АРИСТОКРАТ
18.7K subscribers
780 photos
120 videos
525 files
1.03K links
📚 Ұлттық буржуазияға арналған арна. Интеллектуалдардың ортасы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

📍Реклама @dalareklanabot
Download Telegram
Forwarded from UKIMET
Түркі мемлекеттері ұйымы үкіметтері басшылары мен вице-президентінің екінші кездесуіне Әзербайжан Республикасының Премьер-министрі Әли Асадов, Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президенті Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиев, Түркия Республикасының вице-президенті Джевдет Йылмаз, Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов, ТМҰ Бас хатшысы Кубанычбек Өміралиев, сондай-ақ бақылаушылар қатысты.

Кездесуде ТМҰ мемлекеттері басшыларының тапсырмаларын орындау барысы қаралды. Өңірлік және жаһандық сын-қатерлер жағдайындағы өзара іс-қимыл, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту, көлік инфрақұрылымын дамыту және Орта дәліздің цифрлық интеграциясы, энергетикалық қауіпсіздікті нығайту перспективалары талқыланды.

Сөз сөйлеу барысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда және бірлескен күш-жігерді үйлестіруде ТМҰ-ның өсіп келе жатқан рөлін атап өтті.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, бүгінде жаһан жұрты бізді зор сын-қатерлерге төтеп бере алатын, беделі мықты, ынтымағы жарасқан мемлекеттер ретінде таниды. Ұйымның іргетасын қалаушылардың бірі ретінде біз әуел бастан түркі интеграциясын ұзақ мерзімді, прагматикалық әрі экономикалық тұрғыдан бағдарланған үдеріс ретінде қарастырып келеміз.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдермен өзара сауда көлемі $12,9 млрд-қа жетті. Біз бірлестігіміздің бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды одан әрі тереңдетуге мүдделіміз»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Түркі елдерінің сауда-өнеркәсіп палаталары одағын күшейту және оны Түркі инвестициялық қорымен тығыз үйлестіру қажеттігі атап өтілді. Бұл ТМҰ экономикалық институттарының анағұрлым тиімді өзара іс-қимылына ықпал етеді.

Өзара сауда көлемін ұлғайту және бизнес үшін цифрлық ортаны қалыптастыру мақсатында Қазақстан Бішкекте өткен ТМҰ-ның XI саммитінде қол қойылған Цифрлық экономика саласындағы әріптестік туралы келісімді (DEPA) ратификациялауды тездетіп аяқтауға ниетті. Өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету мақсатында Түркі мемлекеттерінің өңірлік метрологиялық ұйымын (TURKMET) құру және оны толық іске қосу жұмыстарын аяқтауды жеделдету ұсынылды.

Қазіргі уақытта Түркістанда бизнеске қолдау көрсетудің нақты қадамы ретінде «Тұран» арнайы экономикалық аймағы құрылған. Қазақстан осы аймақта оның ішінде Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер серіктестерінің қатысуымен жаңа бірлескен өндірістерді құруға және технологиялық кластерлерді дамытуға дайын екенін растады.

Көлік-транзит саласындағы ынтымақтастық мәселесіне ерекше назар аударылды. Орта дәліздің мәртебесін нығайту мақсатында биыл Қазақстан мен Әзербайжан арасында үкіметаралық келісімге қол қою жоспарлануда. Олжас Бектенов Зангезур дәлізінің ашылуын ескере отырып, Транскаспий халықаралық көлік бағытын одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған ТМҰ Цифрлық мониторинг орталығы Орта дәлізді дамытуға қосымша серпін бере алады. Осыған орай, бұл бастаманы тезірек жүзеге асыру үшін арнайы жұмыс тобын шұғыл түрде құруды ұсынылды.

Олжас Бектенов озық экологиялық шешімдер мен трансшекаралық энергетикалық инфрақұрылымды нығайту аса қажет екенін атап өтті. Қазіргі уақытта Қазақстан Үкіметі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша энергия тиімділігі жөніндегі озық тәжірибелер кеңесін құруды және Орталық Азияда су ресурстарын тиімді пайдалану бойынша бірлескен бағдарламаны әзірлеу жұмыстарын аяқтауда.

