Forwarded from UKIMET
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Үкімет әкімшілік бақылаудан инвестициялар үшін ашық әрі икемді орта қалыптастыруға және жоғары білікті кадрларды тартуға бағытталған сервистік модельге көшуде.
«Алтын виза» тетігі енгізілуде, сондай-ақ кадр тапшылығы бар, жоғары технологиялық салалар үшін кәсіби білікті тану рәсімдері жеңілдетіліп, «бір терезе» қағидаты бойынша барлық процестер толық цифрландырылуда.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
Forwarded from UKIMET
📌 Аптаны жексенбілік дайджесте қорытындылаймыз
🔸 Үкімет отырысы
Экономика саласына жасанды интеллект енгізу мәселелері қаралды
🔹 «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық цифрландыру стратегиясы саланың ұзақмерзімді даму бағдарына мүлдем жаңа көзқарасты қалыптастырады — Олжас Бектенов.
🔹 Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның IT-қызметтер экспорты $1 млрд-тан асты.
🔹Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне есептеу инфрақұрылымының қуатын кеңейту тапсырылды.
🔹 Үкімет «ДӨО алқабы» жобасына инвесторлар тарту жұмысын жандандыруда.
🔹 Елімізде бірыңғай деректер инфрақұрылымы қалыптастырылады.
🔹 Премьер-министр: цифрландыру және ЖИ жобаларына басым қолдау көрсетілуі тиіс.
🔹 Жобалардың қайталануын болдырмау үшін жасанды интеллект жобаларының бірыңғай пулы қалыптасады.
🔹 Ұлттық экономика министрлігіне Жасанды интеллект министрлігімен бірлесіп экономикалық үдерістердің дамуын болжау үшін ЖИ қолдану тетігін әзірлеуді тапсырылды.
🔹 Үкімет ШОБ саласында ЖИ технологияларын енгізуді ынталандыру тәсілдерін әзірлейді.
🔹 Жаңа Конституцияда азаматтардың дербес деректерін қорғау құқығы бекітілді — Олжас Бектенов
***
🔹 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының отандық фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді.
🔹 Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысында Қор басшылығына барлық жобалар бойынша бақылауды күшейтуді және оларды жүзеге асыру барысында тауарлар, жұмыстар мен қызметтердегі жергілікті қамту үлесін арттыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.
***
🔹 Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші әлемдік компаниялармен кездесу өткізді: Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды.
🔹 Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Чехия Премьер-министрі Андрей Бабиш екіжақты ынтымақтастықтың болашағын талқылады, сондай-ақ бірлескен бизнес форумға қатысты.
🔹 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Air Products компаниясының (АҚШ) Еуропа және Африка өңірлері бойынша президенті Иво Болспен кездесу өткізді.
🔸 Премьер-министрдің орынбасарлары
🔹 Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр ExxonMobil компаниясының аға вице-президенті Питер Ларденмен кездесу өткізді.
🔹 Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Салық кодексін енгізу бойынша жобалық кеңсенің отырысын өткізді
🔹 Үкіметте ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жөніндегі республикалық штабтың, сондай-ақ Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
📱 @KZgovernment

Forwarded from Kozachkov offside
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Шымкентский клуб «Ордабасы» победил дома «Актобе» со счетом 2:0, второй мяч забил 19-летний Жасұлан Әмір.
На счету молодого игрока больше голов и набранных очков в КПЛ, чем у высокооплачиваемых ветеранов-звезд Нани и Виктора Мозеса.
Какие напрашиваются выводы?

❤4
Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады
🟦 Президент мейманға ілтипат көрсетіп, Presight AI компаниясымен ынтымақтастық жоғары деңгейде екенін атап өтті. Сондай-ақ кәсіпорынның еліміздегі жасанды интеллект саласындағы шешімдерді дамытуға зор үлес қосып келе жатқанына ризашылық білдірді.
🟦 Мемлекет басшысы нақты бастамаларды іске асыру арқылы серіктестікті одан әрі кеңейтуге айтарлықтай әлеует бар екеніне тоқталды.
