Ақын-жазушының бетін қауым алдында барлық шығармасы ашпайды. Бір-ақ шығармасы ашады. Даниэль Дефо екі жүз қырық тоғыз кітап жазған деседі. Бірақ «Робинзон Крузоға» дейін оны кім білген? «Ақын өліміне» шейін екі жүзден астам өлең жазған Лермонтовты кім таныған?
Сол Даниэль Дефоңыз да, Лермонтовыңыз да, Достоевскийіңіз де, Бальзагыңыз да аяғы аспаннан салбырап түспеген. Олар да сәби болған, бала болған; күлген, жылаған.
Бірақ олар мәдениетті ортада ерте оянып, ерте ұшқан. Табиғи дарынын далаға жібермеген.
— Тәкен Әлімқұлов

👍22❤3🎉2
Асылы, әрбір адамның өмірінде шырғалаңы көп романтика да, драма да жетіп жатады. Біз соған бойлай, байыптай білмейміз. Біреудің көкірегінде булыққан сезімді айнытпай айтып бере алмаймыз. Не асырып жібереміз, не кем түсіреміз. Екеуі де жалғандыққа әкеліп соғады.
— Тәкен Әлімқұлов
— Тәкен Әлімқұлов
🔥27👍8❤3
Жаным-ау менің жағама таққан тұмарсың,
Жалғанда жалғыз жабығып жүрген шығарсың? 💔
Жалғанда жалғыз жабығып жүрген шығарсың? 💔
💔56❤🔥7❤4🔥2🥰2
Біреу, жаңа болсаң да, тоздың дейді.
Біреу, қалып тұрса да, оздым дейді.
Шыдай алмай осыған шыға келсең,
Шыда!
Шыда!
Төзген жөн!
Төзгін! – дейді.
Біреу, тыныш тұрсаң да, қоздың дейді.
Қарашығын
Ағы бұл көздің дейді.
Шыдай алмай осыған шыға келсең,
Шыда!
Шыда!
Төзген жөн!
Төзгін! – дейді.
Төзер едің,
Ойбай-ау!
Еңіретіп,
Алтынды мыс,
Мысыңды темір етіп,
Орманды шоқ,
Шоғыңды көмір етіп,
Өмір өтіп кетпей ме,
Өмір өтіп?
ҚАДЫР МЫРЗА ƏЛІ
Біреу, қалып тұрса да, оздым дейді.
Шыдай алмай осыған шыға келсең,
Шыда!
Шыда!
Төзген жөн!
Төзгін! – дейді.
Біреу, тыныш тұрсаң да, қоздың дейді.
Қарашығын
Ағы бұл көздің дейді.
Шыдай алмай осыған шыға келсең,
Шыда!
Шыда!
Төзген жөн!
Төзгін! – дейді.
Төзер едің,
Ойбай-ау!
Еңіретіп,
Алтынды мыс,
Мысыңды темір етіп,
Орманды шоқ,
Шоғыңды көмір етіп,
Өмір өтіп кетпей ме,
Өмір өтіп?
ҚАДЫР МЫРЗА ƏЛІ
❤35👍9🔥3
Иә, адам өмірі деген тесік шелекке құйылған су тәрізді болады екен. Тіршіліктің оны-мұны шаруа қамымен күйбеңдеп, басың қатып жүргенде, бір күні сарқылып бітіп қалғанын білмей де, байқамай да қалады екенсің!
Бердібек Соқпақбаев
Бердібек Соқпақбаев
🔥33❤7👍7
Бәлкім, менің болмысым бөлек шығар?!
Ал, сен қалай ойлайсың, зерек шынар?!
Бар-жоғыңды өмірде білу үшін
Әлдекімді сағыну керек шығар?!
Сыр сақтауға үндемей терек шыдар,
Жан іздедім жанымды ерекше ұғар.
Біз жолықтық.
Маңдайға жазғаны – сол.
Өлең байғұс жай ғана себеп шығар.
Көңіліңде бір бейне көлбеңдесе,
Өлең, шіркін, сөйлейді өлген кеше.
Сағынышты мен ойлап тапқан жоқпын
Сенем оны ғарыштан келген десе.
Сүюдің де бар болар заңдылығы.
Еркелесем, оятам таң күдігін.
Бал қылығым сор болды... кешір жырдың
Ешбір заңға бағынбас әңгүдігін.
Жан табылмай өмірде сұңғақ одан,
Қиялымды ақ бұлтқа бұлғап алам.
Алабұртып өмірден өту үшін
Көңіліңде жүрсін бір жұмбақ адам.
