Кітапсүйер
16.3K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
Беймаза түндер

Кейде түнде бастырылып, езілем,
Езілуден болып кеттім мезі мен!
Ұйықтап кетсем, ояу жүріп түсімде,
Мұқағали, Мағжандарға кезігем.
Есенғали әзіл айтып тұрса да,
Есенқұлдың мұң көремін көзінен.
Сүлік қара гитарасын құшақтап,
Табыл отыр өзі болып өзімен.
Шабыттанып шарқ ұрады Шәмші ағам,
Әуен іздеп Жұмекеннің сөзінен.
Адал, аңғал шайырларды көрем де,
Пендешілік ойларымнан безінем.
Ар алдында тұрған кезде өзімді,
Дар алдында тұрғандай боп сезінем.

Араластым талай бұлбұл, дүлділмен,
Бірақ, кімнің кім екенін кім білген?
Ардан аттап кеткен кезім бар болса,
Аяғымды байлап тастап шынжырмен,
Аямаңдар, тас атыңдар бір-бірден.
Ал әзірге ештеңем жоқ бүлдірген!
Мен қай күні былғап алсам арымды,
Сол күннен-ақ жазбай кетем жыр мүлдем.
Содан кейін өлеңімді сүйгендер,
Сүйегімді табарсыңдар үңгірден.
Өмір үшін өлең жазып көргем жоқ,
Өлең үшін өмір сүріп жүрмін мен!

Әй, мен сірә, аттай алман арымнан,
Аттап кетсем жоғым жақсы барымнан.
Көтерілсем пайдаланып біреуді,
Өзім түсем, өзім шыққан тауымнан.
Тексеретін бір құрылғы бар болса,
Бір жауыздық таппайсыңдар жанымнан,
Бір қаскөйлік таппайсыңдар қанымнан.
Менің қандай екенімді сұрап көр,
Ең қатыгез жауымнан!

©️ Ершат Қайболдин
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏32❤19👍8🔥4🕊3🍓1
🗣 Достарыңның сен жоқ жерде, сен туралы айтатын әңгімесі — сенің қандай адам екеніңді емес, олардың қандай адам екенін білдіреді.

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💔56👍26❤20🍓1
Еститіндер көп,
Тыңдайтындар аз. ✔️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯61👍19❤9🥰3🍓1
Арнаға пост салынбаған күндер — бұл менің қоржынымда өзгеге өзімнен алып қосар салмақты пікірдің болмаған кезеңі. 📃
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤46👍9
Әуелгі ізгілер тек қажетті сөздерді ғана айтатын. Өзгені ғайбаттап қоймайын деп аузына белгі ретінде тас салып жүретін. Қай күні, кімге не деп айтқанын жатқа білетін және әр айтқан сөзі үшін жауапты болатын.

Әр адамның тілінде бір айдахар ұйықтап жатыр. Сол айдахарды оятқан адамның басы бәледен ешқашан арылмайды.

Сөз — аузыңнан шыққанша сенікі,
Шыққаннан соң тыңдаушыныкі.
Адам көбіне айтпаған сөзі үшін, өкінбейді, бәлкім орынсыз айтқан сөздері үшін үнемі өкінеді.

Сол үшін әр сөзді ойланып сөйлеу керек. 🔉
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍64❤22🎉3🕊1🍓1💘1
Өзгені көп түсінетін ойшыл адам барлық уақытта бақытты бола бермейді. Олардың өмірі қол фонарьдың батареясы секілді, бар мейірімі мен қайрат-жігерін өзгеге жұмсайды да, өзі түптеп келгенде энергиясыз қалады.

— білмеймін... Мүмкін, соның өзі бақыт шығар.

📚 "Қарғын"

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤100👍18💔7❤‍🔥4🔥4🕊2🍓2👌1🫡1
Үйленіп отау көтердің, мінекей, сен де, бала қаз,
Тірліктен, бірақ, жарқыным, үйленбей кеткен адам аз.
Сен түгіл қасқыр қасқырмен, маймыл мен маймыл жұптасқан,
Өз теңін тапқан соң ғана адымын олар нық басқан.

Ойың мен ісің — жаңғырық, кейде оған түйсік жетпейді,
Әйел ап, бала тудыру ақылды қажет етпейді.
Күнделік құмар сезімді өрілгені үшін отпенен,
Шатастырып алдық, құдай-ау, бір туар махаббатпенен.

Алдану, сірә, түк емес бұлтақсыз, бұлтсыз шақта да,
Үйлену деген, қарағым, алғашқы баспалдақ, қана.
Ата-анаң, үрім-бұтағың, бәрі де сені тұр қолдап
Бастысы — сұлу жұбайың өзіңе ертең кім болмақ,?

Махаббат — қайсар заңғар шын, кез келген өрлей алмаған
Он мыңнан, бәлкім, екі адам үмітін зорға жалғаған.
Содан ғой, сансыз кеудені жалғыздық дерті торлаған,
Қаншама заңғар тұлғалар қанатсыз жардан сорлаған.

Тұрмыстың түрлі сынынан сүрінбей өтті десе де,
Жұбайың досың бола ма?
Miне, бұл — басты мәселе.
Не бермек тәннің одағы?
Жаныңа жаны қосылмау
Бұл — нағыз бедеу қасірет, қосылмау деген — ашылмау!

Гүл болып ашылмағанның тілегін кім бар жақтаған?
Рухы қосылмағанның сезімі шаттық таппаған.
Рухы қосылмағандар — жалынсыз, сәнсіз, жақұтсыз,
Сондықтан мына жалғанда екеудің бірі — бақытсыз.

