Білімді арттырудың маңыздылығы!
Аллаһ Тағала Құранда өзінің сүйікті құлы әрі пайғамбары Мұхаммедке ﷺ бұйырып былай дейді:
Айт: «Раббым, білімімді арттыр!» де. То-һа сүресі, 114-аят.
Осы аятқа қатысты хафиз ибн Хажар (Аллаһтың оған рақымы болсын) айтқан:
«Аллаһ Тағала Құранда пайғамбарына ешбір нәрсені арттыр деп сұрауын бұйырмаған, тек білімінен басқа. Сөзсіз бұл – білімнің артықшылығына айдан анық дәлел»
Қараңыз: Фатхуль-Бәри (1/141).

😍43👍8❤3🔥2🕊2👌1
Әр істің атын өзгертеміз деп, аты өзгермейтін жаққа кетіп қалмайықшы..
👍47💔9❤🔥3🔥3❤1👏1
Румидің нақыл сөздері
1. Ең қорқынышты жалғыздық – сені түсінбейтіндердің ортасында қалу.
2. Бір күні басыңа күн туғанда Тәңірге: «О, Жаратушым, басыма күн туды!» деп жылама, қайғыңа: «Менің жүрегімде Тәңір бар» дегін.
3. Қырсық бір айналдырса шыр айналдырады, бәле-жала ізіңнен қалмай қойғанда, жасыма, берілме! Жеңілсең, жағдай тұтасымен өзгеріп кетеді.
4. Сенен жерімейтіндей жақын бол, не ұмыта алмастай алыс бол.
5. Тыныштық – Тәңірдің тілі, қалғаны – нашар тәржіме.
6. Өміріңе енген өзгерістерге қарсыласпа. Өмірді өн бойыңнан өткіз. Бәрін астаң-кестең етті деп өкпелеме. Бұған дейінгі сүрген өмірің ендігі өмірден артық екенін қайдан білесің?
7. Сен іздеген сені іздейді.
8. Сүйгендер бір-бірін іздемейді, олар о бастан бір-бірінің жүрегінде.
9. Тілің таза болу үшін жүрегің таза болсын. Себебі, сөз жүректен шығады.
10. Махаббаты терең болса, сынағы да көп болады.
11. Бес күн жалғанда Махаббаттан басқаға жоспар құрма...
12. Сенің бойыңнан бақытын тапқан адам – сенікі. Қалғаны – құдайы қонақ.
13. Ақылдымен дос бол. Ақымақ дос ақылды дұшпаннан да жаман.
@kitapsuyer
@kitapsuyerchat

👍33❤11🔥3🕊3🤩2