— Танакөз Толқынқызы
Ал, сен қалай ойлайсың, зерек шынар?!
Бар-жоғыңды өмірде білу үшін
Әлдекімді сағыну керек шығар?!
Сыр сақтауға үндемей терек шыдар,
Жан іздедім жанымды ерекше ұғар.
Біз жолықтық.
Маңдайға жазғаны – сол.
Өлең байғұс жай ғана себеп шығар.
Көңіліңде бір бейне көлбеңдесе,
Өлең, шіркін, сөйлейді өлген кеше.
Сағынышты мен ойлап тапқан жоқпын
Сенем оны ғарыштан келген десе.
Сүюдің де бар болар заңдылығы.
Еркелесем, оятам таң күдігін.
Бал қылығым сор болды... кешір жырдың
Ешбір заңға бағынбас әңгүдігін.
Жан табылмай өмірде сұңғақ одан,
Қиялымды ақ бұлтқа бұлғап алам.
Алабұртып өмірден өту үшін
Көңіліңде жүрсін бір жұмбақ адам.
— Танакөз Толқынқызы
👍33❤16💔3🔥2⚡1
Біздің өмір
Біздің табыс намыстан да жоғары,
Намыстардың арыстарға обалы.
Біздің отан жалдамалы тұрғын үй,
Біздің қоғам қайыршылар қоғамы.
Біздің билік естімейді шындықты,
Біздің билік байқамайды сұмдықты.
Марапатын сұрап алған қайраткер,
Медальдарын сатып алған кіл мықты..
Біздің тілде жүре алмайды түре кеп,
Қай бабаның мазарына түнемек?!
Мемлекеттік рәміздерім сувенир,
Мемлекетім — Мүгедек!
Атқарам деп алда жалда міндетті,
Ақ жағасын абыроймен кірлетті.
Біздің әкім өлгеннен соң өседі,
Біздің ақын өлгеннен соң құрметті!
Талай-талай заман салып араға,
Ақтығыңды дәлелдейсің қараға.
Біздің достық сатылады ақшаға,
Біздің бастық сатылады параға.
Көзім ашық деп ойлаймыз күнімен,
Көз жоқ жерде бүлінеміз түнімен.
Біздің жаға жыртылады ініден,
Біздің аға қырқылады тіріден!
Шылбырыңды беріп қойып бөтенге,
Ақ орда да сауда саттық көтерме.
Қыз мұратын орындапты көп қазақ,
Кетіп қалып шетелге.
Кім қарақшы, кім елбасы, кім болыс?
Пенделерге адам болу шын борыш.
Біздің өмір қолда барда қадірсіз,
Біздің өлім, молдаларға күн көріс!
Орындаған: Үкітай Ерниязов
Біздің табыс намыстан да жоғары,
Намыстардың арыстарға обалы.
Біздің отан жалдамалы тұрғын үй,
Біздің қоғам қайыршылар қоғамы.
Біздің билік естімейді шындықты,
Біздің билік байқамайды сұмдықты.
Марапатын сұрап алған қайраткер,
Медальдарын сатып алған кіл мықты..
Біздің тілде жүре алмайды түре кеп,
Қай бабаның мазарына түнемек?!
Мемлекеттік рәміздерім сувенир,
Мемлекетім — Мүгедек!
Атқарам деп алда жалда міндетті,
Ақ жағасын абыроймен кірлетті.
Біздің әкім өлгеннен соң өседі,
Біздің ақын өлгеннен соң құрметті!
Талай-талай заман салып араға,
Ақтығыңды дәлелдейсің қараға.
Біздің достық сатылады ақшаға,
Біздің бастық сатылады параға.
Көзім ашық деп ойлаймыз күнімен,
Көз жоқ жерде бүлінеміз түнімен.
Біздің жаға жыртылады ініден,
Біздің аға қырқылады тіріден!
Шылбырыңды беріп қойып бөтенге,
Ақ орда да сауда саттық көтерме.
Қыз мұратын орындапты көп қазақ,
Кетіп қалып шетелге.
Кім қарақшы, кім елбасы, кім болыс?
Пенделерге адам болу шын борыш.
Біздің өмір қолда барда қадірсіз,
Біздің өлім, молдаларға күн көріс!
Орындаған: Үкітай Ерниязов
👍26❤6🔥5🤷♂2
⠀
Құрғап қалған жастай мәңгі,
Көңіл неге тасқа айналды?
Небір сөздер жүректегі,
Амандықтан аспай қалды.
