Кітапсүйер
16.3K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
Ұстап жатқан оразаңыз, ниет дұғаңыз қабыл болсын құрметті оқырман. Алла баршамызға өзі уәде еткен жәннатты нәсіп етсін.

Бұл ай — Құран айы. Құранның күніне 20 бетін оқып отырсақ, бір айда хатым қылуға болады екен.
Әр әрібіне он сауаптан (жақсылықтан) жазыларын ескерсек, біршама игілік жинап алуға зор мүмкіндік туып тұр.
❤83👍15🕊2
👍12😍3❤1
Менің қолымнан келеді.pdf
1.1 MB
✍ Бодо Шефер
📚 Менің қолымнан келеді
👍15❤6🔥1
Қайырлы күн, құрметті оқырман! Бізді қай өңірден оқисыз?
👍18❤7
• Жүрсін Ерман
• Алыстан және жақыннан

📜 Жыр мүшәйраларында бас бәйгені де, басқа бәйгені де қанжығасына талай байлаған Жүрсін Ерманның бұл кітабына жүлделі өлеңдері топтасқан. Әріптестерінен оң бағасын алған көркем очерктері бүгінгі ел тынысын кызғылықты суреттейді. Қазақ руханиятының көрнекті қайраткерлері Өзбекәлі Жәнібеков, Оралхан Бөкей, Ақселеу Сейдімбек, Сағат Әшімбаев және айтыскер ақын Оразалы Досбосынов жайлы естелік эсселері де оқырман ықыласына лайық. Мерейтойға орайлас жазылған арнау өлеңдер мен әдеби сын мақалалар, сұхбаттар да өз оқырманын табары сөзсіз.

Біздің арна: @kitapsuyer
Біздің чат: @kitapsuyerchat
👍11❤2
✔️ Купер Феминор
✔️ Могиканның соңғы тұяғы

Американың әйгілі жазушысы Ф. Купер «Могиканның соңғы тұяғы» атты бұл романында өзгенің жеріне көз алартып, ұлын – құл, қызын – күң етуге үйренген отаршыл елдердің үндістерге көрсеткен зорлық-зомбылығын, құрып бітуге айналған үндіс тайпаларының бостандық
жолындағы күресін баяндайды. Романда басты кейіпкерлер, отаршылдармен қасық қаны қалғанша жан аямай күрескен, халқының аяулы ұлдары Чингачгук пен оның ұлы Ункастың ерлік істері баяндалады.
Олардың өмірі – отанды қалай сүю керектігін, қалай қастерлеу керектігін барша ұрпаққа үлгі етіп, уағыздағандай.

@kitapsuyer
👍11🥰2
📚 Ұмытшақтық зобалаңы
✍ Ғұмар Ахметчин
👍6❤1
✍ Тоқболат Еңсегенұлы
📚 Тереңге сүңгіген інжу іледі

Бұл кітапта кейбір ұлы тұлғалардың шығалмаларына терең талдау жасалады.
👍4
✍ Сайын Мұратбеков
📚 Басында Үшқараның

Атақты жазушы, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сайын Мұратбеков бозбала кезінен – ақ көркем шығармалар жаза бастаған. Оның әңгімелері қазақ әдебиетіндегі бөлек бір құбылыс. Әңгімелеріндегі лирика, кейіпкерлерінің психологиялық бет-бейнесі ерекше қызықтырады. Сондықтан да қолыңыздағы мына жинаққа жазушының негізінен әңгімелері мен екі хикаяты топтастырылған.

@kitapsuyer
@kitapsuyerchat
👍7
🖋 Өтеген Күмісбаев
📒 Шығыс шайырлары


Белгілі шығыстанушы иранист-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Ө.Күмісбаевтың «Шығыс шайырлары»
атты 1 томында Парсы әдебиетінің бастауы «Авестадан» бастап, орта ғасырлардағы классикалық әдебиет пен қазіргі әдебиеттегі
ақын-жазушылардың шығармашылығы қарастырылған.
Көлемі 455 бет.
👍7
🖋 Елеусіз Мұқамадиұлы
📚 Жоғалған қыз

Талайлы тағдыр қазақтың төзімін қай қиырларда сынап көрмеген десеңізші?! Моңғолдар ортасында жүріп, өмір теперішін көп көрген Ертай бейнесі Елеусіз Мұқамадиұлының «Жоғалған қыз» романында Баян-өлгей қазақтарының алдыңғы қатарлы өкілі ретінде көрінеді. Сан өткелектен, өмір тезінен өткен басты кейіпкер қиындықтармен күресудің үлгісі ретінде көкейге жылы ұялайды. Ғұмырының бар қызығы, жалғыз үміті – кішкентай Бағила-Байгалмасынан тірідей айырылып, сан тарау тағдыр соқпағы қаншама рет түйісіп тұрса да қызымен кездесе алмауы романда тартымды баяндалады. «Жоғалған қыз» романы шытырман окиғаларымен ғана емес, адами мінездерге бай, жанды кейіпкерлерімен де, тартысқа толы, шыншыл өмір суреттерімен де құнды.
👍7❤2🔥1🥰1
📸 Бұл альбомда әйгілі жазушы, Шерхан Мұртазаның өмірлік естеліктері мен түрлі суреттері жинақталған
❤13👍5🔥1