Қайырлы күн, құрметті оқырман!
Бүгін халықаралық "Алғыс айту" күні дейді. Осы сәтті пайдалана отырып, сіздерге бізбен бірге болғандарыңыз үшін әр қайсыңа мың алғыс айтқымыз келеді. 😍
Ал, сіз кімге алғыс айтар едіңіз?
Бүгін халықаралық "Алғыс айту" күні дейді. Осы сәтті пайдалана отырып, сіздерге бізбен бірге болғандарыңыз үшін әр қайсыңа мың алғыс айтқымыз келеді. 😍
Ал, сіз кімге алғыс айтар едіңіз?
👍14❤7
Өмір – ол да бір өзен, көктемде тасиды, жазда сабасына қайта түседі, ал күзде мөлдірленеді, қыста – мүз құрсаудың шеңгелінде. Сол өзен өмірінің үстінде жүзген кемелер, қайықтар, қоқыр-соқырлар болады. Адам дегеніміз сайып келгенде, сол өмір-ағыстың бетінде қалқақтап жүзеді. Әркім әлінше жүзеді: біреулер ағысқа қарсы, ал енді біреулер ағыстың ығымен. Малти алмай толқын жұтып қоятындар қаншама. Егер, сол өмір-өзеннің шалқар да асау айдынында дұрыстап жүзе алмасаң, әлгі өзеннің кінәсі не? Бар кінә жүзе алмаған адамда ғой. Ал малтушылардың арқасына мініп жаны қалатындар мен өзімен бірге өзгені де иірімге ала кететіндер аз ба.
— Оралхан Бөкей
— Өз отыңды өшірме
— Оралхан Бөкей
— Өз отыңды өшірме
👍47❤2
Audio
👍19❤3🥴2🔥1💔1
Жар таңдағанда, болашақ жарыңыздың кітапқа деген қызығушылығы болса қандай керемет иә? 😍 Бірге дамисыз, тек қана асқазанның қамын ғана ойламай, рухани да азықтанып жүресіз. Елестетіңізші, екеуіңіз саябақта отырып, айына кем дегенде бір шығарма талдайсыз. Бір жылда он екі кітап. Бес жылда 60 кітап. Жүзге жуық кейіпкерлер, түрлі көзқарастар, сан қилы тағдыр бір жұптың ортасында талқыға түседі. Сол арқылы өз ара мейірім артады. Жарыңыздың жанын терең бойлайсыз, үнсіз түсінесіз. Бақытты сәттің бірі осы емес пе? ☺️
🥰80👍15❤13🕊7🔥3👏1🐳1💔1
Шағаладай мені аңсап шарқ ұрасың,
Толқын болып тулайсың, талпынасың.
Қалаң неге әдемі, білесің бе?
Себебі сол шаһарда сен тұрасың.
Басқа түгіл өзім де сенбей далмын.
Сағыныштың дертінен емдейді ал кім?
Гүлдер неге әдемі айтайын ба,
Өйткені қолында тұр сендей жанның.
Әуелейтін мәңгілік сезімге әнсің,
Шәрбат, шекер - қылығың, сөзің - бал шын.
Өмір неге аяулы білесің бе?
Себебі бұл ғаламда өзің барсың.
©️Азамат ӘБІЛҚАЙЫР
Толқын болып тулайсың, талпынасың.
Қалаң неге әдемі, білесің бе?
Себебі сол шаһарда сен тұрасың.
Басқа түгіл өзім де сенбей далмын.
Сағыныштың дертінен емдейді ал кім?
Гүлдер неге әдемі айтайын ба,
Өйткені қолында тұр сендей жанның.
Әуелейтін мәңгілік сезімге әнсің,
Шәрбат, шекер - қылығың, сөзің - бал шын.
Өмір неге аяулы білесің бе?
Себебі бұл ғаламда өзің барсың.
©️Азамат ӘБІЛҚАЙЫР
👍32❤8🥰2
Мына сөздерді естігенде қай авторлар есіңізге түседі?
Қазақтың:
1 Алмас қылышы
2 Оң қолы
3 Қан мен тері
4 Талтүсі
5 Ақбілегі
6 МҚМЖ
8 Гауһар тасы
9 Сана биігі
10 Қызыл жебесі
Қазақтың:
1 Алмас қылышы
2 Оң қолы
3 Қан мен тері
4 Талтүсі
5 Ақбілегі
6 МҚМЖ
8 Гауһар тасы
9 Сана биігі
10 Қызыл жебесі
👍13
Адам өз өмірінде талай жанмен кездеседі. Жақсымен де, жаманмен де. Бірақ соның ішінде қара жерге кіргенше ұмытылмайтын аяулылар болады. Ондай жандардың бейнесі, тот баспайтын сары алтындай, сенің есіңде сол өзіңе ұнаған қалпында қалады да қояды. Оны басыңнан өткен ұзақ жылдар да, қайғы-қасірет те, қуаныш та сенің жүрегіңнен өшіре алмайды.
— Ілияс Есенберлин
— Жан сырым
— Ілияс Есенберлин
— Жан сырым
❤47👍13🕊5🔥1