Кітапсүйер
16.3K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
О, азан-ай! Әуезің неткен көркем еді..
👍62❤38😁10💊8🕊6
Жүрек — дастарқан емес, көрінгенге жайыла бермейді! 💗

🌸Ілияс Есенберлин

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤115👍22💯8👏6🥰5🔥3🕊1
🌷 Өмірде адамға бір оқиға арқылы сабақ болатын, бірақ, маңыздылығы ешқашан ұмытылмайтын сәттер болады.

Соның бір екеуін айта отырыңыз?

Өзгелерге үлгі болсын.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍33❤7🔥4👌2🕊1
Тағамның ағын да, қарасын да, былқ етпейсің ауызға саласың да..))
❤31🤣26👍7😁4👀4🕊2
Дұғалар.pdf
4.7 MB
Дұғалар жинағы 🕌
@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍15❤10🥰6🕊1
⏳ Иә, адам өмірі деген тесік шелекке құйылған су тәрізді болады екен. Тіршіліктің оны-мұны шаруа қамымен күйбеңдеп, басың қатып жүргенде, бір күні сарқылып бітіп қалғанын білмей де, байқамай да қалады екенсің!

*Бердібек Соқпақбаев

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤57👍13🔥4💔3🕊2
Болмайды құлшылыққа бекінбей шын,
Құныңды сонда ғана кетірмейсің.
Ораза былай тұрсын, жай кезде де,
Аузыңды жауып жүрсең өкінбейсің.

©️ Қуаныш Қолхаев

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤65👍20🔥5💯3🕊2
Бауырым, сонау күн қайда?

Бауырым, сонау күн қайда,
Алыстан қолын бұлғай ма?
Алдыңғы кеткен керуен
Артына мойын бұрмай ма?
Бұлдыр да бұлдыр бел асып,
Бұлдырық құсап зырлай ма?
Ойланып, байқа мұндайда,
Қуаныш қайда, мұң қайда?
Көріктей үрлеп көрерсің,
Заманың көнсе ыңғайға.
Құм шөлмек тектес ғұмырың
Қапыда бір күн сынбай ма?
Сыбызғы тең бе сырнайға,
Тобылғы тең бе ырғайға?
Уызға жарып өскен ұл
Қазанның түбін қырнай ма?
Қайғысын көптің тартпасаң,
Көк тиын құның тұрмай ма?
Жағаны толқын ұрмай ма,
Арнаны тасқын бұрмай ма?
Сөзіңнің сиқы түзелмей,
Көзіңнің жасы құрғай ма?
Тереңге тартқан тамырды
Тасқын­сел келіп жұлмай ма?
Сүрінген ерге сын қойма,
Бүлінген елге мін қойма!
Азапты жанның арызын
Таскерең тағдыр тыңдай ма?
Боз көде басы бозторғай,
Бебеулеп соны жырлай ма?
Айналып соғып бұл жайға,
Айтуға, сірә, тіл майда.
Тарылған іргең кеңеймей,
Тарыққан көңіл жырғай ма?
Арпалыс көрмей азамат,
Арғымақ атты ылғай ма?
Жалғыздың үні мыңдай ма,
Жібектің жібі қылдай ма?
Ұлыған үрей ішіңде,
Жараңның аузын тырнай ма?
Талауға түскен тұлпардың
Тұрманы, бәлкім, жұрдай ма?
Батқанда бәрі шымбайға,
Батамын мен де түрлі ойға.
Көнеден калған күмбездер
Шағады мұңын түнгі айға.
Күмбірлеп шыққан қоңыр үн
Күңіреніп барып тынбай ма?..

❤️Несіпбек Айтұлы

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤31👍13🤩5🔥4🕊1
әпкЕ.pdf
671 KB
👍11❤8🤯1🕊1
Кітапсүйер
әпкЕ.pdf
📣Алдағы сенбі күні талқыланатын шығарма.

