Кітапсүйер
16.3K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
"Құрмет – махаббаттың ең соңғы қорғаны.
Егер ол да бұзылса – онда бұндай қарым қатынаста ештеңе де қалмайды."
❤82🔥12👏7💔5💯3🕊2🥰1
#Кекілбаев_даналығы

Сөздің салмағы – ойдың тереңдігі*

"Мінез – адамның ішкі әлемінің сыртқа шыққан көрінісі."



🗒️Әбіш Кекілбаев

📎Кей адам сөзбен сөйлейді,
Кей адам – *мінезімен үнсіз ой тастайды.*

📎Бүгінгі қоғамда сабырдан гөрі айқай, сыйластықтан гөрі күрес алға шықты. Бірақ… ұлы жазушы айтқандай –
шындық дауыста емес, *мінезде.*

📚 @Kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤67👍11🔥4
*Аварлық ақын жазушы, Расул Ғамзатовтың ойүзінділері*

📝 *"Адамның ең сұлу киімі – мінезі. Оны тіге де, жырта да алатын – өзің."*

📝 *"Махаббат – жүрек үшін,
мақтаныш – ақыл үшін. Екеуі кездескенде,
ақыл да, жүрек те сынақтан өтеді."*

📝 *"Өмір – күрес емес,
Өмір – сый. Соны қабылдай білген адам ғана – тыныштық табады."*

📝 *"Адам жаны – қарапайым.
Оны ауырлататын – өкпе,
ал тазартатын – кешірім."*

📝 *"Дүниеде екі нәрсені жоғалтуға болмайды:
Бірі – ар,
Екіншісі – ана."*

📝 *"Түсінбегенге – ақталма,
Кеткенге – жүгірме,
Қалғысы келмеген адамға – есік аш."*

🔔 Автордың қай сөзі сіздің қазіргі көңіл-күйіңізге сай келді?

🪶Расул Ғамзатов

#РасулҒамзатов #данасөз #адамдық #махаббат #жанәлемі #руханият

😀 @Kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤80👍20🕊3
© Ақберен Елгезек
👍52❤19🕊8🥰4🔥3
Бүгін біз сіздермен *Төлен Әбдіковтің* «Тозақ оттары жымыңдайды» повесі туралы сөз қозғағымыз келеді. Бұл повест — адамзаттың рухани азғындауы мен отарлық саясаттың зардабын терең суреттеген туынды. Мұнда жазушы Бразилиядағы араку тайпасының қасіретті тағдырын баяндау арқылы қазақ халқының да тарихи әділетсіздіктерге ұшырағанын астарлы түрде жеткізеді.

📖 *Повестің негізгі мазмұны*

Шығармада әлемге танымал дәрігер Эдуард Бейкердің өмірі баяндалады. ЮНЕСКО тілшісі Ливино Плателлинмен сұхбат барысында доктор Бейкер өзінің балалық шағын еске алады. Ол — араку тайпасынан шыққан Киаку есімді бала. Ақ нәсілділердің отарлық саясаты нәтижесінде тайпасы жойылып, жалғыз өзі аман қалған Киаку кейіннен Эдуард Бейкер атанып, медицина саласында үлкен жетістіктерге жетеді.

🔥 *«Тозақ оттары жымыңдайды» атауының мәні*

Повестің атауы тайпа қариясы Янамуканың сөзіне негізделген:

«Тозақ оттары!.. Көріп тұрсыңдар ма? Тозақтың оты!!!» 🔥


Бұл сөздер ақ нәсілділер әкелген электр жарығына қатысты айтылған. Янамука үшін бұл жарық — олардың өміріне төнген қауіптің, зұлымдықтың белгісі. Осылайша, «Тозақ оттары жымыңдайды» атауы отарлық саясаттың зұлымдығын бейнелейді.

Кәзір повестен 🧠 *Ой салатын үзінділер* ұсынамын: 👇

@Kitapsuyer 📖
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤31👍10🤩3
👆Осы повестен алынған әсерлі үзінділер:

«Біз бір адамның тағдыры үшін жер жүзінің прессаларын шулатып, ұрандар ұстап, көшеге шығамыз... Ал тұтас бір нәсілдің, бірнеше халықтың құрып кетуін қай тілде суреттеп беруге болады?»
«Тарихтың өз заңы, өз стихиясы бар. Оны бұзуға сіз бен біздің шамамыз жетпейді. Тіршіліктің даму заңы үнемі адамдардың пайдасына шешілетін шығынсыз сәттіліктен ғана тұрса деп тілеудің өзі қандай аңқаулық десеңізші!»
«Анда-санда жабығып алған да дұрыс шығар. Табиғат берген құбылыстың бәрін адам баласы аңсауға тиісті. Мейлі ол қуаныш болсын, мейлі уайым болсын. Үйткені адам үшін ең жаманы — зерігу.»


