Құдірет оған ақыл-ой берді. Сана-сезім берді. Тура жолмен жүр деді.
Жоқ. Қисалаңдай береді. Қисалаңдай берсе, бір машина бір машинамен соғысып күл-талқаны шықпай ма?
Адамдарға ұқсап, өз орындарынан, жолдарынан шығып кетіп, тау-таумен, жұлдыз-жұлдызбен соғыса берсе не болар еді?!
Жоқ, таулар да, жұлдыздар да, барлық жаратылыс Құдіреттің Заңымен жүреді.
Ал адамдар Құдіреттің Заңын менсінбей, өздері заң шығарып алған. Заңы дұрыс-ақ делік. Бірақ өздері шығарған заңды өздері бұзады. Неге?
Қисалаңдай береді.
Тартылыс күші болады екен. Мысалы, құдыққа құлап бара жатқан адамды қолынан тартып ұстап қалсаң құтқарасың ғой. Сол сияқты.
Ал адамдар жұлдыздардан үйренбейді. Көбінесе біріне-бірі қолын беріп құдықтан құтқарып қалмайды, қайта итеріп жібереді.
Сондықтан да адамдарда қуаныштан гөрі қасірет көп.
— Шерхан Мұртаза
— Ай мен Айша

❤24👍7🔥2🤔1
Адамды Құдай арманынан жерітпесін. Адамның күні арманмен.
Арманнан көңіл қалса – ашық аспан да күңгірт болып көрінеді. Өмірде мән-мағына қалмай, кеудең кеуек болып, дүниенің әділетсіздігінен түңіліп, қақпанға түскен қасқырдай құр кіржіңдеп қаласың.
Әлденеге ашуланған Қали атам:
− Бұл заманда әділдік жоқ. Әділеттің әкесі өлген, шешесі жесір, өзі жетім! – деп қалшылдап еді.
Қали атам ашуланса, тым қаһарлы екен. Бір нәрседен көңілі қатты қалса керек. «Не болды?» – деп сұрауға дәт шыдамады.
Кейін ойласам, Қали атам ашу үстінде асыра айтқан сияқты. Әділет бар болар-ау, бірақ мен іздеген алтындай тым-тым сирек...
— Шерзат Мұртаза

❤23👍4🔥1
Әзілхан Нұршайықов өзінің әйелі туралы былай депті:
Кейбір әйелдер жас басынан ұмытшақ келеді. Халима қыз күнінен өте зерек еді.
Әйел адамдар мұң шаққыш келеді. Халима ондай емес еді. Ешкімнің алдына барып арыз айтпайтын.
Әйел адамдар жылауық келеді. Қит етсе жылап қоя беретін әйелдер болады. Халиманың көзінен жас сирек шығатын.
Әйел адамдар күлкішіл келеді. Қарқылдап қатты күлетіндері де болады. Халима ақ тістерін жарқырата көрсетіп, еріндерін сәл ашатын
Көп әйелдер күйеуіне кінә таққыш келеді. 54 жыл бірге тұрғанда Халима маған бір рет те кінә қойған емес. Ол менің мінім жоқтықтан болмаса керек. Ол оның: "Жоқтан өзгеге жармасып, жарымның жанын жараламайын" дегендігінен шығар.
Көп әйелдер өзін-өзі аяп, өзгенің де оны аяп, аялауын талап еткіш келеді. Халима өзін аяп, аяншықтану дегенді білмейтін еді.
Мәселен, менде 10 мыңға жуық кітап бар. Халима солардың бірін жоғалтпай жинап, арнаулы картотека жасады.
Көп әйелдер ұят дегенді естігендерімен, ұялуды білмейді. Қоғам рұқсат етті деп, ашық-шашық, жалаңаш-жалпы жүре береді. Ал Халима маған жалаңаш денесін көрсетуге ұялатын. Көрсетпейтін.
Халима маған жалаңаш тәнін көрсетпегендіктен, мен "Махаббат, қызық мол жылдар" романын жазғанда Меңтайдың жалаңаш қалпын Италия суретшісі Джорджоненің "Ұйықтап жатқан Венера" картинасына үңіліп отырып жаздым. Ал Меңтай бойындағы адамгершілік қасиеттердің бәрін Халимадан алдым.
Мінеки, Халима келіншек қалпынан кемпірге айналғанда да сол табиғи ұялшақтығының бір мысқалын жоғалтқан жоқ.

