Бастан сипай салғанда тұрған не бар? О, оны сендер білмейсіңдер. Жетім болып көрмеген білмейді.
Жетімнің басынан сипаған алақан жер астында жатса да шірімейді. Адамзат әр алуан. Біреулер сипаса, біреулер сол басты жарғысы келіп тұрады. Дүние содан ала-құла.
— Шерхан Мұртаза
— Ай мен Айша
Жетімнің басынан сипаған алақан жер астында жатса да шірімейді. Адамзат әр алуан. Біреулер сипаса, біреулер сол басты жарғысы келіп тұрады. Дүние содан ала-құла.
— Шерхан Мұртаза
— Ай мен Айша
❤40👍11💔6
Біз аруақты сыйлайтын, бүкіл әулие әнбие атаулыны құрмет тұтатын, бірақ оған сиынбайтын ел едік қой.
Оған қатысты өзіміздің көркем әдебиетіміздегі зиялы қауымнан да, дініміздегі аят, хадистен де келетін дәлелдер өте көп.
Осыған байланысты бас мүфтиіміз өз сөзінде қателесті. Егер байқамай айтып қойған болса, ел алдында сол сөзін қайтып алса, немесе орнын басқа — дұрыс сенімдегі адамға босатып берсе екен деп ойлаймын.

❤25🔥3👍1🎉1
ӨМІР
Мен сені сүйемін, өмір,
Шуақты күндерің үшін.
Қос бұрым ерке қыз болып,
Сыңғырлай күлгенің үшін.
Мен сені сүйемін, өмір,
Сыйлаған жырларың үшін.
Елжірей досыма айтқан
Ең қымбат сырларым үшін.
Мен сені сүйемін, өмір,
Арайлы арманым үшін.
Алдымнан алаулап атқан,
Ақ нұрлы тағдарым үшін.
Мен сені сүйемін, өмір.
Өзіңе келгенім үшін.
Көзіме жас ала жүріп,
Қиынды жеңгенім үшін.
Мен сені сүйемін, өмір,
Тым қысқа болғаның үшін.
Жүрекке бермеген тыным
Өлеңнің толғағы үшін.
Мен сені сүйемін, өмір!
Әділ Ботпанов
Мен сені сүйемін, өмір,
Шуақты күндерің үшін.
Қос бұрым ерке қыз болып,
Сыңғырлай күлгенің үшін.
Мен сені сүйемін, өмір,
Сыйлаған жырларың үшін.
Елжірей досыма айтқан
Ең қымбат сырларым үшін.
Мен сені сүйемін, өмір,
Арайлы арманым үшін.
Алдымнан алаулап атқан,
Ақ нұрлы тағдарым үшін.
Мен сені сүйемін, өмір.
Өзіңе келгенім үшін.
Көзіме жас ала жүріп,
Қиынды жеңгенім үшін.
Мен сені сүйемін, өмір,
Тым қысқа болғаның үшін.
Жүрекке бермеген тыным
Өлеңнің толғағы үшін.
Мен сені сүйемін, өмір!
Әділ Ботпанов
👍18❤6🔥2
Апамның_астауы_Оралхан_Бөкей_Аудиокітап
<unknown>
📚 Апамның астауы
✍ Оралхан Бөкей
🎤 Қуат Ахметжанов
✍ Оралхан Бөкей
🎤 Қуат Ахметжанов
Ілгеріде апа әжелеріміз, аналарымыз шашын тарағаннан кейін, тарақ тісінде қалған шашын жерге көметін болған. Оны бей берекет қоқысқа тастамайтын болған. Оның себебі неде деп ойлайсыз? Неге олар шашын жерге көмген?
❤18
Достыққа жүрмін,
Достыққа жүрмін құмартып!
Өлгелі жүрмін,
Өзіме - өзім мін артып...
М. Мақатаев
Достыққа жүрмін құмартып!
Өлгелі жүрмін,
Өзіме - өзім мін артып...
М. Мақатаев
❤33🤔1🤯1
Адамзаттың Айтматовы атанған кемеңгер жазушының өз аузынан жазылып алынған балалық шағының естеліктері кім-кімге де қызықты екені сөзсіз. Оқиғалар шынайы, қарапайым тілмен баяндалып, оқырмандарын сағынышқа тұнған кешегі түндерге жетелейді.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.
Автобиографиялық естеліктер. 140 бет.
@kitapsuyer
Кітап көпшілік оқырманға арналған.
Автобиографиялық естеліктер. 140 бет.
@kitapsuyer
👍2
Ақылы түгел, ойлы адамның баласы байқаса, осы адам баласының жалықпайтұғын нәрсесі бар ма екен? Тамақтан да, ойыннан да, күлкіден де, мақтаннан да, кербездіктен де, тойдан да, топтан да, қатыннан да көңіл, аз ба, көп пе, жалығады.
Оның үшін бәрінің ғайыбын көреді, баянсызын біледі, көңілі бұрынғыдан да суи бастайды. Дүние бірқалыпты тұрмайды, адамның қуаты, ғұмыры бірқалыпты тұрмайды. Әрбір мақұлыққа Құдай тағала бірқалыпты тұрмақты берген жоқ. Енді көңіл қайдан бірқалыпты тұра алады?
— Хәкім Абай

