Кітапсүйер
16.3K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram

〰️ Әке, осы балықтар жәннатқа кіретін шығар иә?
〰️ Неге олай ойлайсың?
〰️ Себебі олар сөйлемейді ғой.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍56💔22❤13🐳5🔥2
Ең өтімді пост, ол шынайы пост!
❤29👍9🔥1
Біз, сіздермен 🇸🇦🇸🇦🇸🇦🇸🇦ға жеттік. Аллаға шүкір 🎉 ☺️

📚 кезінде Асанәлі Әшімов атамыздан:
— Сіз осыншама көрерменді қалай жинадыңыз? дегенде ол кісі:
— "Мен көрермендерімді бір бірлеп жинадым"- деген екен. Сол секілді біз де оқырмандарымызды бір бірлеп жинап отырмыз. Әрине бұл біреуге аз, біреуге көп болып көрінуі мүмкін, десе де Алла берекесін берсін дейміз.

Бізбен бірге болғандырыңызға көп рақмет ❤️ сіздерге барынша пайдалы болуға тырысамыз. 👍
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥41❤30👍12❤‍🔥2🥰2
Есенғали Раушанов.pdf
5.5 MB
✍️ Есенғали Раушанов
📚 Бозаңға біткен жусан

🤎 Автордың бұл кітабында ең танымал туындылары мен өлеңдері топтастырылған.

Бет саны: 382 бет
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10❤3
К себе нежно.pdf
2.2 MB
✍️ К себе нежно 🌸
📚 Ольга Примаченко

Бұл кітап қыздар арасында біршама танымалдылыққа ие. Себебі, Ольга апамыз — адам өзін қалай жақсы көруі керек? Әр адам өзінің ішкі жан қалауымен қалай дұрыс жұмыс істеуі керек? деген секілді сұрақтарға 31 күндік медитация үлгісінде жауап беруге тырысады.
Бет саны : 337

➖➖➖➖➖➖➖➖➖@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍19❤11🤗3😁1
🤎 Қағаз кітаптың артықшығы:

1 — Көзді ауыртпайды,
2 — Сөреде көзге көрініп тұрады,
3 — Бірінші бетіне автограф қойдыруға, ал, соңғы бетіне өзіңнің кітап туралы ойтүйініңді жазуға болады.
4 — Қоғамдық орында оқысаңыз, өзгелерге кітап оқу үнсіз әдеті насихатталады,
5 — Ішіне хаттар мен түрлі гүл секілді естеліктерді салып қоюға болады.

😥 Кемшілігі:

1— Қалтаңа салып жүре алмайсың
2 — Өзіңе ұнаған үзіндіні "скопировать" ете алмайсың
3 —Түнде оқу үшін жарықшам қосуды талап етеді.

Тағы нені алып қосар едіңіз?
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤38👍11❤‍🔥1
⏺"Сіз бүгін пәлен деген облыста, түген деген көшеде бір адаммен жолығып, өте өрескел түрде алданып қалуыңыз мүмкін. Ол адамның мінезі өте тайғақ әрі жылтыр болуы күтілуде, сақ болыңыз"- деп 112 ден смс келетін болса иә? ))
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤣46👍6😁6😢1
⚜️ Туған күнің құтты болсын, тау тұлғалы, мұзбалақ ақын — Мұқа!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏42❤14👍4🎉3🏆3
🌸 Теңіз де кірлейді. Айдын бетін шөп-шалам, сынған ағаш, өлген балық пен құс, төгілген мұнай қалдығы басады.

Күндердің күнінде дауыл көтеріледі. Толқын біткен арыстан жалданып өкіріп-бақырып жағалауға ұмтылады. Әлгі кір-қоқыстың бәрін әкеліп адамдардың өзіне қайта лақтырады. Тазарып барып тыным табады. Сосын бәз-баяғы қалпында жарқырайды да жатады. Біздің қоғам да тап осындай тазаруды күтіп тұр.

🔗 Рахымжан Отарбаев

➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖
@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍23❤9👏2👌2🎉1
📖 Адам. Ол ақша табу үшін денсаулығын құртады. Қайта сауығу үшін ақшасын жұмсайды. Ол қазіргі күнінің рахатын сезінбей жатып, болашақты күтеді.

Айналып келгенде бүгінімен де, ертеңімен де өмір сүрмеген болып шығады. Ешқашан өлмейтіндей тірлік кешеді, ешқашан ғұмыр кешпегендей өмірден өтіп кетеді.

🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿

© Далай Лама

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍26❤12👏4🔥3
Біздің көпшілігіміз – өзіміз емеспіз. Ойымыз – өзгелердің пікірі; өміріміз – мимикрия (қорғаныш реңі); іңкәрлігіміз – дәйексөз!

🪶 Оскар Уайльд

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍21❤17👌2🔥1
Адам жеңілістерге төзуге жаралған жоқ. Адамды құртуға болады, бірақ жеңе алмайсыз.

© Эрнест Хемингуэй

@kitapsuyer
👍30❤10👏3💯2🔥1🕊1
🌟 Сүю – өзіңді өзге қырыңнан тану.