🟦 Томас Прамотедхам Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның «Деректерді өңдеу орталығы алқабы» жобасына қатысуға қызығушылық танытып отырғанын айтты. Бұл – жасанды интеллект, есептеуіш қуат пен цифрлық сервис инфрақұрылымын дамытуды көздейтін арнайы экожүйе.
🟦 Сонымен қатар Smart City бастамасына айрықша назар аударылды. Мемлекет басшысы компанияның осыған дейін Астанада жүзеге асырған жобасы оң нәтиже көрсетіп, халықтың қауіпсіздігі мен тұрмыс сапасын жақсартуға септігін тигізгенін жеткізді. Бұл ретте аталған шешімді Алматы қаласына енгізу перспективасы қарастырылды.
t.me/aqorda_resmi
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Telegram
Aqorda 🇰🇿
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі
Пресс-служба Президента Республики Казахстан
Press Office of the President of Kazakhstan

Forwarded from Dala Sport
🥇 «Порту» – Португалия чемпионы
🇵🇹 «Айдаһарлар» маусым аяқталуына екі тур қалғанда чемпиондық тағдырын шешіп қойды.

❤1
Қазақстан AI-көмекшіні іске қосты
Ұлттық статистика бюросы ресми деректермен жұмыс істеуге арналған AI-көмекшіні іске қосты. Бұл күрделі статистикалық деректер массивтерін диалог форматында ұсыну талпынысы. Енді пайдаланушы көрсеткіштерді қолмен іздемей, сұрақ қойып, дайын жауап ала алады.
Құрал деректерге қолжетімділікті жеделдетуге, кіру шегін төмендетуге және бизнес, журналистер мен зерттеушілер үшін талдауды жеңілдетуге бағытталған. Бұл маңызды өзгеріс статистиканың құндылығы енді тек деректер сапасымен ғана емес, оларды пайдалану ыңғайлылығымен де айқындала бастайды.
Қысқа мерзімде әсері деректермен жұмыс істеудің ыңғайлылығы мен жылдамдығымен шектеледі. Орта мерзімде бұл аналитикаға деген сұранысты өзгертуі мүмкін: көбірек пайдаланушы бастапқы статистикамен тікелей жұмыс істей бастайды.
Экономика үшін бұл ашықтықтың біртіндеп артуын және ақпараттық кедергілердің азаюын білдіреді, бұл өз кезегінде бизнес пен мемлекеттік басқарудағы шешімдердің сапасын арттырады.

Депозит пайызы ең жоғары банктер
Сәуірде базалық мөлшерлеме 18% деңгейінде қалғаннан кейін банктер біртіндеп депозит пайызын сәл өсіре бастады деп жазады «Нарық» порталы.
Төменде депозитке ең жоғары пайыз беретін банктер тізімі (ЖТСМ бойынша):
Еуразиялық банк — 3 ай — 20,53%
BNK Bank — 20,5%
Home Credit — 3 ай — 20,5%
ЦентрКредит Банкі — 3 ай — 20%
Kaspi Bank — 3 ай — 20%
Forte Bank — 3 ай — 20%
Bereke bank — 3 ай — 20%
Нұрбанк — 3 ай — 20%
Freedom Bank — 6 ай — 20%
Altyn Bank — 6 ай — 20%
KMF Bank — 6 ай — 20%
Заман-Банк — 36 ай — 20%
Halyk Bank — 19,5%.
Айта кетейік, жоғарыдағы пайыз жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі, яғни бір жыл сақтағандағы пайыз.
Сонымен қатар, аталған пайыз жинақтаушы депозит пайызы, ақша алынбайды. Егер депозиттен кез келген уақытта ақша алатын болса, пайызы бұдан төмен болады.