Сондықтан махаббаттың да сырт санын құрайтындар көп
Жәй көзге күліп жүргенмен, жасырын жылайтындар көп
Тағдырдан қашу мүмкін бе, жүрсең де қандай жолменен,
Бір мәнді сұрақ алдыңда тұрады ылғи көлденең:

"Жұбайың досың болды ма самғатқан сенім шырайың,
Нақ сондай ұлы бақытты берді ме саған құдайым?
Ойнай ма оның көзінде сезім мен рух жарқылы,
Ұға ма ол шаттық-мұңыңды жетінші түйсік арқылы?

Ұқпаса...
Ісің секілді дауылда мұзға жаққан от,
Рухани терең түйсіну жоқ кезде махаббат та жоқ.
Нағыз қыран мәңгі ардақтап өтер болар өз көгін,
Өзіңді-өзің ұмыта біл, бақыты үшін өзгенің.

🪶 Мұхтар Шаханов
📖 Жетінші түйсік

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤85👍26❤‍🔥8🕊2🔥1🤔1🏆1🍓1
Өмір бойы адам баласына жақсылық істеген адам ғана өткен күнін ойласа қуана алады.

Махаббат пен адамгершілік егіз жаратылған перзент. Кіндігі бір. Оны бөлу зор күнә. Кешірілмес күнә!

әйел сыры құлыптаулы сандық, көрінгенге ашыла бермейді.

— Ұятын досының алдында сақтай алмаған әйел, өз қадірін өзі жоғалтпай ма? Қазақ әйелі — Европа әйелі емес, бөтен алдында жалаңаштану оған үлкен ұят.

Алыста тұрасыз ба? — дедім.
— Көңілі алыс адамға алыс, — деді қыз тағы да әзілдей күліп, — ал, көңілі жақын адамға....
— Алыста жақын ғой..

📝 Ілияс Есенберлин
📚 Ғашықтар

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤81👍16🔥7🍓1
Оқулық жоғары оқу орындарының бағдарламасына сəйкес жазылған ғибадат фиқһы пəнінің мəселелерін қамтиды. Оқулықтың бұл томында ғибадат фиқһының «Таһарат» жəне «Намаз» сияқты мұсылмандардың орындауына міндетті парыздар қағидалары баян етіледі.
Оқулық исламтану, дінтану, теология салаларында маманданушы студенттерге, магистрларға, оқытушыларға жəне жалпы оқырман қауымға арналған. 367 бет.

@kitapsuyer 📚
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤15👍7🍓1
Еркекті ауыр жұмыстар емес, ауыр ойлар шаршататыны несі?
❤69🔥14👍10⚡6💔4👏3🏆3🍓2
Өмір деген — Ж
Жауапкершілік!
❤‍🔥57👍15❤8👏7🫡6🔥3🤩1🐳1💔1🍓1💊1
Сен өзіңде жоқ қасиеттерді өзгелердің бойынан көргеніңде оған қызығып емес, қызғанып қарайсың. Адамның жүрегінен гөрі оның қабілетін, талантын жоғары бағалайсың. Жүрек-сезімді есепке алмайсың Ал, шындығында, ақыл-ойға қозғау салып, оны ізгілік, адамгершілік арнасына бағыттап отыратын нәрсе — жүрек қой. Парасат пен сезім бір арнаға құйылып жататын, анадан егіз туылған құбылыстар ғой. Мөлдір сезімнен айрылып, жалғыз өзі қалып қойған сыңар талант қашанда адамға қатер туғызады емес пе?

Ақыл-ойы жеткілікті, бірақ тасбауыр, мейірімсіз жандар әлемде аз ба? Адамды мыңдап қырып жоятын небір сұмдық қару-жарақтардың авторларын ақымақ деп кім айта алады?
Меніңше, ақыл-ой қашанда қаңтардағы мұздай салқын нәрсе. Оны өзінің сол таза күйінде жұмсауға болмайды. Тек ізгі ниетті жандарға тән нәрсе — оттай ыстық адамгершілік сезімімен суарылғанда ғана ақыл-ой киелі күшке айналады.

📝 Немат Келімбетов
📚 Үміт үзгім келмейді

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍48❤‍🔥19❤10😍2🍓1
Өмірде жақсы тұру үшін сұлулық емес, бақыт керек.

🪶 І. Есенберлин
📖 Алтын құс

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤78👍9❤‍🔥6💘3⚡1🔥1💯1🍓1
❤33👍8🤔8🤷‍♂6🍓3
Кеше бала ең, келдің ғой талай жасқа,
Көз жетті бір қалыпта тұра алмасқа.
Адамды сүй, Алланың хикметін сез,
Не қызық бар өмірде онан басқа?!



❤️‍🩹🤍❤️‍🩹🤍❤️‍🩹
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤132👍21💔5🥰3🍓3🎉2🙉1
Егер сені дұшпандарыңмен қатар достарың да жасырын оқитын болса, онда сен нағыз жазушысың...

🪶 — Ф.Достоевский
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤81👍25👏3🐳2🍓2
Жоғарыдағы үй Мессидікі, ортадағы үй Роналдудікі, ал төменгі үй екеуінің қайсысы жақсы деп таласатындардікі.
🤣109😁15👍11❤8🔥3🍓1
Италияның білім министрлігі сегізінші сыныпқа дейінгі оқушыларға мектепте ұялы телефон пайдалануға тыйым салды.

Меніңше тәуір заң 👍
👍153❤17❤‍🔥13🍓3