Сонымен қатар Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхиты аймағына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (АзТМЭӘК) аясында Цифрлық шешімдер орталығын құру жөнінде бастама көтеруде.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Бірлескен мәлімдеме қабылдады. Құжатта Әзербайжанның Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы төрағалығына және басым бағыттар бойынша практикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған күш-жігеріне қолдау көрсетілетіні расталды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Digital Qazaqstan форумында цифрлық қаржы картасы таныстырылды

Шымкент қаласында өткен Digital Qazaqstan форумында Қаржы министрлігі Электрондық қаржы орталығымен бірлесіп, «е-Қаржымині» жүйесінің «Мемлекеттік қаржының цифрлы картасы» модулінде (МҚЦК) жүзеге асырылған тауарлар айналымына талдау жасау мүмкіндіктерін таныстырды.

Бұл бағдарлама еліміздегі тауар айналымының тұтастай сипатын анықтап, өңірлер бөлінісінде қолжетімді аналитиканы қалыптастыруға бағытталған. Озық шешім Қазақстан картасында бөлшек сауда туралы мәліметтерді визуализациялап, оларды ауқымды түрде талдауға мүмкіндік береді.

Жүйе бақылау-кассалық машиналарын, сондай-ақ сауда және әкімшілік-аумақтық бірліктерді қоса алғанда, нысандардың түрлі санатына сәйкес біртұтас аналитиканы қалыптастырады. Бұған қоса түрлі кезеңдердеге байланысты, сондай-ақ тауарлар рейтингін қалыптастыру мен өңірлік ерекшеліктерді анықтауға қатысты талдау да қолжетімді.

@KZgovernment
❤1
Forwarded from Dala Sport
«SD Family» футбол клубы Екінші лига чемпионатына қатысудан бас тартты

Бұл ақпарат жарыстарды ұйымдастырушыларға – кәсіби клубтар арасындағы жарыстарды өткізу дирекциясына жеткізілді.

Жарыс регламентіне сәйкес күнтізбе мен турнирлік кестеге тиісті өзгерістер енгізіледі.

🏆https://t.me/dalasport
Forwarded from Dala Sport
🇺🇿 Өзбекстан U18 құрамасының ойыншысы «Астанаға» ауысады

🇰🇿 Асилбек Абдурасулов елордалық клубта бір жылда жалда ойнайды.

📊 Өзбекстанның 18 жасқа дейінгі құрамасында екі кездесу өткізген.
❤5
Иран Ормуз бұғазын белгілі бір жүк түрлері үшін ашады — БАҚ

Ислам Республикасы Ормуз бұғазын гуманитарлық жүктер мен аса маңызды тауарларды тасымалдайтын кемелер үшін ашпақ. Бұл туралы ирандық Tasnim ақпарат агенттігі хабарлады.

«Гуманитарлық және бірінші кезектегі қажетті тауарларды тасымалдайтын кемелердің Ормуз бұғазы арқылы Иран порттарына және Оман шығанағына өтуіне рұқсат берілді», — делінген жарияланымда.

Басылым Сауда дамуы жөніндегі министрдің орынбасары (Ауыл шаруашылығы министрлігі) қол қойған хаттың көшірмесін жариялаған. Құжатта елдің қарулы күштері негізгі тауарларды тасымалдайтын кемелердің Ормуз бұғазы арқылы өтуіне келісім бергені айтылған.

Наурыз айының соңында Иран достас елдердің кемелеріне Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат бергені белгілі болды. Бұл туралы СІМ басшысы Аббас Аракчи мәлімдеген. Әңгіме Ресей, Қытай, Үндістан, Ирак және Пәкістан туралы болып отыр.

Бұған дейін Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерден төлем ала бастағаны хабарланған еді. Бұл — мұнай мен газдың жаһандық саудасындағы ең маңызды бағыттардың бірі. Өткізу жүйесін Ислам революциясы сақшылар корпусы бақылауда ұстайды.
Осы уақытта ОПЕК+ елдері 5 сәуірдегі кездесуде мұнай өндіру көлемін арттыру мәселесін талқыламақ. Алайда бұл шешім жеткізілімдердің бірден өсуіне әкелмейді деп күтілуде. Негізгі себеп — Ормуз бұғазы маңындағы жағдай, ол АҚШ пен Израильдің Иранмен қақтығысы салдарынан жабық күйінде қалып отыр.
Бұл бағыт арқылы әлемдік мұнай саудасының 20%-дан астамы өтеді, сондықтан оның бұғатталуы нарықты айтарлықтай шектейді.

