Кітапсүйер
16.3K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
🧠 Әңгімелесу кезінде айтуға болмайтын әңгіме

🧠 Өмірге шағымдану – бұл айналаңыздағы адамдармен болатын қарым-қатынасыңызға кедергі болады. Бұл сіздің әлсіз жақтарыңызды ашып, бөтен адамдарға манипуляция жасауға мүмкіндік береді.

🧠 Блогер немесе әншілердің өмірін талқылауға асықпаңыз. Бұл сізді жеңіл әрі оңай ақпарат көздерімен қоректеніп жүрген адам секілді көрсетеді.

💌 Мүмкіндігінше көңілді болуға тырысыңыз, бірақ, шынайы болыңыз. Содан кейін адамдардың сіздің сөздеріңізге күмәндануына негіз болмайды.


@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤35👍11🔥4✍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🪶 Румидің нақыл сөздері, ұнаса өзіңізге түртіп алыңыз ✅

1. Ең қорқынышты жалғыздық – сені түсінбейтіндердің ортасында қалу.  

2. Бір күні басыңа күн туғанда Тәңірге: «О, Жаратушым, басыма күн туды!» деп жылама, қайғыңа: «Менің жүрегімде Тәңір бар» дегін.

3. Қырсық бір айналдырса шыр айналдырады, бәле-жала ізіңнен қалмай қойғанда, жасыма, берілме! Жеңілсең, жағдай тұтасымен өзгеріп кетеді.

4. Сенен жерімейтіндей жақын бол, не ұмыта алмастай алыс бол.

5. Тыныштық – Тәңірдің тілі, қалғаны – нашар тәржіме.

6. Өміріңе енген өзгерістерге қарсыласпа. Өмірді өн бойыңнан өткіз. Бәрін астаң-кестең етті деп өкпелеме. Бұған дейінгі сүрген өмірің ендігі өмірден артық екенін қайдан білесің? 

7. Сен іздеген сені іздейді.

8. Сүйгендер бір-бірін іздемейді, олар о бастан бір-бірінің жүрегінде.

9. Тілің таза болу үшін жүрегің таза болсын. Себебі, сөз жүректен шығады.

10.  Махаббаты терең болса, сынағы да көп болады. 

11.  Бес күн жалғанда Махаббаттан басқаға жоспар құрма...

12.  Сенің бойыңнан бақытын тапқан адам – сенікі. Қалғаны – құдайы қонақ.

13.  Ақылдымен дос бол. Ақымақ дос ақылды дұшпаннан да жаман.

🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿

@kitapsuyer
@kitapsuyerchat
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍44❤15🔥2✍1
🧠 Мені тастап кетті. Не істеу керек?

🧠 Нақты айтсақ, адамды қайтаруға тырысу өте жаман идея.

💌 Сізді не бақытты ететінін ойлаңыз. Бұл мүмкін хобби, бұл мүмкін кітап оқу, мүмкін саяхат, мүмкін спорт, достармен қарым-қатынас, бәлкім тыныш бөлмеде жәй ғана демалу болуы мүмкін. Қалайда өткен жағдайды ұмыту керек. Әйтпесе, сіз неше түрлі миға қонымсыз жағдайларды ойлап, жағдайды тек нашарлатасыз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍40❤11🔥2🎉2💔2🤔1
— Әйгілі Холид Хусейнидің  "Батпырауық қуған бала" (Бегущи за ветром) кітабы туралы бірер сөз:

  Бұл кітап 2007 ші жылы жарық көргеннен кейін АҚШ тағы "New york times" басылымында екі жарым жылға жуық әлемдік деңгейде көшбастап тұрған кітаптардың тізімінде болған екен. Хош, сонымен кітап не туралы? Кітапта Хасан және Амирджан атты екі дос бала арқылы түрлі оқиға желісі өрбиді.

Елдің бейбіт өмірінің белгісі сол, ол елдің аспанында батпырауық қыран  құстай қалқиды деп сенеді Ауғандар. Кейін өкінішке орай — бас жағы Ресей әскерінің басқыншылығы мен басталып, аяғы ішкі Талиб ұйымының пайда болуымен жалғасып, қалың бұқараның тыныш өмірі тас талқан болады.
Қоғамда қашан руханият пен адами қасиеттер құлдыраса, азайса — оның орнын міндетті түрде қатігездік пен надандық, қараңғылық пен нәпсі құмарлығы басады.

— Ауғанстандағы балалардың 50 пайызының екінші аяғы жоқ. Неге дейсіз ғой, сол аяғымен мина басқан. Ал, үлкендер нан табу үшін екінші аяғындағы протезін сатып күнелткен. 😢 Бұның бәрін оқып отырып қәзіргі хәліңе еріксіз шүкір етесің.

@kitapsuyer

Бұл кітап туралы ойымды өлмей тұрып Кабулдегі Хасанның Америкаға көшіп кеткен досы Әміржанға жазған мынадай әсерлі хатымен аяқтағым келеді: ⤵️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍26❤9😢4🔥2👨‍💻1
Амир-ага!
Горе нам! Афганистана нашей молодости давно уже нет, и доброта исчезла с лица земли, и людей убивают на каждом шагу. Страх в Кабуле притаился повсюду: на улицах, на стадионе, на рынках, вся наша жизнь пропитана им. Дикари, которые правят нашей Родиной, ни во что не ставят человеческое достоинство.