«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ»
https://t.me/qarzhylyq_sauat

🇰🇿 ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ
🎯 “Қаржылық сауат” номинациясы бойынша ең үздік жоба – PROOM 2024
🎯 URKER-2024 Ұлттық сыйлығының номинанты
🎯 Авторы – Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты – 2025
®️Кері байланысқа: @QSauatKZ_Bot
Сайт: www.qsauat.kz

❤3
Forwarded from Кітап үзіндісі
Екеумізге бұйырған бақ шығар бұл -
Сүймеу, жанбау, сағынбау мәртебесі...
Танакөз Толқынқызы
https://t.me/kitapuzindisi
Сүймеу, жанбау, сағынбау мәртебесі...
Танакөз Толқынқызы
https://t.me/kitapuzindisi
❤7
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
✍️ Указом Главы государства Налибаев Нурлыбек Машбекович назначен Первым заместителем Премьер-Министра Республики Казахстан, он освобожден от ранее занимаемой должности.

💯3❤1
Forwarded from Кітап үзіндісі
Адам болып жаралған соң, құр ішкен-жегенге мәз болмай, белгілі бір идеялар үшін алысқанға жететін не бар бұл тірлікте?! Тіпті сол жолда жан қиып, басынды берудің өзі рахат емес пе. Онда өлім де қорқынышты емес, қайта бүкіл өміріңе мағына беріп, сән кіргізіп тұрады. Шіркін, ер жүрек күрескерлердің алғы сапында жүріп, кеудесін оққа төсеп өлген адамда да арман бар ма екен?
Қабдеш Жұмаділов «Тағдыр»
https://t.me/kitapuzindisi
Қабдеш Жұмаділов «Тағдыр»
https://t.me/kitapuzindisi
❤8
Forwarded from Кітап үзіндісі
Жоқ, әке баласын, өз перзентін ешкімнен, мәселенки, шешеден кем сүймейді. Тек, әке махаббаты шешедей ақиық сыртқа шығып, ап-анық боп керіне бермейді. Әке махаббаты – ердің махаббаты. Ол салқындау да салмақты. Құпия да берік...
Сәуірбек Бақбергенов «Кентау»
https://t.me/kitapuzindisi
Сәуірбек Бақбергенов «Кентау»
https://t.me/kitapuzindisi
❤6😢2
Forwarded from Кітап үзіндісі
Мына біз бар болғаны өмірдің өкпек желінің өтіндегі ұшқынбыз ғой.
Эрих Мария Ремарк «Салтанат қақпасы»
https://t.me/kitapuzindisi
Эрих Мария Ремарк «Салтанат қақпасы»
https://t.me/kitapuzindisi
❤3👍2
Forwarded from Кітап үзіндісі
Жақсы ер-азаматты жолықтыру үшін ептілік қажет. Егер саған зиялы қауым өкілдері ұнаса, мұражайларды арала, ал ақкөңіл, өмірге ғашық жан керек болса, террасасы бар дәмханаға барып кітап оқы; бірақ ипподромға жолама, әйтпесе босқа жүрегіңді жаралап, шабандоз еркектің қайыршы әйелі болып шыға келесің.
Кристин Лёненс «Құрсаулы аспан»
https://t.me/kitapuzindisi
Кристин Лёненс «Құрсаулы аспан»
https://t.me/kitapuzindisi
❤8💯4
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
📣 Алдағы іс-шаралар аңдатпасы
🇰🇿 🇹🇷 13-14 мамыр күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған мемлекеттік сапармен келеді.
🟦 Мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды.
🟦 Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді.
📌 15 мамыр күні Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті ұйымдастырылады.
🟦 Жиында «Жасанды интеллект және цифрлық даму» тақырыбы талқыланады.
t.me/aqorda_resmi
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4
Forwarded from Кітап үзіндісі
Кемелдікке ұмтылу үшін ЕРКІНДІК керек. Ерік-жігерін уысына түсірген тұлға борыш арқалаудан қашпайды. Ал борыш адамға ЖАУАПКЕРШІЛІК жүктейді. Жауапкершілік жоқ жерде, еркіндік те болмайды. Болса да одан пайда жоқ. Жауапкершілік алмайтын пенде қайырсыз құмарлықтың бір түріне жұтылып құриды.