Ал Дональд Трамп бүгін Иранға қатаң ескерту жасады.
«Естеріңізде болсын, мен Иранға келісімге келу немесе Ормуз бұғазын ашу үшін он күн уақыт бердім. Уақыт таусылып келеді — 48 сағаттан кейін олардың басына тозақ орнайды», — деп жазды ол Truth Social әлеуметтік желісінде.
❤6
🔹Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын ілгерілету және насихаттау жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті

📌Қазақстан Республикасының Үкіметі Қожа Ахмет Ясауи мұрасын ілгерілету және насихаттау жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Құжатта ұлы ойшылдың мұрасын зерделеу, сақтау және насихаттау, сондай-ақ Түркістанды рухани туризмнің негізгі орталықтарының бірі ретінде дамытуға бағытталған 37 іс-шара қарастырылған.

Жоспарда институционалдық және құқықтық базаны жетілдіру, ғылыми-зерттеу және білім беру ісі, мәдени-ағартушылық және шығармашылық жобалар, ақпараттық-имидждік және халықаралық іс-шаралар, сондай-ақ қалпына келтіру сияқты бес бағыт қамтылған.

Жастармен және мектеп оқушыларымен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлінуде. Іс-шаралардың басым бөлігі Түркістан қаласында өтеді. Атап айтқанда, қалада оқушылар арасында дәстүрлі «Ясауитану» байқауының республикалық кезеңін өткізу, ал музей жанынан «Ясауитану» клубын ашу жоспарланып отыр.

Жұмыстың басым бөлігі Қожа Ахмет Ясауи шығармалары мен ғылыми еңбектерін басып шығару, ұлы ойшылдың мұрасын отандық және шетелдік ғылыми орталықтар мен мұрағаттарда анықтау, мұрағат материалдары мен құжаттары каталогін әзірлеуге қатысты.

Ясауи мұрасын әрі қарай насихаттау үшін туристерге арналған ақпаратты, соның ішінде гайдбуктарды, бейнероликтер мен аудио гидтерді жаңарту, шетелдік туристерге бейімделген жаңа туристік маршруттар әзірлеу, кесенеде ғылыми-реставрациялау және басқа да жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр.

Жоспарда ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасы аясында Ясауидің табылған және зерттелген жазба мұрасын насихаттау, ЮНЕСКО мен ИСЕСКО шеңберінде Ясауи жылын немесе арнайы мәдени күндерді жариялау мәселесін пысықтау көзделген.

Жоспардың жүзеге асуы Қожа Ахмет Ясауи мұрасын сақтау және зерделеу жұмыстарын кеңейтуге, оның ел ішінде және шетелде насихатталуын күшейтуге, сондай-ақ Түркістанның маңызды рухани, мәдени және туристік орталық ретіндегі әлеуетін ашуға мүмкіндік береді.

🚀Telegram | Instagram | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3
Жалдамалы пәтерде тұрып жатқан жастардың назарына!

Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жалға беріліп келген тұрғын үй бағдарламасы ресми түрде тоқтатылып жатыр. Жаңа ғана Премьер-министрдің орынбасары — Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева осы туралы өз парақшасында пост жариялады.

Бұл не деген сөз?

Қысқа-нұсқа түсіндірсек:

Биылғы 27 наурыздағы бұйрықпен бұл жоба күшін жойды. Енді бұрынғыдай айына 5-15 мың теңге төлеп тұратын пәтерлер жалға берілмейді.

Қазір тұрып жатқандар қайтпек?

Егер келісімшарт мерзімі әлі бітпеген болса, уақытыңыз аяқталғанша пәтерде тұра бересіз. Ал мерзім аяқталған күні заң бойынша пәтерді босату керек.

Пәтерді сатып алуға бола ма?

Жоқ. Пәтерді өз атына қалдыруға мұрсат беру туралы өтініштер көп болғанымен, заң бойынша бұл баспаналар бастан-аяқ тек уақытша пана ретінде берілген. Демек, ешкімге ондай мүмкіндік берілмейді.

Босаған пәтерлер кімге қалады?

Енді бұл үйлер әкімдіктің құзырына өтеді. Олар кезегі келіп тұрған басқа мұқтаж жандарға заң бойынша үлестіріледі.

Енді не істеу керек?

