Кітапgram
11.3K subscribers
171 photos
6 videos
36 files
463 links
Бұл парақша кітап оқуды дәріптейді. Есте сақтау қабілетіне байланысты жазбалар да салынады.
Парақшаның сілтемесі: https://t.me/kitappgram
Download Telegram
Channel created
Көп телефонға телмірмей, анда-санда кітап оқып тұрайық!

©️ https://t.me/kitappgram
👍38❤8👏4🔥1
🧩Лайфхак: Кітап оқи бастағанды таймерді қосам. Оқып болғанда, тоқтатып отырам. Сөйтіп 1 сағатқа жеткізуге деген мотивация пайда болады. Күніне 1 сағатты толтырсам болғаны.

©️ https://t.me/kitappgram
👍51😁3🤩1
Көпшілік кітап оқуда жиі жіберетін қателіктер:

- Адам өзіне керек емес кітапқа көп уақытын өткізіп алуы мүмкін. Сондықтан уақытыңызды бос кітаптарға емес, қажетті кітаптарға жұмсаңыз;

- Рецензияларға сүйеніп, бірден ауыр кітаптан бастайтын кездер болады. Ондайда кітапты бастап алып, артынан сол кітапты, жалпы кітапты қолыңызға алғыңыз келмей қалады. Сол себепті кітап оқуды жеңіл шығармалардан бастаған дұрыс;

- Кітап оқуды үлкен жұмыс көріп, қиындатудың қажеті жоқ. Керісінше оны дағдыға айналдыру керек;

©️ https://t.me/kitappgram
👍29❤7
"Менің түсінігімде адамзат өркениеті бір құдіретке қарыздар болса, ол алдымен - кітап".

©️Ақселеу Сейдімбек

https://t.me/kitappgram
👍23🔥2
Исландияда жазушы көп. Елде барлығы 300 000 аса адам тұратын болса, мұнда әр оныншы адам жазумен айналысады. Пайызға шаққанда бұл ел басқаларға қарағанда көп кітап оқитындардың қатарында.

©️ https://t.me/kitappgram
👍33👏5❤3🔥1
"Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт-оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз- оқу. Надан жұрттың күні-қараң, келешегі-тұман!"

©️ Мағжан Жұмабай
👍36🔥7