Тығылып ап тыныштыққа,
Бұзбауға оны тырыстық па?
Мезгіл ауды, мейлі дедік:
Қар жауды ма,
Күн ыстық па…
Еске алмастан кезді арайлы,
Мұңсыз кештік озған айды.
Өлең де, ән де бұрынғыдай
Ішкі дертті қозғамайды.
Қиратып ап көңілдегін,
Көзіңдегі от сөну де - өлім.
Өмір деген - күрес деді ел,
Өмір деген - көну дедім…
Жадыра Байбұланова
Құрғап қалған жастай мәңгі,
Көңіл неге тасқа айналды?
Небір сөздер жүректегі,
Амандықтан аспай қалды.
Тығылып ап тыныштыққа,
Бұзбауға оны тырыстық па?
Мезгіл ауды, мейлі дедік:
Қар жауды ма,
Күн ыстық па…
Еске алмастан кезді арайлы,
Мұңсыз кештік озған айды.
Өлең де, ән де бұрынғыдай
Ішкі дертті қозғамайды.
Қиратып ап көңілдегін,
Көзіңдегі от сөну де - өлім.
Өмір деген - күрес деді ел,
Өмір деген - көну дедім…
Жадыра Байбұланова
❤18👍5🔥2
Біз қазір өзгергенбіз…
Бір ауыз хаттан - алыс, сөзден - кембіз.
Әр бөлек өз көктемін кешкенменен,
Мөлтілдеп кетпей қойды көздерден күз…
Былайша, жақсы бәрі…
Тағдырдың қарсы қояр жоқ сұрағы.
Ақылдың айтқанына ерген сайын,
Жүрек те бірте-бірте жатсынады…
Біткендей айтар қайғым,
Көктеммен көңілімді қайта алдаймын.
Былайша, бәрі жақсы…
Қинайтын не?
Ол жағын айта алмаймын…
Ж. Байбұланова

💔18🔥6❤5👍4
Көз көрмегенге күдік келтірме. Күдік - өтіріктің, жаланың бір түрі. Ауыздан шыққан сөзді аңдыма. Аңдысаң да жаманға жорыма.
— Әзілхан Нұршайықов
— Әзілхан Нұршайықов
👍36❤11
"Шаршатады"
Біреулерге өмір деген молшылық,
Біреулерге өмір бойы құлшылық,
Қу дүниенің соңына еріп жүргесін,
Кейде адамды шаршатады тіршілік.
Жақсы да бар,бұл өмірде жаман бар,
Біреу мақтар,біреулері жамандар,
Күз бен Көктем мінезіндей құбылған,
Кейде адамды,шаршатады адамдар.
Пенделер ай салғыласқан жарысқан,
Біреу кетіп,біреу келіп танысқан,
Мезі болып барлығынан шаршасаң,
Сыйласқаның дұрыс шығар алыстан.
Біреу үшін мына әлемнің қуысың,
Ол сен үшін ашпайды да уысын,
Жүргеніңді күлгеніңді көре алмай,
Кейде сені шаршатады туысың.
Қызмет қылдың барды салып ел үшін,
Сонда да сен басқа адамның теңісің,
Еңбегіңді елемейтін ел барда,
Шаршатады көгере алмай жемісің.
Арнасаңда жүрегіңмен бар әнді,
Сезім деген ашылмайтын қараңғы,
Емдей алмай жүректегі жараңды,
Махаббатта шаршатады адамды.
Кейде сенің білінбейді жоқ барың,
Дер кезінде табылмайды қоштарың,
Нағыз бауыр бола алмаса беріліп,
Шаршатыпта жібереді достарың.
Бұл өмірдің тарлығы да,кеңі де,
Болады екен зардабы да, емі де,
Ойымды алмай,ойлай берсем барлығын,
Соның бәрі шаршатады мені де....
М. Мақатаев
Біреулерге өмір деген молшылық,
Біреулерге өмір бойы құлшылық,
Қу дүниенің соңына еріп жүргесін,
Кейде адамды шаршатады тіршілік.
Жақсы да бар,бұл өмірде жаман бар,
Біреу мақтар,біреулері жамандар,
Күз бен Көктем мінезіндей құбылған,
Кейде адамды,шаршатады адамдар.
Пенделер ай салғыласқан жарысқан,
Біреу кетіп,біреу келіп танысқан,
Мезі болып барлығынан шаршасаң,
Сыйласқаның дұрыс шығар алыстан.
