Кітапсүйер
16.4K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
🖋 Өтеген Күмісбаев
📒 Шығыс шайырлары


Белгілі шығыстанушы иранист-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Ө.Күмісбаевтың «Шығыс шайырлары»
атты 1 томында Парсы әдебиетінің бастауы «Авестадан» бастап, орта ғасырлардағы классикалық әдебиет пен қазіргі әдебиеттегі
ақын-жазушылардың шығармашылығы қарастырылған.
Көлемі 455 бет.
👍7
🖋 Елеусіз Мұқамадиұлы
📚 Жоғалған қыз

Талайлы тағдыр қазақтың төзімін қай қиырларда сынап көрмеген десеңізші?! Моңғолдар ортасында жүріп, өмір теперішін көп көрген Ертай бейнесі Елеусіз Мұқамадиұлының «Жоғалған қыз» романында Баян-өлгей қазақтарының алдыңғы қатарлы өкілі ретінде көрінеді. Сан өткелектен, өмір тезінен өткен басты кейіпкер қиындықтармен күресудің үлгісі ретінде көкейге жылы ұялайды. Ғұмырының бар қызығы, жалғыз үміті – кішкентай Бағила-Байгалмасынан тірідей айырылып, сан тарау тағдыр соқпағы қаншама рет түйісіп тұрса да қызымен кездесе алмауы романда тартымды баяндалады. «Жоғалған қыз» романы шытырман окиғаларымен ғана емес, адами мінездерге бай, жанды кейіпкерлерімен де, тартысқа толы, шыншыл өмір суреттерімен де құнды.
👍7❤2🔥1🥰1
📸 Бұл альбомда әйгілі жазушы, Шерхан Мұртазаның өмірлік естеліктері мен түрлі суреттері жинақталған
❤13👍5🔥1
✍ Түнгі жалғыздық
📚 Нұрғали Ораз

Белгілі жазушы, халықаралық «Алаш» əдеби сыйлығының лауреаты Нұрғали Ораздың əңгімелерінде бүгінгі замандастарымыздың ой-толғанысы, арман-мұраты, тіршілік-тынысы көркем тіл, айшықты бояулар арқылы көрініс тауып отырады. Қала мен дала хикаялары қатар өріліп, домбыраның қос ішегіндей қоңыр əуен төгіп, сырлы да сазды ырғағымен баурап алады. Жинақ көпшілік қауымға арналған. 256 бет.
🔥7
Құрметті Кітапсүйер арнасының оқырмандары. Осы арнаның дамуына өз үлесін қосып жүрген бауырымыз Нұрбек мырза akel.kz деген интернет дүкен жұмысын қолға алған. Тек қазақ тілінде қызмет көрсетіп, қазақы ұлттық құндылықтарға сай сервис жасауды мақсат қылған. Қазіргі уақытта бұл дүкеннен қазақ тіліндегі кітаптар, және ұлттық стильдегі шопперлерге тапсырыс бере аласыз.

Ұлтқа қызмет етуді мақсат қылған осындай жобаларды сіз бен біз, кітап оқитын оқырман қолдайды деп сенемін.

Сайт: https://akel.kz/
Инстаграм: https://instagram.com/akel.kz?igshid=YmMyMTA2M2Y=

Tiktok: https://vm.tiktok.com/ZMYbQ1u6m/

Тапсырыс беру үшін, сұрақтар мен ұсыныс болса ватсапқа жазсаңыздар болады: https://wa.me/77715734006
👍20❤4👏3🔥2
"Елді теледидар көргендер емес, кітап оқитындар билейді", — депті ғой біреу.

Сондықтан ішкен-жегенді инстаға салып, біреудің өмірін қызықтап, қала берді соларды өсектеп уақыт өткізгенше, кітап оқыған дұрыс.

Бір данышпан кісіден біреу келіп :
— Маған қандай ақыл айтар едіңіз? — деп сұрапты
Дана кісі:
— Сен Құдайды білесің бе?— десе,
— Әрине, білем!
— Онда басқа ештеңе білмей-ақ қойсаң да болады. Себебі Құдайды танып, оның айтқанын істесең, ол саған бәрін өзі-ақ үйретеді, — депті.
— Тағы не ақыл айтасыз? — десе,
— Құдай сені біле ме? -деп сұрапты.
— Әрине, Құдай барлық пендесін біледі ғой!
— Онда сені басқа ешкім білмей-ақ қойса да, жеткілікті, — депті.

Сол айтқандай, "көзден кетсең, көңілден кетесің, танымалдығың жоғалады" деп, күніне бірнеше пост салатын адамдар, ең болмаса, қасиетті Рамазан айында періштелер арасында мақтаулы, танымал адам болуға әрекет етуге тырысқаны абзал! Биылғы оразаны лайықты түрде өткізіп, баршамызға келер жылдың рамазанына бас аман, бауыр бүтін жетуді Алла нәсіп етсін!

© Болатбек Мейірбекұлы
❤62👍19🔥4👏3
Қытай философы Конфуций айтады:

Қоғам үшін қауіпті үш нәрсе бар:

1. Ақылды адамдардың жанашыр болмауы;
2. Жанашыр адамдардың ықпалсыз болуы;
3. Ықпалды адамдардың ақылсыз болуы.
👍44❤13
Әлемдік деңгейдегі әйгілі жазушы Агата Кристи былай дейді:

"Біз қатты күлгенде, қиялдағанда, бір-бірімізді құшақтағанда, ойланғанда және жан тыныштығына жеткенде неге көздерімізді жұмамыз?

Себебі, өмірдегі ең жақсы нәрсені ешқашан көзіңмен көре алмайсың, оны тек жүрегіңмен сезесің".
❤74👍11😍4💔2
"Керуен кері айналса, ақсақ түйе көш бастайды"

✍ Қазақ мақалы

Кім не түсінді?
👍38❤9
Қылыш кескен жарақат жазылуы мүмкін,
Тіл кескен жарақат жазылмайды
💔
👍29❤8💔8🔥2👏2💯2
"Жағалассаң жағаң кетер, Жанжалдассаң бағаң кетер,
Өш қуалассаң — бастағы бақ пен дәулетке сор,
Кек қуалассаң — арттағы ұрпақ пен әулетке сор".

Әбіш Кекілбайұлы
👍44💯11❤5
"Біздер — жетімдерміз! Жетім болып жүріп-ақ жетілгенбіз".

М. Мақатаев
😢36👍9🔥5
Неге жыланда аяқ жоқ.docx
10.8 KB
✍Дина Ораз
📔Неге жыланда аяқ жоқ?
❤6
✍ Шыңғыс Айтматов
📚 Қош бол, Гүлсары

Орысшадан аударған: Шерхан Мұртаза
🔥8👍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ақселеу және Жүсіпбек ағаларымыздан, жігіттерге лайфхак! )
👍10🔥3