Байқайсыз ба, бұрынғы үйлер саман кірпіштен, құмсыбақ, әкпен еді. Ол кездің адамдарында мейірім шуақ бар еді. Олар аяғындағы жыртық шұлыққа арыз айтпайтын. Береке бар еді. Асармен соққан үйлері батпақтан еді. Жүректері кең, жаймашуақ еді. Қазіргі зәулім үйлердің ішінде береке жоқ қой. Бұрынғы үйлер тастан соғылса да, адамдарының жүрегі алтын еді. Бүгінгі үйлер алтыннан соғылса да, жүректері тасқа айналғандай..
@kitapsuyer
@kitapsuyer
👍85❤15😢5👏3❤🔥2🔥1
Ең қиын үш нәрсе:
• Сыр сақтау,
• Қорлықтарды ұмыту
• Уақытты тиімді пайдалану
сіз үшін ең қиыны қайсы?
• Сыр сақтау,
• Қорлықтарды ұмыту
• Уақытты тиімді пайдалану
сіз үшін ең қиыны қайсы?
🔥32👏6💯6❤2👍1
"Үнемі жан дүниесі биіктеп өсіп отырмаған адам үнемі жақсы адам күйінде қала алмайды. Жақсы қасиеттеріңді жаңалап, дамытып, ой өрісіңді одан ары кеңейтіп отырған сайын жақсы болған үстіне бола бересің. Сүйген адамың да сонда сені сүйген үстіне сүйе түседі. Жеткен биігіңде тоқырап қалсаң, белігілі уақыттан кейін сені әйелің немесе сен оны түсінбей қалуың әбден мүмкін. Сүйіспеншілікті сақтап қалу үшін, не сол дәрежеде екеуің бірдей тоқырайсың, не екеуің бірдей өрлейсің. Бір кезде сүйіп қосылған жандардың кейін суысып жататыны кейде осыны ескермегендіктен".
Бексұлтан Нұржекеевтің
"Ерлі зайыптылар" шығармасынан үзінді.
Бексұлтан Нұржекеевтің
"Ерлі зайыптылар" шығармасынан үзінді.
👍29❤8👏1
"Жылға татитын күн болады. Күнге татымайтын жыл болады"
`Антон Чехов
Сіздің жылға татыған күніңіз болды ма? )
`Антон Чехов
Сіздің жылға татыған күніңіз болды ма? )
🔥20👍6👏6❤3💯2
Санаулы күн,
Санаулы ай,
Санаулы жыл.
Санай жүріп самайлар ағарды кіл.
Уақытты не пайда санағаннан,
Алатұғын өмірде бағаңды біл.
Қанша күнің,
Санап көр текке кетті,
Қанша жанды Санап көр, өкпелеттің.
Адамдықтан адасып қаншама рет,
Қаншама рет ауытқып, шетке кеттің?!
Қанша жүрек түбінде тұрақ тептің,
Қанша жанның жүзіне шуақ септің?
Қаншама рет қуанып бардың-дағы,
Қанша адамның алдынан жылап кеттің.
Ал, қанеки,
Санап көр, санағышым!
Сарқылмастан тұрғанда сана-күшін.
Не жақсылық көрсетті адам саған?
Не жақсылық жасадың адам үшін?
`М.Мақатаев
Санаулы ай,
Санаулы жыл.
Санай жүріп самайлар ағарды кіл.
Уақытты не пайда санағаннан,
Алатұғын өмірде бағаңды біл.
Қанша күнің,
Санап көр текке кетті,
Қанша жанды Санап көр, өкпелеттің.
Адамдықтан адасып қаншама рет,
Қаншама рет ауытқып, шетке кеттің?!
Қанша жүрек түбінде тұрақ тептің,
Қанша жанның жүзіне шуақ септің?
Қаншама рет қуанып бардың-дағы,
Қанша адамның алдынан жылап кеттің.
Ал, қанеки,
Санап көр, санағышым!
Сарқылмастан тұрғанда сана-күшін.
Не жақсылық көрсетті адам саған?
Не жақсылық жасадың адам үшін?
`М.Мақатаев
🔥18👍7💯2😁1
"Махаббатты сақтау үшін үнемі өсіп, үнемі рухани жоғарылап отыр. Тәніңді тәрбиелемесең, жаныңды тазаламасаң, ақылыңды көбейтпесең махаббат та тоқтау судай тобарсиды. Махаббат үшін де күнделікті күрес, қарапайым еңбек керек".
© Бексұлтан Нұржекеұлы
© Бексұлтан Нұржекеұлы
❤33👍8💔2
«Кіндік қаның тамып, тұсауыңды кескен, балалығыңның бал дәурені өткен атақонысыңа атаңның құны бардай неге өшігесің?»
✍ Оралхан Бөкей
📗 Атау Кере
✍ Оралхан Бөкей
📗 Атау Кере
👍25
Шын сүйе білгеннің несі мін?
Мендегі тамшы жас кешірім.
Аңсатқан, күттірген асыл жан,
"Сағыныш" болсыншы есімің.
`Кәмшат Хасен
Мендегі тамшы жас кешірім.
Аңсатқан, күттірген асыл жан,
"Сағыныш" болсыншы есімің.
`Кәмшат Хасен
👍17❤🔥6❤3🔥3
"Махаббат ол үшін дүниедегі ең маңызды нәрсе болып табылатын еркек аз кездеседі және ондайлар көбіне-көп тартымсыз еркектер болып келеді; оларды тіпті махабатты бәрінен де жоғары қоятын әйелдердің өзі жақтырмайды".
