Кітапсүйер
16.3K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
👍8❤5👏3
«Менің атым Қожа» фильмінен дәйкесөздер және бұл фильмнің жарыққа шыққанына келер жылы 60 жыл болады.

«Менің атым Қожа» фильмі 1963 жылы жарық көрді. 1967 жылы Канндағы Халықаралық балалар және жасөспірімдер кинофестивалінде сыйлыққа ие болды.

Фильм әлемнің 20 дан астам тіліне аударылды.

Бұл көркем түсірілім Бердібек Соқпақбаевтың кітабындағы оқиға желісіне негізделген.

Жазушы сценарийін Ниссон Залеранскиймен бірге жазған. Бұл фильм – режиссер Абдулла Қарсақбаевтың жеке түсірген алғашқы көркем фильмі.

Фильм 1960 жылдардың бас кезеңдеріндегі совет ауылының тұрмысын ашық көрсетеді. Бала еңбегін пайдалану жағдаяттары да көркем көрініс тапқан. Мектеп оқушыларын шөп шабуға, қой қырқымына жібереді. Совет заманында мектеп қабырғасындағы оқушы балаларды мұндай «практикаға» қысылмай салтанатпен аттандырып отырғанын байқауға болады.

Фильм тентек бала жайлы комедия жанрында жарыққа шықты десек те, психологиялық тұрғыда қоғамның жалғыз басты анамен әкесіз өскен баланың қиын өмірін байқауға болады.

Бас кейіпкер Нұрлан Санжар (Қожа) кәзір 71 жаста.

@kitapsuyer
@kitapsuyerchat
👏12👍7❤1
👍2
Адекватность — дегеніміз не?

Бұл қысқа ғана ғұмырда "Менің ғана ойым дұрыс" деп ойлайтын адамдарды көптеп кездестіруге болады, солай емес пе?

Кітапсүйердің пікірінше, олар қолдарында бір түсті қаламы бар суретшілерге ұқсайды. Ал, қолдарында бір түсті қаламы бар суретшілер бұл өмірдің тамаша көрінісін қалай ғана әсемдеп салуы мүмкін?

Адекватты адамдардың артықшылығы сол, кез келген мәселеге түрлі түсті бояумен қарай алады. Әр адамның пікірін тыңдап, ортадан екі жаққа да тиімді бір ортақ мәмілеге келуді ұсынады. Себебі, әр адамның шындықтан өз үлесі бар. Өмірдегі бүкіл адам, бүкіл мәселе сіз ойлағандай немесе сізге ұнайтын форматта шешілуге тиісті емес.

Соны саналы түрде қабылдай алу адамды адекватты ойлануға, ал адекватты ойлану адамды даналыққа алып келуі мүмкін.

Ал сіз қандай суретшісіз?


@kitapsuyer
❤25👍8🔥3
👍3🔥1
🧲 Телеграмның магниттері!

✉️ Елімізде белсенді хат алмасу жағынан WhatsAPP желісі 1-ші орында. Бірақ, Телеграмның мүмкіндіктері одан да көбірек.
Мысалы:

🔏"Құпия чат"

Егер сіздің өзгеге бермекші болған ақпаратыңыз құпия болса, және сол үшін басқа адамдардан күдіктенсеңіз құпия чат ашып, белгілі бір уақыттан кейін, автоматты түрде диалогыңызды өшетіндей қылып баптауға болады. Тек оны серігіңізге айтып, сондағы жазбаларды өзіне сақтап алуын ескертіңіз.

🔐"Жабық арна"

Егер сіз өзгелердің көруінен ұялатын немесе телефоныңыздан өшіп кетуі мүмкін болған фото/видеоларыңыз болса, тек өзіңізге арналған "жабық арна" ашып (немесе избранный папканың) ішіне сақтап қойсаңыз болады. Әрі ол онда мәңгілік сақталады.

⚙️ Және телеграмның бір сәні, мында цифрланған ақылды боттар бар. Солардың бірнешеуін назарларыңызға ұсынғым келеді:

@SaveAsBot
@Kazakh_speech_recognition_bot
@SaveYoutubeBot
@telemetr_chat_bot
@sozdikqor_bot
@LatynGoBot
@KazPostBot
@TG_music_bot
@Getcontact_Officialbot

Діни:

@KORANcheteniebot
@quranhatm_bot
🔥11👍4❤1👏1
👍3