«Тозақ оттары!..» — дейді Янумака күбірлеп. — «Тозақ оттары жымыңдайды. Көріп тұрсыңдар ма? Тозақтың оты!!! А-а-а!!!»

«Доктор шамырқанып көзін жұмды. «Шіркін мына дүниені талқан қылып қиратар ма еді» — деген кекті дәме өн бойына шымырлай тарап, би ырғағымен теңселе берді. «Бум! Қайда біздің даңқты күндеріміз?!!.. Оралмайтын күндер үшін! Бум! Өлгендер үшін!.. Жер үшін!.. Ақырғы рет... Бум!»»


📎*Қорытынды*

Бұл жолдар адамзаттың кейде жеке адамның тағдырына көбірек мән беріп, тұтас халықтардың қасіретін елемей қалатынын көрсетеді.

«Тозақ оттары жымыңдайды» — отарлық зұлымдықтың, рухани азғындықтың, тарихи әділетсіздіктің көркем бейнесі. Жазушы бұл туынды арқылы тек бір халықтың емес, бүкіл адамзаттың ар-ожданына үн қатады.

Біздің арна: @Kitapsuyer 📚
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍19❤14🔥2
*Бексұлтан Нұржекеев* — қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, қаламынан *махаббат, азаматтық, ұлттық болмыс* жайлы терең ойлар туындаған жазушы.

Еңбектерінде *адам жанының иірімдері мен ішкі арпалысы, қазақы мінездің бояуы* көркем тілмен шебер өрілген.

*Бексұлтан Нұржекеевтің нақыл сөздерінен, шығармаларынан үзінділер* ұсынамын:

*#Нұржекеев_сөзі | Жүрекке жеткен жолдар*

🌹*«Адам бақытты болғысы келсе – өзгеге бақыт сыйлаудан бастауы керек.»*

🌹 *«Махаббат – бір жүректің ғана емес, екі рухтың үйлесімі.»*

🌹 *«Жауапкершілік сезімі жоқ махаббат – ұзаққа бармайтын жол сияқты.»*

🌹 *«Ұлтыңды жақсы көргенің – тіліңе, тарихыңа, намысыңа адал болғаның.»*

🌹 *«Кітап – сенің жаныңды тәрбиелейтін досың. Жансыз адам кітап оқымайды.»*

🌹 «Екі адамның бірге тұруы – жай ғана үйлену емес, өзіңді екінші рет тани білу өнері.»
💬 Құрметті оқырман, сізге автордың қай сөзі ерекше әсер етті?

📎 #БексұлтанНұржекеев #әдебиет #махаббатпенмінез #руханиазық #қазақжазушылары

@Kitapsuyer 📚
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤41👍8
👥 Бұл сөздер Абай атамыздың нешінші қара сөзінен үзінді деп ойлайсыз?
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤50👍11😢7🤯4💘1
🕯️ *Қоштасу: Әкім Тарази (1933–2025)*

Кеше, 2025 жылғы 22 сәуірде, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы-драматург, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әкім Тарази өмірден озды.

Әдебиетке терең ойлы шығармаларымен, қоғам мен адам болмысын шебер суреттеген туындыларымен елеулі үлес қосқан қаламгердің артында мол мұра қалды.

Оның «Тасжарған», «Қорқау жұлдыз», «Жаза», «Ауыл шетіндегі үй», «Мұстафа Шоқай» сынды шығармалары оқырман жүрегінен орын тапты.

Әкім Таразидың қаламынан туған кейіпкерлер мен оқиғалар қазақ әдебиетінің алтын қорында мәңгі сақталады.


📚 Сізге Әкім Таразидың қай шығармасы ерекше әсер етті?

#ӘкімТарази #ҚазақӘдебиеті #Қоштасу #МәңгілікМұра

@Kitapsuyer ⭐️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💔35❤14👍7🔥1😢1
🤗 Адамның жүрегін ең қатты ауыртатын нәрсенің бірі — өзгере алмайтын адамды өзгертуге тырысу
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💔134❤46💯16🔥9👍5
"Адамдардың есінде қалатын жалғыз нәрсе — оларды қалай сезіндіргенің"

📝 Дэйл Карнеги
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥83❤38👍19💯4😍3❤‍🔥1👏1🐳1
Ең күшті – күресте жеңген адам емес. Шынайы күшті – ашу үстінде өзін ұстай алған адам.

