Кітапсүйер
16.3K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мың жерден пайғамбар болсаң да, халқыңнан үлкен емессің!

— Қадыр Мырза Әлі
🔥18❤7👍6
Бақаны кілемге отырғызсаң да, батпаққа қашады. Жаман
адамды қандай дəрежеге көтерсең де, жамандығын көрсетеді.

— Ілияс Есенберлин

— Алтын құс 🕊
❤24👍7🔥4😍1
— Кейде мүмкін емес нəрсе де мүмкін болады. Бұл адамның өмірге деген көзқарасымен байланысты. Өмірлік махаббаттын аз күннің қызығына айырбастайтындар да аз емес.

Махаббат — дегенді тек əйел мен еркек арасындағы физиологиялық байланыс деп түсінетіндер де бар... Əйел атаулысының бəрі бірдей емес. Біреуі алмадай қызыл, тіске жұмсақ болса, басқа біреуі жаңғақтай қатты келеді. Оның алмадан тəтті іштегі дəнін тату
оңайға түспейді.


— Ілияс Есенберлин
— Алтын құс 🕊
❤23👍4🔥1
"— Түйені кілем жапсаң да, жасыра алмайсың демей ме қазақ, жаман адамды бір кеште де тануға болады."

— дейді Ілияс атамыз осы шығармасында. Сіз қалай ойлайсыз, жаман адамды бір кеште тану мүмкін бе? 🧐
🔥14👍3🤷‍♀2❤1
Көптен кеткен көмусіз қалады

Б. Матерлинк
🔥17👍6❤1⚡1
Кітап оқудың 7 пайдасы:

1. Кітап оқу – қоршаған ортаны, дүниені және өзін тануға көмектеседі.
2. Кітап оқу – жадыны және ойлауды дамытады. Яғни, көп оқыған адам жады мықты, тез ойлап, тез қорыта алады.
3. Кітап оқу – талдауға, сараптауға, өзіндік жүйелі пікір қалыптастыруға үйретеді.
4. Кітап оқу – көптеген табыс пен жетістіктің ең басты негізі.
5. Кітап оқу – адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіп, әдемі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.
6. Кітап оқу – сөздік қорды байытады және жалпы сауаттылық деңгейін арттырады.
7. Кітап оқу – адам бойында бұғып жататын шығармашылық қабілеттерді дамытады.

Бөлісу құпталады
@kitapsuyer
👍26❤10
Сыр жасыра білу ең керемет қасиет. Қиындыққа шыдай алған адам ғана сыр жасыра біледі. (І. Е)

Сіз ше, сыр жасыра аласыз ба?
❤43👍2😢1
Бірбеткей адам бірлікті бұзады,
Теріс мінезді адам тірлікті бұзады.

— Серік Қалиев
👍43
👍7❤6🕊3
Біраздан бері айтқым келіп, бірақ айтудың ретін таппай жүрген мынадай мәселе бар:

Кәзір шүкір, ислам дініміз өркендеп етегін кеңге жайып келеді. Жастарымыз да сбор ашып, мұқтаж жандарға көмек беруге ынтық. Бір отбасы көмекке зәру боп тұрса, бір топ еріктілер шығып, оның қарызын жауып, еміне ақша жинап беріп жатса несі мін? Күшті емес пе, дейсің ғой. Бәрі дұрыс, қолдаймын, амалдарың қабыл болсын. Бірақ менің айтпағым басқа.

Осы біздің әркімге: "көмектеріңіз қажет" деп әр дүкеннің касса маңында жалтарып тұратын жәшігіміз, садақа туралы жіберіп жатқан пост, үздіксіз сториз, коменттеріміз — асыл дініміздің биік беделін түсіріп жатқан жоқ па?

Ағаларымыз да мешіт саларда сол тұрғылықты халықтың әл әуқатына қарап салса дейсің. Басында 5/6 бай қуатты адамның бастамасымен мешіт құрылысы басталып кетеді де, кейін жарты жолда құрылыс тоқтап, әрі қарай әлгі мешіт құрылысына "көмек керек" деген пост ғаламторды шарлап жүреді. Кәзір жетісіп жүрген кім бар дейсің?! Оданша көрпеге қарай көсіліп, ықшамдау қылып салынса ешкімді қинамайтын едік деймін ішімнен.

