Жанымның білем тыншымайтынын,
Тұнжырап мына қалса маң.
Алладан менің бір сұрайтыным,
Бақытты болсыншы барша адам!
Қастық қылғанды кем көрер деме,
Аяймын олар жыласа.
Аяқтан шалған пенделерге де,
Қолымды созам, құласа...
Өзгертпен осы кейпімді мүлде,
Өшпеген мендік еш үміт.
Сыртымнан өсектейіндерді де,
Ішімнен жүрем кешіріп.
Қарсы алған жақсы ақ таңды көппен,
Тағдырыңды өзің таңдайсың.
Біреуге күйе жаққан жүрекпен,
Біреуді сүйе алмайсың.
Санамда енді тұрақтайтындар...
Білмеймін тау кім, төбе кім.
Мені ұнататындар, ұнатпайтындар,
Бәріңді жақсы көремін!
 Рахат ӘБДІРАХМАНОВ
Тұнжырап мына қалса маң.
Алладан менің бір сұрайтыным,
Бақытты болсыншы барша адам!
Қастық қылғанды кем көрер деме,
Аяймын олар жыласа.
Аяқтан шалған пенделерге де,
Қолымды созам, құласа...
Өзгертпен осы кейпімді мүлде,
Өшпеген мендік еш үміт.
Сыртымнан өсектейіндерді де,
Ішімнен жүрем кешіріп.
Қарсы алған жақсы ақ таңды көппен,
Тағдырыңды өзің таңдайсың.
Біреуге күйе жаққан жүрекпен,
Біреуді сүйе алмайсың.
Санамда енді тұрақтайтындар...
Білмеймін тау кім, төбе кім.
Мені ұнататындар, ұнатпайтындар,
Бәріңді жақсы көремін!
 Рахат ӘБДІРАХМАНОВ
❤42👍23👎4
...
Көздесе сынақ жебесін саған,
Ғұмырың өтер бір күндей.
Өмір ғой, өмір көнесің соған,
Өкінішіңді білдірмей.
Тати ма тағдыр сүйдім-ау деуге?
Бар ма әлде оған таласың?
«Бәрі де жақсы» деймін-ау елге,
Жасырып жанның жарасын.
Жанымды талай жатты өмір жонып,
Артылар онсыз жүк те көп.
Құшақты жайғам ақкөңіл болып,
Не таптым содан? Түк те жоқ!
Сырласар адам тапса да кісі,
Таусылып қалмас күресің.
Тағдырдың талай батса да тісі,
Тістеніп өмір сүресің.
Төгілді бүгін тағы да шерім,
Қайтесің, бәрін жалған де...
Ақселеу ғұмыр арыңа сенің,
Адал боп қалсам, арман не?!
©️ Азамат Әбілқайыр.
Көздесе сынақ жебесін саған,
Ғұмырың өтер бір күндей.
Өмір ғой, өмір көнесің соған,
Өкінішіңді білдірмей.
Тати ма тағдыр сүйдім-ау деуге?
Бар ма әлде оған таласың?
«Бәрі де жақсы» деймін-ау елге,
Жасырып жанның жарасын.
Жанымды талай жатты өмір жонып,
Артылар онсыз жүк те көп.
Құшақты жайғам ақкөңіл болып,
Не таптым содан? Түк те жоқ!
Сырласар адам тапса да кісі,
Таусылып қалмас күресің.
Тағдырдың талай батса да тісі,
Тістеніп өмір сүресің.
Төгілді бүгін тағы да шерім,
Қайтесің, бәрін жалған де...
Ақселеу ғұмыр арыңа сенің,
Адал боп қалсам, арман не?!
©️ Азамат Әбілқайыр.
👍39❤8🤩5👏2
Жұма – аптадағы ең жақсы күн. Алла Тағала бұл күнді мұсылмандар үшін ерекше етіп жаратқан. Жұма - әр мұсылман үшін бір мейрам, бұл күні Алла Тағаланың мейірім есіктері айқара ашыла түседі.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) былай айтқан: «Жұма - күні шыққан күндердің ең жақсысы. Осы күні Алла тағала Адам атаны жаратты, осы күні ол Жұмаққа кірген, осы күні ол Жұмақтан түсірілген және Қиямет болатын күн де жұма» (Тирмизи).
Сүннет амалынан:
1. Жұма намаз бен хұтбаға бару
2. Садақа беру
3. Ғұсыл алу
4. Туыстық қарым-қатынасты нығайту
7 Кәhф сүресін оқу
6. Дұға жасау
7. Тәубеге келу
8. Салауат айту
Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) былай айтқан: «Жұма - күні шыққан күндердің ең жақсысы. Осы күні Алла тағала Адам атаны жаратты, осы күні ол Жұмаққа кірген, осы күні ол Жұмақтан түсірілген және Қиямет болатын күн де жұма» (Тирмизи).
Сүннет амалынан:
1. Жұма намаз бен хұтбаға бару
2. Садақа беру
3. Ғұсыл алу
4. Туыстық қарым-қатынасты нығайту
7 Кәhф сүресін оқу
6. Дұға жасау
7. Тәубеге келу
8. Салауат айту
❤30👍11
Қашқын хаттары.pdf
140 KB
✍Рахымжан Отарбаев
📚Қашқын хаттары
Төлен Әбдіковтің әйгілі «Парасат майданы» повесін оқығаннан кейін туған ой.
📚Қашқын хаттары
Төлен Әбдіковтің әйгілі «Парасат майданы» повесін оқығаннан кейін туған ой.
❤🔥6👍4❤2