Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Белгілі Актёр Азамат Сатыбалды ағамыз, "Алдағы уақытта қандай жанрда кино көргіңіз келеді?" деген сұрақ қойыпты.
Мүмкін көркем әдебиеттегі бір шығарманы ұсынып көрейік, мысалы: Мұхтар Мағауиннің "Шақан шерісін" ал сіз қай шығарманы ұсынар едіңіз?
Мүмкін көркем әдебиеттегі бір шығарманы ұсынып көрейік, мысалы: Мұхтар Мағауиннің "Шақан шерісін" ал сіз қай шығарманы ұсынар едіңіз?
👍24❤5👌2🤣2
Бексұлтан Нұржекеев ағамыз мынадай қызық сұрақ қойыпты, сіздер де жауап беріп көріңіздер:
«Қарағай» — қазақтың сөзі, ал «Катон» — кімнің сөзі?
«Қарағай» — қазақтың сөзі, ал «Катон» — кімнің сөзі?
🤔13❤4🔥3
Адам баласына адам баласының бәрі - дос.
Бес күндік өмірің бар ма, жоқ па?.. Біріңе-бірің қонақ екенсің, өзің дүниеге де қонақ екенсің, біреудің білгендігіне білместігін таластырып, біреудің бағына, малына күндестік қылып, я көрсеқызарлық қылып не керек?
Тілеуді құдайдан тілемей, пендеден тілеп, өз бетімен еңбегімді жандыр демей, пәленшенікін әпер демек - ол құдайға айтарлық сөз бе?
Хәкім Абайдың (34 ші қара сөзі)

❤21👍5💯5🔥2🥰2🕊1
Бүгін оның туған күні, ой пәлі-ай!
Мына жұртым неғып жатыр тойламай? )
Мына жұртым неғып жатыр тойламай? )
👍22🎉9🔥1👏1
Бес уақыт намазын атам қаза жібермейді. Ораза кезінде ауыз бекітіп, азан шақырады. Діни мерекелерді, шама-шарқы келгенше, құрметтеп атап өтеді.
Атамның ерекше жағдайда ғана киетін киімдері бар. Олар: құлын терісімен қапталған қара сеңсең бөркі, жаңа шекпені, күмістеген жалпақ қайыс белбеуі. Жай күндері аталған үш киімнің үшеуі де төрде ағаш қазықта ілулі тұрады. Әр-әр кезде атам оларды сыртқа алып шығып, шаңын қағып, қайтадан іліп қояды.
Атам бұ дүниеден гөрі о дүниенің қамын көбірек ойлайды. «Бүгін болмаса, ертең тырайып өле қалуым заңды. Бұ дүниеде жалба-жұлба болып жүрсем де, о дүниеге жалба-жұлба болып бармаймын. Әлгі аталған бағалы киімдерді рызығым таусылып, демім біткен күні сүйегіме түскендер алсын», — дейді. Сол үшін де шаң жуытпай қорып, көзінің қарашығындай сақтайды.
Өліп жатып, өлігіне жиналған жұрттан: «Е, бейшара-ай! Бір киер бүтін киімі жоқ екен-ау!» — деген аяныш сөз естігісі келмейді.
© Бердібек Соқпақбаев

❤27👍11😢5
Жаз да өтті, сұлу салған ән сыңайлы,
“Қош” деуге қалай енді жан шыдайды?!
Жаңбыр иісі... тамыздың тоңғақ түні
Жапырақтың көзінен тамшылайды.
Ауық-ауық тұр, міне, себелеп түн,
Себелекті келгендей өлең еткім,
Жаңбыр иісі... ашылған терезеден
Әнін шырқап қоямын көбелектің.
Әр тамшысын бір-бірлеп санап түннің,
Тезірек таң атқанын қалап тұрмын.
Көңілімде мұң да жоқ, шаттық та жоқ,
Терезеден ешқайда қарап тұрмын...
Ерлан Жүніс
“Қош” деуге қалай енді жан шыдайды?!
Жаңбыр иісі... тамыздың тоңғақ түні
Жапырақтың көзінен тамшылайды.
Ауық-ауық тұр, міне, себелеп түн,
Себелекті келгендей өлең еткім,
Жаңбыр иісі... ашылған терезеден
Әнін шырқап қоямын көбелектің.
Әр тамшысын бір-бірлеп санап түннің,
Тезірек таң атқанын қалап тұрмын.
Көңілімде мұң да жоқ, шаттық та жоқ,
Терезеден ешқайда қарап тұрмын...
Ерлан Жүніс
❤25👍6🔥1
Менің қазір
Айғайлап тұрып ән айтқым келді,
Азайтқым келді жан мұңын.
Қатігезсің деп тағы айтқым келді,
Таскерең бірақ тағдырым.
⠀
Ағыл да тегіл жылағым келді,
Жұбатпасыншы тек ешкім.
Шыдай да шыдай шыдамым кемді,
Мен сонша мықты емеспін!
⠀
Сыр айтқым келді бейтаныс жанға,
Кей таныстан да дұрыс деп.
Кетсем ғой деймін кейде алыстарға,
Амал жоқ мұнда жұмыс көп.
⠀
Көз жасы кермек таңдайда қалып,
Жағдайға да анық көнгенмін.
Жалғыздан жалғыз айғайлап алып,
Үнсіз жүруді жөн көрдім!
© Нұртас Тұрғанбек
Айғайлап тұрып ән айтқым келді,
Азайтқым келді жан мұңын.
Қатігезсің деп тағы айтқым келді,
Таскерең бірақ тағдырым.
⠀
Ағыл да тегіл жылағым келді,
Жұбатпасыншы тек ешкім.
Шыдай да шыдай шыдамым кемді,
Мен сонша мықты емеспін!
⠀
Сыр айтқым келді бейтаныс жанға,
Кей таныстан да дұрыс деп.
Кетсем ғой деймін кейде алыстарға,
Амал жоқ мұнда жұмыс көп.
⠀
Көз жасы кермек таңдайда қалып,
Жағдайға да анық көнгенмін.
Жалғыздан жалғыз айғайлап алып,
Үнсіз жүруді жөн көрдім!
© Нұртас Тұрғанбек
❤27💔8👍5🔥4⚡1🕊1😍1🆒1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
👍15😍11🔥4❤3⚡1❤🔥1🥰1👏1😢1🕊1
Ешқашан ешкімге ештеңе түсіндірудің қажеті жоқ. Тыңдағысы келмейтін адам тыңдамайды және сенбейді, ал саған сеніп, түсінген адамға түсіндірудің қажеті жоқ.
Омар Хайям
📚 Кітапсүйер
Омар Хайям
📚 Кітапсүйер
❤42👍9🔥3💔3❤🔥2👏2🕊2🤩1💯1
✍🏻 Адамның ақыл-ойы мен моральдық дамуы қаншалықты жоғары болса, өмір оған соншалықты рахат сыйлайды.
А.П.Чехов
📚 Кітапсүйер
А.П.Чехов
📚 Кітапсүйер
❤🔥19❤13🔥4⚡2👍1🥰1👏1😢1🐳1💯1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
👍24❤🔥6❤4💯4⚡1🔥1🕊1😍1🤣1
• Адам не үшін кейде өзіне аяулы болған кітаптарды өзгелерден қызғанады?
Меніңше ол екінші адамның сол кітапты өз деңгейінде қадірлей алмайтындай көргендіктен. Кейде расымен сенің бүкіл болмысыңды, жан сырыңды қамтыған 300 беттік кітапты біреуге ұсынсаң — ол оның 3 бетін де оқымай, жауып қоя салуы мүмкін.
Сол үшін кей кітапты автор тек біз үшін жазғандай секілденіп, оны осылай құнсызданудан қорғаймыз. Аялаймыз. Қызғанамыз...