© Экхарт Толле

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤41👍6🔥2🥰2👏1🐳1
Үйленбей тұрып үйрен.pdf
2.1 MB
🌸 Кітапта ерлі-зайыптылар қарым-қатынасына байланысты ислам дерекөздерімен қатар отбасылық кеңесші мамандар тәжірибесі қамтылған. 30-ға жуық отбасылық мәселелер мен шешімдері жинақталған. Кітап көпшілік оқырманға арналады.

✔️ Авторы: Руслан Қамбар
✔️ Бет саны: 186
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤22👍9
🪱🪱🪱🪱🪱🪱🪱🪱🪱🪱🪱

Өтеді уақыт зымырап,
Өтер қысың.
Пыр етіп бір ұшар да кетер құсың.
Біле тұра уақыттың баянсызын,
Өзіңе өзің жасайсың бекер қысым!
Қалар артта бесік жыр,
Бесік-үйің,
Есіл туыс,
Есіл жұрт,
Есіл бұйым.
Жылдар өтсе мейлі ғой,
Өте берсін!
Сәттер өтіп барады,
Осы қиын!

✍️ ҚадірМырзаӘлі

🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤43👍13💔8💯2
Құлшылығыңды арттыруға дайындал. Дәл бір айдан соң барамын 🕋

©️ Қасиетті Рамазан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍47❤29
Қараңыз, мынадай қызық ақпарат таптым. Мына суреттегі жігіттің аты жөні Филани Дладла. Оңтүстік Африка тұрғыны. Бұл жігітке ең алғаш әпкесі 9 жасында кітап сыйлап, содан кітапқа қызығушылығы артып, біршама кітаптар оқиды. Кейін өсе келе "переходной возрастта" жаман ортаға тап болып, ішкілікке салынып, қаржылық жағдайы нашарлап кетеді.

Кейін жұрттан қайырымдылық сұрап, елге қол жаюдан ұялған Филани, ақша табудың мынадай жақсы амалын табады. Өзінде бар кітаптарды қолына ұстап алып, көшеге шығып, қала тұрғындарына қолындағы кітаптардың мазмұнын ақылы түрде айтады. Егер тыңдаушыға кітап мазмұны ұнаса, кітап дайын, сатып алады. Ал егер кітап алғысы келмесе, тек кітап мазмұны үшін ғана төлейді. 

Осылай табыс тауып жүрген Филаниді бір күні шетелдік журналист көріп, одан қысқаша сұхбат алып, әлеуметтік желіге жариялайды. Содан ақырындап танымал бола бастаған Филани тыныш отырсын ба? Аз уақыттан соң ол, өзінің "Тратуардағы кітап құрты" деген атпен жеке кітабын жазады. Кітап, жігіттің қиын қыстаулы тағдыры мен сабақтас болғандықтан көпшілікке ұнап, Филанидың ел арасында танымалдылығы мен табысы қатар артады. 


Мораль:

* Кітап оқы — Білім ал. 
* Көшеге шық, ізден, еңбектен. 
* Сыпайы түсіндір, анықтап сөйле. 
* Жарнамалай біл, елмен қарым қатынас жаса.
* Адал істен ұялма, сата біл.
* Ортаңа мән бер.

📚📚📚📚📚📚📚📚📚📚

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍63❤16👏2😁2🔥1💯1
Әйелдер — өзіне серік қосқанды кешірмейді )
🤣69😁9👍7💯5❤4
— Қарапайымдылық пен мейірімділік романдарда ғана марапатталады. Ал, шын өмірде оны пайдаланып, кейін лақтырып тастайтындар көп.

🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸

© Ремарк

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤69👍13💯4👏2⚡1
Бір баланың оқуы үшін білдей бір пойыз жүріп тұрды..

🎀 Жапонияның Хоккайдо аралында бір ауыл бар. Жастары қалаға кетіп, қарттары ғана қалған. Оншақты ғана жанұя қалған ауылда төрт жыл бұрын ең соңғы оқушы қыз мектеп бітіріп, ол да қалаға кетті.
Сол ең соңғы оқушы мектеп бітірген күні ауылдағы темір жол станциясы да жабылды. Қазір ол ауылға пойыз жүрмейді.

🎀 Станция оның алдында жабылып, темір жол жұмысын тоқтату керек еді. Бірақ өйтейін десе, ана оқушы қыз мектебіне бара алмай қалар еді. Сондықтан темір жол компаниясы бірнеше жыл бойы сол жалғыз қызға бола бір пойызды жүргізіп, күніне бір рет мектепке дейін және мектептен үйіне дейін жеткізіп тұрды. Ауыл тұрғындары сол оқушы қыз мектепке бара алмай қалмасын деп қыстың күні таң мен кеште ауыл мен вокзал арасындығы қарды бірігіп тазалап, жолын ашып беріп жүрді. Тегін және өз еріктерімен.

🎀 Бір баланың оқуы үшін білдей бір пойыз жүріп тұрды, бір баланың оқуы үшін бүкіл ауыл бірікті. Ақылы ма, тегін бе, қымбат па, арзан ба, мәселе онда емес.

🌹 Мәселе - мемлекет пен қоғамның адамға және білімге деген қамқорлығында..

🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤85👍24🔥3👏2🎉2🕊2🤗2