Помнишь, как мы сидели вдвоем под гранатовым деревом и читали «Шахнаме»? Это дерево давно уже не дает плодов, но тень у него, как и раньше, густая. Сидя под ним, мы с сыном прочитали уже всю «Книгу о царях», и больше всего ему нравится, как ты, наверное, догадался, сказание о Рустеме и Сохрабе. Скоро он сможет прочесть все это самостоятельно. Я горжусь своим сыном и очень счастлив.

В последнее время я часто вижу сны, Амир-ага. Кошмары — гость редкий, но иногда я вижу виселицы на залитом кровью футбольном поле и просыпаюсь со стесненной грудью, весь мокрый от пота. Куда чаще мне снится что-то хорошее, например, что Рахим-хан-сагиб выздоровел или что сын мой вырос и стал свободным достойным человеком. Порой мне снится, что на улицах Кабула вновь расцвели цветы лола и из чайных опять разносится музыка рубаба и воздушные змеи парят в небе. А еще я вижу во сне тебя, Амир-ага. Когда же ты приедешь в Кабул, где тебя ждет не дождется твой верный друг?
Да пребудет Аллах с тобой вовеки.
Хасан.

@kitapsuyer
💔15👍7❤3🤔1🎉1
✍ Халед Хоссейни
📚 Бегущий за ветром

(Онлайн Фильм)
👍8❤4😍1
Жеті жасымда әкемнен:
«Бізде Майкл Джексондікіндей үлкен үй қашан болады? деп сұрадым. Әкем маған қарап:
«Бұл орындалмайтын арман», - деп жауап берді.

Біршама жылдардан кейін мен үлкен үй алдым, бірақ ол кезде әкем болмады. Сол кезде іштей: «Үйім үлкен болмаса да, әкем қайтып келсе екен!» деп армандадым.

Иә, ақша сізге ыңғайлы өмір сыйлай алады, бірақ жақын адамдарыңызды емес...

© Криштиано Роналду

@kitapsuyer

#өмірлікмәнібар
👏34❤19👍10🕊1🤝1
🧠 Сыпайы болыңыз

✅ Мен сіздермен бір сырымды бөлісейін:
соңына дейін сыпайы болыңыз.

🎭 Дау-дамай болған жағдайда, адам сізден негатив күтеді. Бірақ сіз сыпайы болсаңыз, сіз оның үмітін жойып, даудан жеңіске жетесіз.

💌 «Өзіңіз елестетіп көріңіз, олар сізге айғайлайды, ашуланады, ал сіз өз ойыңызды сабырлы және сыпайы түрде жеткізесіз».

Мұнда кім мықты?

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍51🔥10❤4😁3🫡3🤔1
Егер бір адам сіз туралы өте жақсы ойда болса, бұл мынаны білдіреді: «Мен адаммын, сен де адамсың, сол себепті мен сенен тек жақсылықты үміттенемін!» дегенді білдіреді.

Ол: «Мен ақ көңіл, аңғал едім, кел де мені алдап кет» дегенді білдірмейді. 🧠

Адам адалдықты, абыройды жылдап жинайды. Ал оны жоғалту үшін секундтар жеткілікті.


@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍43❤21👏3✍2
Біз әкесіне бағынғандардың соңы, баласына бағынатындардың алғашқы буыны боламыз.

© Ерқанат Көпжасар
💔40🔥8👍7❤6😁5😢5🕊1🫡1
️Сізге біреу көмек сұрап келді ме, көмектесіңізші!

"Сен мені тек керек кезімде ғана іздейсің"- демеңіз.
Сіздің есігіңізге келу оған да оңай болған жоқ. Құдай оны басқа біреудің есігіне жіберуі мүмкін еді.
Барынша қол ұшыңызды созыңыз. Аллаһ сіздің көп сауап алуыңызды қалайды.

Ал сіз көп жақсылық жасауға лайықсыз!


🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤60👍13🥰3👏3💯3✍2
— Ол ауруынан айыққаннан кейін «Жаныңдамын» деген сөзден не пайда?

— Егер оны адами пенделігімен қабылдай алмасаңыз «Мен оны сүйемін» деудің не керегі бар?

— Онымен араздасып қалғаннан кейін, араға жылдар салып «мені кешір» деуің кімге керек?

— Оның жетістікке жету жолындағы қиын қыстау күнінде қасында болмай, «Мен сенімен мақтанамын» дегенің қай сасқаның?

— Ол өмірден өткеннен соң оның моласына гүл шоқтарын апарып «Мына сыйлық саған» дегенің қандай сәтсіз сөз?

Біз жылы сөзді мүлдем атпағаннан емес, мүмкін уақытылы айтпағаннан мұңаямыз?

🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿

Автор: @ilyasgo
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💔36👍10❤9🔥6👌2🎉1
Сізге көп жерде айтылмайтын бір ойыммен бөлісейін:

— Кемелдікке тәрбиелейтін коучтардың өздері де кемел емес.
— Филологтар да кейде қате жазады.
— Психологтар да кейде депрессияға түседі.
— Имамдар да кейде таң намазына ұйықтап қалады.
— Админдер де кейде өзі не салып жатқандарын өздері оқымайды.
— Кітапханашылар да кейде кітап жанрларын білмейді, әйгілі жазушыларды танымайды.
— Кітап жазатындардың бәрі де негізі жазушылар емес.
— Жүрек тыныштығы туралы айтатындардың да кейде өз жүрегі тыныш емес.
— Вайнер бөлісетін бір сәтті кадрдының артында бірнеше сәтсіз кадр жатады.
— Жұрттың көңілін көтеретіндердің көңілі де үнемі көтеріңкі емес.
— Дәрігерлер де салауатты өмір салтын айтып болған соң кейде оңаша отырып ішімдік ішеді.

PS: Бізге дұрыс болып көрінген адамның бәрі өмірде біз ойлағандай емес. Жағымсыз болса да осыны түсінуге тиіспіз. Солай..

🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍63❤17👏7🕊2🆒2😎2🔥1👌1
📚 Белгілі қаламгерлердің шығармаларын, олардың қаншалықты талантты екенін үнемі мақтап жатамыз бірақ, «сахна артында» қыруар жұмыс атқаратын әйелдерін ұмытып кетеміз. Мысалы, Достоевскийдің әйелі Анна Сниткинаны алайық.

Жазушы сұмдық құмар ойыншы болған және әйелі Анна Сниткинадан ақша табуды үнемі талап ететін. Достоевский ойында қалай жеңуге болатынын білемін деп ойлайды да, ойсыра жеңіле береді.

Федор Михайлович үшін үйдегі затты кепілге қойып, кепілге алған барлық қаражатты бірден жоғалту соңында тіпті қалыпты болды.
Бірде Достоевский құмар ойында көп ақша жоғалтқаны сонша, оның үйіне қайту билетіне де ақшасы қалмайды (бұл оқиға Германияда болған). Жазушы әйелінен ақша жіберуін өтініп хат жазады. Ақша аз уақыт ішінде келеді, бірақ билетке алған ақшасын тағы да құмар ойнап, оны да жоғалтады.

А. Сниткина оңай болмаса да, қиындықтар мен қайғыға төтеп берді. Ақырында, оның шыдамдылығы, қолдауы мен махаббаты жазушыға бұл жамандықтан арылуға көмектесіп, рухани күш жігер берді.

Айта кету керек, Анна күйеуімен кездескенге дейін Достоевскийдің шығармаларының белсенді оқырманы болған. Оның талантына деген құрметі оған әрқашан күш-қуат беретін болған.

Достоевский алғыс ретінде өзінің соңғы романы «Ағайынды Карамазовтар» романын өзінің нашар әдетіне шыдаған әйелінің құрметіне арнады.


@kitapsuyer
👍31❤14🔥3👏2🎉1
Әрбір әйелдің:

«Әйелдеріңмен жақсы мәміле жасаңдар» деген және астында «Алла елшісі (ﷺ)» айтты деген мөрі басылған жеке куәлігі бар деп ойла.

— Жұмақ ананың табанының астында екенін ұмытпа.

— Әйеліңе қараған кезде «Сендердің ең жақсыларың — әйелдеріңе жақсы қарым қатынас жасағандарың» деген хадисті есіңе ал.

— Қызыңа қараған кезде, қиямет күні ол сені тозақтан қорғайтын перде бола алатынын ұмытпа. Пайғамбарымыздың (ﷺ) өсиеттерін есте сақта.

@kitapsuyer
❤46👍8😍4❤‍🔥2🥰1
Бір қария кісі телефон жөндейтін жерге келіп:

— Баламай, мына телефонды көріп берші бұзылып қалған секілді. Шебер дереу қарияның телефонын ары бері қарап болған соң:
— Телефоныңызда ақау жоқ ата. Бәрі қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.

Сонда қария:

— Онда неге маған ұл, қызым қоңырау шалмайды? :(

*Ескі болса да, есті жазба

@kitapsuyer
😢60💔30❤8👍7💘3🕊1
⭐️ Күн тапсырмасы:

— Телеграмда мусор болып толып қалған каналдардан отписка жасаңыз!

🗣️ Миыңызды олармен ластамаңыз, әлеуметтік желідегі артық ақпарат, түбінде өзіңізді шаршатады. Есте сақтау қабілетіңізді нашарлатады.
👍48❤16🫡8
🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸

Бұл өмірде неше түрлі адам бар,
Сен туралы білмей жатып жамандар.
Мына сені жек көреді біліп қой,
Өзін жақсы көре алмайтын адамдар.

Сол үшінде өз - өзіңді жақсы көр!
Алдарыңнан шықсын десең жақсы жол.
Жақсы жанды жолықтырғың келсе егер,
Ең бірінші өзің сондай жақсы бол.

— Мұқағали Мақатаев
— "Өз өзіңді жақсы көр"
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥46❤23👍14👏2🕊2⚡1😁1💘1