👍24❤8
Позор емес!
Қымбатты ҰБТ тапсыратын балалар, достар!
Сендерді қымбатты деп тегін айтып отырған жоқпын. Сендер шынымен ата-ана үшін де, қоғам, ел үшін де, біз үшін де қымбатсыңдар!
Алда ҰБТ тапсыру. Білім алу маңызды.
Бірақ өмірде одан да маңызды, ең қымбат дүние бар, ол - Сен!
ҰБТ- дан аз балл жинау - позор емес, норма. Адамның қабілеті, қабылдауы, жалпы темпераменті әртүрлі болады. Біліп тұрып ұмытып қалатын кездер аз болмайды.
Сондықтан төмен нәтиже болса ұнжырғаларың түспесін. Бәрі алда. Мен және менің қатарластарым әлі оқып келеміз. Қай жаста да оқи беруге болады.
Эмтихан - сенің бүкіл болмысыңның бағасы емес.
Ол сенің кім екеніңді көрсететін өлшем бірлігі емес.
Ол бір белес қана. Өмірде ондай белестер көп болады.
Кез келген нәрсені қалпына келтіруге, қайта жетуге болады. Жас адам үшін ол түкке тұрғысыз нәрсе.
Мықты адам деп жолы болғышты, бірден бәріне жеткен адамды айтпайды, мықты адам деп құлап жатса да, қайта тұрып, өзін алға жетелейтін адамды айтады.
Сондықтан қандай нәтиже болса да, көңіл-күй түспесін. Шанс көп. Елде оқу орны көп, түрлі мүмкіндіктер жетеді.
Дүниедегі ең маңызды - сенің өзің екенін ұмытпа! Осы үнемі есте болсын!
Біз сендердің мықты екендеріңе сенеміз!
— Жанар Шамел

🔥42👍15❤13💔9
Көп күлгеннің айбаты кетеді. Көп қалжыңдағанның қадірі қашады. Адам нені көп істесе сонымен танылады.
Омар ибн Хаттаб (Алла разы болсын)
Омар ибн Хаттаб (Алла разы болсын)
👍47❤14🔥2
Бір-бірімізді алыстан сағынайықшы. Адамдар жақындаған сайын бір-бірінің көңіліне қаяу түсіреді.
О. Бөкей
О. Бөкей
❤65❤🔥11🔥8👍3💯2
Әр қазақ: «Мен автобуста сығылып келдім» деп айта алуы керек.
Д. Исабеков
Д. Исабеков
😁49👍6🔥5👏4❤1
Жер бетінде адам саны көбейіп,
Адамдықтың азайғаны не сұмдық!
*Қадір Мырза Әлі
Адамдықтың азайғаны не сұмдық!
*Қадір Мырза Әлі
❤50💔26👍13🔥4
Біздің өмір қолда барда қадірсіз,
Біздің өлім молдаларға күн көріс
Қуандық Түменбай
Біздің өлім молдаларға күн көріс
Қуандық Түменбай
💔41😐8👍7😢4🥴3😨2❤1
Қараңғы жерде адассаң шаммен жүресің,
Өмірде адассаң кітаппен жүресің.
Сократ
Өмірде адассаң кітаппен жүресің.
Сократ
💯57👍10❤2
Тілі шұрайлы, тұщымды әңгіме оқысам, жаным жадырайды. Көңілім аспандайды! Өйткені сюжеті шымыр, бас аяғы жып-жинақы, айтар ойы анық ойлы оқырманды әуезді әннің қайырмасындай шалқар сезімге бөлейді. Ал, сондай ыстық сезімге бөлеген шығармалар, арада қанша уақыт өтсе де әлсін-әлсін еске түсіп, ескі досыңдай қолын былғап өзінің тәтті биігіне ынтық қылады, сағындырады, қайта беттерін ашуыңа сыпайы түрде мәжбүрлейді..
👍19❤11🔥3
Кітап жазу — Қажылыққа бару секілді қасиетті іс. Кітап жазуға бірінші күні бекініп, екінші күні отыра салуға болмайды. Оған меніңше ішкі дайындық пен жан тазалығы керек.
Кітаптары қалың елдің ыстық ықыласына бөленіп, оң бағасын алған, көзі тірі, жасы үлкен ағаларымыздың батасын алып бастаса тіпті керемет. Кәзіргі кейбір кітаптар инстаграмдағы посттар жиынтығына ұқсас. Майдаланып кеткен тәрізді. Кешегі оқылған кітаптар бүгін ұмыт болып жатыр. Бұл меніңше өткір ізденіс пен ішкі дайындықтың жоқтығынан.

❤23👍10👏2