Бүгінгі талқыланатын кітаптан үзінділер. Сіз де қатысыңыз, 22/00 де чатта күтеміз.
Біздің чат: @kitapsuyerchat
Біздің чат: @kitapsuyerchat
👍18❤1
📚🎤 Келесі жексенбі күні, сағат 22:00 де талқыланатын кітап
Талқы саны: ✓ 40
Талқы өтетін чат: @kitapsuyerchat
Талқы саны: ✓ 40
Талқы өтетін чат: @kitapsuyerchat
👍14❤3
Кеш жарық, Қымбатты оқырман!
Әйгілі Қадір Мырза Әлінің:
Бақыт үлкен болған емес шынында,
Ал қайғының кішкентайы болмайды!
деген сөз тіркесін қалай түсінесіз? ☺️
Әйгілі Қадір Мырза Әлінің:
Бақыт үлкен болған емес шынында,
Ал қайғының кішкентайы болмайды!
деген сөз тіркесін қалай түсінесіз? ☺️
👍21❤3
ƏКЕМ БАРДА
© Қайнар Алагөзов.
Әкем барда Әміршім әулетімде,
Көретінмін тұлғасын тау ретінде.
Арманыңа кешікпей жету үшін,
Тау тұрғаны жақсы ғой жау бетінде.
Тауым шөгіп, қорғаным құлағаны.
Әкем қайтып, анамның жылағаны.
Әкесіз ұл-шатырсыз үй секілді,
Күн жауса іргемізден су ағады.
Бұйырып келте ғұмыр, келте көктем.
Еркелетер адамым ерте кеткен.
Сол ғой, әке, мені де, анамды да,
Еңбекке ертеректен ентелеткен.
Бес жасым.
Басқа мұң жоқ бір қарыннан.
Бір күні әкеме деп құмды ауылдан,
Тұқылын темекінің жинап келдім.
Не көрдің одан өзге ұлдарыңнан?
Ұрғанда шекемізден анам көздеп,
"Тиме, менің ұлдарым шабандоз",-деп,
Үш ұлыңды үш жүздің биі көріп,
Сөйлетіп отырушы ең, соған мәз боп.
Ешкімге қонған емес шынжырлы бақ.
Жағдайым бірде тасып, бір құлдырап,
"Әкесі үйретпепті" деген сөзді,
Естімеуге тырысып жүрмін, бірақ.
© Қайнар Алагөзов.
Әкем барда Әміршім әулетімде,
Көретінмін тұлғасын тау ретінде.
Арманыңа кешікпей жету үшін,
Тау тұрғаны жақсы ғой жау бетінде.
Тауым шөгіп, қорғаным құлағаны.
Әкем қайтып, анамның жылағаны.
Әкесіз ұл-шатырсыз үй секілді,
Күн жауса іргемізден су ағады.
Бұйырып келте ғұмыр, келте көктем.
Еркелетер адамым ерте кеткен.
Сол ғой, әке, мені де, анамды да,
Еңбекке ертеректен ентелеткен.
Бес жасым.
Басқа мұң жоқ бір қарыннан.
Бір күні әкеме деп құмды ауылдан,
Тұқылын темекінің жинап келдім.
Не көрдің одан өзге ұлдарыңнан?
Ұрғанда шекемізден анам көздеп,
"Тиме, менің ұлдарым шабандоз",-деп,
Үш ұлыңды үш жүздің биі көріп,
Сөйлетіп отырушы ең, соған мәз боп.
Ешкімге қонған емес шынжырлы бақ.
Жағдайым бірде тасып, бір құлдырап,
"Әкесі үйретпепті" деген сөзді,
Естімеуге тырысып жүрмін, бірақ.
❤38👍14🔥5🥰4
«Күнде қайталана беретін құбылыс. Бүгінгі күн кешегінің көшірмесі. Шаршадым! 🥴»
-деп ойланатын сәттер болады адам өмірінде. Айналамыздағы адамдар, іс-әрекеттерге тіпті өзімізге көңіліміз толмайтын уақыт. Бұл сезім жалғасса, деградацияға тап болуымыз мүмкін. Сондықтан күнделікті өзіңді шабыттандырып, жаңа көкжиектерге ұмтылу керек.
