Кітапсүйер
16.4K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
Қайырлы күн, құрметті оқырман!
Әр түрлі кітаптарды оқимын деп жүріп, кітаптардың төресі қасиетті құранды оқып тұруды ұмытпайық. Оның әрбір оқылған әріпі үшін он сауаптан жазылады екен. Алла ісіңізге береке берсін. Қасиетті жұма күні жасаған дұғаңыз қабыл болсын
🌺
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤63👍5👏1
Қара шаңырақ.pdf
162.3 KB
✍ Дулат Исабеков
📘 Қара шаңырақ

(Шағын әңгіме, көлемі 8 бет)
👍9👏2❤1🔥1
Айгүл Кемелбаева.pdf
261.7 KB
✍ Айгүл Кемелбаева
📗 Шашты

(Шағын әңгіме, көлемі 20 бет)
👍11❤3👏1😍1
Аягүл Мантай.pdf
147.8 KB
🖌Аягүл Мантай
🟡Депрессия

(Шағын әңгіме, көлемі 7 бет)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10❤3
Аягүл-МАНТАЙ.pdf
191.8 KB
👤 Аягүл Мантай
❤ Жүрекке оралу

(Шағын әңгіме, көлемі 7 бет)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍12❤3
⏺Жүсіпбек Қорғасбек
🍃 Жынды қайың

(Шығарма көлемі 280 бет)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10
⏺Ағылшынның атақты жазушысы Генри Райдер Хагтардтың "Сүлеймен патшаның кеніші" атты романы қызықты хикаяларға, шытырман оқиғаларға толы шығарма.

Ғажайып сюжеттерге құрылған бұл туындыға Оңтүстік Африканың тамаша да көркем табиғаты, оны мекендеген адамдардың табиғат аясындағы жұпыны тұрмысы, әдет-салты, нанымы, сондай-ақ роман кейіпкерлерінің асқан табандылығы, жанкешті ерлігі арқау болады.

Орысшадан аударған М.Мағауин. Астана: Аударма, 2002. 296 бет.

✈️ @kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍15🔥3🥰1
✍ Шыңғыс Айтматов
👒 Жәмила

(Повесть, көлемі 60 бет)
👍22
✍ Жүсіпбек Қорғасбек
🟢Үлпілдек

Алматы: Жазушы, 2012. — 320 б.

«Үлпілдек» роман-тәмсілі заман көшінен қалып бара жатқан адамдардың жантәсілімін шынайы бейнелейді. Дүниенің бір шеңберден жазбайтын айналысына салып қарағанда, оларға үміт жібі үнемі тасталып отырады. Шығарманың пәлсапалық астары осылайша өмір мен өлім арасындағы мәңгілік жалғастықты іздеуден ашылады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍14🔥1
⚫️ Адам адам болғаннан бастап, оның жан дүниесiнiң түкпiрiндегi зынданға салынған: қатерлi нәпсi, хайуани түйсiктер, ұятсыздық пен ынсапсыздық, қатыгездiк пен қараулық, рақымсыздық пен тоңмойындық сенiң бiр сәттiк шарасыздығыңды пайдаланып, бiздi босат, сыртқа шығамыз деп зiркiлдейдi. Ал сен оны бостандық деп ойлайсың. Оны босату түрмедегi қауiптi қылмыскердi босатқанмен бiрдей екенiн түсiнгiң келмейдi.

— Төлен Әбдік
— Парасат майданы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍34🔥4
⭐Өмiрдiң мәнi мен мағынасы қарапайым ақиқаттан тұрады. Бiздiң сорымыз – сол оп-оңай ақиқатты түсiнуге және оны орындауға құлқымыздың жоқтығы. Бiз өз еркiмiзбен ең қиын, ең бұралаң жолды таңдап алып, өзiмiз қолдан жасаған қиындықпен жан аямай күресiп, ешкiмге керегi жоқ ерлiктер жасаймыз.

— Төлен Әбдік
— Парасат майданы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍41💔4🔥1🥰1
Роман неге жазылмай жатыр.pdf
172.3 KB
⏺Роман неге жазылмай жатыр?

Бүгінгі қазақ әдебиетінде тұралаңқырап қалған жанрдың бірі – роман екені баршаға аян. Әдебиет десе ең алдымен еске түсетін жанр да роман еді. Бүгінгі оқырманның да, әдебиетші мен сыншының да сұрайтын бір сұрағы «роман неге жазылмай жатыр?» болатын. Осы сұрақты тәуелсіздіктен кейін өмірге келген бірнеше жас буын әдебиет өкілдеріне қойып көрдік. Ал қазірге шағын ғана пікірлерімен таныс болыңыздар.

(Сұхбат, көлемі 12 бет)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍15❤1👌1
Үзінді қай шығармадан алынды, тауып көріңіз?

⭐ Сізді мұнда шақырған себебім... ешқандай себеп жоқ. Қандай бағытта, қандай әуелде болса да ойым осылай отырып әңгімелеу болды. Мен сізді арзан ортаға қимаймын. Неге екенін өзім де білмеймін, білсем білетін де шығармын... бар білетінім тұғырға қонар сұңқар боп жаратылып, қарға мен жапалақтарға ілесіп бұтаққа қонып қала ма деп қимадым. Адамның тұлға боп қалыптасуы үшін оның жаратылыс берген қабілеті аз, ол қасиет араласар ортаңа байланысты.

Кіммен дос болсаң, кіммен сырлас болсаң сол деңгейден сен де аса алмайсың. Ах, мен тақлия айтып кеттім ғой деймін. Жетер. Есіңізде болсын» егер сіздің пайымыңыз болмаса, мен сізді әңгімеге тартпас та едім.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍18🕊2👏1💯1
🗣"Мен бір затты жақсы білемін. Махаббат пен опасыздық бір ыдысқа сыймайды. Тіршілікте махаббаттан ғажап ештеңе жоқ. Ол сезімге бөленген адам шын мәнінде әулиеге айналады. Жан дүниесі жаңбырдан кейінгі табиғаттай шаң-тозаңнан тазарып, құлпырып сала береді. Біреуді жан-тәніңмен сүйгенде ғана санаңа ғажайып көріпкелдік қасиет бітіп, ешбір ақыл қайраты ала алмайтын асудан өтіп, адам жанының құпия дүниесіне сапар шегесің. Сол әлемнің бүкіл қозғалыс заңын ашасың. Және ол заңды ашу сүйіспеншілік шұғыласына бөленіп, жанына нұр біткен сенен баска еш данышпанның қолынан келмейді."

• Төлен Әбдік
• Біз үшеу едік
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤35👍10❤‍🔥2🔥1
Жұмаңыз мүбәрак болсын, құрметті оқырман! 🤲 🕌 🕋
❤43🕊5👍4
“Сен дене мүшеңмен ғана адам емессің. Сенің бар болуың келбет-сұлулығың немесе оның жоқтығында емес. Мал-мүлігің не оның жоқтығы да емес, ішіп-жегендерің және кигендерің, тұрған үйің не мініп жүрген машинаң, мансап-билігің не елдегі дәрежең де емес. Сен деген сөз — иманың, қабілеттерің және талантың, жақсы істерің және игіліктерің, тура сенімің және жомарттығың, Жаратқанға жасаған ғибадатың және ақ ниетің, елге келтірген пайдаларың… Міне, солар сенің адамдығыңды құрайды”

(Аид әл-Қарни “Мұңайма”)
💔30👍12❤‍🔥10❤8🕊5💯4