Кітапсүйер
16.4K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
Бірде олай ауытқып, бірде былай,
Бір байламға келе алмай жүргенім - ай.

Таулы аймақтың ауасы секілденген,
Аумалы да төкпелі күндерім - ай!
Өз - өзінен өзегім өртенгенде,
Өз - өзімнен түңіліп, жеркенгенде,
Сары ауру сарғайтқан науқастайын,
Үміт күтем бүгіннен, ертеңнен де.

Нені күтем?
He керек осы маған?
Аяқ - қолым, жанарым, басым аман.
Шаруаның баласы емес пе едім,
Күшіменен тамағын асыраған?!
Өмір деген осынау майданда бұл,
Қолбасы да, қорқақ та сайранда жүр.
Өмір менен өлімнің ортасында,
Кетер ме екем, келе алмай байламға бір!

М. Мақатаев
👍45❤15❤‍🔥2🔥2👏1
— Бір ғана тілек, бір ғана өсиет, құлыным. Басыңа әлі талай қиын-қыстау күн туады. Өнеріңді саудаға сал, бірақ өнермен саудаласпа. Өнермен саудалассаң, өнердің кәріне ұшырайсың, киесі соғады. Міне, мен бүгін күйді қайырдым. Ендігі күй сенікі.

— Таласбек Әсемқұлов
— Талтүс
👍33
Тағдырдың өткір қабағы.
Жаныңа уайым салады,
Басыңнан өткен әр бір сәт,
Өмірдің берген сабағы.
Жасаған әр бір ісіңе,
Тәңірдің барғой жауабы..
Сабыр мен Сенім біріксе,
Таусылмас өмір ғажабы!
Адал бол әр кез, адам бол,
Біткенше өмір парағы!..

— Ж. Байгутдинов
❤39👍12👏2🥰1
👤 Имадеддин Нәсими
📚 Мен сыймаймын ғаламға

Биыл туғанына 650 жыл толып отырған әзербайжан халқының ұлы ақыны Имадеддин Нәсими есімі ғасырлар бойы шығыста мәрттік пен жанкештіліктің, азаттық пен сүйіспеншіліктің баламасына айналып келеді. Насими өз поэзиясы арқылы халықты бейбітшілікке, төзімділікке және еркіндікке үндеді. Қырық жеті жасында надан билікке мойынсұнбағаны үшін дарға асылып, терісі сыпырылған гуманист ақынның сонғы демі шыққанша өз сөзінен қайтпағаны белгілі.

🇦🇿 Әзербайжан Республикасында биылғы жылдын «Насими жылы» болып жариялануына орай ақынның 47 елеңі оқырмандар назарына арнайы жинақ ретінде ұсынылып отыр.
🔥8👍2❤1
Менде бір кітап болатын. Досымның да бір кітабы болды. Мен оған кітабымды бердім. Ол да маған кітабын берді. Осылай біз кітап ауыстық. Соңында біз екеуіміз де бір кітаппен қалдық.

Бірақ біз екі түрлі көзқарасты түсіндік. Кітаптың ақшадан бір артықшылығы осы шығар.
🔥21👍7❤6
– Балапан, – деді Тұрардың басын мүйізгек алақанымен сыйпап. – Қанаты қатаймаған балапаным, қара дауылға қарсы ұша алармысың сен? Ығы жоқ, селдір бұтаның басында жалғыз қалдың-ау, сен! Атасына нәлет! Күңей-күйрек болма, бірақ. Өлмейсің! Сұп-суық сұрғылт күлдің арасында сөнбей жатқан бір түйір шоқтай болып, қалың қара бұлттың арасынан жылт етіп, анда-санда күн де көрінер. Жүдеме! Жарлының жан серігі – жасымау. Жасыма! Ұқтың ба, Тұрар?

– Ие, көке, – деді ояу жатқан баласы әкесінің қырсығы қалың, қыртысы мол мойнын қыса түсіп.

Соңғы рет камераның есігі ашылды.