Бұл шешімнен мемлекеттің «жалға беріп қойып қарап отыру» жүйесінен — «меншікті баспана» жүйесіне көшіп жатқанын аңғаруға болады. Қазір жастар үшін «Отау», «Наурыз», «Наурыз Жұмыскер» секілді жеңілдетілген ипотека бағдарламалары бар. Статистика да бұл бағдарламалармен үй алғандардың 60%-дан астамы — 35 жасқа дейінгілер екенін растап отыр.

Сондықтан, уақытша баспанада отырған дар келісімшарт мерзімі аяқталғанша жаңа ипотекалық бағдарламаларды қарастырып, қамдана бергені дұрыс. Ол жағынан «Отбасы банктен» кеңес алуға болады деп ойлаймыз. Іске сәт!

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ
https://t.me/qarzhylyq_sauat
❤3
Forwarded from UKIMET
Үкімет ҚР Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті

📌 Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті.

Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Құжат Конституцияның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыруға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Негізгі Заң ережелерінен туындайтын заңнамалық шараларды жүзеге асыруға бағытталған.

Жоспар үш бағыт бойынша 36 іс-шараны қамтиды: ұйымдастыру шаралары, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және Конституцияның орындалуын құқықтық қамтамасыз ету.

Атап айтқанда, ұйымдастырушылық іс-шаралар аясында Конституция мәтінін басып шығару және тарату, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген форматта әзірлеу. Конституция электронды платформаларда орналастырылады.

Сондай-ақ ғылыми-сараптамалық қамтамасыз ету, ақпараттық-көрнекі безендіру, тақырыптық материалдар шығару, көрме және ағартушылық жобаларын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарланған.

Халықтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын қалыптастыру ісіне көңіл бөлінуде. Жоспарға оқыту семинарлары мен білім беру іс-шараларын өткізу, мектеп және ЖОО бағдарламаларының мазмұнын жаңарту, «Құқық негіздері» және «Заң мен тәртіп» курстарын, әдістемелік материалдар мен балалар басылымдарын әзірлеу кіреді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында бірқатар іс-шаралар мен кешенді медиа-жоспар әзірленді.

Конституцияның жүзеге асырылуын құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар, оның ішінде заңнамалық шараларды іске асыру, қолданыстағы заңнаманы талдау, Негізгі Заңның нормаларын ескере отырып, стратегиялар мен тұжырымдамаларды өзектендіру шаралары бөлек қарастырылған.

Жалпы Жоспар Конституция нормаларын халық арасында кеңінен түсіндіруді және еліміздің Негізгі Заң ережелерінің толыққанды жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1🔥1
Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

🟦Президентке агенттік қызметінің негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде баяндалды.

Жанат Элиманов:

➤ Бюджет шығыстарына жүргізілген мониторинг кезінде мал шаруашылығы саласына бөлінген 30 миллиард теңге субсидияны тиімсіз пайдалану тәуекелдері анықталғанын айтты.

🟦Ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық нәтижелерді коммерцияландыруға бағытталған 10 миллиардтан аса теңгені мақсатсыз жұмсау белгілері айқындалды.

🟦Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатын жымқыру фактілері бойынша 14 сотқа дейінгі тергеу басталған, ал құрылыс саласында 5,3 миллиард теңгені заңсыз иемденбек болған жандарға қатысты 21 қылмыстық іс қозғалды.

➤ Алаяқтық әрекеттердің алдын алу бойынша 17 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылғаны және банктер мен байланыс операторларының атын жамылып, арнайы құрылғылар арқылы жаппай фишингтік SMS-хабарламалар таратқан топ әшкереленгені жөнінде есеп берді.

🟦Жалпы аудиториясы 25 мыңнан асатын 3,7 мың алаяқтық сайт және 22 топтық чат жабылған. 400-ден астам жалған құрылыс компаниясының заңсыз түрде бірінші санаттағы лицензия алуына жол берілген жоқ.

➤ Қылмыстық табыстарды жылыстатуға қарсы күрес саласында атқарылған жұмыстарды таныстырды.

🟦Атап айтқанда, заңсыз схемаларда қолданылған дроп-карталарға қатысты 14 сотқа дейінгі тергеу басталды, олардың есепшотындағы қаржының жалпы айналымы 13 миллиард теңгеден асқан.