❤81👍14🔥7🥰4🕊3
Сіз - жақсы Адамсыз!
Мен үшін күн-айсыз!
Басқаны білмедім, өзіме ұнайсыз.
Сіз де - бір тұлғасыз өзіндік орны бар,
Жердегі адамзат әлемін құрайсыз.
Бір күншіл пенденің негізсіз сөзіне
Қапа боп, қайғырып,
Несіне жылайсыз?
Жүрекке ауыр жүк болмай ма әркімнің,
Қабылдай берсеңіз сөздерін бұлай сіз.
Осылай кетсеңіз, мұң іштен кеміріп,
Беті аулақ, бір күні соңында құлайсыз.
Адамзат ауырса қадірі жоғалып,
Бір пенде боп қалар сүйкімсіз-шырайсыз.
Жұқарса жүйкеңіз,
Ауырған кездердің
Ақысын, ах ұрып, кімдерден сұрайсыз?!
Сіз жақсы адамсыз!
— Авторы: Ғ. Санжар
Мен үшін күн-айсыз!
Басқаны білмедім, өзіме ұнайсыз.
Сіз де - бір тұлғасыз өзіндік орны бар,
Жердегі адамзат әлемін құрайсыз.
Бір күншіл пенденің негізсіз сөзіне
Қапа боп, қайғырып,
Несіне жылайсыз?
Жүрекке ауыр жүк болмай ма әркімнің,
Қабылдай берсеңіз сөздерін бұлай сіз.
Осылай кетсеңіз, мұң іштен кеміріп,
Беті аулақ, бір күні соңында құлайсыз.
Адамзат ауырса қадірі жоғалып,
Бір пенде боп қалар сүйкімсіз-шырайсыз.
Жұқарса жүйкеңіз,
Ауырған кездердің
Ақысын, ах ұрып, кімдерден сұрайсыз?!
Сіз жақсы адамсыз!
— Авторы: Ғ. Санжар
❤43👍7
Көкем «əдепті бол, ұқыпты бол. Бұзықтармен дос болма. Сабағыңа көбірек көңіл бол. Шошқаның етін жеп жүрме. Орыс құдайына табынып жүрме» деп пысықтады да, ауылға аттанып кетті.
Менің шектен тыс таңырқап отырғанымды сезген əкем, егжейлеп түсіндіре бастады.
— Мұның бəрі орыс құдайларының бейнесі, — деді əкем суреттерді нұсқап.
— Осы суреттерге бəрі табынады. Анау ақсақалды шалы — Ата құдай, мына сұлу əйел — Айса пайғамбардың шешесі, қолындағы көтергені пайғамбардың сəби кезі. Ал мына сол пайғамбардың есейген шағы. Төмендегісі Айсаны дінсіздердің азаптағаны ғой...
Əкем біраз ойланып отырды да, сөзін жалғады. — Əрине, орыстар жаңсақ діннің жолында жүр. Əйтпесе өздері салған суретке өздері табынар ма еді. Адамды құдай жаратты, құдайды адам жаратқан емес, — деп бітірді.
— Б. Момышұлы
— "Ұшқан ұя" кітабынан үзінді

❤23👍7👏2
Тау белгісі — тас болар.
Бай белгісі — ас болар.
Азған елдің белгісі —
Бір-біріне қас болар.
Халық мақалы
Бай белгісі — ас болар.
Азған елдің белгісі —
Бір-біріне қас болар.
Халық мақалы
👍22❤3👏3💯1
Бастан сипай салғанда тұрған не бар? О, оны сендер білмейсіңдер. Жетім болып көрмеген білмейді.
Жетімнің басынан сипаған алақан жер астында жатса да шірімейді. Адамзат әр алуан. Біреулер сипаса, біреулер сол басты жарғысы келіп тұрады. Дүние содан ала-құла.
— Шерхан Мұртаза
— Ай мен Айша
Жетімнің басынан сипаған алақан жер астында жатса да шірімейді. Адамзат әр алуан. Біреулер сипаса, біреулер сол басты жарғысы келіп тұрады. Дүние содан ала-құла.
— Шерхан Мұртаза
— Ай мен Айша
❤40👍11💔6
Біз аруақты сыйлайтын, бүкіл әулие әнбие атаулыны құрмет тұтатын, бірақ оған сиынбайтын ел едік қой.
Оған қатысты өзіміздің көркем әдебиетіміздегі зиялы қауымнан да, дініміздегі аят, хадистен де келетін дәлелдер өте көп.
Осыған байланысты бас мүфтиіміз өз сөзінде қателесті. Егер байқамай айтып қойған болса, ел алдында сол сөзін қайтып алса, немесе орнын басқа — дұрыс сенімдегі адамға босатып берсе екен деп ойлаймын.

❤25🔥3👍1🎉1
ӨМІР
Мен сені сүйемін, өмір,
Шуақты күндерің үшін.
Қос бұрым ерке қыз болып,
Сыңғырлай күлгенің үшін.
Мен сені сүйемін, өмір,
Сыйлаған жырларың үшін.
Елжірей досыма айтқан
Ең қымбат сырларым үшін.
Мен сені сүйемін, өмір,
Арайлы арманым үшін.
Алдымнан алаулап атқан,
Ақ нұрлы тағдарым үшін.
Мен сені сүйемін, өмір.
Өзіңе келгенім үшін.
Көзіме жас ала жүріп,
Қиынды жеңгенім үшін.
Мен сені сүйемін, өмір,
Тым қысқа болғаның үшін.
Жүрекке бермеген тыным
Өлеңнің толғағы үшін.
Мен сені сүйемін, өмір!
Әділ Ботпанов
Мен сені сүйемін, өмір,
Шуақты күндерің үшін.
Қос бұрым ерке қыз болып,
Сыңғырлай күлгенің үшін.
Мен сені сүйемін, өмір,
Сыйлаған жырларың үшін.
Елжірей досыма айтқан
Ең қымбат сырларым үшін.
Мен сені сүйемін, өмір,
Арайлы арманым үшін.
Алдымнан алаулап атқан,
Ақ нұрлы тағдарым үшін.
Мен сені сүйемін, өмір.
Өзіңе келгенім үшін.
Көзіме жас ала жүріп,
Қиынды жеңгенім үшін.
Мен сені сүйемін, өмір,
Тым қысқа болғаның үшін.
Жүрекке бермеген тыным
Өлеңнің толғағы үшін.
Мен сені сүйемін, өмір!
Әділ Ботпанов
👍18❤6🔥2
Апамның_астауы_Оралхан_Бөкей_Аудиокітап
<unknown>
📚 Апамның астауы
✍ Оралхан Бөкей
🎤 Қуат Ахметжанов
✍ Оралхан Бөкей
🎤 Қуат Ахметжанов
Ілгеріде апа әжелеріміз, аналарымыз шашын тарағаннан кейін, тарақ тісінде қалған шашын жерге көметін болған. Оны бей берекет қоқысқа тастамайтын болған. Оның себебі неде деп ойлайсыз? Неге олар шашын жерге көмген?
❤18