❤34👍14❤🔥5🔥2🕊2😍2🥰1🤩1🐳1
Менің әкем көбіне өтірік айтады. Жаны құлазып, көңілі мұңайып тұрса да ол: "Шүкір менде бәрі жақсы" деп күлімдейді. Бір қызығы есейген сайын мен де оған ұқсап барамын...
— Шүкір, менде де бәрі жақсы )
— Шүкір, менде де бәрі жақсы )
❤41💔16🤣6😁5👍4🤔2❤🔥1🔥1🎉1
Адамды көзінше айыптау жақсы емес, бұл оның көңіліне тиеді, оны сыртынан айыптау да жақсы емес себебі, сіз оны өсектеген боласыз.
Ең абзалы — адамнан жамандық іздемей, оны байқамай, айыпты өз бойыңнан іздеп, өзгені емес, өзіңді түзетуге тырысу.
Лев Толстой
📒 Кітапсүйер
Ең абзалы — адамнан жамандық іздемей, оны байқамай, айыпты өз бойыңнан іздеп, өзгені емес, өзіңді түзетуге тырысу.
Лев Толстой
📒 Кітапсүйер
👍49❤11❤🔥2🔥2👏2⚡1💯1🤨1😴1
Табысқа жетудің үш ережесі:
• Басқалардан көбірек білу;
• Басқалардан көбірек жұмыс істеу;
• Басқалардан азырақ күту.
©Уильям Шекспир
📙 Кітапсүйер
• Басқалардан көбірек білу;
• Басқалардан көбірек жұмыс істеу;
• Басқалардан азырақ күту.
©Уильям Шекспир
📙 Кітапсүйер
👍37❤10👏4❤🔥2😍2🔥1😁1🐳1
Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының басында бір жиналыста Ғабит Мүсірепов былай деді:
– Соңғы он жылда əдебиетті екіге бөлу əрекеті шықты: шалдар, жастар деген. Əдебиет — орман. Қайыңы да, емені де бар. Жел тұрса, құлайтыны да бар. Содан бері де ширек ғасырдан астам уақыт өтті. «Шалдар», «жастар» деп əдебиетті екіге бөлу өрши түскен сыңайлы. Бірақ өмірдің өзі көрсетіп келе жатқандай, əдебиет жас таңдамайтынын дəлелдеп келеді. Сол Ғабит Мүсіреповтің өзі сексеннен асқанда «Ұлпанды», «Жат қолындағыны» жазды. Тахауи Ахтанов алпысқа таянғанда «Антты», «Шырағың сөнбесінді», Əбдіжəміл Нұрпейісов «Соңғы парыз» романын тəмəмдады.
Əдебиетке «шалдар», «жастар» деп шекара қою қолайсыз болар. Əдебиет арбасына екеуі де жегіледі.
Бөліп-жару — бір кем дүние.
© Шерхан Мұртаза

🔥13👍10❤5❤🔥2👏2💯2⚡1🎉1🕊1😐1🆒1
Жағдайға, уақыт пен мекенге қарамастан, шын мәнінде өзі қандай болса, сол қалпында қалатын адамдар қашанда құрметке лайықты.
© Михаил Лермонтов
📙 Кітапсүйер
© Михаил Лермонтов
📙 Кітапсүйер
❤31💯4✍2🐳2⚡1🕊1🆒1
📖 Кітап оқу бөлек те, ал сіз оқыған кітапты — оқыған адаммен сұхбаттасу одан да бөлек қой...
🌸 Кітапсүйер
🌸 Кітапсүйер
❤48👍15👏4🐳3😁2💔2