Кітапсүйер
16.4K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
"Көзден кетсең көңілден кетесің" деген сөз өтірік. Егер сіз елдің көзінен кетіп, олар сізді сол мезетте ұмытқан болса — біліңіз, олар сізге көңіл көзімен емес, физикалық көзбен ғана қарапты.

Адам өз ғұмырында неше түрлі адаммен тілдеседі. Соның ішінде бір ауыз сөзімен есіңде мәңгі бақи қалып қоятын аяулы жандар болады. Көп нәрсені түсіндіріп те әуре болмайсың. Тіпті үнсіз тұрғаныңды да іштей ұғатындай. Өмір — осындай адамдармен мәнді. Сағыныш деген ұлы сезімнің қылдай жібін үзбей тұратын да осы күй.

Әдетте біз таптым деп жүрген бақыт та, дәулет те, мансап та тек көзге көрініп қолға ұсталатын заттар ғой. Бұның ерекшелігі сол қолға да ұсталмайды, суретке де түсірілмейді. Бұл сондай үнсіз диалог. Оны тек санасында иненің көзіндей жарығы бар жандар ғана түсінеді, сезінеді.
.
👏27❤11👍8😍5💔5❤‍🔥3🔥2
✍ Талап Сұлтанбеков
📚 Көшпелі алтын
🔥6❤2👍1
🌸 Ораза айт мерекесі құтты болсын!

Аллаһ бізден де сіздерден де қабыл етсін 🤲
❤39🤝5👍4🤗4👏1
🖋 Лум Жакодио
📚 От жұтқандар

Шытырман оқиғалар және фантастика сериясы.
Орыс тілінен аударған: Аманжол Қорғанбек.
Сіз оқығалы отырған кітап белгілі француз жазушысы Луи Жаколионың XIX және XX ғасырдағы жасөспірімдердің бірдей қуанышпен оқыған романның бірі. Туынды қилы шытырман оқиғаларымен оқырманның көңілін баурап алары сөзсіз.

Көлемі 390 бет.

@kitapsuyer
👍10❤1
📚 Жақсы кітапты бірінші рет оқысаң — жаңа дос тапқаның. Екінші рет қайта оқысаң — ескі досыңмен кездескенің.

— Қытай мақалы
👍45❤9🔥5👏1
✍ Бейбіт Сарыбай
📄 Мейірім

Шағын әңгіме көлемі 23 бет
❤13👍3
Адамдар кітаптар сияқты. Әріптері бірдей. Бірақ мазмұндары әртүрлі.

— Омар Хайям
❤45👍15
"Қазына кімде?" – деп сұрапты Абылай Бұқардан.

— "Бізден сөз кетті ғой, өзің айта берсеңші," - депті Бұқар жырау.

— "Мен айтсам, қазына байда, басқа кімде болушы еді?" – депті Абылай.

Сонда Бұқар: Үш рет жұт болса, байда қазына қалмайды. Үш рет жау шапса, ханда қазына қалмайды. Қазына — білімдінің басында! - депті, Бұқар жырау.

Сондықтан сіз де жәй кітап оқып жүрген жоқсыз, санаңызға мәңгі пайдасы тиетін қазына жинап жүрмін деп ойлай беріңіз.
👍36❤7🔥7👏5💯4
🖋️ Бауыржан Момышұлы
📗 Офицердің күнделігі
❤10👍2🎉1
Аудионұсқа

🎧 Беу, қыз дәурен
✍ Бексұлтан Нұржекеев

Оқыған: Бекзат Қосай
👍11🤩4❤2
📚 Әнет Баба ғұмыры мен заманы
👍8
Кітапсүйер
Әнет баба ғұмыры.pdf
Халқымызда «жеті қазына» деген үғым бар. Әнет бабадан «Жеті қазынаға нелер жатады?» деп сұрағанда ол кісі: «әйел, ер жігіт, ілім-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық , алғыр ит», - деп мүдірмей жауап беріпті.

Соны айтқанда біреу тұрып «Баба, қазақта тағы бір мақал бар «Бала белде, қатын жолда» дейді. Ер жігіт әйелді жаудан барып олжалап алады, айттырса, қалың малына қырық жылқы айдап апарып береді. Бұл - шығын, қазақта тағы бір мәтел бар «Қойныңдағы қатыныңа сенбе, астыңдағы атыңа сенбе» дейді. Тағы айтады: «Атың жаман болса, сатып құтыларсың, қатының жаман болса, қайтып құтыларсың ?». Соған қарағанда, әйелді «жеті қазынаның бірі» деу дұрыс бола қояр ма екен?

— Әйел жеті қазынаның бірі ғана емес, біріншісі болуға тиіс, депті Әнет баба сонда. Дүниедегі барлық тіршілік атаулының анасы — әйел. Сондықтан оған тіл тигізуге, қол тигізуге де болмайды.
Пайғамбарымыздың өзі әйелдерді қатты құрмет тұтқан. Ал бірде-екілі ауылдың бейпілауыздары әйел туралы жаман сөз айтар болса, ондайларға тыйым салу керек.

(Үзінді, осы шығарманың 186 шы бетінен алынды)
🔥27👍17🤔1
Кеш жарық, құрметті оқырман!
Арнамызға жаңадан тіркелгендер болса — қош келдіңіздер! Арнадағы кітап, жазбалар ұнап жатса, аямай реакция қалдыра отырыңыздар. 😍 👍👌👏

Ол бізге одан әрі қарай пайдалы контенттер жасауға көмектеседі.

Бәріңе саулық тілейміз. Ізгі тілекпен, сіздің — Кітапсүйер ❤️
🔥48❤13👍11👏5🥰2
📚 В конце они оба умрут
✍ Адам Сильвера
👍7❤4😍3