Кітапсүйер
16.3K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
Мына сөздерді естігенде қай авторлар есіңізге түседі?

Қазақтың:

1 Алмас қылышы
2 Оң қолы
3 Қан мен тері
4 Талтүсі
5 Ақбілегі
6 МҚМЖ
8 Гауһар тасы
9 Сана биігі
10 Қызыл жебесі
👍13
✍ Данияр Жігітбек
📚 26 қағида

Біздің чат: @kitapsuyerchat
👍11
Адам өз өмірінде талай жанмен кездеседі. Жақсымен де, жаманмен де. Бірақ соның ішінде қара жерге кіргенше ұмытылмайтын аяулылар болады. Ондай жандардың бейнесі, тот баспайтын сары алтындай, сенің есіңде сол өзіңе ұнаған қалпында қалады да қояды. Оны басыңнан өткен ұзақ жылдар да, қайғы-қасірет те, қуаныш та сенің жүрегіңнен өшіре алмайды.

— Ілияс Есенберлин
— Жан сырым
❤47👍13🕊5🔥1
😁23🤣14🥱4🐳2❤1
Қазақ тіліндегі шылау сөздерге байланысты ереже

Шылау — айтылғанда қосылып айтылғанымен жазылғанда бөлек жазылады. Осыған көбіміз мән бермей жүрген сияқтымыз. Грамматикалық сипаттарына қарай, шылаулар ішінара үш жікке бөлінеді,олар:

— септеуліктер,
— жалғаулықтар
— және демеуліктер

Соның ішіндегі жалғаулық шылауларға тоқталсақ

Олар мыналар: мен ( бен, пен ), да ( де, та, те), не, не болмаса, яки, немесе, және, әрі, біресе, бірақ, алайда, әйтпесе, әйткенмен, дегенмен, сонда да, әлде, өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті,т.б.

Мыс:  Менде алма бар. Мен де киноға барамын. Бұны тез түсіну үшін осының орысша нұсқасына мән берсеңіз жеткілікті.
"Я тоже" дегенді "ятоже"
деп жазбайсыз ғой, сол сияқты "мен де" дегенде шылау бөлек жазылады. Тағы да:  Қуанышты да, қайғыны да, неше жыл бойы кітап оқып жүрсем де.


#шылау
👍28
Айдос неге алаңдап жүр?

Бүгінде Айдостың жасы отыздан асып жығылған. Айдос бүгін мектептегі қазақ тілінен беретін Жұлдыз апайын еске алды. Себебі оның кейбір сыныптастары және ағайын туыстары әлі күнге дейін, әлеуметтік желіде: "каксн, жакс, озн, прв, двй, крч" деп жазатынын байқап жүр. Айдосқа маза бермей жүрген бір сұрақ. Егер біз қалай болса солай жазатын болсақ, мектепте Жұлдыз апай бізге жылдар бойы неге диктант жаздырды? Дұрыс жазу үшін емес пе, әлде дұрыс жазу тек мектептегі үстел үстінде ғана керек пе еді?

Айдос қолынан келгенше қазақы контенттерді қолдайды. Өзінің үйренері көп болса да, айналасына дұрыс жазуды аз болса да үйреткісі келеді. Ол, әр адам ең әуелі аты жөнін әлем желіде қазақ әріптерімен жазуды ұсынады.

Сіз ше, Айдосты қолдайсыз ба?


#қазақәріп
👍69👏9🔥5❤3💯2😁1👌1🕊1
✍ Әзиз Несин
📚 Сиқыр айна

Әзиз Несин – әлемдік әдебиет айдынында өзіндік қолтаңбасы бар тұғырлы жазушы. Ол қалам ұстаған 56 жылда әзіл-сықақ әңгімелерінің 34 жинағы, өлеңдерінің 5 жинағы, 8 романы мен 6 пьесасы жарық көрген. Бүкіл адамзатқа ортақ құнды дүниеге айналған оның әңгімелері белгілі жазушы, сатирик, аудармашы Ғаббас Қабышұлының көркем баяндауымен қазақ тілінде өз оқырманына жол тартып отыр.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.

Көлемі 344 бет.
👍15
Соңғы айтар сөзім:
 
– Еркектер! Әйелдеріңді қадірлеп, құрметтеңдер. Бұл қысқа ғұмырда саған тиетін мәңгілік бақыт, байлық, ұлылық — өз әйелің ғана! Одан айырылғанда кеудеңнен жаның шығып, салдырап қу сүйегің қалғандай күй кешесің!
 
– Әйелдер! Күйеулеріңді күтіңдер, аялап ардақтаңдар. Өмір деген өткінші дүниеде ерлі-зайыпты екі адамның татулығынан тәтті, достығынан күшті, махаббатынан биік ештеңе жоқ.
 
– Жастар! Қыздарды қадірлеп, құрметтеңдер: аялаңдар, ардақтаңдар, абыройын төкпеңдер. Өзің үшін жаралған «алтын балапанды» тауып, мәңгілік махаббатқа жетуге тырысыңдар.
 
✍ Әзілхан Нұршайықов
📖 «Мәңгілік махаббат жыры» кітабынан.
❤41👍10😍8
САХИХ_БУХАРИ_1.pdf
3.4 MB
имам Бұхари
САХИХ БҰХАРИ

#хадис

Ислам әлеміне әйгілі Құраннан кейінгі екінші танымал еңбек имам Бухаридің "әл-Жамиъ әл-Муснад әс-Сахих" хадистер жинағының қазақша аудармасы

Көлемі - 442 бет
❤16👍9
Қасым Аманжолов Өлеңдері.pdf
8.5 MB
— Қасым Аманжолов
— Өлеңдері
👍8❤3🤩1
He сыйлайды, не береді келер күн?!
Неде болса тірі тұрсам көрермін.
Желідегі құлынымын мен елдің,
Көгендегі қозысымын мен елдің.
He сыйласын, несін берсін ел маған?!
Тұрсақ екен елім де аман, мен де аман.
Таулар - менің таусылмайтын бақытым,
Ал ырысым - ұланғайыр кең далам.
He істемекпін алтын, гауһар, жақұтты,
Оларды іздеп өткізбеспін уақытты,
Мен бақытсыз бола қойман сірә да,
Туған елім болса екен бақытты.
Дәнеңе де сыйламасын келер күн.
Сый көрмей-ақ суалармын, сөнермін.
Туған елім тұғырында тұрса екен,
Әрі қарай...
Әрі қарай көрермін...

М. Мақатаев
👍32❤12👏4
❤‍🔥42👍15💯4🔥2
Ұстап жатқан оразаңыз, ниет дұғаңыз қабыл болсын құрметті оқырман. Алла баршамызға өзі уәде еткен жәннатты нәсіп етсін.

Бұл ай — Құран айы. Құранның күніне 20 бетін оқып отырсақ, бір айда хатым қылуға болады екен.
Әр әрібіне он сауаптан (жақсылықтан) жазыларын ескерсек, біршама игілік жинап алуға зор мүмкіндік туып тұр.
❤83👍15🕊2
👍12😍3❤1
Менің қолымнан келеді.pdf
1.1 MB
✍ Бодо Шефер
📚 Менің қолымнан келеді
👍15❤6🔥1