🟦«Көлеңкедегі» тұлғаларға рәсімделген 68 мыңнан астам карта бұғатталған. Жалған компаниялар мен құжаттарды пайдалану фактілері бойынша 23 іс тіркелген, келтірілген залал – шамамен 13 миллиард теңге.

🟦Қаржылық пирамидалар, онлайн-казино және алаяқтықтан түскен табысты жылыстатумен айналысқан 3 жасырын криптоайырбастау қызметінің жолы кесілді. Криптовалюта айырбастауға қатысты заңсыз онлайн сервистерге кіруге арналған 483 сілтеме жойылды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
Бірде Қарсақбайға Совнарком төрағасы Нығмет Нұрмақов, комсомол жетекшілерінің бірі Қайсар Тәштитов, Қаныш Сәтбаев үшеуі жергілікті басшының үйіне қонаққа түсіпті. Ет піскенде дастарқанға бас келеді. Қонақтардың үшеуі де беделді кісі. «Басты кім ұстайды?» деген сұрақ туады. Нұрмақов:
– Шешімін Қаныш айтсын, – деді. Қаныш:
– Онда кезек-кезегімізбен бес минуттан әңгіме айтамыз. Кім сөзіне татардың, не орыстың сөзін қосатын болса, сол жеңілген саналады. Кім қазақша сөйлесе, басты сол ұстасын, – деді.
Сөзді алдымен Тәштитов алыпты. Жап-жақсы көсіліп келе жатты да, орыс сөзін араластырып ұсталып қалды. Кезек Нұрмақовқа тиді. Ол да тұтылды. Үшінші кезек Қанышқа тиді. Ол он минут тоқтамай, жолда болған бір оқиғаны баяндады. Әңгімесі таусылғанша, бірде бір бөтен сөз қолданбады. Мәшиненің радиаторын «самаурын», кранды «шүмек» деп қолданды.
«Жолда көліктің самаурыны қайнап кетіп, енді бірде шүмегінен су сорғалап, әбден ит болдық» деп бәрін күлдірді. Бәрі бір ауыздан «жеңіс – Қаныштыкі, басты сол ұстасын» депті. Оқиғадан әсер алған Нұрмақов:
– Қаныш біздің тіл тазалығын сақтамай, қалай болса солай сөйлейтінімізді аңғарған екен. Қан шығармай сойды, – депті.

Санжар Керімбай, Әділбек Нәби «Қаныш және ғылыми майдан»

https://t.me/kitapuzindisi
👍10❤1
Сендердің замандарыңа, салттарыңа онша келмесе де айтайын: бөтен үйдің есігін аттаған қыз бала енді осы үйдің түндігінен қараңғы түскен күні өз үйіме қайтып кетемін деп келмейді. Қайта осы үйдегілердің басына не түссе, соның бәрін солармен бірге көтеремін деп келеді.

Сәуірбек Бақбергенов «Кентау»

https://t.me/kitapuzindisi
❤10
Forwarded from DALA INSIDE
💡 Бозымбаев эффектісі: Қазақстан энергокешенін түгел жаңалауда

Тіпті соңғы 12 айда үлкен өзгерістер орын алған. 2025 жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясын тұтыну көлемі 3,8 пайызға өсіп, 124,6 млрд кВт·саға қа жетті. Ал өндіру 4,4 пайызға өсіп, 123,1 млрд кВт·сағат болған. Үкімет 2025 жылғы электр тапшылығын шамамен 1,5 млрд кВт·сағат деп бағалады.

Қазақстан алдымен осы тапшылықты жою, болашақтың сенімді энергетикалық базасын қалыптастыруды өте қарқынды жүргізуде. Бұған дейін "Ескі Қазақстан" олигархтары тозығы жеткен кеңестік энергонысандардың базасын еш модернизация жасамай, шірігенше пайдаланып келген еді. Енді бұл мафияның барлығы жойылып, жаңа Үкімет таза қазақстандық энергобаза құруды қолға алды. Осы ретте вице-премьер Қанат Бозымбаевтың стратегиялық шешімдері мен іскерлігін атап өту керек.


