Кітапсүйер
16.3K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
🌟 Кітаптар көптеген жағынан адамдарға ұқсайды: 🤎

🤎 Жақыннан танығаныңа, не қуанасың, не кездескеніңе өкінесің;

🤎 Кейбіреулері сізбен қарапайым, ашық, ақжарқын сөйлесіп, түрлі тағдырлар бейнесімен өмірдің құлдырауын көрсетіп, жақын кеңесшіңізге айналады;

🤎 Ал кейбіреулері менің ішімдегін тап дегендей не айтқысы келетінін түсіну қиын, беттерін біршама парақтайсың мағынасын бірден ашпайды, оны түсіну үшін сергек болу керек, ақыл-парасатыңды пайдаланып, ойлану керек;

🤎 Кейбір кітаптар шешендікпен ақырындап сізді алдайды, бұзық таныстарды еске салады, сізге қате ойлар береді, сізді адастыруға тырысады, (оны танығаныңызға өкінесіз);

🤎 Ал кейбір кітаптарда өтірік жоқ – олар сіздің ішкі дүниеңізді ауыр сөздермен төңкеріп жіберсе де, шындықты түсінуге және өмірдің мәнін оқуға көмектеседі;

🤎 Кейбір кітаптар ашық сөйлейді, ал кейбіреулері халықты алдау үшін мінберге көтерілген шенділер сияқты үнсіз сөйлейді;

🤎 Кейбір кітаптардың беті жылтыр, бір қарағанда көзді жадыратып жібереді, бірақ іші түтін.

🤎 Кейбір кітаптар көзге көрінбейді, олар соншалықты байқалмайды, жарнамасы да жоқ, бірақ олардың іші қазынаға толы;

🤎 Кейбір кітаптардың ғұмыры ұзақ, кейбірінің өмірі қысқа...

🤎 Кітаптар көп жағынан адамдарға ұқсайды.

🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤37👍6❤‍🔥3👏2🥰1
🌸 Алтыным! Өмір – әркімге өз деңгейінде берілген биіктік. Біреу қырды, біреу тауды бағындырады. Біреу суды, біреу батпақты сүйеді.

🤎Әкім Ысқақ «Алтыным»

🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤47👍4🔥2
💗🤍💚💙💗🤍💚💙💗🤍

* Біреуге ренжіген адамның өмірге де өкпесі көп болады. Мұндай адамдардың санасында өмірге деген махаббат болмайды. Болған күнде де ол көнере бастайды. Өйткені әлдекімге өкпелеген адам өзге де адамдардан немесе сол типтес адамдардан күдерін үзе бастайды. Сол арқылы өмірді де жөк көре түседі.

* Адамдарға көп ренжитін жандардың достық құруда жолы бола бермейді. Дос табудың сәті түсіп тұрғанымен бұл қарым-қатынасты әріқарай алып кете алмайды. Өйткені түймедей нәрседен түйедей реніш жасап алатын адамдар жаңа достан да кірбің тауып алатыны рас. Өкпешілдердің шын достықта жолы болмайтыны сондықтан.

* Болмашыға ренжи салатын адамдар бара-бара өз кұнын да жоғалта бастайды. Қайта-қайта кешірім сұраудан да шаршайтындар бар. Кез келген нәрсеге өкпелей беретін адамдар көп ішіне сыймайды.

* Құр реніш – жүйке мен жүрекке ауыр салмақ. Адам ренжігенде ойланады, жүрекке алады және жүйкеге көп салмақ салады. Бір ғана реніш үшін адам іштей шаршай бастайды. Өкпелеуге тұрмайтын нәрсені көңілге алып, жүрегін ауыртатындардың өмірі өзгелерден күрделі болып келеді.

* Өкпе мен ренішке құмар адамдардың шекарасына адам жақындауы қауіпті. Өйткені олар көп нәрсеге өкпе артып, табан астында ренжи салуға әдеттенген. Олармен қарым-қатынас жасауда көбі шорқақ келеді.

* Ренжу – бос кеткен уақыт. Ренжуге кеткен бос уақытта сіз бірнеше игі іс жасап үлгересіз. Өзі онсыз да қамшының сабындай 5 күндік өмірдің 3 күнін ренішпен өткізіп не керек?

* Көп ренжу — тәкәппарлықтың бір бөлігі. Ал оны тез ұмыту жақсы қасиеттің бірі.

Ал сіз көп ренжисіз бе?

💗🤍💚💙💗🤍💚💙💗🤍

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤38👍13🔥2😁2😐2
🔵Осы адамдар неге бір үстел үстінде отырса да бір бірімен сөйлесуден қалған?

🔵Мысалы айталық: Міне, бір жігіт досымен, ал, ана қыз әпкесімен, ал мына әйел күйеуімен бір біріне қарама қарсы отырып ас ішуде. Бірақ, ортақ бір отырып айтатын әңгімелері жоқ. Телефондарын тастап әңгімелессе болады ғой.

— Әке, тамағыңызды ыстықтай ішіңіз, әйтпесе суып қалады...


@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍24😢9🙈1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ислам діні — әйелдің құқығын қорлаушы емес, қорғаушы! 🌸
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤47👍5
⚫️Мен әрқашан нашар жұптан құралған ерлі зайыптылардың ең кекшіл адамдар болатынын байқадым. Олар енді ажыраса алмайтындықтан бүкіл әлемнен кек алуға дайын.