Біреу үшін мына әлемнің қуысың,
Ол сен үшін ашпайды да уысын,
Жүргеніңді күлгеніңді көре алмай,
Кейде сені шаршатады туысың.
Қызмет қылдың барды салып ел үшін,
Сонда да сен басқа адамның теңісің,
Еңбегіңді елемейтін ел барда,
Шаршатады көгере алмай жемісің.
Арнасаңда жүрегіңмен бар әнді,
Сезім деген ашылмайтын қараңғы,
Емдей алмай жүректегі жараңды,
Махаббатта шаршатады адамды.
Кейде сенің білінбейді жоқ барың,
Дер кезінде табылмайды қоштарың,
Нағыз бауыр бола алмаса беріліп,
Шаршатыпта жібереді достарың.
Бұл өмірдің тарлығы да,кеңі де,
Болады екен зардабы да, емі де,
Ойымды алмай,ойлай берсем барлығын,
Соның бәрі шаршатады мені де....
М. Мақатаев
❤33🔥6👍5
Әйгілі Дулат Исабековтың "Гауһар тас" деген керемет шығармасы бар. Сондағы Ыбыш және Салтанат деген ерлі зайыптылар естеріңізде ме? Сол Салтанаттың өмірге деген құштарлығы сұмдық, ә?
Ол меніңше, автордың "өмірде адам, өз басына келетін қиындыққа қалай төтеп беруі керек?" Деген сұраққа жауап беретін сабыр символы істпеттес.
Ол айналасына күліп қарады, шыдады, түнерген отбасылық тағдырына мейірім нұрын шашуға тырысты. Парасат пайымын барынша кеңейтті. Бірақ, ғұмыры ұзаққа созылмады. Гүлдей өмірі ерте солды.
Бұл жерде әйелі немесе күйеуі кінәлі деп, қатыгездікті жынысқа бөліп қарауға болмайтын секілді. Қорыта келгенде, өмірде — әр Салтанаттың қасында бір Ыбыш өмір сүреді.
Оны кім қалай түсінеді, әр оқырман өзі біледі.

👍33❤11🔥3
Мен сені бақытыма балап жүрмін,
Көрмеген күндерімді санап жүрмін.
Ұққайсың айтқызбай ақ бар сырымды,
Мен сені жүрегіммен мен сені көңіліммен,
Қалап жүрмін.
Жүрегім жүрегіңмен,
Жүрегім жүрегіңмен,
Егіз бе еді?
Көрмеген күндерімді санап жүрмін.
Ұққайсың айтқызбай ақ бар сырымды,
Мен сені жүрегіммен мен сені көңіліммен,
Қалап жүрмін.
Жүрегім жүрегіңмен,
Жүрегім жүрегіңмен,
Егіз бе еді?
❤44🔥3🥰2
Құдірет оған ақыл-ой берді. Сана-сезім берді. Тура жолмен жүр деді.
Жоқ. Қисалаңдай береді. Қисалаңдай берсе, бір машина бір машинамен соғысып күл-талқаны шықпай ма?
Адамдарға ұқсап, өз орындарынан, жолдарынан шығып кетіп, тау-таумен, жұлдыз-жұлдызбен соғыса берсе не болар еді?!
Жоқ, таулар да, жұлдыздар да, барлық жаратылыс Құдіреттің Заңымен жүреді.
Ал адамдар Құдіреттің Заңын менсінбей, өздері заң шығарып алған. Заңы дұрыс-ақ делік. Бірақ өздері шығарған заңды өздері бұзады. Неге?
Қисалаңдай береді.
Тартылыс күші болады екен. Мысалы, құдыққа құлап бара жатқан адамды қолынан тартып ұстап қалсаң құтқарасың ғой. Сол сияқты.
Ал адамдар жұлдыздардан үйренбейді. Көбінесе біріне-бірі қолын беріп құдықтан құтқарып қалмайды, қайта итеріп жібереді.
Сондықтан да адамдарда қуаныштан гөрі қасірет көп.
— Шерхан Мұртаза
— Ай мен Айша

❤24👍7🔥2🤔1
Адамды Құдай арманынан жерітпесін. Адамның күні арманмен.
Арманнан көңіл қалса – ашық аспан да күңгірт болып көрінеді. Өмірде мән-мағына қалмай, кеудең кеуек болып, дүниенің әділетсіздігінен түңіліп, қақпанға түскен қасқырдай құр кіржіңдеп қаласың.
Әлденеге ашуланған Қали атам:
− Бұл заманда әділдік жоқ. Әділеттің әкесі өлген, шешесі жесір, өзі жетім! – деп қалшылдап еді.