Алдымен 2026–2030 жылдарға арналған көмір генерациясын дамыту жөніндегі Ұлттық жоба бекітілді. Онда 2030 жылға дейін 7,8 ГВт қуатты іске қосу және жаңарту жоспарланғаны көрсетілген. Оның ішінде 8 жаңа станция салу және 11 қолданыстағы станцияны жаңғырту қарастырылған. Жалпы инвестиция көлемі кемінде 7,5 трлн теңге деп бағаланып отыр, қаржыландыру бюджеттен тыс қаражат, яғни инвестициялар тарту есебінен жүзеге асырылмақ. Бүгінгі Үкімет отырысында «таза көмір» технологияларын енгізу, станциялар бойынша жол карталарын әзірлеу, сондай-ақ көмір химиясын мемлекеттік қолдау шараларын және «Бәйтерек» холдингі арқылы қаржыландыру тетіктерін пысықтау қажеттігі атап өтілді.

Екінші жүйелік блок - электр желілері мен диспетчерлеу. Ұлттық оператор болып табылатын «KEGOC» АҚ Оңтүстік аймақты күшейту және Батыс аймақты Бірыңғай энергетикалық жүйемен біріктіру жобалары бойынша ілгерілеудің жедел қарқынын тіркеп отыр. Жобалардың құны Оңтүстік бойынша 154 млрд теңгені, Батыс бойынша 202 млрд теңгені құрады. Батыс жобасы бойынша Еуропалық қайта құру және даму банкімен және Қазақстанның Даму банкімен несиелік келісімдер көрсетілген.

Үшінші блок — жаңартылатын энергия көздері мен энергия жинақтау жүйелеріне жеке капитал мен халықаралық жобалық қаржыландыруды тарту. Еуропалық қайта құру және даму банкі Жамбыл облысында (Мирный аумағында) қуаты 1 ГВт жел электр станциясы және 300 МВт/600 МВт·сағат аккумуляторлық сақтау жүйесін (BESS) қамтитын жобаға 250 млн долларға дейін несие мақұлдады. Жобаға TotalEnergies (60%), КазМунайГаз (20%) және Самрук-Қазына (20%) қатысады. Маңғыстау облысындағы гибридті жоба (77 МВт жел станциясы + 50 МВт күн станциясы) бойынша ЕҚДБ 90 млн долларға дейін несие беріп, қалғанын CTF қоры қаржыландырмақ.

Бұл қандай нәтижелерге алып келеді? Базалық сценарий бойынша биыл 2,6 ГВт-тан астам жаңа қуат енгізілуі тиіс. Негізгі шешуші тұс - Алматы энергия торабы бойынша кестенің орындалуы мен негізгі байланыстырушы желілердің (оңтүстік пен батыс) аяқталуына тіреліп тұр.

Ал 2030 жылға дейін 8 жаңа электр станциясын саламыз да, 11 қолданыстағы станцияны түгел жаңартамыз. Жаңа станциялардың ішінде көмір, гидроаккумуляторлы станциялар да қарастырылған. Демек Қазақстан электр қуаты бойынша ешкімге қол жаймайтын болады.

https://t.me/dalainside
❤2
Forwarded from QAZSPORTTV
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Ибрагим Магомадов келесі кезеңге шықты

🤼‍♂️ Қазақстандық спортшы ширек финалда өзбекстандық Арам Варданянды жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

📺 Жартылай финалдық белесулерді сағат 15:45-те «Qazsport» телеарнасының сайтынан көре аласыздар.
Forwarded from Dala Sport
«Бавария» мен «Арсенал» ЧЛ 1/4 финалындағы бірінші ойындарда жеңіске жетті

«Реал» мен «Бавария» Мадридте сұрапыл ойын көрсетті, алғашқы гол бірінші таймның соңына таман соғылды.

Қонақтар қатты қысым жасап, «Реалға» өз ойынын көрсетуге мүмкіндік бермеді.

Екінші тайм бастала сала «Реалға» тағы бір доп кірді: Гарри Кейн керемет соққымен есепті ұлғайтты.

«Реал» есін әрең жиып, тек 74-минутта есеп айырмасын қысқартты, гол авторы – Мбаппе.

Есеп 1:2, бірақ бәрі бір аптадан кейін Мюнхенде шешіледі.

Қатар өткен матчта «Арсенал» төреші қосқан қосымша уақытта гол салып, «Спортингті» сырт алаңда 0:1 есебімен жеңді.