Пайғамбарымыз Мұхаммед 🪶

@Kitapsuyer📚
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤169👍12❤‍🔥10🕊8💯4🔥1😇1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🪶 Ақжол Түменбай
📝 Адам бір рет сүйеді, содан кейін..

@Kitapsuyer 📚
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤52💔19👍7🔥5
Өтудесің,
өтесің замандарым,
Құпиям көп ұқпаған, түсінбеген.
Әкем менің жек көрген адамдарын
"Жалыны жоқ сорлы" деп мүсіркеген.

Алдан іңкәр үміттің жолын көрем,
Жолын көрем,
Жанымнан жалын көрем.
Мүсіркетпе тағдырым мені ешкімге,
Мүсіркеген адамның қолында өлем.

Ғасырына он берген,
Ерлер аз ба шапағатын ел көрген,
Жас шағында-ақ заманының заңғар ойын меңгерген.
Керісінше, сақал-шашын күнге ағартқан қарттар бар,
Жасы жүзге келгенмен.

Даңқы шырқау ел рухын айқындайтын деңгейдің,
Жас кезінде жалыны жоқ жігіттің,
Жас кезінде дарыны жоқ жігіттің
Ертең ерлік жасарына сенбеймін.

Иә, жастық шақ бола алмайды ешқашанда жарлы ұғым,
Аяу керек
Жастық отын ерте өшіріп алғандардың барлығын

"Жалын"
М. Шаханов


@Kitapsuyer 📚
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥43❤27👍11😍5💘4😘2⚡1😢1
Жол бұралаң, сезім тура, oй тура,
Жол түскен соң болмас кейін қайтуға.
Сүйген адам сезімі үшін бақытты,
Болмайды оны бақытсыз деп айтуға.

Бұл жайлы көп мұңдаудың не орны бар,
Жандар да бар пәк сезімді қор қылар.
Махаббатты үйлену деп ойлайды
Құдіреттің құнын білмес сорлылар.

Аз ба өмірде жылап жүріп күлгендер,
Құр күлкінің қасіретін білгендер.
Ойлашы өзің, аз ба мынау әлемде
Сүймей, сенбей тағдыр қосып жүргендер.


Өмір солай, күйзеліс көп, жұлқыс көп,
Болсын, мейлі, дінің түзу, тұрмыс тоқ,
Сүймей, сенбей тағдыр қоссаң біреумен,
Махаббатта бұдан асқан қылмыс жоқ.

©️Мұхтар Шаханов
📖 @Kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍66❤60🔥15👏5❤‍🔥2💘1
Мыйымда - Мо Ян,
Ойымда - Орхан Памук,
Жүректе - Шерхан,
Маңдайда - Мұхтар Мағауин,
Таңдайда - Мұхтар Шаханов,
Тілімде - Төлен,
Тінімде - Бексұлтан,
Ділімде - Дулат Исабеков деп,
Қалиханның қолынан да қаспақ жеп,
Бердібекті де көрген мына көз,
Оралханға да ерген бұла кез!..

© Жүсіпбек Қорғасбек
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥110❤51😍15👍11🤩2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Әкеме мені жетілдіру үшін 4 мезгіл бірдей болды...
❤72😢64👍57💔30🕊6👏5🔥4💘2🥰1
Біздің өміріміздегі ең нашар адамдар – олар, сенім есігінен кіріп, сатқындық есігінен шыққандар.

©️ F. Dostoyevskiy
❤179🔥26👍21💔16💯6👏3
Бүгінгі құрбан айт мерекесі құтты болсын! 😘🥰🥰

Бұл күн — бауырмалдық пен жанашырлықтың, кешірім мен рухани тазалықтың күні.

Жақсылық жасап, жан-жағымызға мейірім төгіп, бір-бірімізге қуаныш сыйлайық. Құрбандығымыз қабыл, тілегіміз асыл болсын! Отбасыңызға амандық, шаңырағыңызға шаттық тілейміз!

*Айт мейрамы әр шаңыраққа нұр мен береке әкелсін!*

#ҚұрбанАйт2025

@Kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤59🎉5❤‍🔥2🥰2😍1