Бастысы "ислам діні" дегенде, өзге адамдардың көзіне қол жайып тұрған адамдар бейнесі елестемесе екен. Алла бәрімізді өзгеге мұқтаж қылудан сақтасын.
👍29❤26🔥3👏3
Әр адам баласы, Алланың қайталанбас ерекше жаратылысы. Бірақ, сол адамға көрік беретін де, сол көркін бұлжытпай ұстап тұратын да оның алған — Білімі!

Сіз бір адамның сөзін, постын, кітабын көшіріп алуыңыз мүмкін. Бірақ оның сезімін, қиялын, санасын, бір жағдайға байланысты ұтқыр импровизациясын көшіріп ала алмайсыз. Әр адам өз ойымен сөз сөйлеп, іс қылса — ол өміршең болады. Ал өміршеңдік шынайы болмысты құптайтын адамдарға ұнайды. Солай. 🤎
👍51❤2🥰1👏1
Махаббат туралы мойындау
Нұрбек Мырзабекұлы
👍9❤3👏2
Қазір мен әйел адам неге біресе жақсы, біресе жек көреді сол туралы тоқталсам. Еркектің махаббаты тұрақты. Әйелдің махаббаты эмоцияға тәуелді. Эмоция ішкі және сыртқы факторларға тәуелді. Егер бір романтикалық кино көрсе, ән тыңдаса, махаббаты еске түсуі мүмкін. Сүйген адамының ұнамайтын қылығы көбейе бастаса, “дефицит внимание” болса, сезімі азаяды. Эмоция тұрақты болса да сезімі азаяды. Сондықтан біресе жоғары, біресе төмен болып тұруы – қалыпты нәрсе. Сағаттап айтуға, том-том кітап жазуға болатын тақырыптар бұл.

—
Махаббат туралы мойындау
— Н. Мырзабекұлы
❤38👍9👏3
Сыни ойлау дегеніміз не?

Сыни ойлау дегеніміз - кез келген ақпаратқа күмәнмен қарау. Сонымен қатар белгілі бір проблеманы шешу үшін зерттеп, салыстырып, өз бетінше тұжырым жасау. Оның ерекшілігі - тәуелсіз ойлау, дербес шешім қабылдау.

Бүгінгі ақпарат заманында сыни ойлай білу өте маңызды. Себебі дәл осы қабілеттің арқасында қандай да бір мәселе бойынша өзіндік пікір қалыптастырып, шындықты жалғаннан ажыратып аласыз.

Ежелгі грек философы Сократтың айтуынша, таным негізінде күмән жатыр. Яғни сол кездің өзінде күмәндану процессін жоғары бағалаған. Себебі адам күмәндану арқылы ақпаратты зерттеуге көшеді. Осы зерттеу кезінде ақпаратты жан-жақты қарастырып, бағалайды. Кейін өзіндік пікір қалыптастырып, сыни ойлау қабілетін дамыта түседі.

Сыни ойлау қабілеті адамды:

1. Еркін ойлауға;
2. Проблемаларды зерттеп, тәуелсіз шешім қабылдауға;
3. Адамдармен қарым-қатынасын жақсартуға;
4. Ақпаратқа күмәнмен қарап, саралай білуге;
5. Көпшіліктің айтқанына ермей, өзіндік пікір қалыптастыруға үйретеді.

Абайша айтқанда:

Басында ми жоқ,
Өзінде ой жоқ,
Күлкішіл кердең наданның.
Көп айтса көнді,
Жұрт айтса болды —
Әдеті надан адамның.
👍26🔥7❤3
📚 ӘЛ-УАФИ Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы

✍ Арабшадан аударған: Қ.Спатай
👍12🔥3❤1
Ұғу қиын адам жанын - білем мен,
Қабағымнан не оқисың түнерген.
Мені білгің келсе қара көзіме,
Мен жайында сұрамашы біреуден.

— Тұманбай Молдағалиев
❤58👍9👏4
Кімнің уайымы асқазанға түсетін нәрсе болса, оның құндылығы содан шығатын нәрсе болады.

Хазреті Әли (оған Алла разы болсын)
❤52👍20
Уақытын босқа жұмсайтын адамдарды, батып бара жатқан кемеде алаңсыз әңгіме дүкен құрып отырған жолаушыларға ұқсатамын.

— Ибн Әл-Жәузи
❤58👏5👍3😢3💔2