Санжар Керімбай, Әділбек Нәби «Қаныш және ғылыми майдан»
https://t.me/kitapuzindisi
Санжар Керімбай, Әділбек Нәби «Қаныш және ғылыми майдан»
https://t.me/kitapuzindisi
❤5
Forwarded from Кітап үзіндісі
Қорқақ адам кісі өлтіреді, жасқаншақ жан өтірік айтады, жүрегіне үрей кіріп кеткен пенде үшін мынау әлем қараңғы түнек болады. Үрейге бір рет бой алдырсаң, ол сені басып алады. Бұл өмірге адам баласы қорқу үшін келген жоқ, керісінше Құдайдың әрбір жаратылысына махаббатпен қарауға, қуанышпен қабылдауға келді. Біз Құдайдың мейрімі мен шапағатынан жаралғанбыз, бұл фәниден қайтқан соң да мейрім мен шапағатқа ораламыз.
Әлішер Рахат «Иесіз көлеңке»
https://t.me/kitapuzindisi
Әлішер Рахат «Иесіз көлеңке»
https://t.me/kitapuzindisi
❤4👍4
Forwarded from DALA INSIDE
🤧 Казцинк VS Өскемен халқы. Экологиялық мәселе қашан шешімін табады?
Өкінішке орай, Өскемендегі «Казцинк» өндірісінде жарылыс болып, одан екі адам қаза тапқаннан кейін, елімізден ірі үнді инвесторы кеткеннен кейін аяқталғандай болған өндірістік өлім сериясы қайта жандана бастады. Негізі, «Казцинк» компаниясына қатысты бұған дейін де экологиялық және қауіпсіздік бойынша проблемалар аз тіркелмеген. Демек, бұған дейін де сигналдар болған еді.
📌 Мысалы, 2026 жылдың көктемінде экологтар өнеркәсіп алаңында тағы да елеулі заң бұзушылықтарды, яғни зиянды заттар мөлшерінің нормадан асып кеткенін тіркеді. Сол кезде Шығыс Қазақстан облысының экология департаменті тексеру аясында белгіленген нормативтердің асып кеткенін анықтаған еді. Олар таратқан хабарламадан күкірт диоксиді бойынша нормативтердің 3,5 есе, көміртек оксиді бойынша - 2 есе, азот оксиді бойынша - 1,5 есе артып кеткені белгілі болған. Инспекция қорытындысы бойынша кәсіпорынға заң бұзушылықтарды жою міндеттеліп, 20 млн теңге айыппұл салынды.
📌 Ал, 2025 жылдың қаңтар айында Бас прокуратура тұрғындардың шағымдары бойынша «Казцинк» кәсіпорындарына тексеру бастаған. Бұған 2024 жылдың қарашасынан бері әртүрлі ведомстволарға түскен Өскемен тұрғындарының көптеген шағымы себеп болды. Сол кезде күздің соңында қаланы қою түтін басып, тұрғындар ащы иіс пен тыныс алудың қиындағанына шағымданды. Билік 50 мыңнан астам оқушыны қашықтан оқыту форматына көшірді. Одан біраз уақыт өткеннен кейін мамандар 2024 жылдың қарашасында ауадағы зиянды заттардың концентрациясы шекті рұқсат етілген көрсеткіштерден асып кеткенін анықтаған.
📌 2023 жылы шламның ағуы салдарынан Казцинк кәсіпорыны Филипповка өзенін ластап, зиянды заттардың концентрациясын нормадан 140 есеге дейін арттырған. Сол кезде келтірілген залал ондаған миллион теңгені құрады. Экологияға келтірілген зиян үшін «Казцинкке» шамамен 50 млн теңге айыппұл салынды.
📌 2022 жылы «Казцинк» рұқсат етілмеген шығарындылар және Үлбі өзенін ластағаны үшін 45,32 млн теңге айыппұл алды.
