Кітапсүйер
16.3K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
"Елді теледидар көргендер емес, кітап оқитындар билейді", — депті ғой біреу.

Сондықтан ішкен-жегенді инстаға салып, біреудің өмірін қызықтап, қала берді соларды өсектеп уақыт өткізгенше, кітап оқыған дұрыс.

Бір данышпан кісіден біреу келіп :
— Маған қандай ақыл айтар едіңіз? — деп сұрапты
Дана кісі:
— Сен Құдайды білесің бе?— десе,
— Әрине, білем!
— Онда басқа ештеңе білмей-ақ қойсаң да болады. Себебі Құдайды танып, оның айтқанын істесең, ол саған бәрін өзі-ақ үйретеді, — депті.
— Тағы не ақыл айтасыз? — десе,
— Құдай сені біле ме? -деп сұрапты.
— Әрине, Құдай барлық пендесін біледі ғой!
— Онда сені басқа ешкім білмей-ақ қойса да, жеткілікті, — депті.

Сол айтқандай, "көзден кетсең, көңілден кетесің, танымалдығың жоғалады" деп, күніне бірнеше пост салатын адамдар, ең болмаса, қасиетті Рамазан айында періштелер арасында мақтаулы, танымал адам болуға әрекет етуге тырысқаны абзал! Биылғы оразаны лайықты түрде өткізіп, баршамызға келер жылдың рамазанына бас аман, бауыр бүтін жетуді Алла нәсіп етсін!

© Болатбек Мейірбекұлы
❤62👍19🔥4👏3
Қытай философы Конфуций айтады:

Қоғам үшін қауіпті үш нәрсе бар:

1. Ақылды адамдардың жанашыр болмауы;
2. Жанашыр адамдардың ықпалсыз болуы;
3. Ықпалды адамдардың ақылсыз болуы.
👍44❤13
Әлемдік деңгейдегі әйгілі жазушы Агата Кристи былай дейді:

"Біз қатты күлгенде, қиялдағанда, бір-бірімізді құшақтағанда, ойланғанда және жан тыныштығына жеткенде неге көздерімізді жұмамыз?

Себебі, өмірдегі ең жақсы нәрсені ешқашан көзіңмен көре алмайсың, оны тек жүрегіңмен сезесің".
❤74👍11😍4💔2
"Керуен кері айналса, ақсақ түйе көш бастайды"

✍ Қазақ мақалы

Кім не түсінді?
👍38❤9
Қылыш кескен жарақат жазылуы мүмкін,
Тіл кескен жарақат жазылмайды
💔
👍29❤8💔8🔥2👏2💯2
"Жағалассаң жағаң кетер, Жанжалдассаң бағаң кетер,
Өш қуалассаң — бастағы бақ пен дәулетке сор,
Кек қуалассаң — арттағы ұрпақ пен әулетке сор".

Әбіш Кекілбайұлы
👍44💯11❤5
"Біздер — жетімдерміз! Жетім болып жүріп-ақ жетілгенбіз".

М. Мақатаев
😢36👍9🔥5
Неге жыланда аяқ жоқ.docx
10.8 KB
✍Дина Ораз
📔Неге жыланда аяқ жоқ?
❤6
✍ Шыңғыс Айтматов
📚 Қош бол, Гүлсары

Орысшадан аударған: Шерхан Мұртаза
🔥8👍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ақселеу және Жүсіпбек ағаларымыздан, жігіттерге лайфхак! )
👍10🔥3
🌸 Сөзіңнің деңгейін көтер, дауысыңды емес. Өйткені, гүлдерді жаңбыр өсіреді, найзағай емес.

Ж. Руми
👍46❤11🔥4
*Әкеңіз/анаңыз жиі айтатын өсиет сөздері немесе ұлағатты ойлары болса жаза отырыңыздар?👇
👍8
Өткір ойлар

1) Мақсатыңа жете алмасаң, принциптеріңді (өмірлік ұстанымдарыңды) өзгертпе, мақсатқа жеткізер жолдарыңды өзгерт. Себебі, тал жапырақтарын жаңартады, тамырын емес.

Ж. Руми

2) Қателеспейтін адам болуға тырыспа. Олай болу мүмкін емес. Керісінше қателіктерінен сабақ алатын адам болуға талпын. Міне бұл — Ұлы іс!

Ф. М. Достоевский

3) Жыртқыш жемтігін аулайды аш болғанда,
Ал адам баласы жау болады тоқ болғанда!

Ф. Асфар

4) Үш нәрседе ешқандай пайда жоқ:

• Сараңның қолындағы мал мүлікте,
• Қорқақтың қолындағы қылышта,
• Екіжүздінің қолындағы қаламда

6) Көп үретін ит аз қабады.

7) Бір данышпан былай депті:

"Адамдардың ақылдары үш түрлі болады:

ҰЛЫ АҚЫЛДАР ой-пікірлер жайлы сөз етеді.

ОРТАША АҚЫЛДАР оқиғалар жайлы сөз етеді.

ҰСАҚ АҚЫЛДАР адамдар жайлы сөз етеді".

📚 Араб тілінен аударма жасаған: Қанат Жұмағұл
👍36🔥5👏3❤2
—Шыңғыс Айтматов
—Мұхтар Шаханов

📚 Құз басындағы аңшының зары
👍9😍6🔥3❤1
✍ Баққожа Мұқай
📚 Өмірзая
💔11👍2
✍ Николай Носов
📚 Дымбілместің айға саяхаты

✔️ Аударған: Болат Бадаубай
👍12❤5