`Сомерсет Моэм
Ал бұған не дейсіз? ))
`Сомерсет Моэм
Ал бұған не дейсіз? ))
❤🔥10👍6🤔3❤2🔥2
Тағы кірді шаһарға күз ентелеп,
Бүрісуге әзірміз біз ертерек.
Тамырына нәр жетпей cуық жерден,
Жапырағын жай ғана үзер терек.
Сөзіміздей желге ұшқан жетпей елге,
Жапырақтар жайраған көкте-жерде.
Өткен күн мен ісіңде нәр болмаса,
Мына өмірге бола ма өкпелеуге?!
Мына өмірге бола ма кіжінуге?!
(Көк жүзінде тырна-мұң тізілуде).
`Серік Сағынтай
"Сіз бен біз"
Бүрісуге әзірміз біз ертерек.
Тамырына нәр жетпей cуық жерден,
Жапырағын жай ғана үзер терек.
Сөзіміздей желге ұшқан жетпей елге,
Жапырақтар жайраған көкте-жерде.
Өткен күн мен ісіңде нәр болмаса,
Мына өмірге бола ма өкпелеуге?!
Мына өмірге бола ма кіжінуге?!
(Көк жүзінде тырна-мұң тізілуде).
`Серік Сағынтай
"Сіз бен біз"
👍17❤1
Шұрайлы сөз іздесеңіз Тәкен Әлімқұловты оқыңыз.
Күрделі тіркес іздесеңіз Асқар Сүлейменовты, ал Философиялық мән іздесеңіз Оралхан Бөкейді, психологиялық астар іздесеңіз Төлен Әбдікті оқыңыз..
Бұл тізбекті сіз қалай жалғастырар едіңіз, кімнен нені табамыз? )

👍26❤6🔥3
Дүние - бұл қисық жол бұраңдаған,
Бақ тайса мал менен бас құралмаған.
Күніне мың бір пәле көрсеңдағы,
Сонда да күдер үзбе бір Алладан.
Қасиетті жұма мүбәрак, достар!
Бақ тайса мал менен бас құралмаған.
Күніне мың бір пәле көрсеңдағы,
Сонда да күдер үзбе бір Алладан.
Қасиетті жұма мүбәрак, достар!
❤30👍3
«Шал мен теңіз» кітабының авторы Эрнест Хемингуэйден біреу «кез келген тақырыпта ең қысқа әңгіме жаза аласың ба?» деп сұраған екен. Сонда жазушы азғана толғанып, былай деп жазған екен: «Балаларға арналған аяқ киім сатылады. Киілмеген» («For sale: baby shoes, never worn»).
⠀
Эрнесттің бұл бастамасы өзге жазушыларға да қозғау салады. Көптеген жазушылар 6 сөзден тұратын әңгімелер жазып, эксперимент жасап көрді.
⠀
Назарларыңызға ең қысқа әрі ең үздік әңгімелер топтамасын ұсынамыз.
⠀
1. «Бейтаныс жандар. Достар. Ең жақын достар. Көңілдестер. Бейтаныс жандар».
⠀
2. «Сіз нөмірден жаңылыстыңыз», - деді бір таныс дауыс».
⠀
3. «Жолаушылар, сіздерге хабарлап тұрған капитан емес».
⠀
4. «Маған анам қырынуды үйретті».
⠀
5. «Мен нағыз өзімнің теңімді жолықтырдым. Ал, ол әлі кездестірмеді...».
⠀
6. «Менің көлеңкем жаңа ғана маған ымдағандай болды».
⠀
7. «Парашют сатылады: ешқашан ашылмаған, аздаған дақтары бар».
⠀
8. «Бұл біздің алтын тойымыз. Бір кісілік үстел дайындаңызшы».
⠀
9. «Бүгін мен тағы да анамның жанында болғансыдым».
⠀
10. «Саяхатшы тағы да дыбыс берді. Жер – жоқ».
⠀
11. «Мен үйге раушан гүлдерін алып келдім. Алайда кілтімді таба алмадым».
⠀
12. «Суық желден сынған әйнекте «Жас жұбайлар» деген жазу болды».
⠀
13. «Біздің жатын бөлме. Екі адамның дауысы. Мен есікті қақтым».
⠀
14. «Үлкен адам болсам деп қиялдадым. Есейдім. Қиялымды жоғалтып алдым».
⠀
15. «Мен секірдім. Содан кейін ойландым».
⠀
16. «Кешір, жауынгер, біз бәтеңкенің екінші сыңарын да сатамыз».
⠀
17. «Ол өз әйелінің баскесерін бөтелкемен тамақтандырады».
⠀
18. «Хирург емделушіні құтқарады. Емделуші Құдайға шүкіршілік айтады».
Жазба авторы @BekzatQosay

👍16❤11🔥3🥴2🕊1
Бүгін қарға тамырлы қазақ үшін, айбарлы алты алаш үшін жанын қиған асыл арыстарымыздың бірі, қазақ рухын "Оян — қазақ!" деп тебіренткен — Міржақып Дулатұлының мынау жарық дүниеге келген күні.
Оны өз ажалынан емес, темір шеңгелді жалмауыз жүйенің қастықпен жасалған жазадан қаза тапқанын қаймана халық әсте ұмытпауы тиіс.
Оны өз ажалынан емес, темір шеңгелді жалмауыз жүйенің қастықпен жасалған жазадан қаза тапқанын қаймана халық әсте ұмытпауы тиіс.
👍26❤🔥11❤7