"Қызыл жебе"

#мотивация
❤23👍6😢3
Жанымды ақ ұлпа қар басты,
Ұлпалар ұлпаға жалғасты.
Мендегі сезімді оятсын
Тек қана бәйшешек алғашқы.🌷

Мың мәрте шырқасаң өлеңді,
Жібіте алмассың денемді,
Тырнаның көктемгі әнімен,
Оралам өмірге мен енді.🌸

Сары күз жасыңды төкпе енді,
Ақ қысым, айта бер өкпеңді.
Мен сондай қырсықтау жан едім.
Сүйетін тек қана КӨКТЕМДІ!!!
💐

— Айша Балтахаева
👍23
Қайырлы күн, құрметті оқырман!

Бүгін халықаралық "Алғыс айту" күні дейді. Осы сәтті пайдалана отырып, сіздерге бізбен бірге болғандарыңыз үшін әр қайсыңа мың алғыс айтқымыз келеді. 😍

Ал, сіз кімге алғыс айтар едіңіз?
👍14❤7
Өмір – ол да бір өзен, көктемде тасиды, жазда сабасына қайта түседі, ал күзде мөлдірленеді, қыста – мүз құрсаудың шеңгелінде. Сол өзен өмірінің үстінде жүзген кемелер, қайықтар, қоқыр-соқырлар болады. Адам дегеніміз сайып келгенде, сол өмір-ағыстың бетінде қалқақтап жүзеді. Әркім әлінше жүзеді: біреулер ағысқа қарсы, ал енді біреулер ағыстың ығымен. Малти алмай толқын жұтып қоятындар қаншама. Егер, сол өмір-өзеннің шалқар да асау айдынында дұрыстап жүзе алмасаң, әлгі өзеннің кінәсі не? Бар кінә жүзе алмаған адамда ғой. Ал малтушылардың арқасына мініп жаны қалатындар мен өзімен бірге өзгені де иірімге ала кететіндер аз ба.

— Оралхан Бөкей
— Өз отыңды өшірме
👍47❤2
Audio
Автор: Сажар Ғұлама
Оқыған: Еркебұлан Қабыкен

Мінсіздерге..

#поэзия
👍19❤3🥴2🔥1💔1
🤣59😁17👍8
🤣41😁11🔥3
📚 Бейтаныс әйелдің құпиясы
✍ Бекксұлтан Нұржекеұлы
👍15❤1
Қазақ тілінің анықтағышы.pdf
2.1 MB
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ АНЫҚТАҒЫШЫ (емле, тыныс белгілері, сөз сазы)
🔥13
Жар таңдағанда, болашақ жарыңыздың кітапқа деген қызығушылығы болса қандай керемет иә? 😍 Бірге дамисыз, тек қана асқазанның қамын ғана ойламай, рухани да азықтанып жүресіз. Елестетіңізші, екеуіңіз саябақта отырып, айына кем дегенде бір шығарма талдайсыз. Бір жылда он екі кітап. Бес жылда 60 кітап. Жүзге жуық кейіпкерлер, түрлі көзқарастар, сан қилы тағдыр бір жұптың ортасында талқыға түседі. Сол арқылы өз ара мейірім артады. Жарыңыздың жанын терең бойлайсыз, үнсіз түсінесіз. Бақытты сәттің бірі осы емес пе? ☺️
🥰80👍15❤13🕊7🔥3👏1🐳1💔1
Имам Ғазали.Тамақтану әдебі.pdf
3.3 MB
✍ Имам Ғазали
🍽 Тамақтану әдебі
👍12❤4
Кімге жіберу керектігін білесің 😅
🤣30😁20
Шағаладай мені аңсап шарқ ұрасың,
Толқын болып тулайсың, талпынасың.
Қалаң неге әдемі, білесің бе?
Себебі сол шаһарда сен тұрасың.

Басқа түгіл өзім де сенбей далмын.
Сағыныштың дертінен емдейді ал кім?
Гүлдер неге әдемі айтайын ба,
Өйткені қолында тұр сендей жанның.

Әуелейтін мәңгілік сезімге әнсің,
Шәрбат, шекер - қылығың, сөзің - бал шын.
Өмір неге аяулы білесің бе?
Себебі бұл ғаламда өзің барсың.

©️Азамат ӘБІЛҚАЙЫР
👍32❤8🥰2