Қали атам ашуланса, тым қаһарлы екен. Бір нәрседен көңілі қатты қалса керек. «Не болды?» – деп сұрауға дәт шыдамады.
Кейін ойласам, Қали атам ашу үстінде асыра айтқан сияқты. Әділет бар болар-ау, бірақ мен іздеген алтындай тым-тым сирек...
— Шерзат Мұртаза

❤23👍4🔥1
Әзілхан Нұршайықов өзінің әйелі туралы былай депті:
Кейбір әйелдер жас басынан ұмытшақ келеді. Халима қыз күнінен өте зерек еді.
Әйел адамдар мұң шаққыш келеді. Халима ондай емес еді. Ешкімнің алдына барып арыз айтпайтын.
Әйел адамдар жылауық келеді. Қит етсе жылап қоя беретін әйелдер болады. Халиманың көзінен жас сирек шығатын.
Әйел адамдар күлкішіл келеді. Қарқылдап қатты күлетіндері де болады. Халима ақ тістерін жарқырата көрсетіп, еріндерін сәл ашатын
Көп әйелдер күйеуіне кінә таққыш келеді. 54 жыл бірге тұрғанда Халима маған бір рет те кінә қойған емес. Ол менің мінім жоқтықтан болмаса керек. Ол оның: "Жоқтан өзгеге жармасып, жарымның жанын жараламайын" дегендігінен шығар.
Көп әйелдер өзін-өзі аяп, өзгенің де оны аяп, аялауын талап еткіш келеді. Халима өзін аяп, аяншықтану дегенді білмейтін еді.
Мәселен, менде 10 мыңға жуық кітап бар. Халима солардың бірін жоғалтпай жинап, арнаулы картотека жасады.
Көп әйелдер ұят дегенді естігендерімен, ұялуды білмейді. Қоғам рұқсат етті деп, ашық-шашық, жалаңаш-жалпы жүре береді. Ал Халима маған жалаңаш денесін көрсетуге ұялатын. Көрсетпейтін.
Халима маған жалаңаш тәнін көрсетпегендіктен, мен "Махаббат, қызық мол жылдар" романын жазғанда Меңтайдың жалаңаш қалпын Италия суретшісі Джорджоненің "Ұйықтап жатқан Венера" картинасына үңіліп отырып жаздым. Ал Меңтай бойындағы адамгершілік қасиеттердің бәрін Халимадан алдым.
Мінеки, Халима келіншек қалпынан кемпірге айналғанда да сол табиғи ұялшақтығының бір мысқалын жоғалтқан жоқ.

❤81👍14🔥7🥰4🕊3
Сіз - жақсы Адамсыз!
Мен үшін күн-айсыз!
Басқаны білмедім, өзіме ұнайсыз.
Сіз де - бір тұлғасыз өзіндік орны бар,
Жердегі адамзат әлемін құрайсыз.
Бір күншіл пенденің негізсіз сөзіне
Қапа боп, қайғырып,
Несіне жылайсыз?
Жүрекке ауыр жүк болмай ма әркімнің,
Қабылдай берсеңіз сөздерін бұлай сіз.
Осылай кетсеңіз, мұң іштен кеміріп,
Беті аулақ, бір күні соңында құлайсыз.
Адамзат ауырса қадірі жоғалып,
Бір пенде боп қалар сүйкімсіз-шырайсыз.
Жұқарса жүйкеңіз,
Ауырған кездердің
Ақысын, ах ұрып, кімдерден сұрайсыз?!
Сіз жақсы адамсыз!
— Авторы: Ғ. Санжар
Мен үшін күн-айсыз!
Басқаны білмедім, өзіме ұнайсыз.
Сіз де - бір тұлғасыз өзіндік орны бар,
Жердегі адамзат әлемін құрайсыз.
Бір күншіл пенденің негізсіз сөзіне
Қапа боп, қайғырып,
Несіне жылайсыз?
Жүрекке ауыр жүк болмай ма әркімнің,
Қабылдай берсеңіз сөздерін бұлай сіз.
Осылай кетсеңіз, мұң іштен кеміріп,
Беті аулақ, бір күні соңында құлайсыз.
Адамзат ауырса қадірі жоғалып,
Бір пенде боп қалар сүйкімсіз-шырайсыз.
Жұқарса жүйкеңіз,
Ауырған кездердің
Ақысын, ах ұрып, кімдерден сұрайсыз?!
Сіз жақсы адамсыз!
— Авторы: Ғ. Санжар
❤43👍7