📌 2021 жылы экологтар күкіртсутек пен күкірт диоксиді мөлшерінің асып кеткенін тіркеді. Бұл өсімдіктердің химиялық күйік алуына және адамдардың хал-жағдайының нашарлауына әкелді. Ол кезде кәсіпорын 326 мың теңге айыппұл төлеп, экологияға келтірілген залалды өтеу үшін 3,5 млн теңге өтемақы төледі. Сол 2021 жылы Бұқтырма өзеніне ауыр металдар мөлшері ондаған есе асып кеткен сарқынды су төгілді. Бұл үшін кәсіпорынға 291 мың теңге айыппұл салынды, ал экологиялық залал 8,2 млн теңгеге бағаланды.
Осыдан «Казцинктің» экологиялық проблемаларының тарихы тереңде екенін байқауға болады. Мысалы, Экология министрлігінің дерегінше, Өскемендегі жалпы ластану көлемінің 44%-ы «Казцинктің» шығарындыларына тиесілі. Бұдан қорытынды шығаратын уақыт келді.
https://t.me/dalainside

«Казцинк» акционерлік қоғамының өндірістік кешеніне бірден бес ірі кәсіпорын кіреді: мырыш, қорғасын және мыс зауыттары, күкірт қышқылы өндірісі және бағалы металдар зауыты. Жергілікті тұрғындар мен мамандар көп жағдайда Өскемендегі тұрақты экологиялық проблемаларды дәл осы кәсіпорындардың жұмысымен байланыстырып келген еді.
📌 Мысалы, 2026 жылдың көктемінде экологтар өнеркәсіп алаңында тағы да елеулі заң бұзушылықтарды, яғни зиянды заттар мөлшерінің нормадан асып кеткенін тіркеді. Сол кезде Шығыс Қазақстан облысының экология департаменті тексеру аясында белгіленген нормативтердің асып кеткенін анықтаған еді. Олар таратқан хабарламадан күкірт диоксиді бойынша нормативтердің 3,5 есе, көміртек оксиді бойынша - 2 есе, азот оксиді бойынша - 1,5 есе артып кеткені белгілі болған. Инспекция қорытындысы бойынша кәсіпорынға заң бұзушылықтарды жою міндеттеліп, 20 млн теңге айыппұл салынды.
📌 Ал, 2025 жылдың қаңтар айында Бас прокуратура тұрғындардың шағымдары бойынша «Казцинк» кәсіпорындарына тексеру бастаған. Бұған 2024 жылдың қарашасынан бері әртүрлі ведомстволарға түскен Өскемен тұрғындарының көптеген шағымы себеп болды. Сол кезде күздің соңында қаланы қою түтін басып, тұрғындар ащы иіс пен тыныс алудың қиындағанына шағымданды. Билік 50 мыңнан астам оқушыны қашықтан оқыту форматына көшірді. Одан біраз уақыт өткеннен кейін мамандар 2024 жылдың қарашасында ауадағы зиянды заттардың концентрациясы шекті рұқсат етілген көрсеткіштерден асып кеткенін анықтаған.
📌 2023 жылы шламның ағуы салдарынан Казцинк кәсіпорыны Филипповка өзенін ластап, зиянды заттардың концентрациясын нормадан 140 есеге дейін арттырған. Сол кезде келтірілген залал ондаған миллион теңгені құрады. Экологияға келтірілген зиян үшін «Казцинкке» шамамен 50 млн теңге айыппұл салынды.
📌 2022 жылы «Казцинк» рұқсат етілмеген шығарындылар және Үлбі өзенін ластағаны үшін 45,32 млн теңге айыппұл алды.
📌 2021 жылы экологтар күкіртсутек пен күкірт диоксиді мөлшерінің асып кеткенін тіркеді. Бұл өсімдіктердің химиялық күйік алуына және адамдардың хал-жағдайының нашарлауына әкелді. Ол кезде кәсіпорын 326 мың теңге айыппұл төлеп, экологияға келтірілген залалды өтеу үшін 3,5 млн теңге өтемақы төледі. Сол 2021 жылы Бұқтырма өзеніне ауыр металдар мөлшері ондаған есе асып кеткен сарқынды су төгілді. Бұл үшін кәсіпорынға 291 мың теңге айыппұл салынды, ал экологиялық залал 8,2 млн теңгеге бағаланды.
