Жәнібек Кәрменов ағамыз бір сөзінде:
"Адам боп келдім өмірге,
Адам боп кету тілегім,
Бәріне соны тіледім!"- деген екен.
Сіздіңше осы жердегі "Адам болу" сөзінің анықтамасы қандай?
Ол ұлтқа, дінге, руға, мекенге, жынысқа тәуелді ме? Пікіріңізді бөлісе отырыңыз..

❤17
Жүрегім, нені сезесің
Жүрегім, нені сезесің,
Сенен басқа жан жоқ па?
Дүниені, көңілім, кезесің,
Тиянақ жоқ па, қой, тоқта!
Сезгеніңді сездіріп,
Жете алмадың ортаққа.
Тірі жаннан бездіріп,
Апарасың қай жаққа?
Ортақтық, тыныштық достық қой,
Оның қадірін кім білер?
Әркімге-ақ тілеу қостық қой,
Бәрі — алдамшы саудагер.
Халықтың аты керек қой
Я мақтауға, боқтауға.
Құбылға бәрі зерек қой,
Бәрі жайсыз тоқтауға.
Досты қайдан табасың,
Кеңесерге адам жоқ.
Әрлі-берлі шабасың,
Жалғыздықтан жаман жоқ.
Ақыл айтсаң біреуге
Ішің еріп, егіліп,
Ұялмас ақы тілеуге,
Бермесең қалар түңілііп.
Ақы беріп тындатқан
Сөз көкейге қонар ма?
Құлағын сатқан тәңірі атқан
Оңдырар ма, оңар ма?
Күйесің, жүрек, күйесің,
Күйгеніңнен не пайда?
Дүниеде нені сүйесің,
Өмір қайда, дос қайда?
Хәкім Абай
Жүрегім, нені сезесің,
Сенен басқа жан жоқ па?
Дүниені, көңілім, кезесің,
Тиянақ жоқ па, қой, тоқта!
Сезгеніңді сездіріп,
Жете алмадың ортаққа.
Тірі жаннан бездіріп,
Апарасың қай жаққа?
Ортақтық, тыныштық достық қой,
Оның қадірін кім білер?
Әркімге-ақ тілеу қостық қой,
Бәрі — алдамшы саудагер.
Халықтың аты керек қой
Я мақтауға, боқтауға.
Құбылға бәрі зерек қой,
Бәрі жайсыз тоқтауға.
Досты қайдан табасың,
Кеңесерге адам жоқ.
Әрлі-берлі шабасың,
Жалғыздықтан жаман жоқ.
Ақыл айтсаң біреуге
Ішің еріп, егіліп,
Ұялмас ақы тілеуге,
Бермесең қалар түңілііп.
Ақы беріп тындатқан
Сөз көкейге қонар ма?
Құлағын сатқан тәңірі атқан
Оңдырар ма, оңар ма?
Күйесің, жүрек, күйесің,
Күйгеніңнен не пайда?
Дүниеде нені сүйесің,
Өмір қайда, дос қайда?
Хәкім Абай
👍15❤8👏1🐳1
Заман ақыр жастары
Заман ақыр жастары,
Қосылмас ешбір бастары.
Біріне бірі қастыққа
Қойнына тыққан тастары.
Саудасы – ар мен иманы,
Қайрат жоқ бойын тыйғалы.
Еңбекпен етті ауыртпай,
Құр тілменен жиғаны.
Өнімсіз іске шеп-шебер,
Майданға түспей несі өнер?
Сиырша тойса мас болып,
Өреге келіп сүйкенер.
Күлмеңдеп келер көздері,
Қалжыңбас келер өздері.
Кекектеп секек етем деп,
Шошқа туар сөздері.
*Ибраһим Құнанбайұлы
Заман ақыр жастары,
Қосылмас ешбір бастары.
Біріне бірі қастыққа
Қойнына тыққан тастары.
Саудасы – ар мен иманы,
Қайрат жоқ бойын тыйғалы.
Еңбекпен етті ауыртпай,
Құр тілменен жиғаны.
Өнімсіз іске шеп-шебер,
Майданға түспей несі өнер?
Сиырша тойса мас болып,
Өреге келіп сүйкенер.
Күлмеңдеп келер көздері,
Қалжыңбас келер өздері.
Кекектеп секек етем деп,
Шошқа туар сөздері.
*Ибраһим Құнанбайұлы
👍28❤3🔥1🥰1
"Көзден кетсең көңілден кетесің" деген сөз өтірік. Егер сіз елдің көзінен кетіп, олар сізді сол мезетте ұмытқан болса — біліңіз, олар сізге көңіл көзімен емес, физикалық көзбен ғана қарапты.
Адам өз ғұмырында неше түрлі адаммен тілдеседі. Соның ішінде бір ауыз сөзімен есіңде мәңгі бақи қалып қоятын аяулы жандар болады. Көп нәрсені түсіндіріп те әуре болмайсың. Тіпті үнсіз тұрғаныңды да іштей ұғатындай. Өмір — осындай адамдармен мәнді. Сағыныш деген ұлы сезімнің қылдай жібін үзбей тұратын да осы күй.
Әдетте біз таптым деп жүрген бақыт та, дәулет те, мансап та тек көзге көрініп қолға ұсталатын заттар ғой. Бұның ерекшелігі сол қолға да ұсталмайды, суретке де түсірілмейді. Бұл сондай үнсіз диалог. Оны тек санасында иненің көзіндей жарығы бар жандар ғана түсінеді, сезінеді..

👏27❤11👍8😍5💔5❤🔥3🔥2
🌸 Ораза айт мерекесі құтты болсын!
Аллаһ бізден де сіздерден де қабыл етсін 🤲
Аллаһ бізден де сіздерден де қабыл етсін 🤲
❤39🤝5👍4🤗4👏1
🖋 Лум Жакодио
📚 От жұтқандар
Шытырман оқиғалар және фантастика сериясы.
Орыс тілінен аударған: Аманжол Қорғанбек.
Сіз оқығалы отырған кітап белгілі француз жазушысы Луи Жаколионың XIX және XX ғасырдағы жасөспірімдердің бірдей қуанышпен оқыған романның бірі. Туынды қилы шытырман оқиғаларымен оқырманның көңілін баурап алары сөзсіз.
Көлемі 390 бет.
@kitapsuyer

👍10❤1