🏆https://t.me/dalasport
– Сендер жассыңдар, – деді профессор. Орнынан тұрып, тахтаның алдында жатқан кебісін киді. Түбіт шәліні иығына оңдап жамылды да, екі жақ ұшын тамағының астынан тартып байлады. – Жассыңдар, – деді қалтасына дейін салбырап түскен, жалғыз қабат жұмсақ шәлінің ішінен, екі қолын арқасына қайырып ұстаған қалпы, ерсілі-қарсылы адымдап жүріп. – Сендер салқын ақылдың сыбырынан гөрі бір минуттық көңіл күйінің айғайына көбірек ересіңдер. Шұғыл ойлап, келте пішесіңдер. Адамды адамдығына, ғалымды ғалымдығына қарап емес, өздеріңнің антипатия, симпатияларыңа қарап бағалайсыңдар.

Мұхтар Мағауин «Көк мұнар»

https://t.me/kitapuzindisi
👍11
Forwarded from DALA INSIDE
💸 Ұлттық қор қаражаты: кім жауапты және қалай бақыланады?

Ұлттық қор қаражатына бірнеше мемлекеттік орган жауапты. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкі LS басылымының сауалына жауабында хабарлады.

Мәселен, Қор активтерін инвестициялық басқаруды Қазақстан Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша табыстылық 15%-ға (8,7 млрд доллар) жетіп, соңғы үш жылдағы инвестициялық табыс 19,5 млрд доллар болды.

Ал қаражаттың мақсатты әрі тиімді жұмсалуына Үкімет пен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жауап береді. Ұлттық қордан қаражат республикалық бюджетке кепілдендірілген және нысаналы трансферттер түрінде бөлінеді, ал оларды жоспарлау мен игеру жалпы бюджеттік процеске кіріктірілген.

Қаражаттың жұмсалуын бақылау бөлек бағыт ретінде жүзеге асырылады. Бұл міндетті Жоғары аудиторлық палата жанындағы арнайы комиссия атқарады. Ол қаржылық аудиттен бастап жобалардың тиімділігін бағалауға дейінгі барлық кезеңге мониторинг жүргізеді.

Айта кету керек, бұған дейін Жоғары аудиторлық палата Ұлттық қорды басқаруда бірыңғай орталықтың жоқ екенін атап өткен болатын. Осыдан кейін БАҚ тарапынан Қордағы қаражаттың қалай басқарылып, қалай бақыланатыны туралы сұрақтар туындаған.

Ұлттық банктің мәліметінше, функцияларды бөлу моделі осылай таңдалған және ол ашықтық, есептілік пен тиімділік қағидаттарына негізделген. Әрбір құрылым инвестициядан бастап қаражатты түпкілікті пайдалануға дейінгі өз бағытына жауап береді.

https://t.me/dalainside
❤4
Салық түсімдерінің өсуі бюджет тұрақтылығын нығайтуды қамтамасыз етті

Республикалық бюджеттің 98%-ын салық түсімдері құрайды. Бюджет кірістері 101,8% - ға орындалды, 4 трлн теңге жоспарланған болатын, бұл шамамен 4,2 трлн теңгені құрады.

Негізгі өсімге ықпал еткен жағдайлар:

🟦корпоративтік табыс салығы (КТС) – 16,9%;
🟦импортқа қосылған құн салығы (ҚҚС) – 24,2%;
🟦пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық (ХДПИ) – 35,7%

2025 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда мемлекеттік бюджеттің кірісі 930,6 млрд теңгеге немесе 16,9%-ға ұлғайды. Кірістер бойынша жоспарлардың асып кетуі республикалық және жергілікті бюджеттерде тіркелді. Айта кету керек, 2026 жылға арналған салық түсімдері бойынша республикалық бюджеттің кірістері 18,886 трлн теңге сомасында жоспарланып отыр. Бұл 2025 жылғы нақты түсімдерден 4,4 трлн теңгеге жоғары.

Бұл ретте 2026 жылғы қаңтар-наурызға 2025 жылғы IV тоқсанға (2026 жылғы 25 ақпанға дейін) ҚҚС төлеу мерзімі келгенін ескеру қажет. Тиісінше, ҚҚС бойынша салық міндеттемелері 12% ставка бойынша жүргізілді.

Экспортқа қолайлы бағалар, сату көлемін ұлғайту және салықтық және кедендік әкімшілендіруді күшейту өсу факторларына айналды.

Жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимінде 392 мың жеке тұлға тіркелген. ҚҚС төлеушілер саны 10 мың субъектіге артты.
❤1