«Өмірін өзгеркісі келетіндерге» кітапсүйерден 3 кеңес:
1. Шешім қабылдаудан қорықпау.
Дүйсенбіні күтпе. Ойыңды жинақта, 7 рет өлшеп 1 рет кес. Жауапкершіліктен қашпа.
2. Шаблондардан аулақ бол!
Өзгенің өмір тәжірибесі, айтқан ақылы-мұның барлығы керемет, әрине. Бірақ сен-индивидсің. Өз өміріңнің суретін өзің сал.
3. Әр сәтіңнен ләззат ал.
Қаймықпа, соңы не болар екен деп қамықпа. Дәл осы сәт-сенің өмірің. Әр күн-өзгермейтін тарих. Қорқа берсең – өмір қараңғы көрінеді. Ал оны ашық түстермен әсемдейтін, ұмытылмас эмоциялармен безендіретін өзіңсің, Тек — Өзің.
-деп ойланатын сәттер болады адам өмірінде. Айналамыздағы адамдар, іс-әрекеттерге тіпті өзімізге көңіліміз толмайтын уақыт. Бұл сезім жалғасса, деградацияға тап болуымыз мүмкін. Сондықтан күнделікті өзіңді шабыттандырып, жаңа көкжиектерге ұмтылу керек.
«Өмірін өзгеркісі келетіндерге» кітапсүйерден 3 кеңес:
1. Шешім қабылдаудан қорықпау.
Дүйсенбіні күтпе. Ойыңды жинақта, 7 рет өлшеп 1 рет кес. Жауапкершіліктен қашпа.
2. Шаблондардан аулақ бол!
Өзгенің өмір тәжірибесі, айтқан ақылы-мұның барлығы керемет, әрине. Бірақ сен-индивидсің. Өз өміріңнің суретін өзің сал.
3. Әр сәтіңнен ләззат ал.
Қаймықпа, соңы не болар екен деп қамықпа. Дәл осы сәт-сенің өмірің. Әр күн-өзгермейтін тарих. Қорқа берсең – өмір қараңғы көрінеді. Ал оны ашық түстермен әсемдейтін, ұмытылмас эмоциялармен безендіретін өзіңсің, Тек — Өзің.
👍36❤12🔥2
Жанымның білем тыншымайтынын,
Тұнжырап мына қалса маң.
Алладан менің бір сұрайтыным,
Бақытты болсыншы барша адам!
Қастық қылғанды кем көрер деме,
Аяймын олар жыласа.
Аяқтан шалған пенделерге де,
Қолымды созам, құласа...
Өзгертпен осы кейпімді мүлде,
Өшпеген мендік еш үміт.
Сыртымнан өсектейіндерді де,
Ішімнен жүрем кешіріп.
Қарсы алған жақсы ақ таңды көппен,
Тағдырыңды өзің таңдайсың.
Біреуге күйе жаққан жүрекпен,
Біреуді сүйе алмайсың.
Санамда енді тұрақтайтындар...
Білмеймін тау кім, төбе кім.
Мені ұнататындар, ұнатпайтындар,
Бәріңді жақсы көремін!
 Рахат ӘБДІРАХМАНОВ
Тұнжырап мына қалса маң.
Алладан менің бір сұрайтыным,
Бақытты болсыншы барша адам!
Қастық қылғанды кем көрер деме,
Аяймын олар жыласа.
Аяқтан шалған пенделерге де,
Қолымды созам, құласа...
Өзгертпен осы кейпімді мүлде,
Өшпеген мендік еш үміт.
Сыртымнан өсектейіндерді де,
Ішімнен жүрем кешіріп.
Қарсы алған жақсы ақ таңды көппен,
Тағдырыңды өзің таңдайсың.
Біреуге күйе жаққан жүрекпен,
Біреуді сүйе алмайсың.
Санамда енді тұрақтайтындар...
Білмеймін тау кім, төбе кім.
Мені ұнататындар, ұнатпайтындар,
Бәріңді жақсы көремін!
 Рахат ӘБДІРАХМАНОВ
❤42👍23👎4