Осыдан «Казцинктің» экологиялық проблемаларының тарихы тереңде екенін байқауға болады. Мысалы, Экология министрлігінің дерегінше, Өскемендегі жалпы ластану көлемінің 44%-ы «Казцинктің» шығарындыларына тиесілі. Бұдан қорытынды шығаратын уақыт келді.
https://t.me/dalainside
❤1😢1
Forwarded from Кітап үзіндісі
Қорқақ адам кісі өлтіреді, жасқаншақ жан өтірік айтады, жүрегіне үрей кіріп кеткен пенде үшін мынау әлем қараңғы түнек болады. Үрейге бір рет бой алдырсаң, ол сені басып алады. Бұл өмірге адам баласы қорқу үшін келген жоқ, керісінше Құдайдың әрбір жаратылысына махаббатпен қарауға, қуанышпен қабылдауға келді. Біз Құдайдың мейрімі мен шапағатынан жаралғанбыз, бұл фәниден қайтқан соң да мейрім мен шапағатқа ораламыз.
Әлішер Рахат «Иесіз көлеңке»
https://t.me/kitapuzindisi
Әлішер Рахат «Иесіз көлеңке»
https://t.me/kitapuzindisi
❤7👍2
Forwarded from 🇰🇿 ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ
«Автостраховка»: жолда кім «бұзық» — сол көп төлейді
Қаржы нарығын реттеуші агенттік сақтандыру бағасын реттейтін жаңа ереже дайындап жатыр. Сол жаңалықты қысқаша мазмұндасақ, бұдан былай тәртіпті жүргізушілер аз төлейді, жол оқиғасына көп түсетіндер полиске біршама шығындалады.
Міне, күтіліп отырған негізгі өзгерістер:
«Бонус-малус» жүйесі қайта қаралады
Енді жолдағы тәртібіміз де «тарихқа» айналады деген сөз. Банк жүйесінде кредит тарихымыз ақшаға қаншалықты жауапты екенімізді көрсетсе, жолдағы тарихымыз сақтандыру полисінің құнын айқындайтын болады.
Сақтандыру компанияларына «еркіндік» беріледі
Енді компаниялар сіз бен біздің тарихымызға қарап, бағаны икемдей алады. «Мынау жақсы жүргізуші екен» десе — 10% «скидка» жасауы мүмкін. Ал егер жолдағы тәртібі төмен болса, полис бағасына қосымша 10% үстеме қосылуы ғажап емес. Демек, әр жүргізуші «тәртібіне» қарай төлейді.
Орташа баға сәл көтеріледі
Статистика бойынша, қазір елде полистің орташа құны 23 870 теңге екен. Жаңа ережеден кейін ол шамамен 28 130 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Неге? Себебі жол апаты болғанда сақтандыру компаниялары төлемді кідіріссіз әрі толық төлеуі үшін олардың «кассасында» жеткілікті қаражат болуы шарт.
Максимал баға 30%-ке түсуі мүмкін
Бұрын сақтандыру саласында өте қымбатқа түсетін әрі сирек қолданылатын кластар (М1, М2) болған. Соларды алып тастап жатыр. Бұл ең жоғары баға шегін 30%-ке төмендетуге көмектесуі керек.
Өңірлерде баға қайта есептеледі
Әр облыс пен қаланың өз коэффициенті бар (мысалы, Алматы мен Түркістанда баға екі түрлі). Енді сол коэффициенттер қайта есептеледі. Қай өңірде «авария» көп — сол жерде баға өсуі мүмкін.
Осылайша, мемлекет сақтандыру нарығын нақты жағдайға қарап икемдегісі келеді. Жаңа тәртіп күшіне енгенде жолда тәртіпті болсаң ғана ұтасың. Егер жол ережесін жиі бұзсаң — қалтаң қағылады.
Көлігі барларға жіберіп қояйық, біле жүрсін.