©️Фридрих Ницше
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍27❤13💔6🤣5❤‍🔥3🔥3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Абсурд...
Кешегі мақтаған адамың - бүгін даттап жатады. Даттағаның - сүрінгенде демеп жатады. Демек - мақтамаған, даттамаған абзал. Бүгін - бас ию, ертең- шоқпар көтеру. "Сенбе жұртқа!" (Абай)
Бізге қымбат ӨМІРдің өзі тұрақсыз, сездірмей ӨЛІМге жетелеп бара жатады. Ал біз тұрақты болуды қалаймыз. Жер тұрақты емес, бұлт тұрақты емес, дауыл, жаңбыр, су, тау... тұрақты емес. Тұрқсыздықтан қапы қалмас үшін САБЫР тіледік. Сабыр...
Кеше-жақсы, бүгін-жаман. Бүгін - жақсы, ертең - жаман... Сондықтан болар, "Кешегі дос - бүгін жау. Мен неғылдым, япырмау" (Абай)
Мәселе "неғылғаныңда" ма екен? "қылды" деп жаба тоқып, жалған айтушыда ғой...
Абсурд!!!

🤎Роза Мұқанова
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤31👍12🔥1👏1
Wi fi - өмір!
Өтесің-ау,бір күні!
Тиясың-ау Тиктокты да күлкіні,
Өмір деген жарқ-жұрқ еткен фотолар,
Өмір деген телеграм күн-түні!
Wi fi - өмір!
👏36😁24❤8👍3🕊1👀1
Қай елде, мейлі қай жерде,
Өмірдің мәні әйелде.
Мықтымын десең өзіңді,
Айфон 15 про макс әперіп дәлелде! 😁

*Әзіл
🤣63❤14😁8👍3🙈3💯2🤷‍♀1
⭐ Сіздің басқа адамдардан ерекше қандай қасиеттеріңіз немесе қабілеттеріңіз бар?
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤷‍♂13👍2❤1
📎Мы живём не ради будущего.
Мы живём, чтобы хранить своё прошлое.

✏️Фридрих Ницше
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍20❤8❤‍🔥2
Сурет сөйлейді
❤55👍7
🦋 Зерттеулерге сүйенсек, кітапты көп оқитын адамдардың армандары сан алуан және әртүрлі болады. Оған себеп – олардың қиялының, дүниетанымының кеңдігі. Адам кітап оқығанда кітаптағы оқиғалар мен түрлі бейнелер оның санасында өмір сүреді. Бұл процесс тіпті ұйықтап жатқан кезінде де мида жалғасады.

Сондықтан көбірек армандап, армандарыңызды "NETFLIX" фильмдеріндегідей қызықты әрі әсем өрбіту үшін көбірек кітап оқыңыз.

🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍31❤20🤣2⚡1🔥1
Құдайым, жолдас қылма жамандарға,
Көзі тар, көңілі соқыр надандарға!
Жақсылық етсең де бір, етпесең де,
Жақпайсың кей ақымақ адамдарға!

🤎Ахмет Б.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍44❤11👏3🤣3💯1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бірдеңе оқуға тырысқан сайын осылай құлап кете беремін 😀
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤣29😁3❤1🔥1🥰1🤨1
Ұмытылып жатқан мақал-мəтелдер:

Су жетпейін демейді,тау жеткізбейді
Ер жетпейін демейді мал жеткізбейді.

Көне киім жаңаны сақтайды
Кəрі кемпір баланы сақтайды

Балапанды торғайлар,
өрт болмасын тілейді
Көп балалы аналар
Дерт болмасын тілейді.

Жаманға айтқан ақылың
Далаға атқан оқпен тең
Талабы жоқ жас ұлың
Жалыны жоқ шоқпен тең.

Заттың жаңасы жақсы
Достың ескісі жақсы.

Қонақ келсе ет қызарар
Ет қызармаса бет қызарар.

Есек мінген ат сұрамайды
Балық жеген ет сұрамайды

Қазан қайнап тұрса
Ақыл сайрап тұрады.

Аз ғана асым
Даусыз ғана басым.

Адам ойға тоймайды
Қасқыр қойға тоймайды.

Темір сырын отта таны
Адам сырын жоқта таны.

Біреуге баршылық сынақ
Біреуге таршылық сынақ

Ақ сауыттың жағасы бар,жеңі жоқ
Шын жақсының ызасы бар, кегі жоқ.

Жұмсақ ағаш құртқа жем
Жұмсақ адам жұртқа жем.

Ормансыз жер жалаңаш
Сақалсыз ер жалаңаш.

Жаман байыса бақырғыш келеді
Жақсы байыса шақырғыш келеді

Етпен қарның тоқ
Ниетпен жаның тоқ.

Қас екенің қабағыңнан
Сараң екенің табағыңнан.

Үйдің басын қатын қосар
Елдің басын батыр қосар.

Бас жарылса бөрік ішінде
Қол сынса жең ішінде.

@kitapsuyer

🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤23👍9👏3🥰1
💋 Егер сіз өз ойыңызды бөлісетін бірде бір адам таба алмасаңыз — дайын болыңыз, ойлар сізді бөлшектейді.

❤️Харуки Мураками

🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍42❤11🤣8💔4💯1
Кейде адамды жақсы көруден гөрі, жәй ғана түсіну керек шығар.

✍️ Джордж Оруэлл (1984)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍38❤18👏1