Роман неге жазылмай жатыр.pdf
172.3 KB
Бүгінгі қазақ әдебиетінде тұралаңқырап қалған жанрдың бірі – роман екені баршаға аян. Әдебиет десе ең алдымен еске түсетін жанр да роман еді. Бүгінгі оқырманның да, әдебиетші мен сыншының да сұрайтын бір сұрағы «роман неге жазылмай жатыр?» болатын. Осы сұрақты тәуелсіздіктен кейін өмірге келген бірнеше жас буын әдебиет өкілдеріне қойып көрдік. Ал қазірге шағын ғана пікірлерімен таныс болыңыздар.
(Сұхбат, көлемі 12 бет)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍15❤1👌1
Үзінді қай шығармадан алынды, тауып көріңіз?
⭐ Сізді мұнда шақырған себебім... ешқандай себеп жоқ. Қандай бағытта, қандай әуелде болса да ойым осылай отырып әңгімелеу болды. Мен сізді арзан ортаға қимаймын. Неге екенін өзім де білмеймін, білсем білетін де шығармын... бар білетінім тұғырға қонар сұңқар боп жаратылып, қарға мен жапалақтарға ілесіп бұтаққа қонып қала ма деп қимадым. Адамның тұлға боп қалыптасуы үшін оның жаратылыс берген қабілеті аз, ол қасиет араласар ортаңа байланысты.
Кіммен дос болсаң, кіммен сырлас болсаң сол деңгейден сен де аса алмайсың. Ах, мен тақлия айтып кеттім ғой деймін. Жетер. Есіңізде болсын» егер сіздің пайымыңыз болмаса, мен сізді әңгімеге тартпас та едім.
Кіммен дос болсаң, кіммен сырлас болсаң сол деңгейден сен де аса алмайсың. Ах, мен тақлия айтып кеттім ғой деймін. Жетер. Есіңізде болсын» егер сіздің пайымыңыз болмаса, мен сізді әңгімеге тартпас та едім.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍18🕊2👏1💯1
• Төлен Әбдік
• Біз үшеу едік
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤35👍10❤🔥2🔥1
“Сен дене мүшеңмен ғана адам емессің. Сенің бар болуың келбет-сұлулығың немесе оның жоқтығында емес. Мал-мүлігің не оның жоқтығы да емес, ішіп-жегендерің және кигендерің, тұрған үйің не мініп жүрген машинаң, мансап-билігің не елдегі дәрежең де емес. Сен деген сөз — иманың, қабілеттерің және талантың, жақсы істерің және игіліктерің, тура сенімің және жомарттығың, Жаратқанға жасаған ғибадатың және ақ ниетің, елге келтірген пайдаларың… Міне, солар сенің адамдығыңды құрайды”
(Аид әл-Қарни “Мұңайма”)
(Аид әл-Қарни “Мұңайма”)
💔30👍12❤🔥10❤8🕊5💯4
Арнамыздан қандай бағыттағы кітаптарды оқығыңыз келеді?
Anonymous Poll
37%
Көркем әдебиет
18%
Діни
29%
Психологиялық
6%
Бизнес
11%
Бәрі бір
👏14❤1
— Әркімнің алдында түптің түбінде өтпей қоймайтын "Сайтан көпірі" бар. Тек қорықпағандар ғана арғы жағалауға шығып, мақсатына жетпек. Мен сол көпірден дұрыс өте алмадым.
Сонсоң әркімнің бойында бір сайтан бар,— дейтін көріп отырғандай сеніммен,— бұл жалғанда күнә жасай берсе, сол иығында қонып отырған сайтан, оң иығыңдағы періштені жеңеді де, күндердің күні болғанда әлгі адамды бүтіндей жынға айналдырады. Күнәпарлықтың басы осылай басталмақ.
Бұл өмірде сайтан-адамдар көп, тек олардың жасаған жамандығы көзге көрінбейді. Әлемді бүлдіріп, былғайтындар да солар..."
— Оралхан Бөкей
— Сайтан көпір

👍31❤7
Мен ақыл-естен айрылып мәңгүрт болып, мәңгіріп те қалған жоқпын. МЕН — түлкіге де, балыққа да айналғым келмейді, құс болып аспанға да ұшпаймын, ертекті еміп, есеңгірегім де жоқ, қара жерге қада болып қағылған АДАММЫН!
Азды дегеннің, тозды дегеннің жағына жылан жұмыртқаласын, кешегім — бүтін, болашағым — айқын, бізге барлығы жетеді, барлығы бар, бізге жалғыз-ақ нәрсе жетіспейді, бізге адал дос, жақсы адамдар ғана жетіспейді, азайып барады. "Қызыл кітаптан" орын қалдырыңдар.

👍25❤11👏1
"Әйел махаббаты" шығармасын ұсынғым келеді. Әдемі әңгіме екен, тыңдай отырыңыз..
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍14
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥7👍2
Кейде адам кітап сияқты үнсіз тұрады. Ол дым білмегендіктен емес. Ол — екінші адамның сөзін бөлгісі келмегендіктен.
Кейде адам көп ішінде жалғызсырайды. Ол оның мінезінен емес. Ол — өзін, өзі сияқты түсінетін адамды таба алмағандықтан.
Келісесіз бе?
Кейде адам көп ішінде жалғызсырайды. Ол оның мінезінен емес. Ол — өзін, өзі сияқты түсінетін адамды таба алмағандықтан.
Келісесіз бе?
❤106👍41💔8⚡6
Дүние бір қисық жол бұраңдаған,
Бақ тайса басқа дәулет құралмаған.
Күніне мың бір пәле көрсеңдағы,
Сонда да күдер үзбе бір Алладан.
— Шерхан Мұртаза
— Қызыл жебе
Бақ тайса басқа дәулет құралмаған.
Күніне мың бір пәле көрсеңдағы,
Сонда да күдер үзбе бір Алладан.
— Шерхан Мұртаза
— Қызыл жебе
👍48❤20🔥5❤🔥1
📗 Жау тылындағы бала
✍ Қасым Қайсенов
Көрнекті жазушы Қасым Қайсенов бұл кітабында Ұлы Отан соғысы кезінде жау тылындағы партизандардың басқыншыларға қарсы жасаған зор ерліктерін және өзінің ауылда өткен балалық шағын үлкен тебіреніспен суреттеп жазған.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған. 208 бет.

❤13👍2🎉1