Кітапсүйер
16.4K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Меніңше қамқорлық деген — ең бірінші әр адамның өз отбасынан басталуы керек. Ауыз бірлік те солай. Мына бейнені міндетті түрде соңына дейін көріңіз 🧡
❤30👍7❤‍🔥3👌3🔥1
Қар суымен кеткен жылқы.pdf
307.5 KB
Ұларбер Нұрғалымұлының "Дайағашшы" кітабынан үзінді.

"Қар суымен кеткен жылқы"
🔥7❤4👍4
Жүрек — дастарқан емес, көрінгенге жайыла бермейді! 🤎

Ілияс Есенберлин
👍51❤11🔥7
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сауатты сөйлейік
Автор: Мөлдір Доспаева
👍16🔥1👏1
Ондай азаматтар кәзір неге азайып кетті деп ойлайсыздар? 🤔
👍39🤷‍♂6❤5🥴4💯2👀2
✍ Халлед Хоссейни
📚 Тысяча сияющих солнц
👍3❤2
Адам үшін күресуден жоғары бақыт бар ма? Олай болса мен адам үшін, əсіресе адамның шын періштесінің бірі Ақбаян үшін күресуім керек. Оның мұндай
күйге душар болуы, Əлжан секілді дымға татымайтын адамға ерге шығуы— бəрі біздің, Ақбаянды қоршаған қоғамның адам тағдырына немқұрайды қарауынан туған. Егер Ақбаян осы қалпында қала берсе, ол дүниедегі ең бақытсыз əйелге айналады. Ондай халге жібермеуіміз керек.


— Ілияс Есенберлин
— Алтын құс 🕊
👏27❤5👍3🫡1
Ал сіз қай шығармадағы, қандай кейіпкерге ұқсайсыз? )
🔥12👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мың жерден пайғамбар болсаң да, халқыңнан үлкен емессің!

— Қадыр Мырза Әлі
🔥18❤7👍6
Бақаны кілемге отырғызсаң да, батпаққа қашады. Жаман
адамды қандай дəрежеге көтерсең де, жамандығын көрсетеді.

— Ілияс Есенберлин

— Алтын құс 🕊
❤24👍7🔥4😍1
— Кейде мүмкін емес нəрсе де мүмкін болады. Бұл адамның өмірге деген көзқарасымен байланысты. Өмірлік махаббаттын аз күннің қызығына айырбастайтындар да аз емес.

Махаббат — дегенді тек əйел мен еркек арасындағы физиологиялық байланыс деп түсінетіндер де бар... Əйел атаулысының бəрі бірдей емес. Біреуі алмадай қызыл, тіске жұмсақ болса, басқа біреуі жаңғақтай қатты келеді. Оның алмадан тəтті іштегі дəнін тату
оңайға түспейді.


— Ілияс Есенберлин
— Алтын құс 🕊
❤23👍4🔥1
"— Түйені кілем жапсаң да, жасыра алмайсың демей ме қазақ, жаман адамды бір кеште де тануға болады."

— дейді Ілияс атамыз осы шығармасында. Сіз қалай ойлайсыз, жаман адамды бір кеште тану мүмкін бе? 🧐
🔥14👍3🤷‍♀2❤1
Көптен кеткен көмусіз қалады

Б. Матерлинк
🔥17👍6❤1⚡1
Кітап оқудың 7 пайдасы:

1. Кітап оқу – қоршаған ортаны, дүниені және өзін тануға көмектеседі.
2. Кітап оқу – жадыны және ойлауды дамытады. Яғни, көп оқыған адам жады мықты, тез ойлап, тез қорыта алады.
3. Кітап оқу – талдауға, сараптауға, өзіндік жүйелі пікір қалыптастыруға үйретеді.
4. Кітап оқу – көптеген табыс пен жетістіктің ең басты негізі.
5. Кітап оқу – адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіп, әдемі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.
6. Кітап оқу – сөздік қорды байытады және жалпы сауаттылық деңгейін арттырады.
7. Кітап оқу – адам бойында бұғып жататын шығармашылық қабілеттерді дамытады.

Бөлісу құпталады
@kitapsuyer
👍26❤10
Сыр жасыра білу ең керемет қасиет. Қиындыққа шыдай алған адам ғана сыр жасыра біледі. (І. Е)

Сіз ше, сыр жасыра аласыз ба?
❤43👍2😢1
Бірбеткей адам бірлікті бұзады,
Теріс мінезді адам тірлікті бұзады.

— Серік Қалиев
👍43
👍7❤6🕊3
Біраздан бері айтқым келіп, бірақ айтудың ретін таппай жүрген мынадай мәселе бар:

Кәзір шүкір, ислам дініміз өркендеп етегін кеңге жайып келеді. Жастарымыз да сбор ашып, мұқтаж жандарға көмек беруге ынтық. Бір отбасы көмекке зәру боп тұрса, бір топ еріктілер шығып, оның қарызын жауып, еміне ақша жинап беріп жатса несі мін? Күшті емес пе, дейсің ғой. Бәрі дұрыс, қолдаймын, амалдарың қабыл болсын. Бірақ менің айтпағым басқа.

Осы біздің әркімге: "көмектеріңіз қажет" деп әр дүкеннің касса маңында жалтарып тұратын жәшігіміз, садақа туралы жіберіп жатқан пост, үздіксіз сториз, коменттеріміз — асыл дініміздің биік беделін түсіріп жатқан жоқ па?

Ағаларымыз да мешіт саларда сол тұрғылықты халықтың әл әуқатына қарап салса дейсің. Басында 5/6 бай қуатты адамның бастамасымен мешіт құрылысы басталып кетеді де, кейін жарты жолда құрылыс тоқтап, әрі қарай әлгі мешіт құрылысына "көмек керек" деген пост ғаламторды шарлап жүреді. Кәзір жетісіп жүрген кім бар дейсің?! Оданша көрпеге қарай көсіліп, ықшамдау қылып салынса ешкімді қинамайтын едік деймін ішімнен.

Бастысы "ислам діні" дегенде, өзге адамдардың көзіне қол жайып тұрған адамдар бейнесі елестемесе екен. Алла бәрімізді өзгеге мұқтаж қылудан сақтасын.
👍29❤26🔥3👏3
Әр адам баласы, Алланың қайталанбас ерекше жаратылысы. Бірақ, сол адамға көрік беретін де, сол көркін бұлжытпай ұстап тұратын да оның алған — Білімі!

Сіз бір адамның сөзін, постын, кітабын көшіріп алуыңыз мүмкін. Бірақ оның сезімін, қиялын, санасын, бір жағдайға байланысты ұтқыр импровизациясын көшіріп ала алмайсыз. Әр адам өз ойымен сөз сөйлеп, іс қылса — ол өміршең болады. Ал өміршеңдік шынайы болмысты құптайтын адамдарға ұнайды. Солай. 🤎
👍51❤2🥰1👏1