылып келеді — 48 сағаттан кейін олардың басына тозақ орнайды», — деп жазды ол Truth Social әлеуметтік желісінде.
❤6
🔹Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын ілгерілету және насихаттау жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті

📌Қазақстан Республикасының Үкіметі Қожа Ахмет Ясауи мұрасын ілгерілету және насихаттау жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Құжатта ұлы ойшылдың мұрасын зерделеу, сақтау және насихаттау, сондай-ақ Түркістанды рухани туризмнің негізгі орталықтарының бірі ретінде дамытуға бағытталған 37 іс-шара қарастырылған.

Жоспарда институционалдық және құқықтық базаны жетілдіру, ғылыми-зерттеу және білім беру ісі, мәдени-ағартушылық және шығармашылық жобалар, ақпараттық-имидждік және халықаралық іс-шаралар, сондай-ақ қалпына келтіру сияқты бес бағыт қамтылған.

Жастармен және мектеп оқушыларымен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлінуде. Іс-шаралардың басым бөлігі Түркістан қаласында өтеді. Атап айтқанда, қалада оқушылар арасында дәстүрлі «Ясауитану» байқауының республикалық кезеңін өткізу, ал музей жанынан «Ясауитану» клубын ашу жоспарланып отыр.

Жұмыстың басым бөлігі Қожа Ахмет Ясауи шығармалары мен ғылыми еңбектерін басып шығару, ұлы ойшылдың мұрасын отандық және шетелдік ғылыми орталықтар мен мұрағаттарда анықтау, мұрағат материалдары мен құжаттары каталогін әзірлеуге қатысты.

Ясауи мұрасын әрі қарай насихаттау үшін туристерге арналған ақпаратты, соның ішінде гайдбуктарды, бейнероликтер мен аудио гидтерді жаңарту, шетелдік туристерге бейімделген жаңа туристік маршруттар әзірлеу, кесенеде ғылыми-реставрациялау және басқа да жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр.

Жоспарда ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасы аясында Ясауидің табылған және зерттелген жазба мұрасын насихаттау, ЮНЕСКО мен ИСЕСКО шеңберінде Ясауи жылын немесе арнайы мәдени күндерді жариялау мәселесін пысықтау көзделген.

Жоспардың жүзеге асуы Қожа Ахмет Ясауи мұрасын сақтау және зерделеу жұмыстарын кеңейтуге, оның ел ішінде және шетелде насихатталуын күшейтуге, сондай-ақ Түркістанның маңызды рухани, мәдени және туристік орталық ретіндегі әлеуетін ашуға мүмкіндік береді.

🚀Telegram | Instagram | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3
Жалдамалы пәтерде тұрып жатқан жастардың назарына!

Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жалға беріліп келген тұрғын үй бағдарламасы ресми түрде тоқтатылып жатыр. Жаңа ғана Премьер-министрдің орынбасары — Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева осы туралы өз парақшасында пост жариялады.

Бұл не деген сөз?

Қысқа-нұсқа түсіндірсек:

Биылғы 27 наурыздағы бұйрықпен бұл жоба күшін жойды. Енді бұрынғыдай айына 5-15 мың теңге төлеп тұратын пәтерлер жалға берілмейді.

Қазір тұрып жатқандар қайтпек?

Егер келісімшарт мерзімі әлі бітпеген болса, уақытыңыз аяқталғанша пәтерде тұра бересіз. Ал мерзім аяқталған күні заң бойынша пәтерді босату керек.

Пәтерді сатып алуға бола ма?

Жоқ. Пәтерді өз атына қалдыруға мұрсат беру туралы өтініштер көп болғанымен, заң бойынша бұл баспаналар бастан-аяқ тек уақытша пана ретінде берілген. Демек, ешкімге ондай мүмкіндік берілмейді.

Босаған пәтерлер кімге қалады?

Енді бұл үйлер әкімдіктің құзырына өтеді. Олар кезегі келіп тұрған басқа мұқтаж жандарға заң бойынша үлестіріледі.

Енді не істеу керек?

Бұл шешімнен мемлекеттің «жалға беріп қойып қарап отыру» жүйесінен — «меншікті баспана» жүйесіне көшіп жатқанын аңғаруға болады. Қазір жастар үшін «Отау», «Наурыз», «Наурыз Жұмыскер» секілді жеңілдетілген ипотека бағдарламалары бар. Статистика да бұл бағдарламалармен үй алғандардың 60%-дан астамы — 35 жасқа дейінгілер екенін растап отыр.

Сондықтан, уақытша баспанада отырған дар келісімшарт мерзімі аяқталғанша жаңа ипотекалық бағдарламаларды қарастырып, қамдана бергені дұрыс. Ол жағынан «Отбасы банктен» кеңес алуға болады деп ойлаймыз. Іске сәт!

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ
https://t.me/qarzhylyq_sauat
❤3