📖 "Әпке" драмасы
ℹ️ Көлемі 41 бет
✅ Форматы: PDF
✏️ Автор: Дулат Исабеков

Ұсынған: @kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍23❤9🕊2
Кітапсүйер pinned «📣Алдағы сенбі күні талқыланатын шығарма. 📖 "Әпке" драмасы ℹ️ Көлемі 41 бет ✅ Форматы: PDF ✏️ Автор: Дулат Исабеков Ұсынған: @kitapsuyer»
Кешегі талқы.

📚 Адамға қанша жер керек?
✏️ Лев Толстой

Талқылаған : @kitapsuyerchat
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤9👍4🔥3🕊1
📚 Биыл бізде талқыланған шығармалар тізімі:

1 "Жарқыраған мың күн" — Халлед Хоссейни
2 "Ақбілек" — Жүсіпбек Аймауытов
3 "Жеңіл олжаның азапты жолы" — Джек Лондон
4 "Оныншы қара сөз" — Абай Қ.
5 "Адамға қанша жер керек?" — Лев Толстой

Келесі:
6 "Әпке" — Дулат Исабеков

Талқы орны: @kitapsuyerchat
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤26🔥6👍2👏2🕊1
🕋Кеше қасиетті Рамазан айының соңғы он күндігі басталды. Бұл сәтте мұсылмандар бәйгеге жақындаған шабандоздай өз нәпсісін қамшылап, көбірек құлшылық қылып қалуға тырысады. Кейбіреуі мешітке и'тикафқа кіріп дүние ісінен үзіліс жасаса, кейбіреуі 10 күн бойы түнімен тахаджуд намазына тұрып, сол он түннен құран түскен қасиетті қадір түнін іздейді. 📖

🕋 Сізге де бұл құлшылықтар маусымында көбірек құлшылық қылып, кем дегенде сізге өмір сыйлаған ата анаңызға жұмақ тілеп дұға жасаңыз. Аллах қабыл қылар... 🤲

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤53👍7👏4🎉4🕊2
Ақтөбеде үйін су алып, көмекке мұқтаж болған отбасыларға Тараздан әлеуметтік көмек жөнелтіліп жатыр. Аз да болса ниетімізді дұрыстап, қасиетті айда бауырларымызға көмектесіп жіберейік. Сенімділігіне өзім кепілмін.

Каспи номер: 87081589094 Ақерке Ә.
❤52👍14👏5
🌲Сіз білесіз бе?

🕋 Қағба жер бетіндегі алғашқы ғимарат болды.

* * *
Оның алғашқы сәулетшісі Ибраһим алейһиссалам еді.

* * *
Ең алғаш қалам ұстаған Ыдырыс пайғамбар.
* * *
Жүсіп, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сағатты алғаш қолданған.

* * *
Құба – Ислам тарихында салынған алғашқы мешіт.

* * *
Мұсылмандардың алғашқы соғысы Бәдір шайқасы болды.

* * *
Алғашқы министрлік жүйесін Аббасилер орнатқан.

* * *
Ақшаны алғаш рет Ливияда ойлап тапқан.

* * *
Айлар мен жылдарға негізделген алғашқы күнтізбе – Хижри күнтізбесі.

* * *
Әлемдегі ең көп қолданылатын тілдер – қытай, хинди, ағылшын, испан және араб тілдері.

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤73👍22🔥7🤩3✍1🥰1👏1🕊1
Анасы бар адамдар,
Ешқашан қартаймайды.
Ақшасы көп адамдар,
Ешқашан сотталмайды. 😥
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢109💔27👏21❤16👍10👀6🔥4🤩3🤔2🕊1🍓1
Қыз атаулы сезімін таптап, намысына аяғын сүртіп кететін тәкәппар, өрескел, өркөкірек, қызқұмар жігіттерге сонша ынтық болуының себебі не?) Оның жақсы көрмейтінін, пайдаланып кететінін біле тұра ынтызар болып, жүрегін ұсынып артынан сүрліге жүгіріп жүретіні. Таңым бар…

*Қарғынды оқыған жігіттің сұрағы )

@ali_smailov
❤38👍25💔20🤝2🕊1
🌷Сенімен жолығар күн — Мен үшін қадір түні!

© Оралхан Бөкей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤103👍9🕊8🔥5😍4🤩1😴1